Accessibility links

Пәкістанда екі жарылыстан алты адам қаза болды


Пәкістан қауіпсіздік күштері Пешавар маңындағы жарылыс болған жерде. 9 маусым 2011 ж.

Пәкістан қауіпсіздік күштері Пешавар маңындағы жарылыс болған жерде. 9 маусым 2011 ж.

Бүгін Пәкістанның солтүстік-шығысында екі жарылыстан алты адам мерт болды. Жарылысты бүлікшілер ұйымдастырған деген күдік бар.

Осының алдында елдің солтүстік-батысында, Ауғанстанмен шекаралас аймақта орналасқан Макин елді мекені жанындағы бақылау бекетіне 100-ден аса қарулы бүлікші шабуыл жасап, олармен атыста пәкістандық 8 әскери қызметкер және шабуылдағандардан кемінде 10 адам қаза болғаны хабарланған еді.

Соңғы кезде Пәкістанда тәліптердің қарулы шабуылдары үдеп кетті. Бақылаушылар мұны «әл-Қаида» жетекшісі Усама бин Ладеннің өлімімен және ауған-пәкістан шекаралық аймағында өздігінен ұшатын америкалық ұшақтардың бүлікшілерге әуеден соққы беруінің жиілеуімен байланыстарды.
XS
SM
MD
LG