Accessibility links

Клинтон интернет еркіндігін шектемеуге шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон «Интернет еркіндігі» халықаралық конференциясында. Нидерланд, 8 желтоқсан 2011 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон «Интернет еркіндігі» халықаралық конференциясында. Нидерланд, 8 желтоқсан 2011 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон кейбір үкіметтердің «интернетті шектеу әрекеттері онлайн еркіндігіне кесірін тигізеді» деп ескертті Нидерландыда өткен «Интернет еркіндігі» халықаралық конференцияда.



Клинтон бұл сөзді Ресей, Қытай, Тәжікстан және Өзбекстанның интернетті шектеу жөнінде БҰҰ-ға жасаған ұсыныстарына қатысты айтқан.

«ДИКТАТОРЛАР ДИЛЕММАСЫНА ҰШЫРАУ»

Бұл елдердің атын атамаған Клинтон: «Кей үкіметтер онлайндағы адам құқықтарын шектеуді ақтайтын жоспарларын алға тарту үшін интернетті басқару мәселелерін пайдаланады. Біз мұндай жоспарларға мұқият болып, онлайндағы адам құқықтары туралы ортақ көзқарасымыз бойынша бірігуіміз тиіс», – деп мәлімдеді.

– Ұлттық интернеттер төңірегінде шектеулер енгізу арқылы ғаламдық интернетті фрагменттеу интернет кеңістігінің көрінісін өзгертеді. Бұл сценарий бойынша, интернетте бірқатар оқшау топтар пайда болып, адамдар ғаламдық желіге толық қосыла алмайды. Интернет бөлшектенсе, инновациялық идеялар ғаламдық нарыққа шыға алмай, тар бөлмеге қамалғандай болады, – дейді Клинтон.

Оның айтуынша, «интернетке тосқауыл орнатқан үкіметтер ақыр соңында тұйыққа тірелгендей сезініп, диктаторлар дилеммасына ұшырайды».

АВТОКРАТИЯЛЫҚ ЕЛДЕРГЕ КӨМЕКТЕСПЕУ

Жиырма шақты ел өкілдерінің алдында сөйлеген Хиллари Клинтон халықаралық қауымдастықты «интернеттен тыс та, онлайнда да адам құқықтарының құрметтелуіне кепілдік беруге» шақырып, Сирия, Иран және Ресейді сынады.

– Сирия мен Иранда көптеген онлайн белсенділері өз пікірімен бөлісіп, отандастарын ұйымдастырғандары үшін тұтқындалады, түрмеге Тегерандағы интернет-кафеде отырған әйел. Иран, 24 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Тегерандағы интернет-кафеде отырған әйел. Иран, 24 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

жабылады, соққыға жығылады немесе тіпті өлтіріледі. Сейсенбі күні Ресейде танымал блогерлердің бірі Алексей Навальный сайлауға қатысты наразылық шарасына қатысқаны үшін 15 күнге қамалды, – дейді Клинтон.

АҚШ мемлекеттік хатшысы интернет және компьютерлік бағдарламалармен айналысатын компанияларды автократиялық режимдерге «қуғын-сүргін көрсетуге мүмкіндік беретін» құралдарды сатпауға шақырды. Клинтон «осы саладағы фирмалардың кейде авторитарлық режимдерге интернетке бақылау жасайтын технологияларды саналы түрде сатып, пайда көріп жүргендерін» айтты.

– Компаниялар сондай-ақ авторитарлық режимдегі елдерге саяси диссиденттер туралы ақпарат береді және саяси дебаттарға қатысатын белсенділердің әлеуметтік желілердегі парақшаларын бұғаулайтын құралдар сатады, – деді Клинтон.

Осы жылдың басында белсенділер Facebook және Twitter сияқты әлеуметтік желілер, басқа да интернет технологияларын пайдаланып, Тунис, Египет, Сирия және Ливияда үкіметке қарсы шерулер ұйымдастырған еді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG