Ғайса пайғамбардың туған күні - Рождество мейрамын тойлау рәсімі аясында эстониялық Санта Клаус пен ресейлік Аяз Ата өткен апта соңында шекарада кездесті. Кездесу екі мемлекетті бөліп тұрған Нарва өзеніндегі көпірде болған.
Дін жеке адамдар мен тұтас қоғамдарды емдей алатын қуатқа ие. Дін арқылы адам атаулының ең биік ұмтылыстарына қанат бітеді. Алайда, соқыр сенім теріс пиғылға да қызмет етуі мүмкін.
Террорлық әрекеттердің алдын алу, террорды қолдаушылардың жолын кесу мәселесінде түрлі елдегі қауіпсіздік қызметтері мен полиция арасындағы ынтымақтастықтың тығыз болу қажеттілігіне Біріккен Ұлттар Ұйымы (Б.Ұ.Ұ.) мен Европадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) ерекше көңіл бөле бастады. Б.Ұ.Ұ.-ның террорға қарсы күрес мәселесі бойынша жоғары лауазымды ресми қызметкері Хавиер Руперез өткен аптада Австрия астанасы Венаға арнайы сапармен келіп, бұл мәселені осындағы ЕҚЫҰ жетекшілігімен талқылаған еді.
Саддам Хусейннің тұтқындалғаны жөнінде хабар тарағаннан кейін арада бірер сағат өткенде Ирақ астанасы Бағдадта тағы да бомба жарылыстары болды.
Өткен аптада Еуропа Одағы жетекшілеріне өз ядролық бағдарламасын тоқтату жөнінде уәде берген Иран демалыс күндері мұндай шараға бармастан бұрын әлі де ойлануы қажет екенін мәлімдеді.
Шешенстанда дауыс беру аяқталмай тұрып-ақ ресми орындар сайлау жүзеге асты деп малімдеді. Шешен сайлау комисиясының төрағасы Абдул Кәрім Арсаханов Мәскеу уақыты бойынша кешкі сағат бесте дауыс беру құқығы бар азаматтардың 68 пайызына жуығы дауыс бергенін мәлімдеді.
Кей ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, баспана іздеп шығыс Анатолияға Иран мен солтүстік Ирақтан ауып келген ирандық күрдтерді түрік полициясы тұтқындаған. Күрд жетекшілері мен халықаралық құқық қорғау ұйымдарының айтуынша, баспана сұраушыларды Иранға кері қайтарып беру әрекеті бұл күрд азаматтарының өміріне қауіп боп табылады.
Өткен жұма күні Ирақтың оңтүстігіндегі қасиетті қала Наджафта болған бомбалық шабуыл жүзден астам адамның, оның қатарында Ирақтағы Шия мұсылмандарының жетекшісі Аятолла әл-Хакімнің өліміне алып келді.
Бейсенбі күні кешкісін Америка мен Канаданың бірқатар ірі қалаларында аяқ астынан электр жарығы өшіп қалды. 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террорлық шабуылдан кейін әлі де есін жинап жатқан Нью Йорк тұрғындары арасында бұл оқиға алғашқы сәтте жаңа үрей тудырды.