Ұлыбритания саясаткері Джоната Айткен 2009 жылы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты мадақтайтын кітап шығарған. Офшордағы құпия келісімдерді әшкерелейтін "Пандора құжаттары" оның осы кітап үшін Қазақстан үкіметінен 166 мың фунт стерлинг алғанын көрсетті.
"Назарбаевтың үшінші әйелі" деген Әсел Құрманбаевамен серіктес компания Алматыдағы "Алатау" санаторийіне иелік етеді; "Пандора құжаты" зерттеуін Ақорда өкілі "бос сөз" деп атады. Ал жергілікті ақапарт құралдары тақырыпты айналып өтті.
Офшордағы құпияны әшкере етіп, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Пандора құжаттары (Pandora Papers) постсоветтік элитаның өз байлығын қалай жасыратынын көрсетті.
Expo көрмесінің әрбір бес жыл сайын келетін үлкен түрі 2020 жылы Дубайда өтуі керек болған. Бірақ коронавирус індетіне байланысты бір жылға шегерілген. Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласында өтіп жатқан көрмеге 190-нан астам ел қатысып отыр.
Қазақстан бірінші президентінің "тоқалы" офшордан 30 млн доллар табыс тапқан деп хабарлаған халықаралық зерттеуді әлеуметтік желіде азаматтар қызу талқыласа, ресми тұлғалар "бос сөз", "менің қатысым" жоқ деп жауап берді немесе тым-тырыс қалғанды жөн көрді.
"Билік адамдарының құпия байлығын әшкерелейтін "Пандора құжаттары" жарияланды. Зерттеуде Назарбаев пен Путиннің "жұмбақ тоқалдары" да айтылған; Бауыржан Байбек туралы зерттеу видеосын желіден өшірмеген Жанболат Мамай тағы жауапқа тартылды.
Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) жаңа зерттеуінде "Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми әйелі Әсел Құрманбаева офшордағы құпия келісімнен 30 миллион доллар пайда көрген" деп мәлімдеді.
Оралдық белсенділер митинг өткізуге 40 мәрте өтініш берген, бірақ жергілікті билік карантинге сілтеп, оның біреуін де мақұлдамаған. Белсенділер әрбір теріс шешімнен кейін жиынға келер адамның санын қысқарта берген, бірақ оның әсері болмаған. Енді олар әкімдікті сотқа беріп жатыр.
Грузияда 2 қазан күні жергілікті мәслихат депутаттары мен қала әкімдерін сайлады. Жікке бөлінген Оңтүстік Кавказ елінде билік партиясы да, оппозициялық күштер де жеңіске жеткенін мәлімдеп отыр. Сайлау кезінде алаяқтық жасалды дегендер бар.
Павлодар соты түрмедегі ақын Арон Атабекті мерзімінен бұрын босату туралы шешім шығарды; Терроризмді насихаттады деп сотталған азаматтық белсенді Алмат Жұмағұлов абақтыдан шығып, үйіне келді; Нұр-Сұлтан полициясы Қытай билігінен туыстарын босатуды сұрап жүрген топты тағы ұстап әкетті.
Путин Тоқаевқа тағы да АЭС туралы айтып, ресейлік үлгіні ұсынды; Мұнайлы Қазақстанда дизель тапшылығы тағы байқалды. Құны да қымбаттап кетті; Эквадор түрмесінде екі қылмыстық топ өзара жанжалдасып жүз адам қаза тапты.
Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтандағы Кіші Талдыкөл көлін жартылай көміп, орнына тұрғын үй салу туралы жаңалықты әлемдегі ең танымал 20 интернет ресурсының қатарына кіретін Reddit сайтының қолданушылары талқылады. Көлдің орнына тұрғын үй салу туралы жазбаға ондаған пікір жазылды. Құрылысқа қарсы белсенд
Ауруханаға жатқызылды деген ақын Арон Атабектен әлі хабар жоқ. Аурухана қызметкері «ондай пациент түспегенін» айтады || Жолдың ақылы болуына наразылық білдірмек болған жүргізушіні полиция қамады || Қазақстан үкіметінен миллиардтаған теңге қарыз алып, қайтармаған кәсіпкерді Ресей қайтармады.
Түрмедегі ақын, диссидент Арон Атабектің ауруханада жатқаны туралы ақпарат тарады. Аурухана да, түрме де ештеңе айтпай отыр; Прокурор 405-бап бойынша Алматыда сотталып жатқан 13 белсендінің төртеуін бес жылға қамауды сұрады.
"Талибан" үкіметі Тәжікстанды "елдің ішкі ісіне араласып отыр" деп айыптап, шекара маңына мыңдаған сарбаз жібергенін мәлімдеді; Нұр-Сұлтанның Кабулдағы елшісі "Талибан" ұйымының өкілімен кездесті;
Қырғызстанда бір жылда жанармай екі есе қымбаттап, азық-түлік пен негізгі тауар бағасы да өсті. Елге жанармайды жеңілдікпен сатып келген Ресей қыркүйекте экспорт баж салығын қайта енгізді. Кей сарапшылар бұған мұнай көлемінің азаюы әсер етті десе, енді бірі шешімнің саяси астары барын айтады.
Шыңжаңдағы туыстарын босатуды талап етіп жүрген зейнет жасындағы әйелдерге тағы да айыппұл салынды; Халықаралық ұйымдар Шыңжаңдағы балалардың жағдайына алаңдайды; Қырғызстан билігінің өкілдері тәліптермен кездесті.
Он жыл бұрын, 2011 жылғы 20 қыркүйекте Қытай мен Тәжікстан әскері салтанатты рәсім өткізген еді. Бұл шара Тәжікстан "өз аумағым" деп келген мың шаршы километрден артық жерді Қытайға біржола беруге арналды. Ресми Душанбе "дипломатия жеңісі" деп мақтаған шешім кейін қоғамда қатты сынға қалды.
Жоғарғы сот "құпия" деген құжат әлеуметтік желіде жүр. Қазақстан сотының ҚДТ мен "Көше партиясы" қозғалыстарына қатысты шығарған шешімінде не бар? Шыңжаң түрмесіне түскен туыстарына араша сұрап жүрген тұрғындарды Қытай елшілігі алдынан ұстап әкетті.
Тағы