Accessibility links

Айман Мұсақожаеваның онлайн-конференциясы


Қазақстанның халық әртісі, скрипкашы Айман Мұсақожаева.
Қазақстанның халық әртісі, скрипкашы Айман Мұсақожаева.

Азаттық радиосының сайтында қарашаның 2-і күні скрипкашы, Қазақ ұлттық өнер университетінің (Астана) ректоры Айман Мұсақожаеваның онлайн-конференциясы өтті. Сайтымыздың қонағы оқырмандардан келіп түскен сауалдардың кейбіріне жауап берді.

Айман Мұсақожаева Алматыдағы Күләш Байсейітова атындағы арнаулы музыка мектебін, Мәскеудің Чайковский атындағы мемлекеттік консерваториясын бітірген.

Көптеген халықаралық байқаудың лауреаты атанған Айжан Мұсақожаева - қазір Мәскеу, Алматы және Бішкек консерваторияларының профессоры. Ол жыл сайын Аустрияда, Германияда, АҚШ пен Оңтүстік Кореяда шеберлік дәрістерін өткізіп тұрады.

Айман Мұсақожаева «Қазақстан Республикасының халық әртісі», «Халықаралық шығармашылық академиясының академигі», ЮНЕСКО-ның құрметті «Бейбітшілік жолындағы әртіс» атақтарының иегері.

2000 жылы әдебиет, өнер және сәулет саласы бойынша Қазақстанның мемлекеттік сыйлығын, 2002 жылы «Платина Тарлан» сыйлығын алды.

2002 жылы Айман Мұсақожаеваның есімі «ХХ ғасырдың ең көрнекті 2000 сазгері» деп аталатын Дүниежүзілік құрметті IBC тізіміне жазылды.

Айман Мұсақожаева оқырмандардан келіп түскен сауалдардың кейбіріне жауап берді. Оларды төмендегі форумнан оқисыздар.
XS
SM
MD
LG