Келесі бағдарлама





Мультимедиа


 

Саясат

Алтынбек Сәрсенбайұлының өлтірілуі. «Өкіл қайын ата» кітабының негізгі өзегі

Қастандықпен өлтірілген оппозициялық саясаткер А.Сәрсенбайұлы, оның көмекшілері В.Журавлев пен Б.Байбосынның өлі денелері 2006 жылдың 13 ақпанында Алматы маңындағы Көктөбенің іргесінен табылды. Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабындағы сурет.

03.07.2009

Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабының 25-ші тарауы белгілі оппозиция қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының өлтірілуіне арналған. Бірақ, бұл кісінің қазасына қатысты Әлиевтің өзінен күдіктенетіндер де бар. Оппозицияның бір бөлігі осы міндетті атқаруда.

АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫН ҚАЛАЙ ӨЛТІРГЕН?

«Өкіл қайын ата» кітабының бұл тарауы тұтас кітапқа жүк болғандай. Онда қажетсіз деп табылған отандастардың көзін құртудың жай-жапсары бүге-шігесіне дейін келтірілген. Адамды құрту туралы бұл баяндау бір кездері дәл сол машинерияны көзімен көріп, қорғаған, құрған және одан әрі дамытқан кісінің сөзімен жазылған.

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Рахат Әлиев қазіргі заманда Қазақстанда жендеттік құралдың қалай жұмыс істейтінін жасырын тетіктері мен ұңғыл-шұңғылына дейін біледі. Әлиев ондай ойыннан шығып, жүйеден кету туралы шешімге қалай келгенін айтудан жалыққан емес. Әлиевтің сөзіне қарағанда, 2006 жылдың ақпан айында болған оқиға оған өткенінен үзілді-кесілді қол үзуге көмектескен.

Алтынбек Сәрсенбайұлын ақтық сапарға шығарып салу. Алматы, 15 ақпан 2006 ж.
«Өкіл қайын ата» кітабының 25-ші тарауында Рахат Әлиев мемлекеттің басты басшыларын ең белсенді қазақстандық оппозиционерді өлтіруді ұйымдастырғаны үшін ғана айыптамайды. Рахат Әлиев осынау кісі өліміне байланысты ең жауапты адам ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың өзін бөле-жара көрсетіп қана қоймайды. Ол одан да тереңірек сөз қозғайды. Ол өзін осы қылмыстың тікелей куәгері ретінде атайды.

Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерін ұрлауды сипаттаған жері сол жылы жазда сотта нақтыланған ресми нұсқамен сай келеді. Алайда тұтқындарды бір мырзаның үйіне алып келген сәттен бастап Әлиевтің сипаттауындағы оқиға Астананың нұсқасынан мүлде бөлек өрбиді. Өлтірмек болып қорқытып, билікке қайтып келуді талап етеді. Алтынбек оған көнбейді, осының барлығын баспасөзге айтып беремін деп қорқытады.

Батырлар кейде аңғал болады. Рахат Әлиевтің жазған нұсқасы бойынша, дұшпандары ымыраға келмеген Алтынбекті, алдында қорқытқанындай, өлімге кесті. Иә, ұрлауды ұйымдастырған отставкадағы полиция офицері Ибрагимов. Бірақ қалай болғанда да атқан ол емес. Осылардың барлығы жайында атышулы «Өкіл қайын ата» кітабында жазылған. Расында, Әлиев әлденені жасырып отырғандай, барлық негізгі детальдарды айтпағандай әсер қалдырады. Сондықтан да, біз аутордың нұсқасын толықтай шындық деп қабылдаудан сақтанамыз. Әлиев өзінің саяси ойындарын өзі ойнай берсін. Біз үшін елге өте танымал Алтынбектің өлімінің құпиясының ашылуын қоғамның қалай қабылдағаны маңыздырақ.

Василий Журавлев, кісі қолынан қаза боларынан бір жылдай бұрын. Алматы.
Нұрсұлтан Назарбаев Австрияның аумағында парламент сенатының спикері, қосымша жұмысы бойынша көптен бері арнаулы қызметтердің кураторы Нұртай Әбіқаевқа оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлын ақырғы рет тәртіпке салу туралы тапсырма бергенде, президенттің бұрынғы күйеу баласы өзінің тікелей сол жерде болғанын сипаттап жазады.

Бір күннен соң, деп жазады Әлиев, спикер төменге, қол астындағы екі адамға бұйрық түсіреді. Олар операцияны іс жүзіне асыруға даярлайды. Бұдан арғысы техниканың ісі еді. 2006 жылдың 13 ақпанында Алтынбек Сәрсенбайұлы және оның көмекшілері Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынның өлі денелері Алматы облысындағы Көктөбе ауылының маңынан табылады.

Тергеу жүргізілді, сот болды. Рахат Әлиев бұның барлығын кісі өлімінің басты ұйымдастырушыларынан күдікті бұрып жіберу үшін жоспарланған ойын деп сипаттайды. Әлиевтің басына бұлт үйіріліп, ол елден қашып кетпегенде, ресми түрде халық жауы деп
Алтынбек Сәрсенбайұлы және Бауыржан Байбосын (сол жақта). Алматы, 2005 ж.
жарияланбағанда, кісі өлтіру туралы іс өлгендермен бірге көмілуі мүмкін еді.

Оппозиция алғашқы қадамдардан-ақ кінәлілерді «таңдауға» байланысты күмәндарын білдіргенімен, мемлекет өз шаруасын жасады. Бұл державалық монолитті енді ешкім бұза алмастай көрінген.

Ең жақын адамы, өз ішінен шыққан, қасында жүрген (оның үстіне отбасы мүшесі, жақын туысқан), дәл соның өзі осы бір мызғымас қағиданы бұзады деп ешкім күткен жоқ еді. Ең сорақысы, ол өзін қылмыстың куәгері ретінде атайды.

АЛТЫНБЕКТІҢ АҒАСЫ РАХАТТЫҢ НҰСҚАСЫН ҚАБЫЛДАМАЙДЫ


Дәл осы Әлиевтің кітабы Алтынбек Сәрсенбайұлының туыстары мен оның саяси серіктеріне ел басшылығынан аталған кісі өлімдері бойынша жаңа тергеуді бастауды талап етуге негіз болды. Олар да кісі өлімінің басты тапсырыс берушілері бостандықта жүр және тапсырыстың төркіні мемлекеттік машинаның ең жоғарғы жағынан шыққан деп есептейді.

Рас, кейбір оппозиционерлер нақты ешкімнің атын атамайды. Бірақ, дәл осы жерде олардың барлығы бір кісідей бұл қылмысқа, кісі өлтіруге қатысушылардың бірі ретінде Рахат Әлиевтің өзінен күдіктенеді. Алтынбектің жанына жақын жүретін серіктері Рахат – нашар жігіт, ар-абыройдан жұрдай, сондықтан оның бір сөзіне де сенбейміз дейді. Және бұл сөзді айтып келе жатқанына бірнеше жыл болды.

Болат Әбілов, «Азат» партиясының төрағасы. Алматы, 2 маусым 2009 ж.
Алтынбек Сәрсенбайұлының серіктері және ең алдымен «Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов бұл кісі өліміне Рахат Әлиевтің қатысы болуы мүмкін екендігі жөнінде талай мәрте жария түрде мәлімдеме жасады. Өз күдіктерін олар биылғы маусым айында Алматыда өткен баспасөз-мәслихатында да айтты. Бұл баспасөз-мәслихатында олар билікті Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісінің өлтірілуіне байланысты қосымша тергеу жасауға шақырды.

Әзірге бұл күдіктің дәлелі анық байқалмайды. Бұл кісі өліміне Рахат Әлиевтің қатыстылығы туралы күдік оппозиционерлердің болжамы бойынша құрылған. Олар, Алтынбек Сәрсенбайұлы 2001 жылғы бүліктің ашылуына бастамашы болған адамдардың бірі болғандықтан, Рахат Әлиев оған тісін басып жүрген деп есептейді.

Билік таратқан нұсқаға сәйкес, қастандыққа Рахат Әлиев пен оның әйелі (енді бұрынғы) Дариға Назарбаева қатысқан. Мақсаттары – Назарбаевты құлатып, билікті тартып алу. Мұндай күдікті баспасөз-мәслихатында, өлтірілген оппозиция жетекшісінің ағасы, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы да айтты.

Нәтижесінде біртүрлі түсініксіз жағдай қалыптасты. Оппозицияның бір бөлігі Рахат Әлиевті жаппай құбыжыққа айналдыру бағдарламасында билікпен ынтымақтас болып отыр.

Егер мемлекеттік машинаның қолында Рахат Әлиевтің бұл кісі өліміне қатыстылығы туралы бұлтартпас айғақтар болса, онда олардың бұны пайдаланбауы мүмкін емес.

Осыдан бірнеше ай бұрын Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне Рахат Әлиевтің қатысы жоқ деген Ішкі істер министрлігінің тергеушісі Гаши Машанлоның жария мәлімдемесі нағыз жарылған бомбадай жаңалық болды.

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында Рахат Әлиевті жағымды қырынан көрсету ұмыт болған кезде полковник Гаши Машанло шындықты айтып салды. Мүмкін, осы үшін зардап шеккен де болар.

Тепе-теңдік үшін айта кетейік, Рахат Әлиевтің өзі де оппозицияның кейбір жетекшілері мен белсенділерін, атап айтқанда, дәл сол Болат
Рысбек Сәрсенбайұлы  інісі Алтынбектің зиратының басында баспасөз өкіліне сұхбат беріп тұр. Алматы, 11 ақпан 2009 ж.
Әбіловтың өзін билікпен құпия ымыраласқан деп күдіктенеді. Рахат Әлиев жариялаған компроматтардағы аудиофайлдарда «Жас Алаш» газеті де жайсыз жағынан көрсетілген. Ол басылым Рысбек Сәрсенбайұлының басшылығымен билікке, Ақордаға жұмыс істейді-міс. Бірақ, бұл да басқа көздерден алынған дәлелдері жоқ аудиофайлдар. Билік оны жасанды деп жариялады.

Оппозиция Рахат Әлиевтің атын билік бұл істі қайта қарасын деген оймен пайдаланып отырған болуы да мүмкін. Еуропаның бір мемлекетінің қорғауында отырған Әлиевке қарағанда, Қазақстандағы оппозиционерлер Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімінің бастамашысы деп есептейтін ел басшыларын айыптай алмайды.

Тек, оппозиционерлер Рахат Әлиевті қылмысқа қатысы бар деп айыптай отырып онымен қалай ынтымақтасуы мүмкін екендігі түсініксіз. Бұл тергеуді кім қалай елестетеді? Ол қай жерде болады? Болат Әбілов әлдебір Халықаралық криминалистік институт туралы айтады.

Өлтірілген оппозиционердің ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы жаңа тергеуге Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бастамашы болуы керек деп есептейді. Бұл жерде Рысбек бұған ешқандай сенімінің жоқ екенін айтады. Рысбектің айтуынша, Рахат онымен байланысқа түскісі келмейді. Дәлел-құжаттарды оның қолына бермейді.

Рахаттың айтуынша, қылмыс Австрияның аумағында басталған. Сондықтан, тергеу осы жерде басталуы керек. Тек ол үшін Алтынбек пен оның көмекшілерінің туыстары бастама білдіруі керек дейді ол. Алдымен Аустрияның сотына берсін, сонда ғана дәлелдерді беремін дейді.

Мәселе осы жерде тығырыққа тіреледі. Василий Журавлевтің әйелі ол өлтірілгеннен соң көп ұзамай қайғыдан көз жұмды. Бауыржан Байбосынның туыстарынан болмашы ғана азаматтық белсенділікті оның қарындасы ғана танытып отыр. Ал Алтынбектің туыстары, анығырақ айтқанда, оның етжақыны Рысбек Рахат Әлиевтің өзіне сенбейді.

РАХАТПЕН АШЫҚ АЙҚАСҚА ЕШКІМ ШЫҚҚАН ЖОҚ

Саясаткердің өлтірілуі – елдің ішкі тарихының бір бөлігі. Қазақстан қоғамына бұл оқиғаны салмақтап, ой елегінен өткізуге тура келеді.

«Өкіл қайын ата» кітабы бұл процеске түрткі болды. Алтынбек Сәрсенбайұлына жасағандары саяси жазаның әлемдік тәжірибесінде қорқыту акциясының санатына жатады. Өзінің «Өкіл қайын ата» атты кітабында Рахат Әлиев осындай байлам жасап отыр.

Алтынбек Сәрсенбайұлымен қоштасу рәсімі. Алматы, 15 ақпан 2006 ж.
Әлиевтің өзі де, оның айтуына қарағанда, егер арнаулы қызметтің қолына ілінер болса, осылай жазаланбақ. Оған қатысты жасаған әрекеттері мүлт кете берген соң билік енді аңысын аңдуға көшкендей.

Міне, бірнеше айдан бері «Өкіл қайын ата» кітабы Қазақстандағы механизмі барынша мықты да тұрақты автократияны шайқалтқысы келіп тырысуда. Президент Назарбаев өз билігінің жиырма жылдығы қарсаңында осындай ерекше сыйлық алды.

Әлиевтің кітабында елдегі түрлі деңгейдегі басшылардың аты-жөндері өріп жүр. Және олардың барлығына жуығы соншалықты жағымды қырынан көрсетілмеген. Ең болмаса солардың біреуі шыдай алмай, жаңадан пайда болған жазушымен ашық айқасқа шығатын мезгіл жеткендей.

Кітапқа аты шыққандар соншалықты кедей адамдар емес. Батыс демократиясының апанында Рахат Әлиевті сотқа тартып «үнін өшіріп»
Алтынбек Сәрсенбайұлымен қоштасуға жиналғандар. Алматы, 15 ақпан 2006 ж.
тастау үшін миллиардтаған долларды жинай алар еді. Оның әр айтқан сөзі үшін. Әр айыптауы үшін. Қазақстандағы барлық ресми мифтер мен аңыздарды қорлағаны үшін.

Бірақ бұндай еш қимыл болып жатқан жоқ. Кітапқа байланысты алғашқы реакция – Бас прокуратураның қорбаңдаған қозғалысы болды. Бірақ олардың да аптығы тез басылды. Енді барлығы ауыздарына құм толтырып алғандай үндемей қалды.

Бірақ, жүйе әлсіздігімен, қорқақтығымен емес, жасырын, керемет динамикасымен өмір сүруге бейім. Тоқтап қалу, демалу деген болмайды. Машинерия жаңа сапаға жеткенше шаршамай, талмай жұмыс істей береді.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
    Келесі 
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
Кімнен: Шапырашты емес Қайдан: Астана
03.07.2009 10:39
Қазақ халқына Алтынбектің өлімі ауыр тиді. Алайда, Алтекеңнің оппозиционер екенін бір сәтке ұмытып, оның бүгінгі билік жүйесін құруға Назарбаевқа көмектескенін еске алар болсақ,Алтекеңнің періште болмағанын көруге болар еді. Солай бола тұрса да, қазақ кешірімді халық, Алтынбек оппозиция қатарына қосылған соң (Қателігін түсініп немесе билік басында жеке басының жаулары көбейіп кеткендіктен келді белгісіз) оның билік басында жүрген кезінде жасаған қателіктерін кешірді. Ұмытып кетті деп айтсақ та артық болмас. Ал енді Рахат Әлиев пен Ырысбек Сәреснбайұлына келер болсақ, бұл екі адамның басындағы бүгінгі жағдай батыстың сериалдарын еске түсіреді. Егер сондай кинолардың бірін көріп жүрген болсаңыз, ақшасы көп, уайым қайғысы аз батыстың немесе Латын америкасының бай жандары болмашы нәрсеге өздерінің басына проблема тудырып жүреді. Жан жағында айтып жатқан адамдардың, туыған туыстарының сөзіне сенбей, өзінің бір беткейлігімен кішкентай ғана проблеманы шеше алмай басы қатып жүреді. Ырысбек те дәл сол кинолардың кейіпкері іспеттес. Жалпы мен бұл кісіні сыйлаймын. Соңғы кездері ол туралы айтылып жатқан әңгімелерге қарамастан Ырысбекті өзінің ар ожданын сатпаған адам деп білемін. Жарайды, Рахат Ырысбектің арасындағы оқиға жақсылықпен бітер. Бірақ, Алтынбекті өлтіруге кім бұйрық берді деген сауалға жауаптың әлі де табылмай жатқанынан ішім ашиды. Бұл жұмбақтың жауабы табылды. Алайда, оны Ырысбек, Болат, Айдос секілді азаматтар мойындағысы келмейді. Неге, мүмкін биліктен қорқатын шығар. Дәл осы мәселе олардың елге белгілі шындықты қоғамда шегелеп тастауға кедергі келтіріп тұрса, мен оларды түсінемін. Өйткені, біздің билік басында отырғандардың басым бөлігі бишара жандар, оларды басқарып отырған 91пайыз да бишара болып шықты. Ал шындықты мойындауға ел арасында гулеп жатқан басқа әңгіме әсер етіп жатса ше? Дегенмен, мен бұл әңгімеге сенгім келмейді. Бірақ, қазақ халқында жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды деген әңгіме бар. Одан соң, Болат та, Ырысбек те Алтынбектің өліміне Рахат Әлиевтің қатысы болуы мүмкін деп қайта қайта айтуына қарағанда, бұл әңгіме шындық па деп ойлап қаласың. Ел аузында Болат Ырысбекті Назарбаевпен немесе оның қарамағындағы адамдардың бірімен кездестіріп, оған патшамыздың кешірімі ретінде Алтынбектің құнын алып берген деп айтады. Қанша миллион берілгені өз алдына бөлек әңгіме. Бірақ, Алтынбектің әруағы сатқындыққа ұшыраса... Не болса да, бұл әңгімеге сенгім келмейді. Рәке, Құдай бәрін кешіреді, ең болмағанда Алтынбек бауырыңның аруағы үшін кек қайтар, нақты қадамдар жаса, Австрияға барып Рахатпен кездес, ол адамда осы қылмысты дәлелдейтін құжаттар болмаса, газетіңнің бетіне жазарсың. Бар болса, Назарбаев пен оның адамдарын әлемге масақара етесің. Еразматсың ғой, Болаттардың қасында пешка болып жүре берме, балаларыңның болашағы үшін де уайымда ма, осы жолда, тазалық, адалдық, шындық жолында бүкіл Сәрсенбайевтар әулиеті құрбан болып жатса, өкінбе. Халқың сендерді ешқашан ұмытпайды. Біз болмасақ та, келер ұрпақ айтып жүретін болады. Ендігі жүріс сен жақта.

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Алматы
03.07.2009 11:46
"...Сәрсенбаевтар аулеті құрбан болып жатса, өкінбе...
"Шапырашты еместің сөзі- тым ащы. Бірақ ащы да болса,шындық. Алтекеңнің құнына ақша алды дегенге менің де сенгім келмейді. Ол нағыз сұмдық! Мүмкін емес!

Кімнен: Алмас бек Қайдан: Алматы
03.07.2009 12:37
Әй, жігіттер бұларың қалай? Қанша ақша алса да не шаруаң бар? Ол Рысьектің інісі гой.Кек қайтара ма, құнына ақша ала ма өзі біледі. Артарыңды қсып жүріңдер. Бұл мәселе тек Сәрсенбаевтар әлетінің ісі, қала берді, Албандардың ісі. Қазақшыл бола қалуын бұларды?! Өңкей қызталақ немелер!

Кімнен: Шапырашты емес Қайдан: Астана
03.07.2009 13:04
Алмас бек, сен секілді өмірі артын қысып жүретін "жігіттердің" арқасында, қазақтың небір жігіттері құрбан болған. Патша заманында да, билікке қызылдар келген соң да, бетке ұстар азаматтар өліп кетті. Өзің секілді артын қысым жүретіндер қоғамымызда азаймайтын болса, әлі талай жігіттер қастандықтың құрбаны болады. Мен айтсам, шындықты айттым. Ырысбекке кек қайтару керек. Одан басқа дұрыс жол көріп тұрған жоқпын. Африка құрылығында түйеқұс деген құс бар, ол аңшыны немесе жыртқышты көріп қалса, онда да қашып құтыла алмайтынын сезетін болса, амалдың жоқтығынан басын құмға тығып алады. Өліммен бетпе бет келгісі келмейді. Ал біздің қоғамда шындықты көріп тұрып, өзің секілді артын қысып жүретіндер тым көп. Неге? Өйткені, олар да шындықтың ажалға алып келуі мүмкін екенін сезеді. Алмаса бек, сенің сол түйеқұстан айырмашылығыңды көріп тұрған жоқпын. Баяғыда бір данышпан айтқан екен, жағымпаздар мен қорқақтардан абай болу керек, бар пәле солардың үнсіздігімен жүзеге асады деп. Сен секілді адамның артын жалағыштар көп болып тұрғанда, шындықты айтатын талай жігіттер арманда кетеді.

Рәке, қазақтың азаматысың. Осы сөзімді тағы қайталап айтайын, Алтынбектің өліміне тапсырыс бергендер билік басындағы басшылар. Біздің қазақстанда күніге кісі қолынан, жол апатынан ондаған жігіт өліп жатыр. Олардың арасында таланттар да жоқ емес. Бірақ, Алтынбектің өлімі, ол барлығынан өзгеше, бұл қазақ бостандығымен, демократиясына жасалған соққы. Әрине, сен де, мен де пендеміз, мүмкін, қорқақтығымыз батыл қадамдар жасауға мұрша бермейтін шығар. Десек те, ойлан бауырым. Ойлан. Әлі де кеш емес.

Тағы бір мысал айтайын. Қазақстанның жазушылар одағын қарашы, онда кімдер жұмыс істеп жатыр, бастығынан бастап ең кішкентай қызметкеріне дейін Албан руынан шыққандар. Мен қызғанып тұрған жоқпын, сол жігіттер ертең байып, мықты болып жатса тек қуанамын. Дегенмен, осы жерде де биліктің құйтырқы саясаты жүзеге асып жатқан секілді. Неге? Өйткені Алтынбек пен Заманбек Албан руының өкілдері, менің ойымша Нұрлан Оразалинге Албанның бас көтеруі мүмкін, оқыған, көзі ашық жігіттерін өздеріңнің қастарыңа алып, тырп етпей ұстаңдар деген тапсырма болғандай көрінеді. Сол одақта жұмыс істей Албан бауырларымның көбісі той томалақтарда тамада болып жүр, халықтың ортасына шығып сөйлеген кезде, міндетті түрде Алтынбек пен Заманбекті айтып, арақ ішіп масайып, қарны тойып отырған мес қарын қонақтардың рухын көтергенсіп қояды. Онда да әлгі Албан бауырларым, бұндай сөздерді тек Албандардың тойында ғана айтады. Бірақ, айғайлап қойғаннан басқа, нақты ештеңе істемейді. Өйткені, олар да қорқақ.

Кімнен: Шапырашты Қайдан: Қызылорда
03.07.2009 15:52
Шапырашты емеске! Тйекус болмасан басынды шыгарып сойлесенши, албаты даурыкпай! Жигит болсан, шык аланга! Сен артынды кысып журген биреусин значит

Кімнен: Сыр қазағы Қайдан: Қызылорда
03.07.2009 18:21
Марқұм Алтекеңнің жұмбақ өлімі бәрі-бір ашылады. Бірақ кеш, өкінішке орай. Алтекең, Зәкең сияқты қазақтың біртуар азаматтары халықтың мәңгілік жүрегінде.

Кімнен: шығыс Қайдан: Алматы
03.07.2009 18:32
қарапайым жұрт анық-қанығына жетпей өткенге бола даурыға беруге болмайды, қалай болғанда да ел тізгіні - Назарбаевта. өзінің дәрегейіне көнбегендердің мойнын бұрап тұрғаны да дұрыс, "Бірдің жанын ал, мыңның есін ал", "ит те жүнін қомпайтыр бөрі көрсе" бір-біріміздің аяғымыздан шалмай ымыраға келейік!!!

Кімнен: Сыр қазағы Қайдан: Қызылорда
03.07.2009 20:42
Қазақ - көнбіс, қазақ - момын дегенге малданып жүре берсек, билік айтқанына көнбегендерді осылай құрта береді. Билік те есірткіге еліткен нашақор сияқты. Ойланайық, ағайындар.

Кімнен: Халық Қайдан: Ақтау
03.07.2009 23:44
Кәзір Қазақ елін қайдағы жоқ біреулер басқарып отыр,ал елін сүйетін Қазақтар түрмеде отыр.Ашиды жаның,тасиды қаның!

Кімнен: Маратбек Қайдан: Қызылорда
04.07.2009 10:53
Кешіріңіздер сіздердің мақсаттарыңыз я шапырашты, я албан руынан болу ма? Сонда ертең байып алады да оларда рушылдықтан әділетсіздікке бармасына кім кепіл.Қожа Ахмет Яссауи: "Туыс бауыр бәрі де болмас жолдас" десе, Абай: "Қайран сөзім қор болды тобықтының езіне" деп жырламай ма? Сіздерден әділетті адам шығу қиын. Рысбек ағамызға мен сенбеймін, өйткені оның алдына барғанмын, басыма түскен әділетсіздікті толық құжаттарымен жариялауын сұрағанмын. Ешқандай көмек көрсете алмады (Албан болмағанымнан шығар), осыдан кейін одан не күтуге болады. Оның мақсаты тек жекеге кледі, шектеулі. Маған ренжімесін, өзінің әділетсіздігіне ренжісін!

Кімнен: nur Қайдан: oko
04.07.2009 18:58
сендер барлығың түйеқұс екенсіңдер.Алтынбекті нән өлтірген деп ашығын айта салмайсыңдарма.

Кімнен: Маратбек Қайдан: Қызылорда
04.07.2009 19:52
Біздің елімізде дүниялық бірлік бар, ал рухани бірлік жоқ есебі. Мемлекеттік идеалогияда сондай, Абай атамыз:"Дүниелік бірлік береке бермейді, рухани бірлік болмай" -деген. Ол сөзді бекерге айтпаған. Қоғамның қалауына қарай басшы болады. Егер қоғам бұзылған болса бәрі де бұзық болады. Жеке дара ешнәрсе атқара алмайды. Мөңке бидің ақыр заман белгілері жөніндегі мына өсиетті шумақтарына құлақ түрсек: "Ақыр заман болғанда,
Сөздің маңызы кетіп самалы қалады,
Әйелдің ұяты кетіп ажары қалады,
Әулиенің әруағы кетіп мазары қалады,
Жақсының атағы кетіп азабы қалады,
Адамның жақсысы кетіп жаманы қалады.
-деп жырлағанында үлкен мән бар.
Өйткені осындай әділетсіз елді, әділетсіз мақтан сүйер басшыны сайлаған өзіміз , халықтың ниетіне қарай басшы береді Құдай. Сол себептен дұрыс бағыт-бағдар сілтейтін мақсат болу керек. Ол мақсатты әлем мойындау керек. ОБСЕ-ге қадағалауға төрағалық етеміз деп едің жағдайын қадағалауды ұмыт кетіруге болмайды. Бірінші ішті жөндеу керек сосын.......
Бізде рухани бірлікке бірігетін ортақ мақсат жоқтың қасы. Біздің елдегі қазіргі бүкіл діндердің съезінің қайта-қайта өтуі, біздің еліміз көп дінді, көп конфессиялы , тұрақтылық бар білгеніңді тыныш атқара бердеген желеумен елімізге миссионерлер мен түрлі дін өкілдерінен діни ағымдарға шақыру жарнамасын жасап жатырмыз. Тарих ешуақытта асықпайды.Намысы бар ұрпақтар кешірмейді.


Кімнен: Дамир Қайдан: Кызылорда
05.07.2009 12:14
Бізді казір анталаган жау жан жактан бас салгалы отыр. Сондыктан билік пен оппозиция бірігіп біртутас болып сырткы жаулармен куресу кажет.

Кімнен: Мен
06.07.2009 11:51
Білмей жатып, ғайбат сөз айтпаңдар. Бәріне уақыт төреші. Сабыр сақтап; істің аяғын неге күтпеске? Рахат айтса, елге келіп айтсын! Менің басты ұстанымым-өсек өрттен қауіпті

Кімнен: Алшынбай Қайдан: Алматы
06.07.2009 14:11
Мурат бек, АБАЙ туралы неге айта берсесің. Бірдеңе айтылса болды АБАЙ АБАЙ деп шығасың. Абай дұрыс адам болса, қазақ осындай құл болар ма еді. Бәрі сол абайдың түйеқұс ісінен болып отыр.

Кімнен: Маратбек Қайдан: Қызылорда
06.07.2009 19:23
Қазір Қазақстан басқа елдің қарыз ақшасына құл болып отыр, уақытша тайраңдауда. Ертең оның бәрі сұралаы, қарыз беген елдің сөзі үстем болады содан сақтану керек.Мен мен Алшынбайға, Абайды кінәлағаннан ештеңе де шықпайды. Қарыз алып елді батырып жатырған Абай емес.Рысбек жөнінде айтқаным шындық.Егерде шақырып сұрап жатырса барып өзіне осы сөзді ашық қайтадан айтамын. Ойланып барып сөзіңді айтуың керек, айтып болған соң ойланғаннан жақсы!Демократия ауызға келгенді көксей беру емес!

Кімнен: Батыр Қайдан: Ақтау
06.07.2009 22:22
Алтынбек Алаш қайраткерлерінің ісін жалғастырушы,халқына адал адам екенін көрсетті!Зымиян жиіркенішті "адамдар"батырларға көп өмір сүрткізбейді.Батырлар өлем деп ойламайды,олар халқын ойлайды!Ал қорқақтар тығылып жүріп өмірлерін сақтап қалады.

Кімнен: Куралай Қайдан: Алматы
07.07.2009 13:41
Неткен қызуқанды едік... бір қуыста отырып алып, бүркеншік есіммен аузы-басымыз көпіріп ділмарсауға... Осы імнез іс жүзінде өзін көрсетер ме еді... Ондай атты күн қайда. Аядай жерде төрт-бесеуіңнің басың піспей, қырық пышақ болыпсыңдар (сөз жүзінде), дүйім жұрт қалай бас құрасын. Басқасы басқа, Абайға тіл тигізіп тым артық кетіпсіңдер. Абай кім, бәрің жиналып кімсіңдер? .. Өзімізге де обал жоқ-ау, осы.

Кімнен: Ахмет
07.07.2009 15:24
Ахмет
«Шапырашты емеске». «Алтынбек оппозицияқатарына қосылған соң, оның билік басында жүрген кезігде жасаған қателіктерін халық кешірді» деп білгішсінген екенсің. Алтынбек халық алдында ешнәрсеге де кінәлі болған жоқ. Халық атынан сөз айтқыш болсаң, аты-жөніңді несіне жасырып отырсың, «басыңды құмға тығып». Құдайдан қорықпағандардың өтірік өсектерін теріп, оған өзің сенбегенсіп, бірақ сол абырой әпермес өсекті одан әрі таратушыға айналған сенің сөзіңе кім сенеді? «Алтынбектің әруағы сатқындыққа ұшыраса...» деген жалған жанашырлығың, аярлығың жаныма қатты батып кетті. (Себебі, мен ол отбасын жақсы білемін)... Біреудің қайғысын саудаға салып, қызыл сөзді қыздыратындардың желікпесі өзімен кетсін. Менің білуімше, Рекең ештеңеден қорықпайтын, сатылмайтын нағыз ер азамат. Ал сенің жазғандарыңа қарағанда, өзіңнің ондай екеніңе күмәнім бар...

Кімнен: Маратбек Қайдан: Қызылорда
08.07.2009 10:36
Менің ұлы отан соғысында рота басқарған бір нағашы атам нәннің кадр алмастыруын теледидарға қарап отырып былай деп сын айтқан еді:"Диктант жазатындарды қызметке алып, шығарма жазатындарды шығарып жатыр". Осы сөздің өзі көп нәрсені түсіндіреді.
    Келесі 
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
Мәтін көлемі - +