Accessibility links

Өзбек босқындары Қазақстан сотының әділдігіне сенбейді


Өзбек босқындарының әйелдері Алмалы аудандық сотында. Алматы, 21 желтоқсан 2010 жыл.
Өзбек босқындарының әйелдері Алмалы аудандық сотында. Алматы, 21 желтоқсан 2010 жыл.

Алматыда өзбек босқындарының бірнеше айға созылған соты аяқталды. Қазақстан Өзбекстанда діни көзқарасы үшін қуғындалған азаматтардың ешқайсысына саяси пана бермеді.

Алматыда қамауда жатқан 29 өзбек азаматының аппеляциялық сотқа шағымдануы да босқын мәртебесін алуға септесе алмады. Наурыздың 29-ы күні Алматы қалалық соты соңғы төрт азаматқа босқын мәртебесін бермеу туралы алғашқы сот инстанциясының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

ӨЗГЕРІССІЗ ШЕШІМ

Сонымен, Қазақстан өткен жылы жазда Алматыда ұсталған өзбек азаматтарының ешқайсысына саяси пана бермеді. Оларға босқын мәртебесін бермеу туралы аппеляциялық сот енді ғана аяқталса да, оларды түгелдей экстрадициялау туралы соттар наурыздың ортасында-ақ өтіп үлгерген. Енді Алмалы аудандық сотының бұл шешімін аппеляциялық сотқа бермек болып
29 өзбек босқынының төртеуі Алмалы аудандық сотында отыр. Алматы, 11 наурыз 2011 жыл
жүрген өзбек азаматтарының туыстары шешімнің өзгеретініне күмән келтіреді.

Сот экстрадициялау туралы шешім шығарған азаматтар мыналар: Сирожиддин Талипов, Олимжон Холтураев, Исобек Пардаев, Ақмолжон Шодиев, Қобильжон Қурбонов, Бахриддин Нуриллаев, Бахтиёр Нуриллаев, Алишер Хошимов, Шухрат Холбаев, Сухроб Бозоров, Дильбек Каримов, Маруф Юлдошев, Турсунбой Сулайманов, Мухиддин Гуламов, Тоиржан Абдусаматов, Аброр Касимов, Саидакбар Жалолхонов, Улугбек Остонов, Ойбек Пулатов, Ахмад Болтаев, Уктам Рахматов, Сарвар Хурамов, Отабек Шарипов, Рафшан Тураев, Файзиддин Умаров, Файзуллахон Акбаров, Ойбек Кулдошев, Шухрат Ботиров және Абдуазимхудж Якубов.

ЭКСТРАДИЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ

Алматы қалалық көші-қон полициясы өкілдерінің айтуынша, Өзбекстанның бас прокуратурасы бұған дейін «өз отанында ауыр қылмыс жасаған» бұл өзбек мұсылмандарды еліне қайтару туралы Қазақстан жағына өтініш жасаған. Қазақстанның құқық қорғау органдарының қандай шешім шығаратыны белгісіз.

Осыған дейінгі сот процестерінде бұл азаматтардың қорғаушылары мен туыстары олардың Өзбекстанда діни көзқарасы үшін қуғындалғанын, сол
Адвокат Анжелика Рахимбердина. Алматы, 20 желтоқсан 2010 жыл.
үшін жақындарымен бірге азапқа, қысымға ұшырағандарын айтып, соны дәлелдеуге тырысқан еді. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының дерегіне сүйенген адвокаттардың айтуынша, Өзбекстан билігі «діни-саяси көзқарасы өзгеше» азаматтар мен топтарды азаптаудың сан алуан тәсілдерін кеңінен қолданады. Бұл деректерге тірі мысал алыстан іздемей-ақ, сол сот залдарынан-ақ табылып жатты.

Өзбек азаматтарының жартысын сотта қорғап шыққан Анжелика Рахимбердинаның айтуынша, босқын мәртебесін бермеу – оларды автоматты түрде Өзбекстанға экстрадициялаумен пара-пар. Туыстарының айтуынша, бұл – іс жүзінде «олардың басын өлімге тігу».

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ КЕЗЕКТІ ҮНДЕУІ

Наурыз айының аяғында халықаралық «Амнести интернешнл» ұйымы Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттемелерін алға тартып, билікті өзбек босқындарын еліне қайтармауға шақырған еді.

«Қазақстан үкіметі Өзбекстанмен «аймақтық қауіпсіздік және терроризммен күрес» бойынша әріптестік орната отырып, халықаралық құқық бойынша алған міндеттелемелерін (БҰҰ-ның Қысымға қарсы конвенциясы, 1951 жылы қабылданған Босқындар туралы конвенция) елемей отыр. Бұл конвенциялар өз елінде қысымға ұшырауы мүмкін немесе құқығы тапталуы мүмкін қандай да бір азаматты отанына қайтаруына тыйым салады» деп жазады «Амнести интернешнл» ұйымы.

Құқық қорғаушы ұйымы Алматыда өткен өзбек азаматтарына қатысты сот процестерінде заң бұзылғанын да атап өтеді. Ұйым сонымен қатар бірталай өзгеріске ұшырап, жаңа жылдан бері күшіне енген Босқындар туралы заңның да бұдан былай елден пана сұрап келген өзге де босқындардың жағдайын нашарлата түсететініне көптің назарын аудартуға тырысады.

Қазақ полициясы 2010 жылы жазда Алматыда «Мигрант» операциясы барысында отыз өзбек босқынын ұстап, олардың отызын тергеу изоляторына қамаған болатын. Босқындар қазір Алматыдағы Әділет министрлігі мен ҰҚК-нің қамау изоляторында тұтқында отыр. Өзбекстанда террористік-экстремистік ұйымдарға қатысы бар деп айыпталған бұл азаматтар ол айыпты жоққа шығарады.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG