Accessibility links

Қазақстанның үш спортшысы Азиядағы 20 үздіктің қатарына кірді


Лондон олимпиадасының жеті алтын алған чемпиондар: Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Светлана Подобедова. (Суретті дайындаған Анса Мұстафа). 13 тамыз 2012 жыл.
Лондон олимпиадасының жеті алтын алған чемпиондар: Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Светлана Подобедова. (Суретті дайындаған Анса Мұстафа). 13 тамыз 2012 жыл.
Азия олимпиада комитеті жариялаған азиялық ең үздік спортшылар тізімінде қазақстандық үш атлет бар.

Қарашаның 8-і күні Қытайдың Макао (Аомынь) әкімшілік ауданында Азия олимпиада комитеті (АОК) кезекті конгресі басталды. Осы жиында Азия құрлығының үздік 20 спортшысы аталды.

Ол спортшылардың қатарында қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова, ауыр атлеттер Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло бар.

20 спортшыға арнайы жүлде тапсыратын марапатау рәсімі бүгін, 8 қарашада өтеді.

– Шыны керек, мен үздік 20 спортшының қатарына енгенімді сіздерден естіп отырмын. Бізге әлі ештеңе айтқан жоқ. Бәрі құпия. Марапаттау рәсіміне Зүлфия Чиншанло екеуіміз қатысамыз. Ал Илья Ильин келген жоқ, – деді Макаоға «олимпиадалық балға қатысу үшін барғанын» айтқан спортшы Ольга Рыпакова Азаттық тілшісіне.

Үш рет қарғып секіруден Лондон олимпиадасының чемпионы атанып, коммерциялық «Гауһар лига» жарысында ұтқан жеңіл атлет Ольга Рыпакова қазір халықаралық жеңіл атлетика федерациясының рейтингінде бірінші орында тұр. Илья Ильин Лондон олимпиадасының чемпионы атанып, 94 килограмм салмақта әлем рекордын (418 килограмм) жаңартқан. Зүлфия Чиншанло 53 килограмда олимпиада алтынын алды.

Бокстан Баркер кубогының иегері, олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бұл тізімде жоқ. Азия олимпиада комитеті бұл тізімге жапониялық боксшы Риота Муратаны енгізген.

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың айтуынша, Макаода өтіп жатқан АОК конгресіне Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінің өкілдері де барған.

Азияның ең үздік 20 спортшысының тізімі:

Қазақстан: Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Илья Ильин (ауыр атлетика), Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика).
Қытай: Чен Дин (жеңіл атлетика), Сунь Ян (жүзу), Ли Сяося (үстел теннисі), Ли Сюежуэй (бадминтон), Ие Шивэн (жүзу)
Жапония: Кохей Учимура (спорттық гимнастика), Кауори Ито (күрес), Риота Мурата (бокс), Каори Мацумото (дзю-до).
Оңтүстік Корея: Джин Джон О (нысана көздеу), Ки Ба Бэ (садақ ату), Ким Джи Ен (семсерлесу).
Солтүстік Корея (КХДР): Гим Ун Гук (ауыр атлетика), Ан Ку Гаэ (дзю-до)
Иран: Бехдад Салимикордашиаби (ауыр атлетика), Хамид Сориян (күрес)
Өзбекстан: Артур Таймазов (күрес).

Мақаланы автордың Facebook-тегі жеке парақшасында да талқылай аласыз.
XS
SM
MD
LG