Accessibility links

Нұрлан мен Сараның айтысы


Нұрлан Есенқұлов. Астана, 8 шілде 2013 жыл.

Нұрлан Есенқұлов. Астана, 8 шілде 2013 жыл.

Шілденің 8-9-ы күндері Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Ел, Елбасы, Астана» деген атпен ақындар айтысы өтті. Айтыстың алғашқы күні 10 жұп (20 ақын) сөз сайыстырды.

Сахнаға соңғы жұп болып шыққан Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскері Нұрлан Есенқұлов пен алматылық Сара Тоқтамысова «Астананың көркі» туралы көп айтты.

– Астана айтарлықтай құлпырыпты.
Талай жан бір көруге ынтығыпты.
«Конгрес холл» және де «Қазақстан»
Сарайына таусылмас жыр тұныпты, – деді айтысты бастаған Нұрлан Есенқұлов.
Сара Тоқтамысова. Астана 8 шілде, 2013 жыл.

Сара Тоқтамысова. Астана 8 шілде, 2013 жыл.


Ал Сара Тоқтамысова «тәуелсіздік алғалы талай іс бастан өткенін» айта келе:

– Ас-суын ішіп отырып,
Аяғымызды да тепкен бар.
Несібесін халықтың,
Сапырып та кеткен бар.
Белгісіз себептерменен,
Атылып та кеткен бар, – деді

Қазылар алқасы жеңісті Сара Тоқтамысоваға берді.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG