Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 04:43

САЯСАТ

28 панфиловшылар жайлы аңыз әлдеқашан сейілгенімен Қазақстанда советтік насихаттың ықпалы әлі басым

1941 жылдың қараша айында Дубосеково разъезінде болды делінген 28 гвардияшы-панфиловшылар ерлігінің тарихы жоққа шығарылуда. Соғыс біткен соң 65 жыл өтсе де, бұл тарихқа көзқарас әрқилы. Бірақ ертегінің әшкере болғандығы жайында Қазақстанда ашық айтылмайды.

Мәтін көлемі - +

ӘЙГІЛІ ӘСКЕРИ ОЧЕРК

1942 жылдың 22 қаңтарында «Красная звезда» газетінде әдебиет бөлімінің меңгерушісі Александр Кривицкийдің «28 батыр туралы» очеркі жарық көрді. Онда 1941 жылдың күзінде Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясының 28 панфиловшы-батырларының ерліктері жайында егжей-тегжейлі баяндалды.

Алайда әскери басылымдағы очерк майдандық тілші Василий Коротеевтің 1941 жылдың 27 қарашасындағы «мерт болған 28 батырдың өсиеті» атты мақаласының ізімен жазылды. Онда толып жатқан сәйкессіздіктер бар болғандықтан қазіргі ресей тарихшылары оны «насихаттық қиял», «шындыққа сай келмейді» деп тапты.

Александар Кривицкийдің сол кездері жазған атақты жолдары Совет Одағындағы соғыстан кейінгі миллиондаған комсомолдардың есінде қалғандығы анық:

«Елуден астам жау танкісі Панфилов атындағы дивизияның жиырма тоғыз советтік гвардияшылары қорғаған шепке жылжып келеді. Жиырма тоғыздың ішінен біреуі ғана жігерсіздік танытты... олардың біреуі ғана қолын жоғары көтерді... бірнеше гвардияшы бір мезгілде, келіспестен, бұйрықсыз, қорқақ, сатқынды атып салды...

Соғыс төрт сағаттан астамға созылды. Бұл кезде жаудың 14 танкі майдан даласында қимылсыз қалған еді. Сержант Добробабин мерт болды, қызыл әскер Шемякин де қаза тапты... Конкин, Шадрин, Тимофеев және Трофимовтар да жан тапсырды... Көзі қызарып кеткен Клочков жолдастарына қарады. «Достар, отыз танкі екен, – деді ол жауынгерлерге, – бізге осы жерде өлуге тура келетін шығар. Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ – артымызда Москва...
Саяси жетекші Клочковтың әйгілі сөзі – 28 гвардияшы-панфиловшылардың ескерткішінен көрініс. Алматы, 23 ақпан 2010 жыл.


Екі қолын кеудесіне айқастырып алған Қожабергенов сақылдап тұрған жау пулеметінің аузына барып құлады... Барлық жиырма сегіз адам жан тапсырды».

Алайда, майданда да, тылда да жапатармағай оқылған атақты очеркте келтірілген фактілер соғыс кезінің өзінде-ақ панфиловшылардың өздерінің де, «тиісті» органдардың да тарапынан көптеген сауал туғызды.

ФАМИЛИЯЛАСТАР

Алғашқы күмәндар соғыс кезінің өзінде-ақ, 28 панфиловшының алтауы кенеттен «тіріліп» кеткенде пайда болды. Және олардың әскери тағдырлары да қарама-қайшылыққа толы болатын.

Қазір ашылған дерек көздерінен белгілі болғанындай, 1942 жылы «ерекше бөлім» қызметкерлері немістерге өз еркімен тұтқынға түскен әлдебір Даниил Қожабергенов деген қызыл әскерді тұтқындайды. Ол бірден Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизияның жауынгері болғанын мойындайды.
28 гвардияшы-панфиловшылардың бірі Даниил Қожабергеновтың құрметіне қойылған тақтайша. Алматы, 23 ақпан 2010 жыл.

Оның саяси жетекші Василий Клочковтың байланысшысы болғандығы, сол атақты соғыс болатын күні таңертең Дубосековоға хабар алып кеткені, сөйтіп сол жерде тұтқынға түскені белгілі болады. 16 қараша күні кешке Даниил Қожабергенов тұтқыннан қашып шығып, орманға кіріп кеткен. Біраз уақыт өткен соң оны Лев Доватордың атты әскерлері жау тылынан тауып алған.

Атқыштар полкінің командирі бұл жағдайдан жол тауып кетеді. Сөйтіп ол жоғарыға рапорт жазып, бұрынғы жазбада қате кетіп қалғанын хабарлайды. Осылайша, Даниил Қожабергеновтың орнына сонымен фамилиялас, 1942 жылы Панфилов дивизиясына келе салып опат болған Асқар Қожабергенов қайтыс болғаннан соң Совет Одағының Батыры атағын алады. Осылайша, батыр атағын алған фамилиялас жігіт Дубосековоның түбіндегі сол бір атақты шайқасқа қатысуы еш мүмкін емес еді.

Әскери тілшінің қиялымен «екі қолын кеудесіне айқастырып, жау пулеметін кеудесімен жапқан» Даниил Қожабергенов «тіріліп» шыққан соң бірден майданға жіберіледі. Белгілі деректер бойынша, ол ауыр жараланып, елге қайтқан. Зейнет демалысына шыққанша Даниил Қожабергенов от жағушы болып жұмыс істеген. Өмірінің ақырын Алматыда өткізіп, 1976 жылы қайтыс болған.

ЖЕТІ ЖЫЛ ЛАГЕРЬ ТҰТҚЫНЫ

Майданда қаза тапқан соң марапатталғандардың тізімінде бірінші болып тұрған Иван Добробабиннің тағдыры одан да қиындау болды. Ол 1947 жылы қарашада Украинада тұтқындалып, мемлекетке опасыздық жасаған деп айыпталды.

Ол кездері есіңнен танып қалып, жау қолына тұтқынға түссең де соның өзі Қиыр Солтүстікте 10-15 жыл лагерге жіберуге жеткілікті негіз болатын. Бірақ, Иван Добробабин 1941 жылы қарашада Мәскеу түбінде өлмегенін, тек жараланып, тұтқынға түскенін мойындайды.

Немістерден қашып шыққан Иван Добробабин Харьков облысындағы Перекоп деревнясындағы туыстарына келеді. Сонда ол немістерге полицай болып қызмет етеді.

Тарихшы Артем Платонов бұл жайында былай деп жазады: «1942 жылдың тамыз айында мамандарды Германияға жұмысқа жіберу туралы немістердің бұйрығы шығады. Добробабинге өзінің туған селосында полицай болуға тура келеді. Бұл жерде екінің бірін таңдауға тура келген еді: не Перекопта полицай боласың, болмаса, Германияның концлагеріне тұтқын болып кетесің. Бұның мәжбүрліктен болғанын, Иванның өз Отанын сатпағандығын мына бір факті де дәлелдейді. Добробабиннің кезінде бір де бір коммунисті дарға асу оқиғасы болмаған. Сонымен бірге, ол полицай болған селода тығылған бір де бір совет жауынгері де немістерге берілмеген».

Тағы бір деректер бойынша, 1943 жылдың наурыз айында немістер Перекоптан кеткен соң Иван Добробабин қайтадан өз әскеріне келген. Бір жыл тексеруден соң оны қайтадан Қызыл Армия қатарына алады. Сөйтіп, 1944 жылдың наурыз айынан бастап соғыстың соңына дейін майданда болған Иван Добробабин 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады.

Алайда әскери чекистер оның өткен-кеткенін 1947 жылы анықтайды. Тарихшы Артем Платонов былай деп жазады: «Әскери трибунал бұрынғы взвод командирінің орынбасарын 15 жыл лагерге кеседі. «Отанына опасыздық жасағаны үшін» 25 жыл бермек те болады. Бірақ
28 гвардияшы-панфиловшылар ескерткішінің алдында тұрған студент жастар. Алматы, 23 ақпан 2010 жыл.
қанша дегенмен де «әйгілі 28-дің» бірі емес пе, сол себепті мерзімін аздау береді. Ол бостандыққа мерзімнен бұрын, жеті жылдан соң шығады».

Сондай-ақ, Ларион Васильев, Григорий Шемякин, Иван Шадрин және Дмитрий Тимофеев өздерінің сол атақты шайқасқа қатысып, тірі қалғандарын дәлелдейді. Сөйтіп, оларға да Совет Одағы Батырының алтын жұлдызы беріледі, бірақ бұл туралы көпшілік жұртқа басы артық әңгіме қылмайды.

Иә, соғыстан кейін олардың бәріне бірдей оңай тиген жоқ. Мысалы, Иван Шадрин әйгілі шайқастан соң бірден тұтқынға түсіп, одан 1945 жылы ғана босады. Бұдан соң екі жыл бойы концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына арналған фильтрациялық лагерде екі жыл болады. 1947 жылы Алтай өлкесіндегі үйіне оралғанда жұрт оған көктен түскендей қарады, оның әйелі басқа адамға күйеуге шығып кетіпті. Өйткені Иван майданда қаза тапты деп саналды ғой. Ол қатысқан Дубосеково түбіндегі шайқасқа да алты жыл өткен болатын.

ҚҰПИЯСЫ АШЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР

Википедия да «алғаш рет панфиловшылардың тарихына В.Кардин жария түрде күмән келтірді» деп жазады. Бұл – әдеби сыншы, прозаик Эмиль Кардиннің бүркеншік есімі болатын. Ол 1966 жылы «Новый Мир» журналында сол кездері құпиялылығы ашылған, 1948 жылы әскери прокуратура жүргізген тергеу материалдарының негізінде «Аңыздар мен фактілер» деген мақала жазды.

Мәселен, осы деректерде 1075 атқыштар полкінің бұрынғы командирі Илья Капровтың мынадай куәліктері келтірілген:

«1941 жылдың 16 қарашасында Дубосеково разъезі маңында 28 панфиловшының ешқандай неміс танктерімен соғысы болған жоқ – бұның барлығы ойдан шығарылған. Бұл күні Дубосеково разъезі маңында 2-батальонның құрамында 4-рота соғысты. Олар шынында да батырлықпен шайқасты. Ротадан 100-ден аса адам мерт болды, газетте жазғандағыдай 28 адам емес. Бұл кезеңде менімен ешқандай тілші сөйлескен жоқ. Ешкімге ешқандай 28 панфиловшы туралы айтқан емеспін, мұндай соғыс болмағандықтан ол жайында айтуым да мүмкін емес».

Тек 1997 жылы ғана «Новый Мир» журналында тарихшылар Никита Петров пен Ольга Эдельман анықтама-баяндаманың толық мәтінін және оның басты қорытындысын жариялады:

«Тексеру материалдары бойынша белгілі болғанындай, баспасөзде жазылған 28 гвардияшы-панфиловшының ерлігі әскери тілші Коротеевтің, «Красная звезда» газетінің редакторы Ортенбергтің және әсіресе, газеттің әдеби хатшысы Кривицкийдің ойдан шығарған, қияли дүниесі болып табылады. Бұл қияли дүние кейінірек жазушылар Тихоновтың, Ставскийдің, Бектің, Кузнецовтың, Липконың, Светловтың және өзгелердің шығармаларында қайталанып, Совет Одағы халқының арасында кеңінен таралды».

АҢЫЗ ЖӘНЕ АҚИҚАТ

Бұл оқиғалардың шындыққа сай келмейтіндігі туралы күдікті осынау аңызды шығарған аутор – Александр Кривицкийдің өзі сейілтті. Кейінірек ол «28 батырдың сезімі мен әрекетіне келсек, бұлардың барлығы менің әдеби қиялым. Мен жараланған немесе тірі қалған
Жеңіс күні мейрамында 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында жиналған жұртшылық. Алматы, 9 мамыр 2009 жыл.
гвардияшылардың ешқайсысымен сөйлескен емеспін. Жергілікті тұрғын халықтан мен тек Клочковтың жерленген бейітін көрсеткен 14-15 жасар баламен ғана сөйлестім», – дейді.

Александр Кривицкий мерт болған саяси жетекші Василий Клочковтың аузына салған атақты «Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ – артымызда Москва» деген сөйлемнің ауторы да өзі екендігін мойындады.

28 панфиловшыларға қатысты тарихтың басты сыншысы Эмиль Кардин 2000 жылы «Вопросы литературы» журналында: «сол кездегі жағдай тұрғысынан редакторды түсінуге болады. Майдан жағдайының қаншалықты күрделі болғандығын, сарбаздардан қандай құрбандық қажет болғандығын еске алыңызшы. «Жағымды үлгі» жұрттың барлығына бірдей әсер етпей-ақ қойсын. Бірақ, кімге әсер етсе, олардың бұған күмәнданбайтындығы шүбәсіз. Майдан алаңы мен өзінің басынан алынған фактілердің қатынасына қарап жатпай-ақ, баспасөзге имандай ұйыған бас редактор шамамен осылай ойлады», деп жазды.

ШЫНДЫҚТЫ БҰРМАЛАУҒА КӨЗҚАРАС

«Московский комсомолец» газетінің шолушысы Александр Минкин 28 панфиловшылардың тарихына түсініктеме бере келіп, 2009 жылы мамыр айында «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының Орыс қызметінің хабарында былай деп мәлімдеді:

«Бұл бұрмалау қазір жасалған жоқ. Ол соғыс уақытында әскери рухты көтеру үшін жасалды. Мен бұл жайтты айыптауға асықпас едім. Сарбаздардың рухын көтеруге тырысты. Майдан даласында тауымыз шағылып, біз жылдам шегініп бара жаттық. Тұтас армиялар қоршауда қалып, құрып кетіп жатты. Қалай болғанда да әскери рухты көтеру керек еді. Егер бұл тарих әлдебіреулердің әскери рухын көтерсе, оларға құдай денсаулық берсін».

Рой Медведев тарихтың бұрмалану себебі туралы айта келіп, ойдан шығарылған қияли дүниеге былай деп түсініктеме берді: «Тарих дегеніңіз – өте күрделі ғылым және онымен өте байыпты түрде айналысу керек. Бұл өте қиын дүние, пікірталастыру керек, кез-келген шынайы түсіндірмеге мүмкіндік беру керек. Бірақ бұрмалау – бұл шынында да саяси дүние, көп жағдайда ол арамниетті өтірік».

ҚАЗІР АРТЫМЫЗДА НЕ ТҰР?

Әйткенмен, 28 панфиловшы оқиғасына қатысты ресми тарихтың қайта қаралуы екіталай. Оған ешкім мүдделі емес. Бұл оқиғаға күмән келтіргенімен, қазіргі тарихшылардың ешқайсысы да Мәскеуге фашистерді жібермей ұстап қалған Панфилов дивизиясының батырлығына шек келтірмейді.

1077 полктің бұрынғы командирі Зиновий Шехтман өз естеліктерінде «тек екі күнгі ұрыстың өзінде полктің 400 адамы мерт болып, 100 адамы жараланып, 600 адамы із-түзсіз кеткенін, Дубосеково разъезін қорғаған 4-ші ротаның бестен бір бөлігі ғана аман қалып, 5, 6-шы роталардың шығындары одан да көп болғандығын» жазады.

1941 жылы күзде Алматы қаласында әскерге шақырылғандардан Панфилов дивизиясының қалай жасақталғанына куә болғандардың бірі Зиновий Шехтман сипаттап жазып отырған оқиғалар қазір болуы мүмкін бе?

Зиновий Шехтман былай деп еске алады: «Екі жас жігіт – темір ұстасы Покланов пен колхоз бригадирі Садырбаев өз колхоздарынан қашып кеткен. Сөйтіп, өздерінің әскерге шақырылған жолдастарымен бірге құпия түрде біздің полкқа өтіп кетіпті. «Дезертирлерді» ұстап алып, үйлеріне қайтардық. Бірақ олар осымен тына салған жоқ. Ұста мен бригадир оларды майданға жіберуге келісім бергенше бірнеше күн бойы әскери комиссариат пен колхоз төрағасының табалдырығын тоздырған. Достар артиллерияға түсіп, жауға қарсы мықты соғысты».

Алматыда, қала орталығындағы 28 панфиловшы-батырлар атындағы саябақта әлі күнге дейін еске алу шаралары өтеді. Кремль қабырғасы іспетті мемориалдың алдында мәңгілік алау жанып тұр. Бұл жерде бірқатар үлкен шенеуніктер мен топ-менеджерлер шыққан әулеттің
28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алау. Алматы, 23 ақпан 2010 жыл.
басы болған, Советтік Қазақстанның бұрынғы жетекшісі Фазыл Кәрібжановтың бейіті де бар. Осы бір бұрынғы губернатор саябағының түкпір жағында Верный қаласының жоғары мәртебелі адамдары мен олардың отбасы мүшелерінің бір-екі бейіті де жоғалып кеткен деседі.

Бірақ, тұтастай алағанда, бұл саябақ өн бойында советтік насихаттың, орыстың ескілеу тарихының және қазіргі заманғы бизнес-ахуалдың табын сақтап қалған. Көршілес Ташкент советтік насихаттың ескерткіштерін қиратуда, Ашғабадта орталық алаңды қайта жасап, Ниязовтың алтындатылған мүсінін ары таман алып тастамақ.

Тек осы жерде, әлі күнге дейін совет үлгісіндегі парадтар мен шерулер ұйымдастырылатын 28 панфиловшы-батырлар атындағы саябақта ғана уақыт тоқтап қалғандай.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Ұзынтұра Қайдан: сам құмы
23.02.2010 09:46
+0 / -0
Сорлы қазақ! Орыс ойлап тапқан аңызға сеніп жүре бер.
Бәрі де Назарбаевтың арқасы жұрттың ең соңынан егемендік алып едік, енді содан құтылалмай жатқан сияқты бізің Нұрекең! СНГ-і деді, ТМД-ы деді, таможенный союз әйтеуір қайда "тесік" бар соның бәріне кіріп болды. Өзімен кетпей бүкіл Қазақты тығып жіберді.

Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
23.02.2010 10:31
+0 / -0
Қазаққа орыстан басқа да ел бар екенін, әлемде небір өркениетті қоғамның кереметтері өмір сүріп жатқанын сезінетін уақыт жетті. Өкінішке орай біздің қазақ, оның ішінде әсіресе зиялы қауым әлі де сол советтік заманды аңсаумен, келмеске кеткен кезеңді қайта жаңғыртумен жүр. Жалпы қазақтың бағы ашылу үшін орыстан барынша алыстап, озық елдермен, соның ішінде түркілермен бірігу керек.

Кімнен: Оразбек Қайдан: Татты
23.02.2010 10:59
+0 / -0
әшейін

Кімнен: Алмас қылыш Қайдан: жезқазған
23.02.2010 11:53
+0 / -0
Алматыдағы Панфиловшылар ескерткішін алып тастау керек. милиондаған адамның сенімін ұрлаған ескерткіш, жер бетінен жоғалуы керек. дүние жүзілік 2 соғыс,тек орыс империясын, орыс ұлтын, қорғау үшін болған соғыс. соғыс ардагері, батыр, ауған соғысының батыры дегендер, кімді қорғап , соғысқанын білмейді. оларды мойындаудың керегі жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Айтеуiр бiреу Қайдан: Актау
24.02.2010 05:05
+0 / -0
Алмас кылышка. Ол ескерткiш калай сiздi корлайды? Ал, когамдык колiктерде жарты карын майкi киiп, карсы алдында какиып туратын жас кыз-келiншектер сiздi корламай ма? Барi бiр халыктын копшiлiгi согыска катысып, фашизмдi женген сол шалдардын енбегiн жокка шыгармайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Адай Қайдан: Маңғыстаудан
24.02.2010 16:15
+0 / -0
Алмас қылыш біздің аталарымыз өрісте жүрген малын іздеп барып, сол жерде соғысқа қатысып кеткен ешнәрселері жоқ.Олар өзінің жерін, елін қорғау үшін соғысқа кетті. Іштерінде өз еріктерімен кеткені бар, еріксіз кеткендері бар. Бірақ сол соғыста барлық ұлт бірігіп жеңбегенде жалғыз орыстың да жеңе алмайтыны бесенеден белгілі емес пе.Орыстың жерін басып алған жау, қазаққа келіп тиіспейтініне қандай кепілдік бере аласың.Сондықтан кім үшін соғысқанын білмейді, оларды мойындамау керек дегенің артық кеткенің сияқты.Әлде өзіңнің соғысқа қатысқан, сол жерде өлген туыстарың жоқ па. Сөзіңе қарағанда солай сияқты да. Ал менің атам 1941 жылы соғысқа алынып, Харьков түбінде соғысқан.Харьков қаласына 100 шақты шақырым жердегі Купьянск қаласындағы госпитальда алған жарақатынан 1942 жылы қайтыс болған және сол қаланың дәл ортасындағы бауырластар зиратына жерленген. Аты-жөні жазылған. Ал менің әкем сол соғыста өлген әкесінің жерленген жерін таба алмастан, дүниеден өтті. Бауырым Алмас қылыш таяқ еттен өттеді, сөз сүйектен өтеді деген сөз бар. Сенің сөзіңді соғыс ардагерлері естімей-ақ қойсын. Себебі оларға оңай тимесі анық. 2009 жылы атамның жерленген жері анықталған соң мен Купьянск қаласында болып Маңғыстаудың бір уыс топырағын апарып салдым. Сол жердің украйны бар, орысы бар бізді күткендегі көрсеткен құрметтерімен, айтқан сөздеріндегі ыстық ықыластарын мен қазір саған айтып жеткізе алмаймын. Сенің оған қызықпайтының да белгілі. Мақалада аты жазылған Иван Добробабин туралы да мен сол жердегі ардагерлер кеңесі төрағасы орынбасарының өз аузынын естідім. Соғыс кезінде өзінің ауылдасы Добробабиннің ауылда қалған әйелдер мен балаларға жасаған (соның ішінде өзімен анасына) озбырлығы туралы.Қалай Ельциннің оған батыр атағын қайтып бергенін және өлген соң қалай батыр ретінде жерленгені туралы. Ал анау орыс тарихшысының жазғаны бос сандырақ. Сөзімнің соңында бауырым Алмас қылыш саған айтарым бірдеңе сандырақтамас бұрын ойланып алғаның дұрыс сияқты.

Кімнен: Мұстақым
23.02.2010 13:14
+0 / -0
"Ескерткіш" деген сөздің мағынасы, есекертіп, еске салып тұратын нәрсе дегенді білдіреді. Ненің ақиқат, ненің жалған екенін адам баласының парықтап бітуі екіталай. Біреулерге 28 Панфиловшының алаңдағы ескерткіші керемет ерліктің үлгісін есіне салса, біреулерге тарихтағы өтірікті, бұрмалаушылықты есіне салар. Бірақ қайткен күнде де ескерткішке вандализм жасалмау қажет. Өйткені ескерткіш деген тарих.
Пікір алмасу

Кімнен: Алаштың ұлы Қайдан: Астана
23.02.2010 15:19
+0 / -0
сен неғып жүрсің мұнда? шеттен келген қазақтарға, қарсы шығатын, жалаңаяқ сарттың ұрпағы.... Мұстақым мырза: бір қазақтың айтқаны бар еді, сарт пен биттің жүрмейтін жері жоқ екен деп. ескерткіш деген тарих емес малғұн. ол тарих болса, советтік имперяның улы қалдығы, сеуіп кеткен тұқымы, көлеңкесі болған, сен секілді, тірі өліктердің бас иіп, иіліп жүруі үшін тұрғызған мүсіні. бұл жерде керемет адам болып, көрініп қалыпсың ғой.

Кімнен: Aisaghali Қайдан: Aqtau
23.02.2010 14:31
+0 / -0
Жігіттер, соғыс құрбандарына, ардагерлерге тиіспеңіздер. Олар Отан үшін соғысты, ол кезде бір-ақ Отан - Советтер Одағы болатын. Олар ұрпағым, от басым, ауыл-аймағым, қазағым, елім жаудан аман болсын деп соғысты.
Бір де бір "ескерткішті қирату керек" деген сөзді айтпаңыздар, жігіттер. Ол өткен тарихтың ескерткіші. Соғыста опат болғандардың арттағы ұрпаққа ескерткіші.
Орыстардан алшақтап, ауа көшкенде қазаққа жаны ашып, құшағына алар ешкім жоқ. Түбі бір түркі жұрты да алдымен өз қамын ойлайды. Біздің Маңғыстауға келіп жұмыс істеп жүрген түріктердің
қазаққа "қандасым екен" деп қарағанын көрген емеспін. Шама келгенше қызыңды зорлап, өзіңді қорлап, асыңды тартып ішуге бейім тұрады. Қытай тұқымыңды құртпасын десең, әзірше бізге орыс елімен тату, ынтымақ болғаннан артық қорған жоқ. Балаңды ұлтжанды, елжанды қылып тәрбиелеп, бір кездері алты алаштың аузы бірігіп, аузын айға білеген арыстандай болып күшейіп жатса, ол ұрпақ өз жөнін өзі табады. Сондықтан, ел ішін алатайдай бүлдірмеңіздер. Одан да өз отбасыңда үлгі бол, ұрпағыңа өнеге бер, өнер үйрет, білім қусын. Әр қазақ баласы осы жолмен жүрсе, біздің ел түбінде мықты болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.02.2010 20:22
+0 / -0
Қазақтан сұраған кім бар. Өз еркімен қазақ соғысқа барды деймісің. жарты миллионы қалды қанды майданда. Дүниеге бала әкелмеді, әкелгенімен оны дұрыс тәрбиелемеді, ата-баба аманатын елемеді, енді қазақ жүр сорлап, өзі елінде өгей бала боп. Мақұл нәрсені мақұл дей білу керек. теріс нәрсені теріске шығара білу керек. бірақ оған да ақыл керек, сана керек, әрине!
Пікір алмасу

Кімнен: і
24.02.2010 03:20
+0 / -0
Айғали, айдың, күннің аманында қорқып, қорған іздейсің де жүресің?Батыстың жігіттерінің бәрі сондай ма, көлеңкесінен шошынып, біреулердің артына тығылып, жағымпазданып жүретін. Құлдық саналарыңнан қашан арыласыңдар? Егер психологияларың сондай осал болса, қыздарыңды қойып, өздеріңді де кім-көрінген "зорлап" кетеді. Тәрбиесі дұрыс, жүріс-тұрысы түзу адамды ешкім де қорлауға батылы бармайды.
Дәл сенің психологияңдай психологиямен басшыларымыздың жүргені мынау, өз-өздеріне сенімі болмай, көрінгеннің алдына түсіп, көрінгеннің қойынына тығылып, өздерінен өздері үркіп, жоқ жерден көздеріне қос көрініп, шошынып, тілден де айырылып, аузындағы нанынан да айырылып, енді қалған жерлерінен айырылайын деп жүргендері. Өз басын өзі алып жүре алмайтындарды, адамдарды айтпағанда жан-жануарлардың бәрі басынады.(ит-құсты айтпағанда).
Менің айтқанымды істемесең жүре бер, сол тас-мүсіннен қорғаныш тауып. Тас-мүсінді дәл сен сияқты рухы шектеулілер үшін жасалады ғой.

Кімнен: софы Қайдан: тараз
23.02.2010 17:07
+0 / -0
Соғыс кезінде жауынгерлердің рухын көтеру үшін жазылған болар одан елімізге жамандық болмады деп ойлаймын. Кейбіреулердің сандырақтап жазғанына кейде ренжисің .Бірақ қазақтың қазақ екенін батыр халық екенін екінші дүние жүзілік соғыста мойындағанын ұмытпайық. Егерде сол соғыста фашистер жеңгенде не болатынын көзге елестетудің өзі қорқынышты.қазақстан кәзір өзінше тәуелсіз мемлекет болар ма еді деп азда болса ойланған жөн ғой деп ойлаймын

Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
23.02.2010 17:38
+0 / -0
Мұстақымдарға қазақтан гөрі орыс көбірек сенімді. Сондықтан ескерткіштің атасына емес, атасындай болып кеткен орыстардың атында тура беруін көксейді.

Кімнен: Басир Қайдан: Атырау
23.02.2010 17:47
+0 / -0
Айсағалиға .... Сондай заман жеткенде,
Шаңырағың тұл болар.
Еліңе қауіп төнгенде,
Ата ұрпағың құл болар.
Қараларың қас болар,
Қаскөйлерің бас болар.
Өзі сары,көзі көк,
Орыстар келер ғалым боп.
Әулиедей көрінер,
Діндәрінің аты- поп.
Поптары болар сазандай,
Кітабы болар қазандай.
Ақыретке барғанда,
Ақсүйекті қор тұтқан,
Қараны одан зор тұтқан,
Орыстарды пір тұтқан,
Сорлы болған қазағым,
Тартарсың сонда жазаңды – ай!
Күншығысқа қарайды,
Шашын алмай тарайды.
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ,
Өзі сынды бір кәпір,
Аузы басы жүн кәпір
Жаяулап келер жұртыңа!
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа.
Жебірлерге жем беріп,
Ел қамын айтқан жақсыны
Сөйлетпей, ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды,
Есепке салар барыңды,
Еліңді алар қолыңнан,
Әскер қылар ұлыңнан !!!
Бұл айтқаным ,Абылай,
Болмай қоймас артыңнан.
Тексізді төрге шығарып, !!!
Істетер сұмдықты ұйғарып.
Асанның сөзі осылай ........
(Бұқар Жырау)

Кімнен: Qarasai Қайдан: Qaskeleng
23.02.2010 19:22
+0 / -0
Soghisqan oris pen nemis,sening qai atangning quni bar edi,eriksiz aidap saldi,eki zhinning ortasinda qirilding da qalding

Кімнен: Тапталушы
24.02.2010 02:37
+0 / -0
Мына ескерткішіңнің түрі жаман екен. Бүткіл қазағыңды таптап өтем дегендей, әдейі қазақтың рухын басып, таптау үшін сұсты етіп жасалған. Болмаса оны неге сонша елге кіжіндіріп жасап қойған.
Осы ескерткішті сонау Кеңес Одағы заманында жек көруші едім, бұны тағы да есіме түсіріп, қанымды қайнатуын қарашы.
Бұл ескерткішке әзірге, "күшігінен таланғандар" тұрғанда ешнәрсе жасай алмаймыз. Ондайларды алып тастасаң, қазақта ұлттық идеология болмағандықтан, енді "олардың" санасында ваккум пайда болады. Әзірге, ұлттық идеологиямыз пайда болғанша тұра тұрсын. 2030-дан кейін көрерміз. Онсыз да ұлттық идеологияның жоқтығы салдарынан көптеген жастарымыздың санасына еуропалық жабайы "мәдениет" жабысып алды.
Бұл ескерткішті мәңгі сақтайтындай, ең болмаса мәдениет туындысына да жатпайды.(мәдениет туындысы деп айтуға келмейді, ауыз бармайды).

Кімнен: анти- Айсагали Қайдан: Каратау
24.02.2010 09:30
+0 / -0
Aisaghali -
бауырым саған не болды, бұра тартатындай...
Қайдағы тарихты айтып отырсың, айналамыздағы елдің бәрі ата-бабасын құрметтеп, елін қорғаған батырларын қастерлеп жатқанда, сенікіне жолболсын...
За нами Москва дейтіндей Москва сенің еліңбе еді.??
Өзің уланған екенсің, басқаға жұқтырма, мұндайда Қазақ "өзімен кетсін"- дейді, ӨЗІҢМЕН КЕТ!
Басқа елдің басын қатырма.

Кімнен: Мұстақым
24.02.2010 09:39
+0 / -0
Орыстан жамандықта, жақсылықта болды. Оны мойындау қажет. Орыс қазақтың дамуына өз үлесін қосты. Орыс қала салды, мәдениет әкелді. Орыс тың көтерді. Оның бәрін жоққа шығара алмаймыз. Орыс болмағанда құрып кетер едік. Жанағы маңғолдағы, қытайдағы оралмандар сияқты, сол қытайға, өзбекке, маңғолға жұтылып кетер едік. Орыстың арқасында біз ел болып қалдық, жерімізді, елдігімізді сақтап қалдық. Орыс болмағанда бізде зәулім қалар болмас еді, Баянөлгейдің қашқындары секілді қап шалбарымыз қаудырлап, әлі уақытқа шейін киізүйде тұрар едік. Әрине орысты жақсы көргенімнен айтып отырған жоқпын, мен білетін тарих солай болғандықтан айтып отырмын.
Пікір алмасу

Кімнен: Aqtaulyq
24.02.2010 13:08
+0 / -0
Buryn men de ol sogysty qazaqqa esh qatysysy bolmasa da bosqa qyrylgan dep oilap keldim. Alaida algi Gitlerdin ozi jazgan kitapty opygannan kein pikirim mulde ozgerdi. Ondai jauyz imperiany qurtuga atsalysqan (erkimen-eriksiz) atalarymyz ben agalarymga rahmet aityp, iman tilegen abzal bolar. Bizge qatysy joq dep shalqaimai sol soqysta bizge komektesip sogysqan elder boldy goi. Avstralia, Kanada siaqty elder. Ol elder ne, aqymaqtygynan sogysyp pa?
Пікір алмасу

Кімнен: Инквизитор
25.02.2010 01:29
+0 / -0
Мұстақым тарихты "қаншалықты білетіндігің" көрініп тұр.Бірақ орыстарды ақтап "үгіт насихат" жүргізіп керегі жоқ.Қызыл большевиктердің қазақтың қанын қалайша судай төккендігі жайлы бұл жерде талдап айтпай ақ қояйын.Тек., Ахмет,Әлихан,Мағжан,Сәкен т.б. аруақтарын силасаң бұл сандырағыңды тоқтат.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: Астана
09.03.2010 18:03
+0 / -0
Мұстақым, мына сұрағыма жауап берші? оралмандар әкеңді өлтіріп, шешеңді байға тигіздіме? жоқ әлде, ұлыңды құл, қызыңды қатын қылдыма? сенің қаның таза емес, шын айтам. тамырыңда қазақтың қаны ағып жатқан жоқ, арам қан ағып жатқан сыяқты.

Кімнен: Басир Қайдан: Атырау
24.02.2010 19:31
+0 / -0
Мұстақым дегенге түсінбей ақ қоятын болдым ..., өзіңіздің жаратылысыңыз бөлек жансыз ау сірә ? "Құлдың иесін жамандасаң , басы ауырар" деген... Әлемдік прогресс қайда қалады, орыс болмағанда қой бағып қалатын ба едік....Керісінше орыстың боданынан шыққан елдер , әлі оңалмай жатқан жоқпа? Орыс болмағанда біз ел болмайтын ба едік .,әлде бізді бұрыннан орыс жетелеп келе жатыр ма еді ? Тарихқа үңілер болсақ орта ғасырдың өзінде қазақта мәдениет болды Сарайшықтан табылған су құбырлары , канализациялар т.б. , Елімізде үлкен-үлкен кітапханалар болды ,Әлем танитын үлкен Ғұлама Ғалымдарымыз шыққан. Ол кезде орыстар аяғына шүберек байлап , орманда самогонын ішіп жүргетін. Адам бір орнында қалып қоймайды ғой Мысалы: Кореяның немесе Германияның орыс басып алған бөліктерін салыстырыңыз қайсысы дамыған, қайсысы дамымаған екенін байқауға ., болады... Кезінде ФРГ де болып келген Өзтүрік Мұстафа біз немістердің ортасында тұрсақта өз тілімізді, дінімізді берік сақтаған едік , сендер тәуелсіздіктеріңді алсаңдар да әлі бетбұрыс байқалмайды деген уәжін жоғарыға айтыпты деседі , марқұм өз елінде өлтірілуі өте өкінішті жағдай... Қазақ елі бүкіл түркі елінің діңгегі болған , сол Түркия еліне орыстың еш қатысы болған емес, сонда қандай себептермен әлемдік дамығанын елдердің қатарында ? қалай түсіндіресін... Қазан төңкерісінен кейін тексіздер билік басына келді , сол үрдіс әлі жалғасын табуда.... Ай, заман-ай, заман-ай,
Басты мынау тұман-ай,
Істің бәрі күман-ай.
Баспақ тана жиылып,
Фана болған заман-ай.
Құл құтандар жиылып,
Құда болған заман-ай.
Азаматын құлатып,
Жұрт талыққан заман-ай.!

Үлкен керсен қалды да,
Ас құйылды тегешке.
Үлкен билер қалды да,
Құлдар кірді кеңеске !
Кеңескенде не десті?
Бір біріне серт берді
Мүсәпір мен жарлыға,
Бір аяқ ас бермеске......
( Халық....)

Кімнен: асай Қайдан: көкше
24.02.2010 20:07
+0 / -0
Халықты жамандаған - көмусіз қалады. мынау Мұстахим деген - Моңғолия мен қытай қазағында не әкеңнің құны бар? Олар қап шалбар киіп, киіз үйде тұрады деп саған кім айтты? Көрсоқыр көксоққаның өзі екенсің. иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар. Өз халқының өзегіне пышақ ұрғанға бір зауал өте жылдам демей ме? тіліңді тарта сөйлегін.

Кімнен: Басир Қайдан: Атырау
24.02.2010 23:12
+0 / -0
Мұстақым ! Тың жерді игерудегі негізгі мақсат не екенін түсініп ал.... Орыс Қазаққа ешқашан болсын деген ел емес, қай елден де қайыр күтіп болмайды.Негізгі мақсаты қазақтың жерін алу еді, елді орыстандырып бәрін араққа үйретіп , сібірдің сотталғандарын әкеліп воровской закон енгізіп, жалпы алғанда қазақтың рухын сындыру ке болды. Қазақ қай кезде арақ ішіп, ұрысын силап еді... Бір кездері арақ ішпеген адам , адам емес деген түсінікке дейін алып барды, ащы да болса шындық... Ақыры солтүстіктегі үш облысты алғалы жатқанда Шәмшінің " Менің Қазақстаным" әнінің шығу себебі сол еді. Қанша арақ ішсе де сол кездегі адамдарда патриоттық сезімі болатын , кісі кісіге жаны ашитын... Ал қазіргі мақсат бай қуатты болу. " Мұрының барда бір сіңбір" қағидасы. Бұл да бір ұстанып отырған мемлекеттің идеологиясы шығар бәлкім....?

Кімнен: Тәрбиеші
24.02.2010 23:59
+0 / -0
Мұстақым, орыстың 70 жыл бойы жүргізген үгіт-насихатына әбден жан-тәніңмен, ой-санаңмен беріліп, сол өткен қоғамға ыңғайланып сіңісіп алыпсың. Одан кейінгі еуроцентризмдік түсінік те санаңды улап тастапты. Енді сенің бұл болмысыңды біздің өзгерте алуымыз екі талай. Бұл «қасиет» өзіңмен бірге «баратын жерге» бірге кететін шығар.Жарайсың! Мұндай қасиет кез-келгендерде бола бермейді.
Бырақ, "Орыс болмағанда құрып кетер едік. Жанағы маңғолдағы, қытайдағы оралмандар сияқты, сол қытайға, өзбекке, маңғолға жұтылып кетер едік"-деген сөздеріңе өсіп келе жатқан жас ұрпақ шатасып қалмас үшін, айтқаныңа қарсы уәж айту менің азаматтық борышым деп санаймын.
Сенің айтқаның тіптен, табиғаттың заңдылығына да сыймайды.
Халық саны жағынан бұрын өте көп болған қазақ халқы құрып кетуі физикалық жағынан мүмкін емес еді.

- Жер шарының жартсын қырып-жойып, басып алған Жеңілмейтін-Ескендір
Зұлқарнайдың;
- Ұлы парсылардың (Кир патшасының);
- Алланың жолында басын құрбандыққа тіккен Арабтың фанат-мұсылмандарының;
- Дінсіз, қаптаған қара қытайдың бетін қайтарған;
- Қақарымен жер шарын қалтыратқан Шыңғысханның өзін жұтып қойған;
- Еуроазияның дәл ортасындағы күре жолға ие болып, бүткіл әлемді екі бөлікке бөліп тастап, екі айырып отырған, табиғаттың бел баласы қазақты "құрып кетер еді"- дегенің ешқандай рамканың аумағына сыймайды;


- Қытайдың, "бірде-бір маңғол қалдырмай қырып тастадық"-деп, патшасына рапорт берілген маңғолдардың өзі құрымай, қазір миллионға жетті.
- Тек, қазақтарды құрту үшін қытайдың қырық тайпадан құрған жасанды Жоңғар мемлекеті, біріншіден, қазақтың соққысынан, екіншіден, қытайдың үмітін ақтамағаны үшін "аю мен аждақардың" қақарына ұшырап, тарап кетті.
- Бізді "құртқан" тек, жаңа заманда ғылым мен техниканың дамуының арқасында пайда болған, аузынан от шашатын орыс пен қытайдың (мүмкін кәрістің) зеңбірігі ғана.
-Қазақты ешкім ала-алмағаннан соң, қытай императоры Таяу Шығыс пен Еуропаға тегін жету үшін жоңғар мемлекетін құрып, қаруландырып,
- ал, орыс императоры қазақтарға тоналмай, бүткіл жаңа еуропаның арманы болған Индияға жету үшін жансызын жіберіп, жоңғарға зеңбірік жасауды үйретіп, түбімізге жетпек болды.
-Адамзат баласының ерте заманғы табиғи мәдениетін көзінің қарашығындай сақтап, ерлікпен алып келе жатқан бізді жер бетінен жойып жібермекші болды ;

СҮЙТІП, ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРЫСТЫҢ БІЛІМІ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ЗАМАННЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҒЫН ІЗДЕП ТАУЫП, ПАЙДАЛАНБАЙТЫН БІЛІМСІЗДІГІ ҒАНА БІЗДІҢ ТҮБІМІЗГЕ ЖЕТЕ ЖАЗДАДЫ.
Жалғасы бар.

Кімнен: Тәрбиеші
25.02.2010 00:00
+0 / -0
Жалғасы:
- Кіші жүз ханы Әбілқайырдың білімі мен саяси таяздығының арқасында, орыстың қолына қол-аяғымыз маталып түсті;
- Еркін жүрген күллі қазаққа Әбілқайыр, "Шыңғысхан" болуды аңсап, армандап, қазақтың намысын аяққа таптап, өте қатты сүйетін махаббатының айтқанын істегенінің салдарынан орыстың сасыған қолтығына кірді (екінші реет 20-шы ғасырдың соңында Гарбачев деген өзінің махаббатының айтқанымен жүріп, біздің бақытымызға қарай жер шарын дірілдетіп тұрған, алып мемлекет Кеңес Одағын тарқатып жіберді);
- Сүйтіп Әбілқайыр хан, орыстан әскер алып, бүткіл қазақты басып алып, басын біріктіремін деп ойлады, (еуропалық технологияны қандай жолмен болса да, орыстың патшасы Петр Біріншіге ұқсап, үйреніп алудың орнына, ол саусақ қимылтатпайтын оңай жолды ғана білді);
- Тілегенге табылған, орыстың көктен сұрағаны жерден табылды. Бірақ орыс аспай-саспай, айтқан сөзіне жалп етіп құлай салмай, біраз жыл жалындырып, антын бергіздіріп алып, кейіннен өзі сұрағанда ғана әскер жіберді. Орыстың бақайшағына дейін қаруланған әскерін бастап, орыстың генералы келіп, ханның өзіне командир болып, приказ бергенде Әбілқайыр "өзінің терең қазған орына өзі түскенін" бірақ білді;
- Орысқа ант беріп, Рамановтар әулетінің қойнына кіріп, баласын кепілдікке беріп, бүткіл қазаққа масқара болған Әбілқайырға шегінерге жолы жоқ, өз шынтағын өзі тістей алмай, амалсыздан патша "тұр десе тұрып, отыр десе отырып, жат десе жататын, Өз халқыңды қыр десе қыратын" жағдайға жетті.

- Соның салдарынан, орыс ақырындап, қазақтың жерінің бәрін бағындырып, тіпті Орта Азияға да ауыз салды. Орыстың генералы Черньяев, "Ташкентке жеткенше 2 000 000 (екі миллион) қазақты қыруға тура келді"-деп, 19-шы ғасырда орыс патшасына рапорт жазған екен;

- Жиырмасыншы ғасырдың 86-шы жылының желтоқсан айына дейін қазақ жерінде басқыншылардың тонауына қарсы 300(үш жүз) рет көтеріліс болған екен. Сол көтерілістерді басып-жаншуға, жазалаушы отрядтар келіп, қазақты қырып-жойып, жазалау шараларын жүргізген. Сондай «шаралардың» кезінде қанша қазақ қырылды;

СҮЙТІП, ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРЫСТЫҢ БІЛІМІ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ЗАМАННЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҒЫН ІЗДЕП ТАУЫП, ПАЙДАЛАНБАЙТЫН БІЛІМСІЗДІГІ ҒАНА БІЗДІҢ ТҮБІМІЗГЕ ТАҒЫ ДА ЖЕТЕ ЖАЗДАДЫ.
Жалғасы бар.

Кімнен: Тәрбиеші
25.02.2010 00:02
+0 / -0
Жалғасы:
Одан қалды,
- 16-18 -ші жылдардағы революция;
- 18-20-шы жылдардағы азамат соғысы;
- 29-шы жылдырдағы екінші октябрь революциясы;
- осы жылдардағы конфеискация мен коллективизация кезіндегі елден басқа жаққа ауа
көшкен қанша халық;
- 32-33-ші жылдардағы қазақтың жартсынан астамын қырған жасанды аштық;
- 37-ші жылы қазақтың қаймағын «халық жауы» ретінде қырып салғаны;
- 41-45-ші жылдардағы Ұлы Отан соғысы;
- ол соғыстан кейінгі "сатқындарды ақ аюға, ит жеккенге" айдап жіберуі;
- 50-ші жылдардың басындағы тағы да "халық жауларын" соттау;
- 49-89-шы жылдар аралығындағы қазақтың жерінің үстінен, астынан, төбесінен жарған жүздеген атомдық, термоядерлік, сутегі бомбалары;
- 79-89 жылдар арасындағы Ауған соғысы;
- 86-шы жылғы Чернобль апаты;
- 86-шы жылдағы Желтоқсан Қырғыны;
- 200 жылдан аса уақыт бойы қазақтың жерінің байлығын «орталыққа» тасыумен болды, қазірге дейін суын ішті нанын жеуде, таза ауасын жұтуда, балығын аулауда, аңын-құсын атуда.

Сонша уақыт қырған, тонаған, алғандарынының бәрін есептесек бізге берген мәдениеті мен үйреткен көргенсіздіктеріне, өзіміздің байлығымызбен, біз үшін емес, өздері үшін салған қаласына, басқасына жетпей ме, әліде асып кетер ме еді? Қазақ әлі сол жетім бұрышта жүрген жоқ па?

Міне Мұстақым, «орыс болмаса құрып кетер едік»- деген ойың, егемен ел болып отырып, сенің құлдық санадан айырыла алмайтындығыңды, ездігіңді білдіреді.

Сен сияқты тәрбиеленген басшымыздың кесірінен:

- 91-ші жылы Кеңес үкіметі тарап, әлем елдерінің алдында масқараға ұшырап, ешкімге керек болмай далада қалғанымызда, Туркия, «Ей, сендер Тәуелсіз Түркі Мемлекетсіңдер, біз сендердің тәуелсіздіктеріңді мойындап қойдық»-дегеннен соң, амалсыздан жоқ мемлекеттен тәуелсіздік жариялауға тура келді;
- Міне, сол кезде ұйқымыздан сәл оянып, бұрын Кеңес Үкіметінің дүниесін қорқып, көрсетпей ұрлап сатушы едік, тәуелсізсіңдер дегеннен соң, ашықтан-ашық бәрін шашып, сатумен келеміз;
-Сол, 91-ші жылы тәуелсіздік алған кезімізде, есебімізде 2,5 млн. зинеткер болыпты. Ал 99-жылы халық санағында, 8 жылда зинетке шыққандармен бірге есептегенде, бар болғаны 1,5 млн. зинаткер қалыпты.
Міне, өзіміздің билік 90-шы жылдары «прихватизациямен» айналысып, халықты ойлауға қолдары тимей, қазақты ұрмай-соқпай, көрсетпей, мәдениетті түрде аштан қырды..

Қазақ сонда да таусылған жоқ..
Енді, мына жахандану заманында қазақ халқының тілі мен жері аман тұрса, ҚАЗАҚ мәңгі бақи жоғалмайды.
Жоғалса, өмір-бақи соғыссыз өмір сүрмеген, 40-50 жыл бойы азамат соғысы жүріп жатқан Ауғанстан құрып кетер еді ғой.
Ешкімнен де жақсылық күтпей, қорықпай, алаңдамай, тіліміз бен жерімізге ие болайық!
Біз ешуақытта құрымаймыз!


Кімнен: Тәрбиеші
25.02.2010 04:47
+0 / -0
Мұстақым, сенің талғамыңдағы "ескерткішіңе" мына жауап:
Кімнен: Тапталушы Сіздің бұған қосарыңыз 24.02.2010 02:37
Мына ескерткішіңнің түрі жаман екен. Бүткіл қазағыңды таптап өтем дегендей, әдейі қазақтың рухын басып, таптау үшін сұсты етіп жасапты.
Болмаса оны неге сонша елге кіжіндіріп жасап қойған.
Осы ескерткішті сонау Кеңес Одағы заманында жек көруші едім, бұны тағы да есіме түсіріп, қанымды қайнатуын қарашы.
Бұл ескерткішке әзірге, "күшігінен таланғандар" тұрғанда ешнәрсе жасай алмаймыз.
Ондайларды алып тастасаң, қазақта ұлттық идеология болмағандықтан, енді "олардың" санасында ваккум пайда болады. Әзірге, ұлттық идеологиямыз пайда болғанша тұра тұрсын. 2030-дан кейін көрерміз.
Онсыз да ұлттық идеологияның жоқтығы салдарынан көптеген жастарымыздың санасына еуропалық жабайы "мәдениет" жабысып алды.
Бұл ескерткішті мәңгі сақтайтындай, ең болмаса мәдениет туындысына да жатпайды.(мәдениет туындысы деп айтуға келмейді, ауыз бармайды).
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі