Азаттық Қазақстанда бар 14 арнайы экономикалық аймақта (АЭА) тіркелген 300-ден астам компанияны зерттеп шықты. Мұндай фирмалар арнайы тәртіппен жұмыс істейді: көп салық төлемейді және басқа да жеңілдіктер алады. Осы тізімде Қазақстанға белгілі адамдар мен олардың туыстары көптеп кездесті.
Қазақстанда 14 арнайы экономикалық аймақ (АЭА) бар. Оларда тіркелген резидент-компаниялар көп салықтан босатылған әрі бұдан басқа да жеңілдіктерге ие. Азаттық осы артықшылықтарды пайдаланып жүрген 300-ден астам компанияны зерттеген кезде тізімнен елге танымал адамдар мен туыстары көптеп кездесті.
Бірнеше құқық қорғаушы ұйым 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезіндегі және одан кейінгі азаптау туралы есеп жариялады. Азаттық есеп авторларының бірі Рэйчел Гасовскимен сөйлесті.
Қазақстанда мемлекеттен көмек алатын адамдар – "жатыпішер" деген пікір қалыптасқан. Human Rights Watch ұйымы сарапшылары әлеуметтік қорғау жүйесіне мемлекет жауапты, үкімет өз міндетін дұрыс атқарып отырған жоқ деп есептейді. Құқық қорғау ұйымы Қазақстандағы жағдай туралы көлемді есеп жариялады.
Қазақстанда 2022 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы тағы жарты жылға ұзарып, 60,5 жасқа жетті. Ауыр кәсіпте еңбек етіп, жұмыс пен тұрмыс тауқыметін қатар көтеріп жүрген әйелдер зейнет жасын ұзартуды азапқа теңейді.