Сенбі, 4 ақпан 2012, Алматы 20:48

ЭКОНОМИКА

Қытайдың Назарбаевтан жер сұрағанынан Бейжің елшісі хабарсыз

Қытай елшісі 1 миллион гектар қазақ жерін жалға сұраған өз елінің өтініші жайында ешнәрсе білмейтінін айтты. Осылайша, ол жұртшылықты дүрліктірген Қазақстан президентінің мәлімдемесінің сырын бүгіп қалғандай.

Мәтін көлемі - +

ҚЫТАЙ НАЗАРБАЕВТЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРАДЫ

Өткен аптада Қазақстан президенті ерекше бір жаңалық айтты. Жалпы Қазақстан жұртшылығы бұл жаңалықты енжар  қабылдағанымен, ол кейбіреулердің қатты алаңдаушылығын туғызды.

Ақорда қожайынының айтуынша, Қытай Қазақстаннан ауыл шаруашылығына пайдалану үшін көп те емес, аз да емес 1 миллион гектар қазақ жерін жалға беруін сұраған.

Атап айтқанда, 4 желтоқсанда Шетелдік инвесторлар кеңесінің мәжілісінде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстаннның шикізат секторында жұмыс істейтін шетел инвесторларына ірі жобалар жұмыс істеп жатқан аймақтар маңында агроөнеркәсіптік өндіріс кешендерін құруға ұсыныс жасады.

Өз ұсынысының салмақтылығының дәлелі ретінде Ақорда қожайыны Қытайды мысалға келтірді. Атап айтқанда ол: «Мысалы, Қытай Халық Республикасы соя мен рапс өсіру үшін оларға 1 миллион гектар жерді жалға беруімізді сұрады», – деп мәлімдеді.

Қазақ президентінің бұл сөзді абайламай немесе «сендер келмесеңдер қытайлықтар келеді» деп, әсіресе батыстың ауыл шаруашылығы инвесторларын асықтырғысы келгендіктен айтқанын бағалау қиын.

Алайда, алматылық ҚазТАГ агенттігі 9 желтоқсанда Бейжіңнің 1 миллион гектар жер сұрауы жайындағы әңгіме Қытайдың Қазақстандағы елшісіне «жаңалық болғанын" хабарлады.

«Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чэн Гопиннің өз елінің соя мен рапс өсіру үшін Қазақстаннан 1 миллион гектар жер сұрағанынан хабары жоқ. Бұл туралы ол сәрсенбіде өткен баспасөз-мәслихатында журналистердің сұрағына жауап берген кезде айтты», – деп хабарлады ҚазТАГ.

«Шынымды айтсам, мен мұны бірінші рет естіп отырмын. Әрине, Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласында жоспарлы және
Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласында жоспарлы және мазмұнды ынтымақтастық жасайды. Бірақ, мұндай ынтымақтастық міндетті түрде екі үкіметтің бақылауымен, өркениетті жолмен жүзеге асады.
мазмұнды ынтымақтастық жасайды. Бірақ, мұндай ынтымақтастық міндетті түрде екі үкіметтің бақылауымен, өркениетті жолмен жүзеге асады», – деді Қытай елшісі Чэн Гопин.

БАТЫС ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА АСЫҒАР ЕМЕС

Бірақ, қазақ билігі үшін егер мүмкіндік болса батыс инвесторларын елдің ауыл шаруашылығы жобаларына инвестиция салуға асықтыруға, тіпті оған итермелеуге себеп баяғыда пісіп, жетілген. Батыс және Орталық Еуропаның Германия, Италия және Чехия сияқты елдері инвесторларының қазақтың ауыл шаруашылығына жарамды жерлеріне қызығушылық танытқанын естеріңізге саламыз.

Алайда, Азаттық радиосына берген сұхбатында ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниевтің мойындағанындай, осы уақытқа шейін батыс елдері тарапынан бір де бір салмақты ұсыныс түспеген.

Тек батыс елдері ғана емес, сонымен бірге Жапония мен Парсы шығанағындағы бірқатар елдердегі мүмкін болар инвесторлардың Қазақстанның аграрлық секторына инвестиция салуына кедергі болып отырған себептер бар: біріншіден, климаттық жағдайлар; екіншіден, көліктік және өзге де қажетті инфрақұрылымдардың дамымағандығы және алыста орналасуы.

Солай бола тұра, Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің мәжілісі барысында Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге жарамды қыруар жері бар екенін жиналғандардың есіне сала кетті.

Атап айтқанда, Ақорда ауыл шаруашылығына арналған 3,5 миллион гектардан астам жерді шетелдік инвесторларға ұсынуға даяр. Бұл жайында Азаттық радиосына биылғы мамыр айында Арман Евниев айтқан болатын.

ҚЫТАЙ – ОРАСАН РЫНОК

Вице-министр Арман Евниев 7 желтоқсанда Азаттық радиосының тілшісімен телефон арқылы болған сұхбатта соя және тағы сол сияқты тиімділігі жоғары дақылдарды өндіруге байланысты шетел инвесторларын тарту жөніндегі қазақ үкіметінің жоспарлары жайында жан-жақты әңгімелеп берді:

«Бұл жердегі әңгіме Қытайда соя сияқты дақылдарға үлкен сұраныс бар екенінде болып тұр. Олар жыл сайын 40 миллион тонна сояны сырттан алады және бұл көлем жыл сайын өсе түсуде.

Тиісінше, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан сияқты бірқатар облыстардың суармалы жерлерінде сояны өсіруге мүмкіндік бар. Қазір осы жобаны инвестициялау, ұйымдастыру мәселесі талқылануда.

Есептеулер көрсетіп отырғандай, алдағы бес жылда соя өндіруді 1 миллион тоннаға дейін жеткізуге болады және алдағы бес жылда соя, жүгері және т.б. ауыспалы дақыл түрлерін есепке ала отырып өнім көлемін 3 миллион тоннаға дейін жеткізуге болады.

Рапсты біздің солтүстік өңірлерде өсіруге болады. Бірақ, мен бұл жұмыс әзірге осы жақын маңдағы оңтүстік өңірлерді игеруден басталып, сатылап жүргізіледі деп ойлаймын.

Бізде қазір астықты сатуға байланысты белгілі бір қиындықтар бар. Ал, рапс ішкі рынокта да, әсіресе сыртқы рынокта сұранысқа ие. Яғни, бұл рынокта сұранысқа ие дақыл».

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев «алдағы жылы осы жоба аясындағы байқау ретінде 10-17 мың гектар жер игерілетін болар», – деді.

ҚЫТАЙТАНУШЫ ҚАТТЫ АЛАҢДАУЛЫ

Қытайдың 1 миллион гектар қазақ жерін жалға сұрауы туралы Назарбаевтың айтқанына байланысты Қытайды зерттеуге көп жылдарын арнаған белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезов былай деп түсінік берді:

«Қытайдың соя туралы бұл ұсынысы олардың жақын арада осы жерлерге келіп, түптеп орнығып қалу туралы ойын аңғартады.

Президент Қытайдың бұл ұсынысын айтқанда біздің ұланғайыр жеріміз де бар және оны игеруге ұмтылып отырғандар да жоқ емес деген тұрғыдағы әдістемелік айла жасады үміттенемін. Мұның артында бәрін Қытай алып қалмайды, елеусіз жатқан жер жоқ, қапы қалмаңдар деген ой да жатуы ықтимал».

Егер Ақорда соя мен рапс өсіру үшін Қытайға 1 миллион гектар қазақ жерін беретін болса, онда бұл Қытайдың Қазақстанды отарлай
Мұрат Әуезов, белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы. Алматы, 9 шілде 2009 жыл.
бастауының нағыз өзі болатындығына Мұрат Әуезов сенімді. Әңгіме 200 мың гектарға артық жер жайында болып отыр, дейді Әуезов.

Азаттық радиосына берген сұхбатында Мұрат Әуезов былай деді:

«Байқайсыз ба, ол сояға қатысты жоба талқыланып жатыр деді. Бірақ, бұл жоба жүзеге асса Қытайдан көптген адамдардың әкелінетіні түсінікті ғой. Ол сояны кім өсіріп, өңдеп, сатумен айналысады?

Егер әлгіндей жұмыстардың барлығымен қытайлықтар айналысса, онда бұл қыруар адам. Бұл жерде әңгіме тек қытай шаруасы ғана емес, қытайлық бүкіл инфрақұрылым жайында болуы мүмкін.
Қытайларға өз тағамдары, өз медицинасы, т.б. керек болады. Яғни, егер бұл мәселе Қытайдың пайдасына шешілер болса, онда Қазақстанды нағыз отарлау туралы әңгіме айтуға болады.


Өйткені, қытайларға өз тағамдары, өз медицинасы, т.б. керек болады. Яғни, егер бұл мәселе Қытайдың пайдасына шешілер болса, онда Қазақстанды нағыз отарлау туралы әңгіме айтуға болады.

Оның үстіне, соя, рапс өсіруге байланысты бұл жоба тек Қазақстанның оңтүстік облыстарын ғана емес, сонымен бірге бірқатар солтүстік облыстарды да қамтиды. Қытай осы арқылы болашақта бұл жерлерге қытайларды қоныстандыруды ойлап отыр. Ал, бұның бізге еш қажеті жоқ. Бұл соңғы күндері мен естіген ең қорқынышты жаңалықтардың бірі».

БАЙЫРҒЫ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ

Қытайға жер беруге байланысты қорқыныш-қауіп айтып отырған тек Мұрат Әуезов қана емес екен.

Қазақ жерінің қилы да күрделі тарихы мен қайғылы тағдыры туралы төрт кітаптың ауторы, белгілі жазушы Сапабек Әсіптің пікірінше, Қазақстандағы ең ыңғайлы және шұрайлы жерлер алдымен қазақтардың өзіне берілуі керек.

Жер үшін көшпелі қазақтар әрқашан өмірін тіккеніне және бұл қазір де ең түйінді мәселе болып қалғандығына жазушы нық сенімді.

Өз кезегінде, қытайтанушы Мұрат Әуезов Қытаймен қарым-қатынаста Қазақстан басшылығы өткен жылдардың тәжірибесін есепке алатындығынан үмітін үзбейді және Ақорданы барынша сақ және қырағы болуға шақырады:

«Біріншіден, тәуелсіз Қазақстанның Қытаймен арадағы қарым-қатынасында үлкен тәжірибесі бар. Және президент Назарбаев қоғамға мұндай ақпаратты берген кезде бұл тәжірибені есепке алады деп үміттенемін.

Мен барлығымызға тағы да қайталап ескертемін: Қытаймен қарым-қатынаста өте сақ, әрі қырағы болуымыз қажет. Өйткені, әңгіме біздің ұлттық қауіпсіздігіміз жайында болып отыр. Біз бұл жайында бұған дейін де көп айтқанбыз және қайталаудан шаршамаймыз.

Қытайлықтар мұнай және газ құбырларын салды. Бұл құбырлардың Қытай үшін маңыздылығы соншалық, оның алғашқы тармағының ашылу салтанатына мемлекет басшысы Ху Цзиньтаоның өзі келмек! Яғни, бұның өзі әлгі мұнаймен, газбен, уранмен және т.б. байланысты жобалардың Қытай үшін қаншалықты маңызды екендігін байқатуда.

Бірақ, әр елдің өзінің іргелі мүддесі болатындығына тағы бір рет назарларыңызды аударғым келеді. Біз Қытайдың стратегиялық мүддесінің не екендігін білеміз. Қытай өзінің басты мақсатына жету үшін қандай терминологияны болса да қолдана береді.

Сондықтан, экономикалық тиімділігі болатын кез-келген мәселені талқылауға болады. Бірақ, біз үшін аса маңызды территориялық мәселеде ұтылмауымыз керек. Өйткені, бұл мәселе ежелгі түрік кезеңінен бері келе жатыр.

Міне осы мәселелерді бір-бірімен байланыстырып, кешенді түрде қараған маңызды және қажетті. Міне, дәл осылай, біреуін екіншісінен бөле қарай отырып біз шекаралық өзендер және шекара мәселесінде Қытайдан ұтылып қалдық.

Қытаймен бұлайша жұмыс істеу – қылмыс. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып айтқым келетіні: ненің не екендігін тура айту керек. Біздің жерімізге, байлығымызға байланысты мәселелермен айналысып, тұмсығының астындағынан арғыны көрмейтіндер – қылмыскерлер.

Президент Назарбаевтың жіңішкелеп айтқан сөзі ол кісінің бұл проблеманың қаншалықты күрделі екендігінен хабардар байыпты ұстанымын аңғартады деген үміттемін.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао. Бейжің, 16 сәуір 2009 жыл.
Ал бірақ, президент Назарбаевтың айтқан сөзі өзінің не істейтінін алдын ала мұқият жоспарлайтын және қойған мақсатына жетуді білетін қытай тарабының әлгіндей ұсынысының пайдасына шешілуден құдай сақтасын.

Қытай алға қойған мақсатына өте шебер түрде, асықпай, саспай, бірақ әйтеуір бір тыңғылықты жетуді біледі. Сондықтан, соя егу жобасына қатысты айтылған бұл ұсынысқа дер кезінде қарсы тойтарыс берілмеуі немесе оны талқылаудың доғарылмауы мені өте қатты алаңдатып отыр».

Қазақтың кейбір қоғам қайраткерлері осындай қауіптерін айтып жатқанда, келесі аптада Қазақстанға Қытай төрағасы Ху Цзиньтаоның келетіндігі белгілі болды. Қазақстан СІМ хабарлауынша, сапар барысында Ху Цзиньтао мен президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-Қытай» газ құбырының бірінші тармағының іске қосылуы және екінші тармағындағы дәнекерлеу жұмыстарының бітуіне байланысты салтанатты рәсімге қатысады.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Магжан Қайдан: алматы
11.12.2009 11:58
+0 / -0
Құрметті Қазақтар!
Біз ұлтпыз. Әрі өзіміздің жеріміз, отынымыз бар! Біздің мақтан тұтатын ұлдарымыз да, қыздарымыз да жетерлік Құдайға шүкір! Енді, бізге ұлттық сипатымызды, ерекшілігімізді өркендететін, жаңа тұлға керек! Нұрсұлтан ағамызға рахмет, жасарын жасады, асарын асады.
Бұдан былай ұлтты қорлаудын қажеті жоқ! Бізге өз мінезімізді, өз дінімізді, өз тілімізді көтеру керек!
Украйындықтар мен грузиндерді менсінбей қараймыз, шынында олар өз таңдауын жасаған елдер. Ал, мақтанғанда алдымызға жан салмаймыз, расында, қазақтар мақтанғаннан мас болған ел! Бұл өз кезегінде үлкен ДЕРТ!
Алматыдағы Сейфуллин көшесінде тұрған "құлдар" кім, базарда арба айдап жүрген кім, отбасын тастап, саудада жүрген кімдер барлығы Қазақтар! 1454 жылы Қазақ хандығын құрған жау-жүрек ата-бабамыз бүгінгі ұрпақтын дәл осындай күйге түседі деп әсте ойламаған болу керек! Біздің бүгінгі күйіміз өте мүшкіл. Енді, "сен тимесең мен тиме" саясатынан арылу керек. Барлық билік органдары халыққа тәуелді болу керек! демократия деген осы!
Егер осы төңіректе бірігіп, тізе қоспасақ онда істің бәрі бекер. Басы "кедендік одақ" боп басталған бұл ұйым, ендігі екі-үш жылда "кеңестік одақ" болып шыға келуі ғажап емес!!
Өтініш, Ру мен жүз туралы сөз қозғамайық, оны қоғаған сайын тақырып ашыла береді. Оданда Қоғамды өтірік мақтауға, мақтануға апаратын жасалып жатқан саяси ойындар туралы айтайық. Мысалы: ОБСЕ ге төрағалық ету, экономикалық өсуіміз ТМД да алдынғы қатарда деген дақпырттар елді адастырып бітірді. Бұл тек бізді басынғысы келген Ресей сынды азулы елдерге тиімді.
Олар бізді өтірік мақтап аузымыздағын жұтып отыр.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
11.12.2009 11:58
+0 / -0
Ата-бабаларымыз соя мен рапс жемей-ақ өсіп өнді ғой...Соя жегісі келгендерді Қытай еліне жер аудару керек сияқты....

Кімнен: Sk8 magan
11.12.2009 12:50
+0 / -0
Адамды адам ретінде көрмейтін ел мен мемлекет ешқашан оңбас, ондай елде тұрғым да келмейді.Өкінішке орай мен өз НҰР-ОТАНЫМДА ешкіммін, мені шенеуніктің баласы атып тастаса, оған мен кінәлі болам, себебі мен ол шенеуніктің баласы емеспін!!!!!! Бұл ел емес, сол мені қынжылтады, жастарда үміт жоқ, Абай оларды сайтан дер, амал не өмір сүргіміз келеді, бірақ мүмкін емес бұл елде АДАМ болып қалу!!!! Отбасымды мүмкіндігім болса, Еуропаға не Мұхиттың ар-жағына көшіріп әкетем, мына билікті қорғағым келмейді, мені барлығы кешірсін, дегенмен біздің санамыз да, тәніміз де алдымыздағы астан артық емес, ол ең біріншіден презикке айтылған әңгіме, АР МЕН НАМЫС халықта жоқ!!!! Қазір не десеңдер де, сендер азшылықтың құлына айналмаңдар деймін!!!! Ата-бабалар кешірсін, бізді мал қылған билігі құрысын,бұл жүрегімде жатқан ауыр мұңымның азы ғана.
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Алматы қ.
22.12.2009 11:26
+0 / -0
Мен сенің пікіріңмен қосылмаймын. Ар мен намыс халықта жоқ деген озің емес пе? Мына созіңе қарағанда озіңде ар мен намыс жоқ сияқты ғой бауырым. Сен тек өзімшіл ғана болып отырсың, сені басқа қазақтың өмірі қызықтырып отырған жоқ қой.
Сен өзіңді ғана ойлап отырсың, ренжіме но сен эгоистсің.
Сенің олай қазақ болғаның ешкімге де керегі жоқ.
Бұдан гөрі шынымен де шетелге, қалаған еліңе барып тұрғаның дұрыс.

Кімнен: halmurat Қайдан: Битөбе
11.12.2009 14:21
+0 / -0
Рапс жер құнарлығына аса зиянды өсімдіктердің бірі. Сол себепті дамыған елдер өзіндегі рапс сынды егістіктерді дамушы елдерге біртіңдеп ауыстыруда. Олар тек егістік демей көптеген шикізат, қазба байлыққа келгенде біздерді тек алғашқы өңдеуші ретінде қалдырғысы келеді. Сол тұрғыдан Қытай алыс болашақта Қазақстанға жер жалдаңдар деп қасақана өтініш қоюы әбден мүмкін, ал бүгін-ертең өйтуі тіпті мүмкін емес. Өйткені қытыкеңдер Көк пен Сары өзеннің аса мол суын солтүстікке бұрып Ұлы Қорған маңын жаппай жасылдандыруды бастап та кеткен. Демек біз сияқты суға тым тапшы елдің құнарсыз әрі өте суық жерін жалдауға сонша құлықты та емес. Нұрекең бұл сөзді шетелдік қаржы салушыларға қыр көрсетіп әдейі айтқан болар. Екіншіде, біздің Жайық, Сыр, Ертіс, Іле тәрізді негізгі су қорларымыз түгелдей шетелде қалыптасады. Суға жарымай отырғанда қосымша егістік туралы әңгіме де болмауға тиісті. Әңгіме қытай бізден жер сұрап отырғанда емес, жеріміздің потенциалы енді ондай артық жүкті тіпті көтермейтінінде.
Ал қытай десе текке үрке қараудан бізге келер пайда да жоқ. Мәңгілік көршіміз болған соң бірде олармен санасуға тура келеді. Демек олар жалдауға жер сұраса беру керек, бірақ аз мөлшерде және жалпы егістіктің мөлшерін өсірмей, мысалы, басқа бір тиімсіз егістіктердің көлемін қысқарту арқылы жалдауға жер шығаруымыз керек.
Өйткені, жерді қойғанда енді біраз жылдан соң кез келген қазба байлықты жасанды жолмен шығаратын арзан технология бәрібір табылатын болады (қазір де бар). Сол кезде біздердің, бәзбіреулерден бекер қызғанған біраз қазба байлықтарымыз тіпті жарамсыз болып қалуы әбден мүмкін. Жер де, қазба байлық та тек айналамға түскенде ғана байлық бола алады. Басқа уақытта ол бір жатқан жер, ал қазба байлық болса бар болғаны көмулі құм топырақ ғана.

Кімнен: аңқау Қайдан: елден
11.12.2009 15:49
+0 / -0
Аттан қазақ, дегенде аттан қазақ!
Бұл ғасырда боламыз кімге мазақ.
Қорқақ боып ініңнен шықпай жатсаң,
Орнағанды көресің, үлкен тозақ.
Қарсы шапсаң қасқайып борандарға,
Бас иеді алдыңда, келіп өзі-ақ.

Кімнен: Сапар Қайдан: Алматы
11.12.2009 16:33
+0 / -0
Биздин елге кауыптин ен улкени ар кашанда Шыгыс жактан келетинин умытпайык!
Пікір алмасу

Кімнен: Батыс қазағы Қайдан: Ақтау
11.12.2009 19:34
+0 / -0
Сапар, сен өзің Оңтүстікте болғасын тек шығыстан келген деп айтып отырған шығарсың. Ал, Солтүстіктен де келгенін ұмытпа. Оны біз Батыс Қазақстан жақсы білеміз. Қазақтарды ассимиляцияландырғаны соншама, сендейлер оны көрүден, білүден қалғансыңыз.

Кімнен: Мен Қайдан: Басқа планетадан
11.12.2009 19:00
+0 / -0
Суреттегі президенттердің біздікі мен олардікіні қараңызшы. Біздікі ернін жымқырып, тістеніп, ал олардікі жымысқы ойын білдірмей тұр. Қазақты жалқау деп кім айтты? Тек оған жағдай жасалмай отыр. Қолында түгі жоқ, кедей нені жасамақ? Егер жерді қытайдың көмегімен игергіміз келсе, олардың санын шектеп, біздің жұмыссыздарымызға жұмыс тауып беру талабын қатаң қою қажет. Бірақ қазіргі жемқор билікте бұл жүзеге аспайды деп ойлаймын.

Кімнен: Сыр қазағы Қайдан: Ақмешіт
11.12.2009 19:04
+0 / -0
Сонда қазақтың жері Назарбаевтың жеке меншігі ме, одан сұрайтын? Әуелі қазақтан сұрасын, оны береміз бе, бермейміз бе, өзіміз білеміз. Онсыз да 75 пайызы сатылып бітті ғой, шет елге.

Кімнен: Мен Қайдан: Сол баягы ауыл
11.12.2009 20:54
+0 / -0
Мынауын енди тым артык кеткендик шыгар! Жо, жок накты артык кеткендик! Немене елди мазак еткиси келе ме? Мен биликти тусинбей-ак койдым! Тусингим де келмейди! Кайда барсан алдыннан салан етип шыгатын.......! Кайда биздин атадан калган ОТАНСУЙГИШТИГИМИЗ? Кайда баягы КУШ-ЖИГЕР? Кайда НАМЫС? Айдаладагы кози кысык кытайга жеримизди берип карап отырамыз ба? АТТАН АЛАШТЫН бетке устар ер-азаматтары! Тагы да ескертерим: БИЛИКТИЛЕР, ХАЛЫК-МУХИТ, СИЗДЕР -ЖАЙ ГАНА УЫС КУМСЫЗДАР! АЛ МУХИТТЫН УЫС КУМ ТУГИЛИ ТУГЕЛДЕЙ БИР ЕЛДИ ЖАЙПАЙ АЛАТЫНЫН УМЫТПАНЫЗДАР!!! САКТЫКТА КОРЛЫК ЖОК! УЙКЫДАГЫ АРЫСТАН ОЯНСА НЕ БОЛАРЫН КИМ БИЛСИН............

Кімнен: Алашұлы Қайдан: Қазақ елі
11.12.2009 22:38
+0 / -0
Жай жатар кез біткен сияқты ағайындар!

Кімнен: Мұрат Қайдан: Елден
11.12.2009 22:42
+0 / -0
Егер газеттерде жазылғандай Н-анның тегі жоңғар, атасы - қалмақ дегені рас болса, түбінде Қытайға қазақ жерін беру арқылы Жоңғар Республикасын дүниеге келтіру жобасы іске асуы мүмкін сияқты.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.12.2009 05:19
+0 / -0
Күнде бір сорақы жаңалықты еститін болдық қой, не болып барады? Бир миллион гектар жерді алып, бир миллион қара қытай келсе, қазағым, біттім десеңші!?
20 жылдан бері аздап алған жерінің құжатын мың құбылтып ауылдағы ағайынның миын шіріткен Үкімет енді тағы не істемек?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.12.2009 11:03
+0 / -0
Масқара не дейді мына қазақтар?????????

Кімнен: maksutkhan.azatkhan Қайдан: Aktobe
12.12.2009 18:57
+0 / -0
bizde tabyhy baylik bolmay xalik ashtan oleyin dep jatca onin joni backa!bizde ne jetpeydi nicap kanahat jetpeydi.al nicap jetpece onin conhi natyjeci nege aparip coktiratinin aytpacamda tucinikti!bodan bolhim keledi kitay bolhim keledi egemendikti kajet etpeytin jandardin cteytini dep oylaymin!1

Кімнен: asan
12.12.2009 23:34
+0 / -0
Elge kara bult kelip tur, el bastaitin zhana adamdar, zhana ulttik ideyalar kazhet. Kazaktarga oianatin kez keldi. Nureke sizge rahmet. Eshten kesh zhaksi. Ote kop otirip koidiniz. Endi zhana gasir. Zhas buin osip ari karai eldi zhurgizedi. Shinimdi aitsam, mna sorderinizden kein sizge senimim kemip kaldi, muldem zhok. Mna zhana ult doktrinaniz, Masimovti Tokaevti tagaindayiniz aidaharga kizimet zhasap zhurgen zhoksiz ba degen kudik tugizadi. 90 zhildari Tokaev ekeuiniz shegarani delimitacia kezinde Kitaiga biraz zher berdiniz, soyani sonda osirsin. ali kunge dein ata babamizdin suegi zhatkan zherdi kalai berip koiganimizdi tusinbeimin. Oyan kazak. Elge kun tudi. Zheltoksan zheli el aralap zhur.

Кімнен: нурзат Қайдан: семей
12.12.2009 23:50
+0 / -0
казакстан казак уш1н гана кутты мекен емес 13ултка уй болып отыр,сол ортак уй1м1зд1 осылайша онайлыкпен кытайга бере салу барып турган маскара гой,бил1к басындагы агалар не карап отыр???кытайга осылай малай болганша согыста олген артык,оян казак кеш болмай турган да,мен каз1рг1 саясатка карсымын,ОЯН КАЗАК
Пікір алмасу

Кімнен: Бауыржан
13.12.2009 14:54
+0 / -0
Нурзат енд1 узбей окып п1к1р жариялап тур
с\н Аган Бауыржан Астанадан

Кімнен: НУРЗАТ Қайдан: СЕМЕЙ
13.12.2009 00:06
+0 / -0
Гүлсің ғой сен, шетелге пайдалысың,
Сол шетелдің шикізат алатын қайнарысың.
Кедейленіп бара жатқан халқыңның,
Білінбей жүр мазасыз жайлары шын.
деп айткан акындардын соз1 каз1рде шын гой

Кімнен: meseh Қайдан: tokyo
14.12.2009 09:28
+0 / -0
ketayga bir sharshe jerdi nesiyege beriwge bolmayde.sonday-ak bir ketaydekazakh jerine kirgiziwge bolmayde.sebebi ol duniyeni kurtkan suwayt! ol kumerskaday kaptap ketip keleshekte eshkimge boy bermey kazakhteng tubine jetetin bolade,ey kazakhtar aste esteringnen adaspangdar,jangelep jazbengdar.

Кімнен: Таулық Қайдан: Сұлу төр
14.12.2009 10:49
+0 / -0
Егер жер берілсе, міндетті түрде екі ел арасында жан-жал туады. Ауыл қазағы қала қазағы емес, келген қытайды бірақ күнде шауып салады. Оған күманданбаңдар. Дала қазағына саясатты ұрғаны бар ма, жау келді деп, аттың бауырына шүршүтіңді бір ақ сүйрейді. Естеріңде шығар Мойынқұмның атты әскері.

Кімнен: Сақбай Қайдан: Астана
14.12.2009 11:08
+0 / -0
Ұлттық мүдде далада қалды деген осы! Жер беру Отанға жасаған опасыздық. Олай болса, заңның осы тармағы бойынша іс қозғауды халық болып талап етейік!
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Назарға көп іліккен