Accessibility links

Үздік үш комментарий


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (2-8 шілде) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

АУЫЛДЫҢ ҚАЗАҒЫ, АЛМАТЫ

Барша дүние-боқ байлықты борбайының астына басып алып еңбек дауын тудырып отырған бас паразиттің нағыз өзі екендігін өзі сезбей отырған алжыған қақпасқа енді келіп не дерсің?!

(«Назарбаев: Еңбек дауын қоздырушы паразиттер жауапқа тартылуы керек» атты мақалаға жазылған пікір)

ЕРСАЙЫН, АҚТАУ

Осы өзінің жауларын басқа біреулер қаржыландырады деген сыбысты жіберетін Ресей сияқты авторитарлы елдер, халықтың көпшілігінің сауатсыздығын пайдаланады десем, артық айтқандық болмас деп ойлаймын. Мысалы, өзіне қарсы оппозицияны Ресей билігі США, Батыс елдері қаржыландырады деп есептейді. Бұл дегеніңіз өзінің бас ауруын басқаға аудару деген сөз. Егер Ресей немесе Қазақстан, немесе сол сияқты басқа да авторитарлы елдер өз елдерінде сол революцияның болмауына негіз жасаса, яғни демократия орнатып, сот жүйесін тәуелсіз қылып, әділдік орнатып, сол арқылы коррупцияны жеңіп, халық наразылығына негіз болатын себептерді жойса, қанша қаржы бөлсең де оған негіз болмағаннан кейін төңкеріс болмас еді. Неге, мысалы үшін, батыстың демократиялық елдері ондай қауіптен ада, себебі оларда революцияға негіз жоқ, тіпті кризис уақытында да, оларда революция болмайды, себебі оларда билік халық қолында. Ал біздердікі болса, сәл наразылық туып жатса, оның себебін сырттан іздеп әлек болады. Ал, шындығына келгенде, бәрі өзіміздің ішімізде, ең бастысы, билік халықтан алыстап кетті. Міне - ең басты себебі. Егер билік халықтың қолында болса, Америкаң да, Батысың да, Шығысың да, Аблязовың да ештеңе жасай алмайды. Соны біздің билік қашан түсінер екен?

(«Атабаевты шығарады» деген сыбыс саябырсыды» атты мақалаға жазылған пікір)

БАУЫРЖАН, АЛМАТЫ

Еңбек жағдайларының жақсыруы, айлық табыстарының істеген жұмыстарына сай отбастарын асырай алатындай мөлшерде төленуі не өсуі және өздерінің адам және жұмысшы ретінде құқықтарының аяқпен тапталмауы үшін шеруге шықпақшы немесе осындай шерулерді ұйымдастырмақшы болған жай адамдар мен белсенділерді жауапқа тартуды заңға (Қазақстанда тіпті заң бар ма екен) енгізіп отырған Назарбаев нағыз қазақ жауы ретінде қашан жауапқа тартылады екен? НӘН-нің жоғарыдағыдай талаптарын былай түсінуге болады: "Ей қазақ, к...тіңді қыс, қойдан да жуас болып жүре бер, маған не билікке қарсы аузыңды да ашпа, әйтпесе құртамын." - дегені.

(«Қазақстанда «біртүрлі Батысты» көп жамандап кетті» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар,

Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG