Қазақстан парламентінің Сенаты бейсенбі күні жалпы отырысында президент Назарбаевтың өкілетін 2020 жылға дейін ұзартуға қатысты референдум өткізу және Конституцияға тиісінше өзгеріс енгізу туралы Мәжілістің ұсынысын мақұлдады.
Жаңа Жыл — әлемнің көптеген халықтары тойлайтын ортақ мереке. Әр халық әртүрлі ғұрыпта атап өтеді. Қазақстанда да әр жылдың бірінші қаңтарына қараған түні — Жаңа Жыл мерекесі. Азаттыққа сұқбат берушілердің көбісі Жаңа жыл мерекесінің ерекше белгілерін атап өтті.
Семей университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың айтуынша, президент Назарбаевтың өкілетін ұзарту туралы референдум өткізу ұсынысына қол қою демалыс күндері де жалғасқан.
Ал сарапшылар 2010 жыл - барыс жылы Қазақстан үшін табысты, экономикалық дағдарыстан шыққан жыл болды деп есептейді. Кейбір саясаттанушылардың ойынша, барыс жылының басты оқиғасы - «Ел бірлігі» доктринасының қабылдануы.
Алматыда Мақатаев пен Қонаев көшелерінің қиылысында көпшілікке "Жетім бұрыш" деген атпен белгілі жер бар. Қазір мұнда жаздағыдай емес - пәтер алушы да, делдал да азайған. Бірақ пәтер бағасы арзандамаған.
Қазақстан үшін 2010 жылғы қандай оқиғалар елеулі болды? Саяси шешімдер институтына жиналған мамандар мен сарапшылар осы сауалдың жауабын іздеді.
Алматы қаласында бірнеше ірі және көптеген кішігірім базарлар бар. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Азаттық тілшісі қаладағы ірі әрі көпшілікке танымал орталық базарға барып, саудагерлерді әңгімеге тартты.
Саяси шешімдер институтының сарапшылары зерттеуге сүйеніп, жыл басымен салыстырғанда қала тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күйі 1,4 есеге жақсарғандығын айтып отыр.
Жақында Алматыда «Аман-саулық» қоғамдық қоры мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар және тілшілер қауымының басын қосып, кепілдендірілген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін талқылады.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысымен 2009 жылғы қазанынан бастап түнгі клубтарда, қоғамдық орта және тұрғын үйлердің кіреберістерінде темекі шегуге тыйым салынған. Алайда қазақстандықтар бұл талапты жиі бұзады.
Қазақстанда ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту туралы кезекті ұсыныс жасалды. Бұл жолы бастамашыл топ құрылып, осы мәселені жалпыхалықтық референдумға шығаратындарын айтып отыр.
Азаттық радиосы биылғы наурыз айында «...Тіл кеспек жоқ!» тақырыбымен Алматыда өткен жыр додасындағы ақындар Айбек пен Балғынбек айтысының видеосын ұсынады.
Желтоқсанның 20-ы күні Алматы соты өзбек босқындарының тағы бірі – Тұрсынбай Сулаймоновты Отанына экстрадициялау жөнінде шешім шығарды. Туыстары босқынды Өзбекстан билігі азаптайды деп, оны еліне қайтармауды сұрап отыр.
Әлима Сұлтанғалиева 24 жыл бұрын Қыздар педагогикалық институтының студенті еді. 1986 жылғы желтоқсанында Лениннің «әр ұлттың өз көсемі болуы керек» деген сөзін ұстанып шыққан қазақ жастарымен бірге алаңда болған Әлима өз естелігімен бөліседі.
Беларусь орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында Александр Лукашенконың басым дауыспен жеңіске жеткенін мәлімдеді. Ал қалған тоғыз үміткерді қолдаған сайлаушылар саны он пайызға да жетпейтіні хабарланды. Олардың кейбірін және өзге де кісілерді өткен түнде ұстап әкеткен.
Желтоқсанның 19-ы, жексенбі күні Беларусьте өткен президент сайлауының нәтижелері бұрмаланды деп санайтын жергілікті оппозиция «Ұлтты құтқару үкіметін» құратынын мәлімдеді. Минскідегі наразылықты басу кезінде президенттікке үміткер оппозиция жетекшісі аяусыз түрде таяққа жығылды.
Алматыдағы қазақ журналистерінің клубындағы кездесуде математик-ғалым Асқар Жұмаділдаев елдегі білім жүйесіндегі проблемаларға, жаратылыстану ғылымдарының дамуы мен келешегі, технократтық сананың қалыптасуы, т.б. мәселелерге тоқталды.
Қазақстанда соңғы жылдары жұрт арасына танылып, таралып отырған «Қаражорға» биінің насихатшысы Арыстан Шәдетұлы желтоқсанның 13-і Азаттық радиосының сайты оқырмандарымен онлайн-конференция өткізді.
Жұма күні Бішкекте Орталық Азия журналистері арасында адам құқығы тақырыбына өткен байқаудың қортындысы жарияланды. Жеңімпаздар қатарында Азаттық радиосы қазақ редакциясының тілшілері Дильбегим Мавлоний мен Жасұлан Көжеков бар.
Қызылорда облысы Арал ауданында тұратын халық негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Халықтың қазіргі күн көрісі сауда-cаттық қана болып отыр. Жұмыссыздық тауқыметін тартқан жастар келешегі бұлыңғыр.
Тағы