Accessibility links

Әблязов Назарбаевқа қатысты жаңа компромат шығарды


Мұхтар Әблязов, қуғынға ұшыраған қазақстандық бизнесмен
Мұхтар Әблязов, қуғынға ұшыраған қазақстандық бизнесмен

Қуғындауға ұшыраған бизнесмен «Қазақстан президентінің «Хабар» агенттігінің акциясын заңсыз иеленіп, 100 миллион долларға сатқанын және салықтан жалтарғанын көрсететін» әлдебір дерек жариялады. Билік бұл мәлімдемеге қатысты түсінік бермей отыр.


Шілденің 4-і күні «Республика» газетінде жарияланған бұл мәлімдемеде қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов «Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан республикасының қылмыстық кодексінің 4-бабы бойынша айыпты» деп санайтынын өз қолындағы әлдебір деректермен дәлелдей келе, Қазақстанның бас прокурорынан, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасынан, қаржы полициясы мен ішкі істер министрінен «осыған орай қылмыстық іс қозғауды» талап етеді. Осы мәлімдеме мен тексеріс нәтижелері туралы парламент пен конституциялық сотты құлағдар етуді сұрайды.

Дәл осы күні Мұхтар Әблязовтің мәлімдемесінде аталған «Хабар» агенттігіне қоса бірнеше мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралының басшылығы ауысты.

ЛОНДОННАН ЖЕТКЕН АЙЫПТАУ

«Сіздерге 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында туған, қазіргі уақытта Қазақстан республикасының президенті болып жұмыс істейтін, «елбасы» деген атаумен де мәлім Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жасаған аса ауыр қылмыстық әрекеттер туралы маған белгілі мәліметтерді баяндаймын» деп бастайды Мұхтар Әблязов хатын.

Автор «2008 жылғы наурыздың 21-і мемлекеттік компания - ұлттық ғылыми-технологиялық «Самғау» холдингі «Хабар» акционерлік қоғамының 49,999% акциясын 12079999 мың теңгеге (эквиваленті 100 миллион АҚШ доллары) сатып алды. Ал бұл 49,999% акцияның түпкі иесі қызмет бабын асыра пайдаланып, өз отбасымен үлестес тұлғаға (сенімді адамына – ред.) бұрын тым арзан бағаға алып берген Нұрсұлтан Назарбаев болатын» дейді.
Акционерлер жиналысына қатыспаған, сол себепті ешқандай хаттамаға қол қоймаған «Казахстанский центр - ТВ» ЖШС өкілі М.Э. Бейсембековтің қолы және «Қазақстан телерадиокорпорациясы» ЖШС өкілі Д.Ж. Естеннің қолы жалған. Аталған Д.Ж. Естен бұл жиналыстан бір жыл бұрын 2005 жылы 12 мамырда Австрияда қаза болған еді.

«Қазір Швейцария конфедерациясында тұратын бұл адам 2000 жылдың қазан айынан 2006 жылғы мамырдың 3-іне дейін Дариға Назарбаева мен оның күйеуі Рахат Әлиевтің мүддесіне, ал 2006 жылғы мамырдың 4-інен 2008 жылғы мамырдың 21-іне дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың мүддесіне жұмыс істеді» дегенді айтады Әблязов.

Мұхтар Әблязов «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының 24,937 % акциясының меншік құқығы Назарбаевқа қалай өткендігі туралы өз дәлелін келтіре келе, 2006 жылғы мамырдың 5-і «Хабар» агенттігі» акционерлері жиналысының хаттамасы қолдан жасалғанына назар аударуды сұрайды.

«Атап айтқанда, акционерлер жиналысына қатыспаған, сол себепті ешқандай хаттамаға қол қоймаған «Казахстанский центр - ТВ» ЖШС өкілі М.Э. Бейсембековтің қолы және «Қазақстан телерадиокорпорациясы» ЖШС өкілі Д.Ж. Естеннің қолы жалған. Аталған Д.Ж. Естен бұл жиналыстан бір жыл бұрын 2005 жылы 12 мамырда Австрияда қаза болған еді» деп жазады Әблязов.

Қуғындағы бизнесмен, осы фактіге орай 2007 жылғы қыркүйектің 25-і Алматы қалалық прокуратурасы қылмыстық іс қозғады, бірақ 2008 жылғы наурыздың 27-і, яғни Нұрсұлтан Назарбаевтың «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамындағы «үлесін» мемлекет 100 миллион АҚШ долларына сатып алғаннан кейін бұл іс жабылып қалды деп санайды.

Мұхтар Әблязов Нұрсұлтан Назарбаевты жоғарыда аталған «100 миллион АҚШ долларынан табыс салығын төлемей кетті» деп те айыптап отыр.

СӘРСЕНБАЕВТЫҢ ҚОЛЫНА ТҮСПЕГЕН ҚҰЖАТ

Мәлімдеме авторының айтуына қарағанда «Хабар» агенттігі» мен «Самғау» холдингі арасындағы келісім-шарттың Алматы қаласындағы аймақтық қаржы орталығының арнайы сауда алаңында ашық сауда тәсілімен жүзеге асырылуы - қаржы иесінің салықтан жалтару үшін жасаған заңсыз әрекеті. Қазақстан республикасының салық кодексі бойынша мұндай тәсілмен жүзеге асырылған қаржы операциялары салықтан босатылады».
2009 жылы бизнесмен БТА банкіне қатысты дау-шарға Назарбаевтың қатысы жоқ, оны төңірегі адастырып отыр деген сыңайда мәлімдеме жасаған еді. Әблязовтың ендігі тұжырымы бойынша БТА банк пен Қазақстанды тұралатқан Назарбаевтың өзі.

Бұл Мұхтар Әблязовтың Қазақстан басшылығына қатысты жариялап отырған бірінші компраматы емес. Екінші мәрте қуғынға ұшыраған кезеңдегі Әблязовтың өз саяси көзқарасының «эволюциясы» да назар аударуға тұрарлық. 2009 жылғы ақпан айында бизнесмен БТА банкіне қатысты дау-шарға Назарбаевтың қатысы жоқ, оны төңірегі адастырып отыр деген сыңайда мәлімдеме жасаған еді. Биылғы қаңтар айында өтпек болған референдум мен кезектен тыс президент сайлауы кезінде де бизнесмен пікір білдірмей қойған. Әблязовтың ендігі тұжырымы бойынша БТА банк пен Қазақстанды тұралатқан Назарбаевтың өзі.

Бизнесменнің бұл жолғы мәлімдемесінде «дәлел» ретінде келтірген әлдебір құжат көшірмелері рас болып шықса, «Хабар» агенттігінің Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің иелігінде болғаны да қоса расталмақ.
Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиев. Ерлі-зайыпты кездеріндегі сурет.

Оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев 2004-2005 жылдары Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің «Хабар» телекомпаниясы мен Қазақстандағы теленарықты меншіктеп алды деп сот арқылы дәлелдемек болған. Бірақ, қолында осы жолы Әблязов жариялап отырғандай нақты құжаттар болмаған. Сол жолы Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиев саясаткер Сәрсенбаевты «моральдық шығын» келтіргені үшін айыппұл төлеуге міндеттеткен.

АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ АУЫСТЫ

Шілденің 4-і күні «Республика» газетінде Мұхтар Әблязовтің осы мәлімдемесі жарияланғаннан кейін іле-шала ресми ақпарат агенттіктері Қазақстандағы бірқатар мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілігінде ауыс-түйіс болғанын хабарлады.

«Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының төрайымы Гүлнәр Ықсанованың орнына оның орынбасары, әрі «Жеті күн» апталық бағдарламасының жетекшісі Айдос Үкібаев тағайындалды. «Хабар» агенттігі Айдос Үкібаевты «президент аппараты жетекшісінің орынбасары Мәулен Әшімбаев пен байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің ұжымға таныстырып кеткенін» хабарлады.

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы басқармасының төрағалығына «31 арнаның» жетекшісі Нұржан Мұхамеджанова тағайындалса, бұрынғы төраға Жанай Омаров «Казахстанская правда» акционерлік қоғамының президенттігіне бекітілді.

РЕСМИ ЖАУАП

Шілденің 5-і күні Азаттық радиосы «Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 миллион долларды заңсыз иеленді және салық төлеуден жалтарды» деген Мұхтар Әблязовтың айыптау пікіріне орай президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметінің, байланыс және ақпарат министрлігінің және «Хабар» агенттігінің жаңа жетекшісінің көзқарасын білуге ұмтылғанымен тиісті жауап ала алмады.

«Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы басқармасының жаңа төрағасы Айдос Үкібаев пікір айтудан бас тартты. "Енді ғана тағайындалған басшыға комментарий беруге болмайды" деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметінің қабылдау бөлмесінен телефон тұтқасын алған хатшы қыз Азаттық радиосының қандай сауал қоятынын білгеннен кейін баспасөз қызметіндегі қызметкерлердің барлығы «Астана күніне» дайындық қамымен жүргенін, сондықтан ешкіммен байланыстыра алмайтынын айтты. Азаттық радиосы кейінірек тағы хабарласқанымен тағы да осы жауапты естіді.

Өзін Құралай деп таныстырған байланыс және ақпарат министрі қабылдау бөлмесінің қызметкері «Астана күні мен президенттің туған күні үш күн тойланады, басшы қызметкерлердің барлығы сонда жүр» деп жауап берді.
XS
SM
MD
LG