Accessibility links

Бірінші Чат-Айтыс: Сары бала мен Әсел


Әсел Назаралы, чат-айтысқа қатысушы. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

Әсел Назаралы, чат-айтысқа қатысушы. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

Азаттық сайтында өтіп жатқан Чат-Айтыстың бірінші кезеңінің (1/8 финал) бесінші жұбы ретінде Сары бала лақап есімді үміткер мен Әсел Назаралы сөз сайыстырды. Оқырмандардың дауыс беруі бойынша 24-12 есебімен жеңіске жеткен Сары бала 1/4 финалға шықты.

Сары бала 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін философия мамандығы бойынша бітірген Сарыбала қазір «Алматы қаласындағы мемлекеттік мекемелердің бірінде қызмет істеп жүргенін», «бойдақ екенін» айтты. Бұрындары ешқандай айтыстарға қатыспаған. Бірақ «өлең өлкесіне ат шалдырығы келетінін» айтқан Сары бала Азаттық сайтындағы Чат-Айтысқа қатысып, қабілетін сынап көрмек.

Сары баланың қарсыласы – астаналық Әсел Назаралы. Ол Жамбыл облысы Қордай ауданы Алға ауылында дүниеге келген. Мамандығы – аудармашы. 2008 жылғы «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанты. Әсел өзін «2010 жылдан бері ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитетінде бас маман-аудармашы қызметін атқарып келемін. Сондай-ақ «Халық сөзі», «Нұр-Астана» газеттерінде штаттан тыс тілші ретінде мақалалар жазып тұрамын» деп таныстырды. Әсел Назаралының өлеңдері мен әңгімелері мерзімдік басылымдар мен сайттарда жарияланып келеді..

Құрметті оқырмандар, Чат-Айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына я тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар. Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.

Чат-айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG