Accessibility links

Бауыржан Момышұлы туралы фильм Мәскеуде көрсетіліп жатыр


Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы, гвардия полковнигі, жазушы Бауыржан Момышұлы (1910 – 1982).

Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы, гвардия полковнигі, жазушы Бауыржан Момышұлы (1910 – 1982).

Бұдан 70 жыл бұрын, 1941 жылы 7 қарашада совет жауынгерлері Мәскеудің Қызыл алаңында өткен әскери парадтан бірден майдан шебіне аттанды. Мәскеуді қорғау шайқасы кейін соғыс қаһармандарының бірі Бауыржан Момышұлы туралы түсірілген фильмге арқау болды.


Қазақ режиссері Мәжит Бегалиннің 40 жылдан астам уақыт бұрын көрсетіле бастаған «Ел басына күн туса» атты фильмі биыл Мәскеуде кезекті мәрте өтіп жатқан «Лучезарный ангел» кинофестиваліне ұсынылып отыр. Ал фильм кейіпкеріне - жазушы әрі қолбасшы Бауыржан Момышұлына қатысты дау көп.

1941 жылы Мәскеу түбіндегі Волоколамск бағытында соғысқан Панфилов дивизиясы жайлы түсірілген «Ел басына күн туса» фильмі оңайлықпен жасалмады. Бірақ режиссер Мәжит Бегалиннің кинокартиналарының көбінің тағдыры осындай. Бірақ бұл фильм ақыры 1968 жылы 8 мамырда прокатқа шықты. «Ел Солдан оңға: Бауыржан Момышұлы, Мәжит Бегалин, Кәукен Кенжетаев және Ғабит Мүсірепов «Ел басына күн туса» фильмінің премьерасында.

Солдан оңға: Бауыржан Момышұлы, Мәжит Бегалин, Кәукен Кенжетаев және Ғабит Мүсірепов «Ел басына күн туса» фильмінің премьерасында.

басына күн туса» фильмінің мазмұнын қазіргі жас және орта буын білмейді, өйткені ол фильмді қазір көрсетпейді деуге де болады. Тіпті журналистер де кейде оны көрмей, долбарлап жазып жатады.

Мәселен, республикалық газеттердің бірінде осы туынды туралы "28 панфиловшы батырдың ерлігі туралы фильм" деп жазды. Кино № 316 Панфилов дивизиясының батальоны туралы болғанымен, мұнда ел білетін 28 батыр жайлы бір де бір сөз, бір де бір кадр жоқ. Батальонды сол кездегі аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқаратын. Мұнда 1941 жылы қарашада осы батальон дивизияның негізгі күштерінен бөлініп қалып, Мәскеу түбіндегі Матренино деревнясында дұшпанды тұтқынға алғандағы үш күнннің хикаясы суреттеледі.

Мәскеу қорғанысы - Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында маңызды оқиғаның бірі. Мәскеу түбінде 1941 жылдың желтоқсанында Гитлер әскері алғаш рет ірі жеңіліске ұшырады. Бұл жеңіліс соғыстағы гитлерлік Германияның күйреуінің басы еді.

ҮШ АЙЛЫҚ КІДІРІС

«Ел басына күн туса» фильмін қазақстандық телекөрермендерге 15 жыл бойы 23 ақпан сайын ұдайы көрсетіп тұрды. "СССР-де теледидар экранынан түспейтін екі фильм бар" деп қалжыңдайтын қазақстандық кино қайраткерлері. Олар айтқан екінші фильм – «Тағдыр тәлкегі, немесе жеңіл буыңызбен!» («Ирония судьбы, или С легким паром») картинасы еді.

Мәжит Бегалин (1922-1978) – соғыс көрген буынның өкілі. 1942 жылы қарашада Калинин майданында өткен шайқастың бірінде Солдан оңға қарай: режиссер Мәжит Бегалин мен актер Кәукен Кенжетаев. Мәскеу, 1967 ж.

Солдан оңға қарай: режиссер Мәжит Бегалин мен актер Кәукен Кенжетаев. Мәскеу, 1967 ж.

оқ қолын білезік тұсынан қолын жұлып әкетті. Госпитальден шыққан соң Мәжитті әскерден қайтарды. Сөйтіп ол сол уақытта Алматыда эвакуацияда болған ВГИК-тің режиссерлік факультетіне түседі. Мәжит Бегалин Сергей Герасимов пен Тамара Макарованың шеберханасында оқыды.

«Ел басына күн туса» фильмінің сценарий авторлары – Мәжит Бегалин мен мәскеулік Василий Соловьев (ол да соғыс мүгедегі). Әдепкіде фильмнің жұмыс барысындағы атауы «Волоколамск тас жолы» еді және Александр Бектің «Арпалыс» повесі бойынша түсірілуі керек болды. «Арпалыс» Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ірі қазақ қолбасшысы, полковник Бауыржан Момышұлымен арадағы әңгіме негізінде жазылған. 1943 жылы жазда жарияланған повесть советтік әскери насихатқа арналған басты кітаптардың бірі еді.

АЛЕКСАНДР БЕКТІҢ ҚАРСЫЛЫҒЫ

Бірақ басталып кеткен жұмыс кенеттен үш айға дейін тоқтап қалды. Бекпен мәміле жасау қиын болды. Ол бұған дейін де Бауыржан Момышұлымен әзер тіл табысқан еді. Момышұлының өзі де бұл кезде соғыс жайлы кітаптар («Артымызда Мәскеу. Офицер күнделігі», «Майдандағы кездесулер», т.б.) жазып, жазушы атанған.

Дау «Арпалыс» повесіне қатысты болды. Бектің ең жақын досы Анатолий Рыбаков былай деп жазды: «Бек бүкіл әлемге даңқын шығарған адам Момышұлы енді оның ең қас жауына айналды. Ол «Арпалысты» бірлесіп жаздық деп есептеді. Ол сараптамалар мен сол сияқты дүниелер арқылы Бекті титықтатып болды, бұл жазушының уақытын алып, оның жанын жегідей жеді».

Александр Бектің қызы Татьяна Бек былай деп жазды: «Момышұлы – көркем жиынтық образдың шынайы прототипі, әңгіме соның - қазақ полковнигінің, атынан баяндалады. Ол өзін осы кітаптың бірлескен авторымын деп есептеген. Ол (әкемнің) әдеби жетістігін қызғанды, неліктен оның өз шығармалары (“Артымызда Мәскеу. Офицер күнделігі”, “ Майдандағы кездесулер” және басқалары) оқырман көңілінің төрінен орын алмайтынын түсінбеді».

Анығы сол - Мәскеудің ержүрек қорғаушылары жайлы фильмді Мәжит Бегалиннің түсіргені осы дауды қыздыра түсті.

Мәжит Бегалиннің інісі Қасым Бегалин былай дейді:

– Бектің сценарийін бекітті. Сөйтіп фильмнің үштен бір бөлігіне дейін түсіріп қойды. Бірақ сосын Бек түсірілген материалды көріп шығып, одан ары қатысудан үзілді-кесілді бас тартты. Мұнда ұлттық рухтың «иісі аңқып тұрғанын» мәлімдеді: фильмге қарағанда Мәскеуді қазақ дивизиясы ғана құтқарып қалды-мыс болып шығады. Мәжит Бекті иландырмақ болды, бірақ одан қайран болмады. Ақыры Бек сценарийінен бас тартып, айып төледі.

Сценарийді жаңадан, тек енді Бауыржан Момышұлының кітабы мен оның материалдары негізінде жазды. Кешігіп бара жатқан соң қысқы шайқастардың көріністерін наурыз-сәуірде түсірді, осы тұста орман алаңқайларынан қар іздеп, оны көлікпен тасып, кадрда қысқы көрініс болуы үшін әртүрлі ақ түсті заттарды пайдалануға тура келді.

Бірақ Бекпен арадағы дау бітпеді. Ол СССР Жазушылар одағы арқылы «Ел басына күн туса» фильмінің одақтық экрандарға шығуына бөгет жасауға тырысты, кинолентаны шығарушыларды плагиат жасады деп айыптамақ болды. Бірақ Бауыржан Момышұлы араласып, бұл даудың түйінін шешіп берді.

«ПОЛКОВНИК МОМЫШҰЛЫН ӨЛТІРСІН ДЕП БҰЙЫРЫҢЫЗ»

Фильмді шығарушылар Александр Бекпен ғана емес, Жазушылар одағы, барлық советтік фильмдердің цензурасын жүзеге асыратын Госкино – Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетпен де қырғи қабақ болды. Жазушы Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» кітабында Бауыржан Момышұлынан естіген осы оқиға жайлы жазған.

Госкино көзі тірі адам туралы фильм түсіруге болмайды деген себеппен фильмді қабылдап, экрандарға шығарғысы келмеді. Қазақ ССР мәдениет министрі Ілияс Омаров Бауыржан Момышұлынан Мәскеуге барып, фильм түсіруші топқа көмектесуін сұрады. Бастапқыда ол бұл ұсынысты құп көре «Ел басына күн туса» фильмінің афишасы. Алматы, 1968 ж.

«Ел басына күн туса» фильмінің афишасы. Алматы, 1968 ж.

қоймай, министрдің табанды өтінішінен соң ғана көмектесуге келісті. Полковник Момышұлыны Мәскеуде өте жақсы танитын, оның беделі жоғары болатын. Сондықтан министр ол қолдап шықса, істің ойдағыдай аяқталатынына сенді.

Келесі күні Бауыржан Момышұлы Мәскеуге келді. Госкиноны сол кезде Алексей Романов басқарып тұрды. Ал фильмнің тағдыры оның орынбасары Владимир Баскаковтың қолында еді. Бірақ Момышұлы Баскаковтың кабинетіне кіре алмады, сөйтіп тікелей Романовқа барып, Баскаковтың фильмді неліктен бөгегенін айтып берді.

– Егер орынбасарыңыздың көзі тірі адам жайлы фильмге тыйым салу ойы мемлекет деңгейінде қолдау табады деп есептесе, онда қазір «Москва» қонақ үйінің жеті жүз жиырмасыншы нөмірінде тұрып жатқан полковник Момышұлын өлтірсін деп бұйырыңыз. Сонда жолдас Баскаковтың ойы да іске асады, мемлекеттік ақша да желге ұшпайды. Адамдардың еңбегі де бекерге зая кетпейді, - деді Момышұлы Романовқа.

Алексей Романов қарқылдап күліп, Баскаковқа телефон соғып, былай деп бұйырды:

– Дереу фильмді еш кідіріссіз қабылдаңыз. Ұлы Отан соғысының көптеген батырлары, оның ішінде жолдас Момышұлы да тарихқа көзі тірісінде қаһарман болып енді. Бұл фильм – бүтін бір халықтың ұлттық мақтанышы.

АЛМАТЫНЫҢ ОРНЫНА - МИНСК

«Ел басына күн туса» фильмінің шынайы көріністерін Мәскеу түбінде – Боровскіде түсірді, онда актерлер мен түсіру тобы пионерлер лагерінде тұрды. Ал павильондық түсірілімдер "Қазақфильмде" Түсірілім кезінде (солдан оңға): генерал Панфилов – актер Всеволод Санаев, маршал Рокоссовский – актер Владлен Давыдов және режиссер Мәжит Бегалин, 1967 ж.

Түсірілім кезінде (солдан оңға): генерал Панфилов – актер Всеволод Санаев, маршал Рокоссовский – актер Владлен Давыдов және режиссер Мәжит Бегалин, 1967 ж.

өтуі тиісті болатын (сол кезде «Қазақфильм» студиясы қазіргі күні Қазақ мемлекеттік филармониясына тиесілі ғимаратта болатын). Бірақ декорацияларды «Қазақфильмде» емес, Минскіде тұрғызуға тура келді.

Минскіде түсірудің себебі – генерал Панфиловты сомдаған мәскеулік актер Всеволод Санаев Қазақстанды алыссынды, әрі тау қан қысымыма жақпады деп шағынды. Оған қоса сол кезде тағы басқа фильмге түсіп жатты.

Сондықтан оған Мәскеудің өзінде болмаса да, оған жақынырақ болу керек болды. «Беларусьфильм» киностудиясы бар Минск ең оңтайлы вариант болып шықты.

ГОСКИНО БЛОКТЫҢ «СКИФТЕРІНЕ» РҰҚСАТ ЕТПЕДІ

«Ел басына күн туса» фильмінің суретшісі Ыдырыс Қарсақбаев мынадай хикаяны да айтып берді. Бас кейіпкердің рөлін орындаған қырғыз актері Өмірәлиев Александр Блоктың «Скифы» атты танымал өлеңін оқуы керек еді:

Мильоны – вас. Нас – тьмы, и тьмы, и тьмы.
Попробуйте, сразитесь с нами!
Да, скифы – мы! Да, азиаты – мы,
С раскосыми и жадными очами!

Бірақ Госкинодан «фильмде бұл кадр болмауы тиіс» деген әмір келді. Оның үстіне ешқандай түсінік берілген жоқ. Алып тастасын деді – болды! Себебі не сонда? Ыдырыс Қарсақбаев мынадай болжам айтады:

– Дәл сол жылы-ақ Сергей Герасимовтың «Журналист» фильмі шықты, онда тура осы өлеңді оқиды. Сөйтіп біз мәселенің төркінін ұқтық. Басқарма бір өлеңнің бір жылдың ішінде бірден екі фильмде болуын артық санаған көрінеді.

ФИЛЬМ ТҮСІРУ СОҒЫСПЕН ПАРА-ПАР

Әр кадрда 1941 жылдың оқиғаларын, соғыс жағдайын мейлінше дәл қалпына келтіруге тырысты. Сол кездегі зеңбірек те табылды. Танкілердің шаруасы қиын болды. Минскілік киностудиядан «Тигр» неміс танкілеріне өзгертілген совет танкілері табылды, оларды «біріктіруге» тура келді.

Фильмге бір жыл бұрын «Война и мир» фильмін түсіру үшін құрылған кавалерия полкі қатысты. Жауынгерлер қызыл әскер мен неміс Түсірілім алаңында отырған - режиссер Мәжит Бегалин, оның оң жағында – зайыбы, актриса Олеся Иванова, 1967 ж.

Түсірілім алаңында отырған - режиссер Мәжит Бегалин, оның оң жағында – зайыбы, актриса Олеся Иванова, 1967 ж.

жауынгерлерін кезек-кезек сомдады. Неміс формасын «Мосфильм» мен «Қазақфильм» студияларынан тапты, қызыл әскерлер Семей тері комбинатында тігілген тондарды киіп шықты.

Бәрінен бұрын маршал Рокоссовскийді сомдаған актерді киіндіру қиынға соқты. Оның бойы екі метр еді, 46-өлшемді аяқ киім киетін. Оған дәл келетін етік пен былғары пальто көпке дейін табылмады.

Фильм түсіру алаңында талай күлкілі оқиғалар болды. Фильмнің екінші операторы Равиль Чикаев былай деп еске алады:

– Көпшілік көріністегі жауынгерлерге әлдебір полковник әмір беріп отырды. Ол мегафонға «Кеттік!» деп бұйрық беріп жүрді, бірақ көктем болатын, қар еріп жатты - жер батпақ, батасың да кетесің. Алайда жүгіру керек, дубль жасау керек. Жауынгерлер жүгіріп барады. Осы арада автомат атылады – құдды бір немістер атып жатқандай болады. Полковниктің «Жатыңдар!» деген бұйрығы естіледі. Осы кезде жауынгерлер баудай түсіп құлай бастады - лайсаң қарда ешкімнің де жүгіргісі келмейді емес пе. Полковник ызаға булығады: «Бәрің емес, екі адамның бірі ғана жатуы керек!» деп айғайлайды. Сосын қайта түсіреміз.

Фильм суретшісі Ыдырыс Қарсақбаев айтып берген тағы бір трагикомедиялық оқиға бар. Неміс танкілерінің ерекше тежегіші болатын. Бір атқан соң (әрине, бос дәрімен атты) бұл тежегіш жұлынып қалды. Нашар бекітілген еді. Сөйтіп осының кесірінен операторлардың бірі мүгедек болып қала жаздады.

МОМЫШҰЛЫН СОМДАҒАН АКТЕР ОДАН ТЫҒЫЛЫП ЖҮРДІ

«Ел басына күн туса» фильмінде Бауыржан Момышұлын екі актер сомдайды. Жас, соғыс шағындағысын қырғыз Асанбек Өмірәлиев, соғыстан кейінгі кезеңін Кәукен Кенжетаев ойнады.

Фильмді тәмамдаған соң оны «Қазақфильмнің» көркемдік кеңесіне көрсету керек болды. Момышұлының өзін де шақырды. Ал оның мінезі қиын болатын – мұны бәрі білетін. Кәукен Кенжетаев былай еске алады: «Ел басына күн туса» фильмінен көрініс. Ортада – Бауыржан Момышұлының майдандағы кезін сомдаған қырғыз актері Асанбек Өмірәлиев. 1967 ж.

«Ел басына күн туса» фильмінен көрініс. Ортада – Бауыржан Момышұлының майдандағы кезін сомдаған қырғыз актері Асанбек Өмірәлиев. 1967 ж.

«Тік мінезді, қатал әрі пікірін, ойын ашық айтатын. Бірдеме дұрыс болмай қалса, бірден сазайыңды тартқызудан да тайынбайтын. Сол себепті мен көркемдік кеңеске баруға сескендім, бәлесінен аулақ деп ұйғардым».

Актер үйде жанын қоярға жер таппай тықыршып отырды. Кенет қоңырау соғылды – Бауыржан Момышұлының өзі екен:

– Сенбісің? Шық!

Кәукен Кенжетаев далаға шықса, Бауыржан Момышұлы мен Мәжит Бегалин күтіп тұр екен. Актер өзін командир алдындағы жаңа шақырылған солдат сияқты сезінді.

– Жарайсың, құттықтаймын! Хас жауынгер, нағыз командирдің қандай болатынын көрсеттің! - деді де, Бауыржан Момышұлы актерді құшақтады.

Момышұлы содан кейін: «Кәукен – кәрі Бауыржан ғой, ал мен әрқашан да жаспын!» деп жүретін болды.

(Мақаланы жазғанда режиссер Мәжит Бегалин жайлы «Мэтр» кітабындағы естеліктер пайдаланылды).

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG