Қазақстан президенті "Жаңа адамдар" жастар қозғалысының форумына қатысты. Қозғалыс бұған дейін несімен көзге түскен? Оның артында кім тұр? Ресейдегі "Новые люди" партиясымен ұқсастығы қандай? Азаттық осы сұрақтардың жауабын іздеп көрді.
- Абақтыдағы экс-министр аштық жариялағанын хабарлады. Мұхамедиұлының талабы не? - «Жаңа Қазақстанға» - «Жаңа адамдар» ма? Атауы ресейлік партияға ұқсас қозғалыс нені көздейді? - Біріккен араб әмірлігі аузы-мұрны жоқ «қара сарбаздардың» пайдасын көріп жатыр. Оларды не істейді?
Украина үкіметі Орталық Азиядан шыққан, Ресей күштері қатарында соғысқан 50-ден аса адам тұтқынға түскенін хабарлады. Оның ішінде 30-дан астамы осы елдердің азаматы. Олар Ресей әскерінің ішінде қайдан жүр? Мәскеу тұтқын алмасуға мүдделі ме?
Мемлекет Кәрім Мәсімовтен тәркілеп алған қымбат сарайды сатылымға шығарды. Бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге. Америкалық басылым Дональд Трамп пен Владимир Путиннің телефонмен сөйлескенін жазды. Қытайдан визасыз келген қандастардың Қазақстанда тұрақты тұруға виза алу тәртібі жеңілдегені хабарланды.
Түркіменстанда жасы келген адамдар зейнетақысын қайтадан ала бастау үшін өзінің тірі екенін билік орындарына ауық-ауық дәлелдеп тұруы керек, өйтпесе зейнетақыдан қағылады. Мұндай тексеріс жылына екі рет болады әрі кейде оның ережесі еш ескертусіз өзгеруі де мүмкін.
- Олжас Бектеновтің премьер-министр болғанына 1 жыл. Жұмысына кім, қалай баға береді? - Президент үкіметке қосымша құн салығын қайта қарауды тапсырды. Министрлер райынан қайта ма? - Әзербайжан басылымдары Баку Мәскеуді халықаралық сотқа бермек деп жазып жатыр. Кремль қандай жауап қайтарады?
Тәжікстанда тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына қарсы жаңа шабуыл салдарынан аймақтағы шенеуніктерді сынаған ардагер журналист түрмеге қамалып, 31 жастағы Рухшона Хакимова 8 жылға бостандығынан айырылды. Оған мемлекетке сатқындық жасады деген айып тағылды.
- Қаңтар оқиғасында күйеуі қаза тапқан Сая Есенгелдіні бүгін жақындары ақтық сапарға шығарып салды. - Қазақстан билігі қаңтар құрбандарына қандай көмек берді? Өтемақыны кім алды, кім алмады? - Жомарттық па? Тимур Құлыбаев үкіметке 1 миллиард долларын бергелі жатыр деген ақпарат тарады.
Қырғызстанда ысырапқа жол бермеу туралы заң жобасы талқыланып жатыр. Жоба авторлары отбасылық той-томалақ пен ас-жаназа сияқты салтты мемлекет реттесе деп отыр. Тәжікстан мен Өзбекстанда мұндай талап бірнеше жылдан бері бар. Олар қалай жұмыс істеп тұр? Жұмыс істей ме?
Қазақстан үкіметі Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала есебін жариялады. 10 күн кешіктірген есепте не айтылған? Ұшақ апаты туралы Қазақстанның құжатына Ресей қалай қарады? Кремльдің баспасөз хатшысы не деді?
Қазақстан Ақтаудағы ұшақ апатын зерттеудің алдын ала қорытындысын жариялады. Былтыр 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines ұшағы құлап, 38 адам қаза тапқан. "Азаттық Азия" редакциясы үкімет есебінің тұжырымдарымен танысып, апаттан қаза тапқандардың отбасымен және тірі қалған жолаушылармен сөйлесті.
4 ақпан кешке Қазақстанның көлік министрлігі 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушы ұшағы апатын тергеудің алдын ала қорытындысын жариялады. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып (үшеуі экипаж мүшесі), 29 адам зардап шекті.
- Оралда электр жарығынан үзілген саяжай тұрғындары наразылық білдіріп, жол жапқан. - Үйін қорғау үшін Назарбаевтың суреттерін жапсырған тұрғын қазір қайда? Үй орнына үй алды ма? - Журналист Әсем Жәпішева абақтыдан шықты.
Президент Дональд Трамп әкімшілігі АҚШ-тың халықаралық көмек жөніндегі негізгі ұйымын жабуға бекінген сыңайлы. Бұл шешім Вашингтонның мемлекет шығынын оңтайландыруға бағытталған көптеген қадамдарының бірі болып отыр. Халықаралық гуманитарлық ұйымдар бұл өзгерістің салдары ауыр болады дейді.
АҚШ президенті Дональд Трамп көршілерімен сауда соғысын бастады ма? Кім ұтады, кім зардап шегеді? АҚШ президенті Дональд Трамп көршілерімен сауда соғысын бастады ма?
Қазақстанда Атом электр станциясын кім салады? Ресейлік "Росатом" алақанын ысқылап отыр. Доллардан бас тарту ма? Алдағы екі жыл Астана, Мәскеу, Мниск өзара кедендегі баж салығын рубльмен есептемек. - АҚШ-тағы ұшақ апатынан ешкім тірі қалмады. Тікұшақ жолаушы лайнеріне қалай соғылған?
Батыс санкциясына ілінген Беларустің "Интеграл" кәсіпорны 2022 жылдың наурызынан 2024 жылдың маусымына дейін Ресейге құны 130 миллион еуродан асатын миллиондаған микросхемана жеткізген. Кәсіпорын еуропалық құрал-жабдықтарды Қазақстандағы шағын компания арқылы сатып алған дейді зерттеу авторлары.
Вашингтонда жолаушы ұшағы мен тікұшақ соғылды. Тірі қалғандар туралы дерек жоқ. Еуропа Одағының Ресейге қарсы кезекті санкциясында Қазақстаннан тағы екі компания бар. Болат Назарбаевтың «көмекшісі» делінетін Елдос Қоспаев сотталды. Оны БАҚ «адам жегіш» деп атайды.
Тағы