Ресейде Мемлекеттік дума депутаттары жаңа заң жобасын қарап жатыр. Құжатта Ресей құрамындағы аймақтардың бәрін "аймақ басшысы" басқаратыны айтылған. Осы күнге дейін "президент" лауазымын сақтап келген Татарстанда жұрт бұл шараны федерализмге жасалған шабуыл дейді.
Ресей мемлекеттік думасының жаңа құрамында коммунистік партияға 15 орын тиюі мүмкін. Тәуелсіз сарапшылар бұл қатаң бақылаумен өткен саяси шараның сайлауалды кезеңіндегі болжамнан анағұрлым жақсы көрсеткіш дейді. Мұның себебі неде? Бұдан бірдеңе өзгере ме?
Ресейде биылғы парламент пен жергілікті басқару органы сайлауы кезінде билік тәуелсіз пікірді басып-жаншып, "шетел агенттері" туралы заңды саяси науқанды бақылауда ұстау құралы ретінде пайдаланып жатыр.
Ресей билігі өзіне қауіп санағанның бәрін қудалап отыр: оппозиция белсенділерінің, тәуелсіз журналистердің, құқық қорғаушылардың және азаматтық қоғамның өзге де өкілдерінің соңына шам алып түсті. Бұл Кремльдің сайлау алдындағы әрекеті ме, әлде елдегі ірі өзгерістің белгісі ме?
Молдовадағы парламент сайлауында еуропашыл партия айқын басымдықпен жеңіске жетті. Былтыр президент сайлауында да дауыстың көбі батысшыл адамға берілген. Енді уәде етілген реформаны орындау ғана қалды. Бірақ ел арасында үмітпен бірге аздаған күмән де бар.
2016 жылғы ақпан, Шешенстан президентінің сайлауына санаулы апта қалғанда автономиялық елдің басшысы Рамзан Қадыров ұлттық телеарнада сөз сөйлеп, қызметтен кеткісі келетінін айтты.
Ресейдегі коронавирус жайлы ресми деректің шындығына күмән келтірген соң мемлекеттік статистика агенттігінен жұмыстан босатылған демограф Алексей Ракша шенеуніктер әлі күнге "өтірікті шындай етіп көрсетеді" дейді. Ол билікті саяси мақсатқа бола халықтың басын қатерге тігіп отыр деп айыптайды.
Қаңтар-ақпанда Ресейде қамаудағы оппозиция лидері Алексей Навальныйды қолдаушылар наразылық акциясын өткізгенде үкімет көшеге шыққан жастарды түртіп алған тәрізді. Содан бері кей студент оқудан шығарылса, енді біреулерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Осы екеуінен де зардап шеккендер бар.
10 қаңтарда Ресейдің шығысындағы Якутск қаласының мэрі Сардана Авксентьева әлеуметтік желіде "денсаулығына байланысты" қызметінен кететінін мәлімдеді. Авксентьеваның сөзінше, отбасы оның денсаулығына “қатты алаңдап отыр”.
Ресейдің солтүстігінде қайта өршіген Covid-19 індеті жұртқа көктемдегі алғашқы толқыннан да ауыр тиді. Тұрғындар жедел жәрдем қызметін ұзақ күтіп, компьютерлік томографияға түсу үшін сағаттап кезекте тұратынын, ауруханада науқастар дәлізде жатқанын, ал биліктің шынайы жағдайды жасыратынын айтады.
Жетпіс бес жыл бұрын, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Совет одағы Германияның Кёнигсберг қаласы мен Шығыс Пруссияның көп бөлігін өзіне қосып алды. Азаттық соғыстан қираған қалаға алғаш болып қоныстанған орыс тұрғындардың кейбірімен сөйлесті.
Ресейдің Екатеринбург қаласында кемі екі әйел мәжбүрлі түрде стерилденгенін мәлімдеді. Қарттар мен мүгедектерге арналған мемлекеттік пансионатта тұратын бұл екі әйел отаның дәрігердің қысым көрсетуінен кейін жасалғанын айтады.
Даулы президент сайлауынан соң Беларусьтегі мәдениет қайраткерлерінің бір тобы оппозиция жағына шыққан. Енді Лукашенконың көтерілісті басып тастағанын, оның қайта сайлау өткізуден бас тартқанын сынаған бұл қозғалысқа спортшылар, осы саладағы әйгілі тұлғалар қосылды.
Ресей президенті Путиннің Хабаровск өлкесін уақытша басқаруға Мәскеуден адам жіберуі онсыз да наразылық күшейіп тұрған аймақтағы отқа май құйғандай болды.
Қырым татарлары белсенділері Ресей 2014 жылы түбекті аннексиялағалы бері Қырымға бір миллион адам қоныстандырған деп мәлімдейді. Сарапшылар мұның қаншалық нақты екеніне көз жеткізу қиын, әйткенмен Мәскеудің даулы аймақтың демографиясын әдейі өзгертіп жатқаны анық дейді.
АҚШ-тың халықаралық істерде "теңдессіз күш" саналған дәурені өтіп барады. Геосаяси ландшафт барған сайын өзгеріп келеді. Трамп әкімшілігі қатерлі өтпелі кезеңде жол таба ала ма?
Тағы