Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:54

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Атырау облысының әкімі таңдаулыларға ғана есеп беріп жатқанда «Нұр Отан» облысты «жемқорлық ұясы» деп сынады

Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев жылдық есебін тек таңдаулы топқа жария етті. Оған қажетсіз сауал қоюы мүмкін дегендер қатыстырылмады. Дәл сол күні Астанада «Нұр Отан» сарапшылары Атыраудың «сыбайлас жемқорлықтың ұясы» екендігін айтып жатты.

Мәтін көлемі - +
2005 жылғы президент жарлығына сәйкес жер-жердегі әртүрлі деңгейдегі әкімдер халық алдына шығып, өткен жылдағы атқарған істері жайлы есеп беруге міндетті. Олар елмен кеңесіп, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын тағы бір тыңдап, келер жылғы жоспарын талқыға салуы тиіс. Шынымен солай ма?

«БӘЛКІМ «ҚОЛТАҢБА» АЛАРСЫЗ?»

Атырауда әкім есебі өтетін күні халық «Атырау» мәдениет сарайына таң атпастан ағылғанымен бәрі бірдей кіре алмады. Әкім есебін тыңдауға келген бірқатар журналистермен бірге Азаттық тілшісі де жиынан шеттетілді. Сапырлысқан топпен бірге ішке еніп кеткен Азаттық тілшісін сыртқа шақырып алған белгісіз біреу есік алдында жай киіммен жүрген адамдар тобына «мына кісіні кіргізбеңдер, ол
Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Оразбек Қасымов (сол жақта) облыс әкімнің тұрғындарға есеп беру жиынына тізімде жоқ адамдардың кіріп кетпеуін қадағалап тұр. Атырау, 12 ақпан 2010 жыл.
тізімде жоқ» деп бұйырып, сарайдан шығып кетуді сұрады.

Ол тілшінің суретке түсіріп жатқанын байқап «бәлкім қолтаңба аларсыз?» деп кекетіп те қойды. Осы сөзді естігендірдің кейбірі «қолтаңба» деген сөз белгілі адамдардың қаламмен жазып беретін естелігі мағынасында емес, «шапалақтың ізі қажет пе» деген емеурінді білдіргені дейді.

Кейіннен бұл адамның облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Оразбек Қасымов екені белгілі болды. Бірақ, әкімнің есебін «бөгде» адамдардан қорғап жүрген бұл топтың ешқайсысы да құжаттарын көрсеткен жоқ. «Сіз кім боласыз?» деген сұраққа жауап та бермей, «құжатымыз жоқ, машинамызда» қалды десті.

«ЫҢҒАЙСЫЗ САУАЛ ҚОЮЫ МҮМКІН»

Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Әсия Қыстаубаева тәуелсіз БАҚ өкілдері кешігіп қалғандықтан ғана әкім есебіне кіргізілмеді, әйтпесе оларды қатыстырмау жайлы арнаулы нұсқау болған емес дейді.

Әсия Қыстаубаеваның айтуынша әкім есеп беретін жиынға кіретін журналистер тізімін жасау оның құзіретіне кірмейді әрі оның мұндай ұсақ-түйекпен айналысатын уақыты да жоқ. Сондықтан ол бұл шаруаны орынбасарларына сеніп тапсырған.

- Маған Азаттық тілшісі туралы Оразбек Қасымов «залда орын болмағандықтан өзі шығып кетті, журналистер отыратын жерге барудан бас тартты» деп түсіндірген. Бірақ ол кісі сенбіден бері ауырып жатыр. Мен мұны анықтаймын, - деді Әсия Қыстаубаева.
Облыс әкімі есеп беріп жатқан жиынға тізімде жоқ адамдарды кіргізбей, конференц-залдың есігінде күзетте тұрған адам. Атырау, 12 ақпан 2010 жыл.

Алайда оппозициялық тәуелсіз газет редакторы Жұмабай Доспанов мұндай жиындарға тәуелсіз басылымдардың қатысуынан атқарушы билік сескенеді деп санайды.

- Мені әкім Бергей Рысқалиевтің есебіне ешкім шақырған жоқ. Бұл түсінікті де. Шенеуніктердің тәуелсіз журналистерден ыңғайсыз сауал қоюуы мүмкін деп қорқатынын да білемін. Сондықтан олардың әкіммен жүздесуіне барынша кедергі келтіруге тырысады, - дейді Жұмабай Доспанов.

АСТАНАДА АТЫРАУДЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАЙЛАҒАНЫ ЖАЙЛЫ АЙТЫЛДЫ

Осылайша Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев өткен жылғы жетістіктерін тізбелеп жатқанда, Астанада жиналған «Нұр Отан» партиясының өкілдері облысты «жемқорлық жайлаған аймақ» деп талқыға салып жатты.

«Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов атыраулық шенеуніктерді мемлекет қаржысын талан-таражыға салып отыр деп кіналады.

- 250 мың ғана адам тұратын Атырау қаласына 5 көпір салу халыққа жағдай туғызу үшін емес, ақша жасау үшін жасалған.Ал Махамбет ауданында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына сәйкес тұрғызылған «Шұғыла» коттедждік поселкесі сапасыздығы салдарынан ешкімге керексіз болып отыр, - деп мәлімдеді ол.
Облыс әкімі есеп беріп жатқан жиынға кіре алмаған көп адам сыртта қалды. Атырау, 12 ақпан 2010 жыл.


Ал осы жиында сөз алған мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева «облыстағы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жемқорлық 36,6 пайызға артқан. Бұрын әлеуметтік сала мамандары, яғни дәрігерлер немесе мұғалімдер көбірек пара алады деп саналса, ендігі пара алатындардың басым бөлігін әкімдер, атқарушы билік органдары қызметкерлері құрап отыр» деп атап көрсетті.

Сондай-ақ депутат А.Соловьеваның айтуынша Атырау облысына жасалған алдын-ала зертеу қорытындысы бойынша жемқорлығы үшін қылмыстық жауапқа тартылған Әділет департаментінің бастығын қызметінен босату жөнінде нақты ұсыныс жасалып отыр.

Атырау облысының әкімі есеп беріп жатқандықтан «Нұр Отанның» алдында жауап беруге барған әкімнің орынбасары Болат Дәукенов әкімшілік атына айтылған сынды барынша жоққа шығаруға тырысты.

- Облыстағы жемқорлық көрсеткіші 2,6 пайызға азайды. Ал кейбір жайттар әкімшілік қызметкерлерінің жіберген қателігі салдарынан орын алған,-деп түсіндірді ол.

Алайда «Нұр Отан» партиясының таратқан баспасөз мәлімдемесінде Атырау облысындағы 2009 жылы 116 жемқорлық қылымыстың 97-сін мемлекеттік қызметкерлер мен тұлғалар жасағаны баяндалған. Жемқорлығы үшін 71 адам жазаға қылмыстық тартылған. 

АЛЫС АУЫЛДАН КЕЛГЕН ЕКІ ЗЕЙНЕТКЕР ДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІНЕ ҚАТЫСА АЛМАҒАНДАРЫНА РЕНІШТІ

Азаттық тілшісіне телефон шалған Мақат ауданындағы Комсомол кентінің тұрғыны Нұри Нұржанов та өзінің облыс әкімінің есебіне дейін болған аудан әкімінің баяндамасын тыңдауға қатыстырлмағанын айтып, қынжылыс білдірді.

Нұри қарт Мақат ауданының әкімі Сырым Рысқалиевтың есебіне қатысу үшін ауылдағы тағы бір зейнеткер Төре Жұмағалиевпен бірге алыстан ат арылтып барса да кіре алмағанын айтады.

Комсомол мен Мақаттың арасы біраз жер. Мақатқа не поезбен, не такси жалдап баруға тура келеді. Ал бұл қыстың қақаған аязында қарт адамдар үшін үлкен тауқымет. Жол шығыны да зейнетақыға қараған қарияларға қомақты қаражат.
Комсомол ауылындағы тұрғын үйлер. Атырау облысының Мақат ауданы. Тамыз, 2009 жыл.

- Аудан әкімінің жылдық баяндамасын тыңдауға ауылдағы соғыс және еңбек ардагерлері ұйымының төрағасы әрі Мақат ауданының құрметті азаматы ретінде арнайы шақырту алған едім. Сонша жол жүріп келгенімізде «бізді орын жоқ»деп кіргізбеді. Жиын аяқталған соң әкіммен сөйлеспек болып, аудандық мәдениет үйінің кіре берісін торып тұрсақ, Сырым Рысқалиев сарайдың артқы есігінен шығып кетіпті, - деп налиды Нұри қарт.

Алайда қарт мұнайшы Нұри Нұржанов аудан әкімін кеңсесінен іздеп тауып, реншін айтқан екен. Оған Сырым Рысқалиев «бос орын болмай қалған ғой» деп жайбарақат жауап беріпті.

Бірақ Нұри Нұржанов өзін әкім есебіне әдейі кіргізбеді деп санайды. Өйткені, мен міндетті түрде Комсомол ауылын газдандырылуға бөлінген 134 миллион 750 мың теңгенің қайда екендігін сұрайтын едім дейді зейнеткер қария.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 
Кімнен: авыф Қайдан: авыф
15.02.2010 22:54
+0 / -0
Жиын аяқталған соң әкіммен сөйлеспек болып, аудандық мәдениет үйінің кіре берісін торып тұрсақ, Сырым Рысқалиев сарайдың артқы есігінен шығып кетіпті
---------------------------------------
Әкім артқы есіктен кіріп, артқы есіктен шығып, артқы есіктен шығарып үйреніп қалған ғой, оны табу үшін артқы есікті іздеу керек екен. Жалпы атраулық әкімдер Ұлы мәртебелі Ұры мырзаның сара жолы бойынша артқы есіктен шығуға жетілген болды. Қытайға да, орысқа да, басқаға да қанша байлықтар артқы есіктен шығып кетіп жатыр. Өңкей ар-намыс пен иманнан, ұяттан жұрдай, тонаушылардың делдалдары сол! Әлі-ақ байлық жатжұртқа тән болғанда, бәрі таусылғанда бала-шағаларың бір тілім нанға зар болып зар-зар жылайтын болады.

Кімнен: Қырықбай Қайдан: Маңғыстау
15.02.2010 23:28
+0 / -0
Бергейіңді көрдім. Бірнеше халықтың тағдырын шешіп отырған адамда басқасын айтпағанның өзінде басшыға лайық түр де болуы керек қой. Мынауың көшеден ұстап әкеліп қоя салған сотқар балаға ұқсайды. Сөйлегенін естіп едім, есіме түссе әлі күнге дейін құсқым келеді. Екі сөздің басын құрай алмайтын сорлы екен, оның қасында біздің Көшербаев өтірік айтсада оны шындай қылып жеткізетін хас шебер ғой. Елді әдейі қорлағандай бұлайша кез келген көлденең көк аттыны әкім қыла беруге болмайды ғой назарбаев мырза.
Пікір алмасу

Кімнен: Атыраулық
18.02.2010 13:41
+0 / -0
Әдемі өтіріктен, сұрқия шындық жаман демей ме! Қалай айтса да жасаған ісін айтты ғой, Сіздердікіндей ертегі емес.

Кімнен: Bokky Қайдан: Qetay Pekyn
16.02.2010 02:18
+0 / -0
ұстіп көститіп қойған недеген бейшара заң ?!

Кімнен: Қадыр Қайдан: Ақтөбеден
16.02.2010 09:59
+0 / -0
Бұл Рысқалиевтер Ақтөбені құортып, енді Атырауды сорып жатыр. жуас қазақтың қанын сорушылар. жақсылық болмас.

Кімнен: Тахир Қайдан: Ақтобе
16.02.2010 11:19
+0 / -0
Бергей Ақтобеден ақша тауып әкім болған б...т қой .Одан халыққа не қайр болады.

Кімнен: Арыстан Қайдан: Атырау
17.02.2010 00:51
+0 / -0
Ей азаматтар осы кері сөйлеуді қоятын заман жеткен жоқпа еді. Ана суреттегі Оразбек деген азаматтан ондай жамандық шықпайды. Оның қызметі елдегі жат ағымдармен арпалысу. Сәнияның әңгімесі жала ол саясаттан аулақ жан. Және бірбеткей де батыл. Оны ауыл арасының өсегіне қия алмаймын. Сәния аздап айылыңызды жиыңыз
Пікір алмасу

Кімнен: Сәния Тойкен
18.02.2010 19:31
+0 / -0
Құрметті Арыстан,
әуелі мақалаға бей-жай қарамай, өз пікіріңізді білдіргеніңіз үшін рахмет.

Мақалада сол жерде болған жайтты оқиғаның куәсі ретінде тілшінің баяндауы жазылған. Болмаған нәрсені ойдан құрастыру тәжірибемде жоқ екендігін айтқым келеді.

Кімнен: әділдік Қайдан: Атырау
17.02.2010 10:35
+0 / -0
"Осы сөзді естігендірдің кейбірі «қолтаңба» деген сөз белгілі адамдардың қаламмен жазып беретін естелігі мағынасында емес, «шапалықтың ізі қажет пе» деген емеурінді білдіргені дейді." осы фраза кеше болған жоқ еді сайтта осы Сіздер әдемілеп өтірік айтпайсыздар ма?. Егер әділ болсаңдар айтыңдаршы өтірік өрге басқызбайды. Оппозициялық басылымдар қосады деп еді сол рас болмағай. Бір ғана өздеріңдей қатардағы адамды жамандайсыңдар Қасымовтың қолнда не бар деп ойлайсыңдар. Жалпы қазақ бақа шаян болып құрып кететін шығарсың мыналарыңмен

Кімнен: Берік Қайдан: Атыраудан
17.02.2010 16:21
+0 / -0
Енді қарай қойыңдар. Мына Арыстан деген құйыршық Қасымовтың өзі. Қасымовтың қызметі елдегі жат ағымдармен арпалысу дейді. Оның кіммен арпалысып жүргені көрініп тұрған жоқ па? Есік күзеткен ит сияқты шәуілдетіп байлап қойған және соған көніп үріп жүрген "азаматыңды" мақтама. Арыстаннан төменде жазған Әділдік айтады оның қолында не бар деп. Осы екеуі бір адам. Және Қасымовтың өзі. К-ке кіріп алып, енді өзін өзі былғаныштан шығаруға қылған әрекеті. Әкім қаралардың арқаға қаққанына мастанып, б...қа былғанып жүрсің. Әйтпесе, әкімдіктің ішінде жүріп, қылмыстан Атыраудуң алға шыққанын білмеуің мүмкін емес. Сондай билікке шоқпар болып жүріп, өзіңді өзің мақтап отырсың. Бәрін де көріп отырмыз.

Кімнен: Берік Қайдан: Атырау
17.02.2010 18:05
+0 / -0
Модератор! 17 желтоқсан күнгі әкімнің есебіндегі бассыздықтар туралы мақалаға комм. неге жауып тастадыңдар? Әлде, әкімді сынатпау ма? Еш себебін көрмей отырғасын, жауап күтемін. Аяқсыз қалдырмассыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
17.02.2010 19:54
+0 / -0
Құрметті Берік,

сайттағы пікірталас форумы белгілі бір уақыттан соң автоматты түрде өздігінен жабылып, мұрағатқа кетеді, яғни, оны біз күнібұрын жауып тастай алмаймыз.

Кімнен: Берік Қайдан: Атырау
18.02.2010 00:35
+0 / -0
Түсіндім, рахмет!

Кімнен: Қаймана қазақ
18.02.2010 13:24
+0 / -0
Мен студентпін, болашақ заңгермін. Өткен аптада теледидардан «Нұр Отан» партиясының депутаттары атынан Атырау облысына үлкен сын таққанын көріп, сырттан тамашалап отыра алмай, жазып отырмын. Біздер жастар болсақ та, облыстың тыныс тіршілігі көз алдымызда, бос уақытымызда талқылап жатамыз. Достарымның көбі әкімнің жұмысына риза және одан көп үміт күтетіндігін айтып жатады. Менің де ойым дәл осы. Сондықтан біз, осы жердің халқы, Облыс әкімінің жұмысын жақсы білеміз, бағалаймыз және қолдаймыз. Ал жоғары жақтағы жұмсақ креслода отырған аға – апаларымызға халықтың шынайы ойына көңіл аударып, пікірін тыңдаса екен, жергілікті жерге келіп жағдайды өз көздерімен танысса деген ұсыныс айтамыз.

Кімнен: Комсомолдың тұрғыны
18.02.2010 13:36
+0 / -0
Ағайын, сендер не шуласып жатырсыңдар! Рас, су, газ, жол жоқ, мектеп пен емхана жоқ. Кезінде мұнайдың теңіз болып тасыған уақытында осындай жан ашыр депутат сымақтар қайда қарады? Сол кезде неге айтпадыңдар, сол уақытта олар бір бір креслоны мүйіздеп отырдыңдар ғой. Ал қазір жағдайды түзету үшін сең қозғалғанда, қарсы шыққанына не жорық? нұр отанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы депутаттары біздің комсомол, бекбике, ескене, қошқар ауылдарына аяқтарымен келіп көрсінші. Ал білмей тұрып, көзбен көрмей тұрып, бірдеңе айту, көрсоқырлық. Мен қазір сутдентпін, ал мен оқу бітіргесін туған ауылыма қайтқым келмейді. Себебі: не жұмыс жоқ, не мектебі жоқ, не аурухана жоқ, жері сортақ, мал асырамақ түгілі тауық асырауға жағдай жоқ. Ағалар ел үшін жан ашыр болса, сол жердің тап осы күйге түскенін, кезінде мұнай өндірген кәсіпорындардан ақырып теңдік сұрасын! Ал қазіргі жасап отырғандарын халыққа қастандық деп ойлаймын. Біз де жағдайы бар жерде өмір сүргіміз келеді. Осыған азар деп жарты ғасырда жол ашылғанда "ағашкілер"әдейі жасап отыр. Мен сол ит байласа тұрмайтын жердің тұрғынымын және көшіру ісіне екі қолымды көтеріп қолдаймын.

Кімнен: Марат
19.02.2010 02:06
+0 / -0
Соншама әкім қалтасынан салып жатыр ма? Жол мен тротуарды? Қалаларыңда бір де бір сүт,ет тағамдарын өндіретін зауыт жоқ.

Кімнен: атырау Қайдан: атырау
19.02.2010 10:28
+0 / -0
Бергейге разымыз, шаруа жігіт, жергілікті халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын. Оларға көпір неге керек деген сөз дұрыс емес. Көпір керек, енді аудандарды қолға алса тіпті жақсы боар еді. Көпірден өту шет елдегідей ақылы болса не істер едік. Тек бір нәрсеге қарсылығым, Мақат ауданы тұрғындарын Махамбетке көшіру мәселесі. Бұл жерде айта кететін жайт, Мақаттықтар көбі, әсіресе жастар жағы ауыздары толған боғауыз, араларында ешқандай кішіні айтпағанда үлкендерге сыйластық жоқ халық болып көрінеді. Ал махамбеттіктер өте тәртіпті, мәдениетті, білімді болып келеді. Егерде көшетін болса, жергілікті тұрғындар арсында кикілжік болып кетуі мүмкін. Тіпті солайда болады да. Өз басым қарсымы
н. Басқа да варианттарын іздестіру керек сияқты.

Кімнен: Амантай Қайдан: Атырау
19.02.2010 12:57
+0 / -0
Құрметті Оралбай Әбдікәрімұлы!
Жуық арада теледидарда Астанадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиынға қатысты аз-кем пікірімді білдіргіміз келеді.
Зиялылар, халықтың бетке ұстарлары, оқыған-тоқығандар бас қосқан жиналыста айтқандарыңыздан сауатты, нақты фактіге сай дәлелдер мен тұжырымдардың орнына, мәдениеттілікке жат, көшедегі әйелдердің ұрысына ұқсайтын орынсыз пікірлер мен қиюластырған қырық жамау айдау сөзді ғана естідік. Әрине, әділдігін тиісті органдар шеше жатар, ал біз үлгі тұтар атқа мінерлердің түрлеріне қарап, мына біздің, қарапайым еңбек адамдары, көңіліміз толмады. Біздер өркениетке ұмтылып келеміз, ең озық мәдениетке қол жеткіземіз десек, Сіздер соның ең басты үлгісі болуларыңыз керек емес пе!
Екіншіден, «Жүз рет естігеннен бір көрген жақсы». Облыста жүзеге асырып жатқан жұмыстарды жергілікті жерге келіп, өз көздерімен көрулеріңіз керек деп есептеймін.
Біз қазіргі әкім атқарып жатырған істерге ризамыз, көңілімізден шығады. Елу-алпыс жылдап қозғалмаған жұмыстарды қолға алып, аяғына жеткізіп жатыр. Тек бір өңір емес, бүкіл аудан-ауылдарды қатар алып келе жатыр. Қыруар шаруа атқарылды, оның қызығын көріп жатырмыз. Оған бүкіл ел куә. Келіңіз, көріңіз. Халықтың сенімі мен қолдауынан артық ешқандай баға, ешбір өлшем болуы мүмкін емес. Ал Сіз сияқты халықтың арасынан сайланған қалаулының ой-пікірі елден бөлек екені бізге түсініксіз. Халыққа қарсы шыққан алғыс емес, қарғыс алады деген. Бос сөзбен, дәлелсіз қаралауға жол бергеніңіз Сізге жарасатын іс емес. Сын түзу болса, мін түзу болады. Айтылған сын орынсыз, өңірде атқарылып жатырған ұлан ғайыр істерді жоққа шығару, немесе «атың шықпаса жер өртенің» кері.
Қазақта «біткен іске сыншы көп, бітірген ердің кемі жоқ» деген де сөз бар. Анау жақта жұмсақ отырғышта отырып, «ана жерде анау, мына жерде мынау» деп айта салу кім-кімге де оңай. Жоғарыдан айқай салу, «іскерліктің кейпін таныту» кез келгеннің қолынан келеді, ал халықпен бетпе-бет жүздесіп, ортада айту, талқылау үлгі аларлық іс. Ал осынша жұмыс атқарып, халық үшін маңдай терін төгіп жүрген азаматтардың бүкіл еңбегін еш ету күпірлік.
Одан да елдің шын жанашырлары болғыңыз келсе, осындай жұмыстар жоспарланғанда, жасалынып жатырғанда келіп қарап, ақыл қосып, кемшілігін көрсетіңіздер. Міне, көмек деген осы. Және Сіздердің алдарыңыздағы басты міндеттің бірі осы шығар. Қаралаушы емес, түзетуші, ақыл кеңес беруші болуларыңыз керек.
Біз облыс тұрғындары, облыста атқарылып жатырған жұмыстарды қолдаймыз. Ал еш ішінде іріткі салуға, алауыздыққа жол бермейміз. Бұл хатты да осы мақсатпен жазып отырмыз.
Және тағы бір айтарымыз, бұл хатты облыс әкімдігінің немесе, жекелеген тұлғалардың тапсырмасымен емес, өзіміздің туған жерге, елге деген шынайы патриоттық азаматтық позициямызбен жолдап отырмыз.
Облыс тұрғындары.

Пікір алмасу

Кімнен: Патриот
20.02.2010 23:09
+0 / -0
Амантай, жазуыңнан байқағаным, қызмет атқарған, көп жазған кісі екенсіз.
Бірақ, тек белгілі бір территорияның шегінде ғана. Елімізде патриоттардың көп болғаны жақсы ғой. Бірақ, бұл жерде де патриоттық шектеліп, тек әкімнің айналасынан аспай тұрған тірізді.
Менің тағы да айтпағым мынау:
Біріншіден, облыс тұрғындарының атынан сөйлеу үшін ресми лауазымың болу керек. Немесе, хатыңның соңына өзіңдікімен қоса, ең болмағанда бес-алты пікірлес тұрғындарыңның аты-жөнін толық жазу керек.
Екіншіден, "осынша жұмыс атқарып, халық үшін маңдай терін төгіп жүрген азаматтардың бүкіл еңбегін еш ету күпірлік"-дейтіндей, атқарылған жұмыстар әкім-қаралардың қалтасынан алынған ақшаға жасалынып жатқан жоқ. Еңбегі еш кететіндей, әкім ол жұмыстарды маңдай терлерін ағызып, өздері жасап жүрген жоқ.
Олардың жұмысы тек қазақты ішкізбей-жегізбей жиналған байлығынан бөлінген ақшаға "тендр арқылы" анталаған біреулерге бөліп беріп, жасалынып жатқан жұмыстың сапасына ешқандай бақылау жүргізбестен, бөлінген ақшаның 20 пайызын (2 жыл бұрын 10 пайыз еді) қалтаға басып, жоғарыға "долясын" беріп отыру.
Ол әкімдеріңді қинап-зорлап, "болсаң да боласың, болмасаң да боласың"- деп, ешкім әкім еткен жоқ.
Олар өздері мұнай, қара икра, наркотик өткізіп, ептілікпен ұрлап жинаған ақшаларынан басы артылған бірнеше жүздеген мың доллар ақшасын беріп, сол орынды елбасынан сатып алғандар.
Ал депутаттардікі жәй-әншейін, елбасының тәсіліне салып және оның тапсырмасы бойынша халықтың ішіне жиналып жатқан "буын жіберткізу".
Мүмкін, "тауық семірген сайын арты тарылады"-демекші, әкімдеріміз тиісті "доляны" дұрыс таратпай жүрген болулары керек.
Міне Амантай, көрмес түйені де көрмейді.
Бүгін сендей әкімдерді ғана көріп, сорлап жатқан халықтың сорын көрмейтіндер, көргісі де келмейтіндер үшін әдейілеп тұрып, тағыда оператор камерасымен түртіп көрсетіп тұрып, Атырау облысының "жетістіктерін" бір сағат бойы 7-ші арна жылағандай болып көрсетті. Енді соған да түсінбесең, мен сені қандай адамның қатарына қосарымды білмеймін.

Мүмкін сен Байдосов шығарсың?


Амантай, бәрін қойып, одан да маған шыныңды айтшы, халықты былай ысырып қойып, оны сүлікше сорып жатқан әкімсымақтарды қалай шын көңілмен жақсы көруге болады?

Мен оларды жақсы көре алмай жүрмін.

Өтініш, маған жолын үйретші!!!!!!!

Кімнен: Махамбет Қайдан: Атырау
19.02.2010 22:22
+0 / -0
Атырау Қазақстанда ғана емес бүкіл жершарында да алдыңғы орындағы жмқорлық жайлаған, бармақ басты көз қысты дамыған, жағымпаздары жалақтаған, адамдарынан қуат кеткен, билігінен ұят кеткен, қытай, орыс алпауыттары құрт-қоңыздардай кеміріп, сүліктей сорып жатқан, халқы жуас, еркектері көмпіс, даласы азып бара жатқан өлке. Атырау Қазақстанды бағып отыр, бірақ зіл сормен. Атырау Қазақстанның қасіреті!

Кімнен: Анахарсис Қайдан: ав
19.02.2010 23:11
+0 / -0
Кімнен: Атыраулық
Әдемі өтіріктен, сұрқия шындық жаман демей ме! Қалай айтса да жасаған ісін айтты ғой, Сіздердікіндей ертегі емес.
---------------------------
керісі дұрыс: Әдемі өтірік, сұрқия шындықтан жаман! Өйткені шындықтан қашып құтыла алмайсың, ал өтіріктің аузына ұруға болады.
Пікір алмасу

Кімнен: атыраулық
20.02.2010 13:11
+0 / -0
Барын бар деп, жоғын жоқ деп айтқан әкімнен айналмассын ба! Сұрқия болса да шындық жақсы. Осыған дейін де талайлар ертегі оқыған, оған сенетін кім қалды!

Кімнен: Айдын Қайдан: Миялы
21.02.2010 13:54
+0 / -0
Қызылқоғаға газ жеткізгені үшін Бергей Рысқалиевқа Қызылқоға ауданының, 4 көпір салдырып, көшені асфальттағаны үшін – Атырау қаласының, облыстың экономикасын кризис кезінде ештеңеге ұрындырмай алға сүйрегені үшін – Атырау облысының Құрметті азаматы деген атақ беру керек. Маладес, Беке! Тарта бер!!! Қазақ айта береді, іші күйгендер тұз жаласын.

Кімнен: Адай Қайдан: Батыс
21.02.2010 13:54
+0 / -0
Осы кезге дейін Атыраудың елі «Барсакелмес» аралындай болып келді гой. Енді біртіндеп, мұнайдың қызығын көре бастап еді, жұрт жамырап кетті. Сонда бұл елге «өмір бойы құл болып өт, «арқалағаның алтын, жегенің жантақ» болсын» дегені ме? «Қайда барсақ та, Қорқыттың көрі» болды ғой. Еееххх, қазақпыз ғой, өспейміз...

Кімнен: МЫРЗА Қайдан: СМП
21.02.2010 13:55
+0 / -0
Құрметті Президент мырза! Бергейді 2006 жылдың 4 қазанында өзіңіз әкеліп қойғанда, «елді, жерді біледі, бизнестен келген, қолынан іс келеді» деп таныстырып едіңіз. Айтқаныңыз айдай келді, ақиқат болды. Бізге Бергейден басқа әкімнің қажеті жоқ!!! Ілтипатпен, Атыраулық.
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі