Қуғындағы оппозиция көсемі Әкежан Қажыгелдин дағдарысқа және авторитаризмнің нығаюына қарсы бағдарламалық ұсыныстарын айтып, саясаткерлерге ашық хат жолдады. Қажыгелдин халықты биылғы мамырдың 1-інде таңертеңгі сағат 10-да «ынтымақтастық акциясын» өткізуге шақырады.
ІІМ-нің ерекше істер жөніндегі тергеушісі полковник Гаши Машанло, Азаттық радиосына берген сұхбатында, банкирлер Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтың жоғалуына қатысты атышулы іс бойынша тергеу барысы жөнінде әңгімелеп берді.
Атырау облысының Ішкі істер департаменті аймақтағы тілшіміз Сәния Тойкенге әлімжеттік көрсетілгенін мойындап, одан кешірім сұрады.
Чехияда өздерін "Таза дін" жолын ұстанушылармыз деп атайтын қауымдастықтың үш бірдей өкілі тұтқындалған. Бұл Қазақстаннан қашып шыққан жүздеген адамнан құралған кішігірім мұсылман қауымдастығы.
Полковник Гаши Машанло – оппозиция жетекшілеріне қарсы даулы істермен айналысқан Ішкі істер министрлігінің аты әйгілі тергеушісі. Біздің Азаттық радиосына берген сұхбатта ол «ағайынды Байсақовтарды жасыру» ісіне де саясаттың қатысы жоқ деуден танбады.
«Орталық Азиядағы адам құқығы» ассоциациясының басшысы Надежда Атаева өткен демалыс күндері Чехияның айналасындағы қалалар мен поселкелерде тұратын діни босқындармен кездесті.
19 ақпан күні ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқы мәжілісі басталды. Шетелдерде тұратын қазақтардың азаматтық қозғалыс белсенділері мәжіліске қатысушылар арасында адам құқтары жағдайын сынаған үнпарақшалар таратты.
Австрия билігінің өкілдері жергілікті полицияның екі офицері Рахат Әлиевке қарсы тыңшылық әрекетке барды деген айыппен жауапқа тартылып жатқанын растады. Оның біреуі қамауда отыр.
Бейсенбіден жұмаға қараған түні белгісіз біреулер «Азат» демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы кеңсесінің есігін бұзып ашып, тонап кеткен. Бүгін таңертең жұмысқа келген филиал қызметкерлері іші астан-кестеңі шыққан кеңседен кейбір заттардың жоғалғанын көрген.
Қазақ босқын-салафиттерінің жағдайы қыл үстінде. Оларға Чехиядан күшпен шығарылу қаупі төніп тұр. Азаттық радиосы өз оқырмандарына чех өкіметінің, сарапшылар мен саясаткерлердің осы мәселеге қатысты пікірлерін ұсынады.
Қазақ президентінің басты қарсыласы Рахат Әлиев жақында «Өкіл әке» деген әшкерелеу кітабының тұсаукесері өтетіндігін сеніммен айтып отыр. Азаттық радиосына берген сұхбатында Рахат Әлиев «Суперхан» атты аңызға лайық жоспар туралы сөз етеді.
Армангүл Қапашева Венада 27 қаңтар күні сұралды. 29 қаңтарда сонда Әбілмәжін Ғилымовтан да жауап алынды, келесі кезекте ҚР ІІМ тергеушісі Гаши Машанлодан жауап алынуы тиіс. Содан кейін Вена прокуратурасы істің әрі қарайғы процедурасын шешетін болады.
16 жасар студент Ләззат Асанова Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін тергеуге ілігіп, бір аптадан соң - 25 желтоқсанда жұмбақ жағдайда қаза тапқан.
Саяси сарапшылардың айтуынша, Пхеньянның ядролық бағдарламасына арналған келіссөздер қайта басталуы үшін Қытай мен Оңтүстік Корея маңызды елдер болып саналады. АҚШ Солтүстік Корея ядролық бағдарламасына арналған келіссөздерге қайта оралу керек деп мәлімдеп келеді.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі қастандық құрбаны болған Ливанның бұрынғы бас министрі Рафиқ Хариридің өліміне орай тергеу жүргізуге шақырды. Рафиқ Харири бүгін Бейрутта жерленді.
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің талап арызы бойынша оппозициялық «Сөз» газетіне қарсы сот процесінің қаңтардың 19-ы күнгі кезекті отырысында басылым адвокаты Сергей Уткин соттан талапкердің адвокаты Анатолий Гинзбургтің сенімхатын заңсыз деп тануды сұрады.