Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:19

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Назарбаев өзі даңғыл жолға салып берген непотизмге енді өзі таң қалып отыр

Жақында президент Нұрсұлтан Назарбаев «қазақстандық мекемелерде не істеу керектігін жөнді ұғынбайтын жеткіншектер ірі қызметтерде отыр» деп мәлімдеді. Азаттық радиосының дөңгелек үстелі осы тақырыпқа арналады.

Мәтін көлемі - +
Дөңгелек үстел талқылауының ықшамдалып аударылған нұсқасын осы арадан тыңдай аласыздар.

XXI ғасырдың алғашқы онжылдығында Қазақстанда мүлдем жаңа құбылыс қалыптасты: ұлттық компаниялар - «мықтылардың» балалары мен немерелес туыстарының компанияларына айналды. Бұл құбылыс аяқ астынан пайда болған жоқ. Жиырма жыл ел басқарып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі кезінде қанат жайған бұл құбылыс енді Қазақстан президентінің өзінің де таңданысын туғызды.

Осы құбылыс жайында Азаттық радиосы өткізген дөңгелек үстел талқылауына Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің бұрынғы басшысы, «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменов, «Азат» жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы жетекшілерінің бірі Петр Своик, Орталық азиялық демократия дамуы қорының бас директоры, саясаткер Толғанай Үмбетәлиева, «Кто есть кто в Казахстане» анықтамалық зерттеуінің авторы әрі бас редакторы, тарихшы және саясаттанушы Данияр Әшімбаев қатысты.

Біздің пікірталасқа ұлттық компаниялардағы кадр саясатына жауапты «Самұрық-Қазына» қорының басшылары да шақырылған еді. Бірақ олар ұсыныстан бас тартты.

Дөңгелек үстелді «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы Қазақ редакциясының қызметкері Сұлтан-Хан Аққұлұлы жүргізді.

Жүргізуші:

– Жақында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, үкімет отырысында сөйлеген сөзінде, «қазақстандық мекемелерде не істеу керектігін жөнді ұғынбайтын жас қыз-жігіттер ірі қызметтерде отыр» деп мәлімдеді.

«Мен жақында «Қазмұнайгаз» бойынша тапсырма беріп, қандай шағымдар болғандығын анықтауды сұрадым. Қызметте не үшін жүргендігін ұғынбайтын жеткіншектер отыр. Оларды қалай іріктеген?» деп сынады президент.

Назарбаевтың айтуынша, «жас мамандардың 15-20 пайызы ғана міндетін дұрыс атқарады, оқиды, жұмысқа келеді, өндірісті түсінеді», «ал қалғандарында, мақтанқұмарлықтан басқа түгі жоқ, қайсыбірі дөкейлердің әулеттерінен, тіпті жоғары жылы орындарға ұмтылыс деген жоқ». Министрліктер мен мекемелер «мұндай адамдарды тартады» деді президент.

Құрметті қонақтар, пікірталасымызды әуелі мен айтып өткен «жиендердің экономикасы» және «күйеу балалардың экономикасы» дейтін ұғымдарды талқылаудан бастап, бұлардың авторы Петр Своикке сөз ұсынсақ.

Своик мырза, 1990-шы, содан кейін 2000-шы жылдардың экономикасын «жиендер» мен «күйеу балалардың» экономикасы деп атадыңыз? Содан бері не өзгерді?

ЭКОНОМИКАҒА МАСЫЛ БОЛҒАН ЭЛИТА

Петр Своик:

– Шын мәнінде, 1990-шы жылдардың басында нарықты негізінен «жиендер» жаулай бастады, онысы жаман болған да жоқ. Сол кезде президенттің өзі де жас еді, қырықтан енді асқан шағы болатын. Ол көпшілігін өз қолымен, қазіргідей түрмеге емес (бұл кейін басталды ғой), үлкен бизнеске, үлкен саясатқа жетектеп әкеліп қосты.

Петр Своик, саясаткер, монополияға қарсы қоғамдық комитеттің төрағасы. Алматы, 4 наурыз 2009 жыл.
Содан президенттің серіктестері: қырықтағы, отыздағы, тіпті жиырмадағы әжептәуір талапты кәсіпкерлер, біршама белсенді басшылар пайда болды. Біздің Әлихан кезінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікті ғана емес, президент әкімшілігінің басшысы да болған еді.

Мәселе «жиендердердің» көбейгендігінде емес. Менің ойымша, барлық қиындық президенттің айналасында ешкімнің қалмағандығында болып тұр. Мұның барлығын жоғалған жас буын деп айтар едім. Ең қорқыныштысы осы. Кейбіреуі оппозицияда, тағы біреулері түрмеде, енді біреулері шетелге кетті. Өкінішке қарай, бірнешеуі о дүниелік болды.

Ал қазір президенттің маңайында, ұлттық бизнесті, мемлекеттік басқаруды қазақтан басқалары көбірек қолдайды. Бұл қауіпті, өйткені оның тізгінін ұстататын ешкім жоқ.

Данияр Әшімбаев:

– Қазіргі күні жаңа өндіріс орындары дұрыстап құрылған да жоқ. Жаңа құрылымдар, мысалы, банктер, сақтандыру, зейнеткерлік қорлары, жоқтың қасы. Қазір барлық ресурстар мемлекеттің, яғни мемлекеттік, ұлттық компаниялардың айналасында шоғырланған.

«Қазмұнайгаз» жүйесін алар болсақ, барлық өндіруші кәсіпорындар соған қарайды. Ал «Қазмұнайгазда» «Самұрық-Қазына» холдингі бар,
Жоғары лауазым иелері балаларының әжептәуір жұмыс істейтін көпшілігін танимын. Бірақ осындай маңызды секторларда тамыр-таныстықтың жоғары болуы элитаның экономикаға масыл болуына әкеп соқтырады.
бұл дегенің екі кәсіпорын мұнай өндірумен айналысып отыр.

Сервистік, консалтингтік, маркетингтік және басқа да құрылымдар қаржы ресурсын жіліктеу мақсатында құрылады. Мұны ресурстардың элита арасындағы бөлінісі деп те қарастыруға болады. Яғни, әйелдерін, жиендерін, балаларын жұмыспен қамтамасыз ету деген секілді.

Менің ойымша, таныс-тамырлық көрсеткіші «Қазмұнайгаздың» барлық деңгейінде өте жоғары. Хатта көрсетілген 20-30 пайыздан әлде қайда жоғары деп есептеймін. Менің өзім жоғары лауазым иелері балаларының әжептәуір жұмыс істейтін көпшілігін танимын. Бірақ осындай маңызды секторларда тамыр-таныстықтың жоғары болуы элитаның экономикаға масыл болуына әкеп соқтырады.

«МЫҚТЫНЫҢ» ТУЫСТАРЫ

Әлихан Байменов:

– Біз 1999 жылы, тым құрығанда мемлекеттік қызметте осындай құбылыстан арылуға тырыстық. Өкінішке қарай, реформа содан кейінгі
Әлихан Байменов, «Ақ жол» партиясының төрағасы.
жылдары шөгіп қалды агенттік меритократия – мемлекеттік қызметтегі кәсіби деңгейді арттыруды қойды.

Қазіргі буын – қазіргі жүйенің өнімі екендігін біз жақсы түсінуіміз керек. Президент мақтанқұмарлық туралы айтқан күннің өзінде, олар негізгі шешімді қабылдаушылардың өнегесіне қарайтындығы айтпаса да түсінікті. Сондықтан мемлекеттік қызмет пен ұлттық компаниялардың, жалпы мемлекеттік басқарудың ұжымдық әдебінде мақтанқұмарлық елеулі орын алады.

Айталық, бүгін президент: «Нұрәлі Әлиевті тағайындаған екенсіңдер, бірақ мен оның сол қызметке сай келетіндігіне күмәнім бар, тексеріңдер» деп айтса, мұның әсері көптеген конференциялар мен дөңгелек үстел мәжілістерінен әлдеқайда зор болар еді деп есептеймін.

Толғанай Үмбетәлиева:

– Патронаж – біздің кадр саясатының негізін құрайды деп айтар едім. Менің пікірімше, бұл кадр қызметінде жауапкершіліктің жоқтығынан
Бақылауды да билік жүргізеді, яғни аттестация биліктің қолында. Сондықтан ол өзінің іс-әрекетін жаман етіп көрсетуге құлықты емес.
болып отыр. Әйтпесе жиендер мен туысқандар қайдан пайда болады? Сол баяғы туысқандар ешқандай жауапкершілік арқаламайды, жазасыз құтылады.

Менің ойымша, бұл жерде мемлекеттік қызметке іріктейтін биліктің бір кертартпа ортасы қалыптасқан. Бақылауды да билік жүргізеді, яғни аттестация биліктің қолында. Сондықтан ол өзінің іс-әрекетін жаман етіп көрсетуге құлықты емес.

Жүргізуші:

– Кадр саясатындағы президенттің өзі мойындаған олқылық үкімет пен ұлттық компаниялардағы мемлекеттік басқарудың тиімділігіне және жалпы ұлттық экономиканың жағдайына қалай әсер етеді?

Данияр Әшімбаев:

– Қалыптасқан дәстүр бар: барлығы өздерінің адамдарын алға жылжытуға ұмтылады. Тіпті белгілі бір қызметке қатысты генетикалық мұрагерлік туралы айтылды. Соңғы уақыттары менің байқап жүргенім: бізде, айталық, кейбір аудан әкімдерінің әке-шешелері кезінде райкомның бірінші хатшысы, ал әкімшілік басшысының орынбасарларының әкелері бұрын облыстық комитет хатшысы қызметін атқарған
Бұрындары кадр саясатында аз-кем дайындыққа көңіл бөлінсе, қазіргі күні өз адамын өткізу деңгейіне көшіп кетті.
болып шығады. Әрі қарай тізбектеліп кете береді.

Шын мәнінде, Қазақстанда бұл жүйеде дәстүршілдік басым. Бұған Жандосовтың, Сәтбаевтың және басқаларының көптеген мысалдарын келтіруге болады. Мұның әбестігі жоқ: белгілі бір дәрежеде тәрбие мен білім беріледі, яғни кісіні алға сүйрейді.

Мұндағы айта кетерлік мәселе, бұрындары кадр саясатында аз-кем дайындыққа көңіл бөлінсе, қазіргі күні өз адамын өткізу деңгейіне көшіп кетті. Яғни, адамын механикалық түрде кез-келген жерге отырғызады.

«ЖЕТКІНШЕКТЕР РЕСУРСҚА ТАЛАСУМЕН АЙНАЛЫСАДЫ»

Әлихан Байменов:

– Маңызды қызметтерді жиендер, күйеу балалар, немерелер және басқалары босатпай отырған күннің өзінде, мемлекеттік қызметте, ұлттық компанияларда барлық қара жұмысты атқаратын білікті мамандар да бар екендігін атап өткім келеді.

Олар жұмыс істейді, сараптамаларды, жазбалар мен шешімдерді дайындайды, бәрін дұрыс жасайды. Бірақ олардың бастығына қызмет көрсетуге, мейрамханаларға алып баруға, моншада арқаларын езіп беруге икемі жоқ.

Өкінішке қарай, саяси тағайындаулар немесе ұлттық компаниялардың басшылары әркез ауысқан сайын жаңағы білікті мамандарды кері шегіндіру қауіпі туындайды.

Петр Своик:

– Бізде мемлекеттік басқару да, экономика да бірігіп кеткендігін айтып өткім келеді. Егер «олигархия» сөзін, сыни тұрғыда емес, мазмұнды анықтама ретінде алатын болсақ, біздің жүйені олигархиялық деуге келеді, яғни мемлекеттік билік пен стратегиялық бизнестің біріктірілуі дегенді білдіреді.

Осы тұрғыдан алғанда, «Самұрық-Қазына» деген не? Иә, жөні түзу елдерде вертикалдық интеграцияланған бизнес-корпорациялар бар. Олар көп сатылы, түрлі профильді болып келеді.

Бірақ «Самұрық-Қазынаңа» ұқсасы ешбір жөні түзу елде жоқ. Мұнда жеткіншектер отыр, президент дұрыс айтады – жеткіншектер. Олар мақтанқұмар ма? Иә, мақтанқұмар. Президенттің қателесіп әрі жалтарып отырған бір тұсы – «олар өздерінің немен айналысатындығын білмейді» деуі. Олар немен айналысатындығын жақсы біледі – ресурсқа таласумен айналысады.

Жүргізуші:

– Дөңгелек үстелге қатысқан барлықтарыңызға рақмет.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
26.02.2010 12:22
+0 / -0
Жиендер мен күйеулер отырсын. Олар отырмай кім отырады?! Мына заманда жөні де сол. Оған қазақ ренжімейді де таласпайды. Бірақ, сол ақ алақандардың бірде-бірінің қолынан ақша үшін қырқысқаннан басқа іс келмеді ғой. Қане, сөзім өтірік болса, солардың арасынан ел риза боларлық іс тындырмаса да, қазағым деп бір ауыз жылы сөз айтқан біреуі болды ма, осы 20 жылда? Жоқ, болмады, бола да алмайды. Өйтпек түгіл олар, ең соңында өздеріне қалқан болған сол дөкей әкелері мен мұрты майлы көкелерін ұятқа қалдырып кетіп жатқан жоқ па? Ал мұндай жағдайда оларға елді, ұлтты, тілді ойламадың деп өкпе айтудың орны тіптен жоқ.

Кімнен: қара қыз Қайдан: Алматы
26.02.2010 12:28
+0 / -0
"Ауызы қисық болса да бай баласы сөйлесін "дейтін сөз бұрыннан бар екені белгілі . Қара баласы солардың орынына сөйлеуге таласпаста еді(тіршілік күйбеңінен аса алмай да қалады ), егерде олар шынымен дұрыс сөйлеп , дұрыс жүретін болса ...өкінішті .
Пікір алмасу

Кімнен: Мұрат
01.03.2010 20:38
+0 / -0
Терещенко деген де бай баласы ма? Кеше Израильге барып Израильге жер сату туралы келіссөз жүргізіп, Қазақстанда қанша жерім бар, соны сатып алыңдар деп үгіттепті. Қандай масқара. Атасынан қалған жер ме екен?

Кімнен: ШОҒЫ Қайдан: Ақтөбе
26.02.2010 12:46
+0 / -0
Назарбаевтың көзін ашқан дұрыс, бірақта кезінде Алтынбек Сәрсенбаевтерді сатып кеткен Әлихан Бәйменовтер сияқты молданың баласын бұл талқылауға қатыстыру барып тұрған кешірілмес кателік!! Өзі де бір ұяттан безгеннің өзі екен, не бетімен не айта алады адамның қанын қайнатып, ашу-ызасын келтіріп?!!

Кімнен: Асан Қайдан: Алматы
26.02.2010 12:53
+0 / -0
Балық басынан шіриді. Президенттің, оның айналасында отырғандардың, депутаттардың, жалпы ірі лауазымды қызметте отырғандар мен бизнесмендердің туған-туысқандарының қандай қызметте отырғаны туралы біраз тізім жасап көріп едім, бос әурешілік екен. Білетініміз бар, білмейтініміз бар, толып жатыр, ұшы-қиырына жете алмайсың. 10 томдық кітап шығатын түрі бар. Айналасы таза бір шенеунікті ай... таба алмайсың, емге жоқ. Модератор, бул жолғы комментті алып тастамайтын болар деп сенемін. Өйткені бұл комментте "Азаттықтың" қазақшасына айтылған сын жоқ. ...

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
26.02.2010 13:24
+0 / -0
Ия бізде кез-келген орынға бір басшы барып отырар болса, ол «командасына» жасына қарамай тек қана жақын-туыстарын, ағайын-жекжатын тартатыны рас....
Бұл неге керек?.... Міне әңгіме басын осыдан бастау алу керек еді....Бұл сол ірі мекемедегі ұйымдасқан қылмысқа толықтай жол ашу.... Бөлінген қаржыларды ту-талақай ету....
«Түйе көрді бе-жоқ, Бие көрдің бе-жоқ!.... Ал бюджеттік мекемелерде параны ала білу үшін.... Ал жастарды келешек «өздеріндей» болуға тәрбиелеу....

Бірақ Назарбаев осы бір мекемеге өзінің туысын қойып отыра, оны толықтай біле отыра оған өзі таңғалуы бұл енді шикі өтірік.... Халықты алдай салу, шімірікпей....

Кімнен: Ғалеке Қайдан: Астана
26.02.2010 14:12
+0 / -0
Дөнгелек үстелде талқыланған тақырып та, айтылған пікірлер де бір қараған адамға, яғни демократия қағидалары мен азаматтық қоғам құндылықтарын дұрыс көретін адам үшін өте орынды болып көрінеді. Дегенмен, пікір білдірушілердің сөз нобайына астарлап, байыппен мән беріп қарағанға бәрі де керісінше. Бұл сөзіме көптеген дәлелдер келтіріп, сараптамалық ақпарат беруге болады. Алайда әзірге пікірімді әлде біреулерге қолды қылғым келмей отыр (арнайы мақала болмаған соң). Сондықтан, қысқаша ғана ой елегімнен өткен сөздердің желісін бере кетейін. Біріншіден, жиендер, күйеубалалар, әйелдер деп айдар тағып отырғанымыздың барлығы да қазақ қоғамында жоғары орын алатын туыстық қатынастар. Қазақ отбасысын онсыз елестету мүмкін емес. Яғни, "сұраса келсең қойныңдағы қатының бөле қарындасың болып шығады" деген сөздің дәлелі осы.Екіншіден, олардың барлығы да Қазақстанның байырғы ұлтынан шыққан адамдар. Үшіншіден, не үшін тек қана қазақ ұлтынан шыққан азғантай тұлғалардың төңірігенде сөз өрбіте беруіміз керек. Неге Қазақстанның бүкіл байлығын арқалап кетіп жатқан шетелдіктер мен басқа ұлттардың бір-біріне пас тастап, бармақ басты, көз қысты әрекетін сөз етпейміз.
Құрметті Әлихан аға және Данияр бауырым!
Тым болмаса сіздер аңдап қарасаңыздаршы. Кіммен сұхбаттас болып отырсыздар және сонғы 2 жылдың ішінде ұсталғандардың (мен оларды да ақтай алмаймын) арасында бір де бір өзге ұлт өкілін көрдіңіздер ме? Осы жағына мән беріп қарасаңыз еліміздегі саясаттың бағытын да, стратегиясын да жасап беріп отырған, сондай-ақ бір-бірімізді айдап салып отырған кімдер екенін аңғарамыз. (Жалғасы арнайы мақалада шығады)
Пікір алмасу

Кімнен: Айтеуiр журген бiреу
27.02.2010 02:31
+0 / -0
Оhо! Ен терен пiкiр Калекенiкi сиякты. Сосын жiгiттер, пiкiрлерiн отiмдi болсын десендер байсалды жазуга тырысындар. Оппоненттерiн мынау неге жайбаракат деп сескенетiн болсын. Оттапсын деген сиякты создер, жас балдарга гана асер етуi мумкiн. Тус корген жiгiтке. Рас болса тусiн тек озiн ушiн оте жаксы тус. Ал жалпы тустi корiнген адамга айтуга болмайды. Асiресе калжындасатын адамдарга айтуга болмайды. Пiкiрiм ушiн менi соге кормендер, мен тек айтеуiр журген бiреумiн.

Кімнен: Қазаққыз Қайдан: Шымкент
26.02.2010 14:42
+0 / -0
Балық басынан шіриді.......

Кімнен: Сұрмерген Қайдан: Жайық
26.02.2010 14:53
+0 / -0
Ғалеке, соған қарағанда, биліктің кадр саясатын мақтап, отан партиясының газетіне 5 бет етіп жазатын шығарсыз?!

Кімнен: Дипломды жан Қайдан: Жұмыссыздық аралы
26.02.2010 15:18
+0 / -0
МЕНІҢ КӨРГЕН ТҮСІМ!
(шағын хикая)

Түс көрдім. Түсімде Нұрсұлтан Назарбаев көкеміз пәтерімнің есігін қағып тұр. Есікті ашып жоғары шығыңыз деймін.
Нұрсұлтан - Сенің маған жазған хатыңды алдым. Өзің жұмыссыз өмір кешіп, көп жылдан бері күнелітіп жүр екенсің. Бүгін теннис ойнауға бармай бірден саған жолығуға әдейі келдім... Жинал. Төлқұжатыңды еңбек кітапшаңды алып менімен бірге жүр! Мен әртүрлі жолдармен кезінде қызметке тұрған жалқауларды, жатыпішіерлерді жұмыстан қуғызып жатырмын. Көп ойланып-толғанып сені Мәдениет министрі етіп тағайындауды жөн көрдім.
Президент мырзаның бұл сөзіінен кейін апыл-құпыл киініп жиналып жатып оянып кеттім.
Бірақ шынында да есікті біреу қағып тұр екен. Жүгіріп барып есікті аштым. Сөйтсем қайыр тілеп жүрген біреу екен. Бейтаныс адамның меселін қайтармай бір бөлке нан мен сары майдай сақтап жүрген жарты бөтелке арақты беріп аттандырып салдым. Осы көрген түсімді кім қалай жорып берер екен ағайындар......

Кімнен: Қазақ қызы Қайдан: ҚАЗАҚСТАН
26.02.2010 15:35
+0 / -0
Биліктегілердің орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер? Айту бәрімізге де оңай....
Пікір алмасу

Кімнен: Q2
26.02.2010 18:36
+0 / -0
Ого-го, босатпай отырған жоқ па, әйтпесе оның орнында халыққа көп жақсылық жасар едім!!!

Кімнен: Басир Қайдан: Атырау
26.02.2010 16:16
+0 / -0
Бұл ,ол кісінің кезекті таңқалысы соның бәрін қазір көріп тұрғандай...? Бүгінде лауазымды қызметтегілердің бәрі дерлік жасы бар ,кәрісі бар әбден боққа былғанып болған ... Бұны президенттің өзі де біліп отыр : Бір жиылыста бәрін жинап алып " Любого из вас за руки возьму , и могу отправить в суд..." деп кіжінгенін бәріңіз білесіздер... Мүнкін бұның артында " ,так что ?" деген үндеу тұрғандай ... Негізінде қылмысы барлар ондай жерлерде отырмауға тиіс еді ғой... Мүнкін бұл да бір саяси технология шығар. Қазіргі жалпы түсінік " Мұрының барда , бір сіңбір " қағидасы қолыңнан келсе істеп қал болып тұр ғой ... "Өз күніңді , өзің көр" деген ұранмен келе жатырмыз "ешкіге апа деп , текеге жезде деп" жүргізіліп жатқан идеологиямызда соған сай, біріншіден бай-қуатты болу .Елдің ,жердің жағдайын айтатындарға ,ақымықсың ба деп ? күле қарайтын жағдайға жеттік... Пікін жазып отырған кара кызға айтарым: Біріншіден "Ауызы қисық болса да бай баласы сөйлесін " деген сөз Аталы сөз емес, ауызекі айтылған жай сөз... Мақал мен Мәтелдің үлкен айырмасы бар.... Екіншіден Қазекем ешқашан байдың ауызына қарап басын изеген халық емес . Елдің ішінен шыққан шешен - билерді көптеп мысалға келтіруге болады: Олар ханның өзіне де айыбын баса айтып, жөнге салып жіберіп отырған ... Себебі біз Аталы сөзге тоқтаған халық едік , айыбын түсінген хан халқына кешірімін айтып ат - шапанын жауып силап жіберіп отырған, қазіргідей оғын не боғын жағып жібермеген...Осыдан-ақ ежелден келе жатқан дала демократиясын байқауға болады, шетелдегідей ойына келгенін істеу деп түсінбеңіздер....Тіпті Хазіретті Омардың (р.а) өзі де Халифа болғанда Сахабаларға кемшілігі болса айтып отыруын өтінген дейді . Кеңесіп пішкен тон келте болмас дегендей, Қарғыстың ең жаманы " Өзің білме, білгеннің тілін алма" дейді екен бұрынғылар , ал қазір " Өзің білме, білгеннің көзін құрт" қағидасын ұстанып келе жатырмыз ғой...

Кімнен: Анахарсис Қайдан: Sari arha
26.02.2010 17:53
+0 / -0
"Ауызы қисық болса да бай баласы сөйлесін " деген сөз Аталы сөз емес, ауызекі айтылған жай сөз... Мақал мен Мәтелдің үлкен айырмасы бар....
--------------
Жоқ, бұл аталы сөз! Бірақ оң мәнде емес, ащы мысқыл, мазақ ету, шенеу! Әдебиеттегі сөз өнерінің ғажайып бір түрі. Бұл сөз арқылы ешқашанда аузы қисық бай баласы сөйлесін деген мағына шықпайды, қайта керісінше, осындай жағыдайдың болмауын талап етуді, байлығына, билігіне сүйеніп зұлым ой, сұрқия сөз айтуды доғаруды талап ету. Өзінің аузы қисық, (ойы бұзық, сөзі арам, алдамшы, жалған) ал өзі бай, манап, қалай бұл сұмпайы бай болғанына бола арам сұрқия ойын іске асырып, жалған сөзін өрге бастырып жүр, осындай да сорақылық бар екен-ау деп жағаңды ұстағанда, түңілгенде, қатты кектенгенде айтылатын сөз. Оның астары ақиқаттың алдында әркім тең деген астарлы мән жатыр.

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
26.02.2010 18:05
+0 / -0
Анау Ғалекең дегенге айтарым, ОТТАПСЫҢ! Бауырлар қараңдаршы, биліктің адамы екені көрініп тұр ғой. Сен бізді кімге айдап салып отырсың аа? Петр Своик па айта алмай отырғаның? Оппозиционер ғой ол ия. Сол себептен ба? Халықты шатастырам, адастырам деп өздерің айта беретін, өздерің басты бағыт етіп алған "тұрақтылық пен толеранттылыққа, халықтар достығына" өзің сызат түсіріп отырған жоқпысың? Шатасып қалған жоқсың ба байқамай? Осындай пәлелер сор болды әбден. Сайттардағы комменттерімен онсыз да шаршап шалдығып, азып тозып, нақты анық пікірі жоқ, пікірі қалыптаспаған, кімге сенерін білмей жүрген сорлы, бейшара халықты ақымақ қылып біттіңдер ғой.

Кімнен: марат Қайдан: астана
26.02.2010 18:49
+0 / -0
Шоғы дегенге айтарым, Ақжолдың ішінде болған біз білеміз кім партияға кірген соң тартыс басталғанын. Әлихан қалтасы жұқа болған соң газеттер оны баспады. Ол ішіндегі ең тазасы болатын

Кімнен: аноним Қайдан: Алматы
26.02.2010 19:24
+0 / -0
Ғалеке. "Осы жағына мән беріп қарасаңыз еліміздегі саясаттың бағытын да, стратегиясын да жасап беріп отырған, сондай-ақ бір-бірімізді айдап салып отырған кімдер екенін аңғарамыз". Олар-бұрынғы қожайындарымыз екендігіне тоқтала кетсеңіз.

Кімнен: Санат Қайдан: Атырау
26.02.2010 21:56
+0 / -0
Армысыздар арғымақ мінезді ағайындар! Президент кандай оймен айтса да қоғамдағы қарын аштырар пікірді айта алды. Ағайыншылдық, туыстық дегендер кез-келгеніміздің бойымызда, қанымызда ағып жатыр деуге болады. Ол жалғыз Назарбаевтарға немесе жоғары билікте отырғандарға ғана тән қасиет емес. Жоғарғы билік тұрмақ қазір бір ауылдың адамы мектепке дироктор бола қалса ең әуелі мектепке жумыссыз жүрген жиенін, немесе күйеубаласын әйтеуір бір ағайынын қалайда жұмысқа кіргізеді. Бұл бар қазақтың басындағы кемшілік. Сондықтан да бір қазақ бір қазақтың кемшілігін тауып айқайлағанша әркім өз кемшілігін көріп түзеткені абзал шығар деп ойлаймын.

Кімнен: Басир Қайдан: Атырау
26.02.2010 22:11
+0 / -0
Тым болмаса сіздер аңдап қарасаңыздаршы. Кіммен сұхбаттас болып отырсыздар және сонғы 2 жылдың ішінде ұсталғандардың (мен оларды да ақтай алмаймын) арасында бір де бір өзге ұлт өкілін көрдіңіздер ме? --------------------------------------------------------------------------------------------------- Ғалеке. Сенің айтқың келіп отырғаны Жакишев ,Аблязов сияқтылар ғой, Әрине биліктің ендігі қаупі қазақтар, соның ішінде еркінойлы елге жаны ашитындарыда болуы мүмкін..,әйтпесе бәрі бірдей тасжүрек емес қой... Бұлар бар ғой ана: Машкеевич, Шодиев ,Ни , Миттал сияқтылардың қасында періштедей, кінәсіздері де болар ..., ал өзінің айналасындағылар ше ? әр жерде виллалары бар,өздерінің қаражатына салып па, әлде әкелерінен қалған байлыққа салып па? немесе кезіндегі самолет сатқандар бұларды президент білмей отыр дейсің бе? әлде тексеруге уақыты болмай жатыр дейсің бе ? Көпшілігінің пендешілігін пайдаланып , ақыры боққа батырып неше түрлі компроматтар дайындап та үлгерген шығар .... Бәрінің зиянын көретін қара халық ... " Бұл дүниенің зауалы, о дүниеге кетпес" деген , аман жүрсек көрерміз...

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
26.02.2010 23:17
+0 / -0
Кімнен: Дипломды жан Қайдан: Жұмыссыздық аралы
26.02.2010 15:18
МЕНІҢ КӨРГЕН ТҮСІМ!
(шағын хикая)

**********************-----------------------------------------*******************
Назарбае қазақ халқына жақсылық әпермегендіктен қалған өмірі тура сол қайыршыдай болып өтеді екен, тіленіп....

Кімнен: ШОҒЫ Қайдан: Ақтөбе
26.02.2010 23:41
+0 / -0
маратқа астаналық(марат дегенге емес, өз жазуың бойынша жазып отырмын, атыңда бас әрпі де жоқ екен) әлихан бәйменовтің қалтасында ештеңе жоқ емес, өзі елбасылардың қалтасында жүргенін кім білмейді, сенің өзің де солардың бірісің!!!...

Кімнен: Төреші
27.02.2010 00:30
+0 / -0
Құрметті Әлихан аға және Данияр бауырым!
Тым болмаса сіздер аңдап қарасаңыздаршы. Кіммен сұхбаттас болып отырсыздар және сонғы 2 жылдың ішінде ұсталғандардың (мен оларды да ақтай алмаймын) арасында бір де бір өзге ұлт өкілін көрдіңіздер ме? Осы жағына мән беріп қарасаңыз еліміздегі саясаттың бағытын да, стратегиясын да жасап беріп отырған, сондай-ақ бір-бірімізді айдап салып отырған кімдер екенін аңғарамыз. (Жалғасы арнайы мақалада шығады)
-----------------------------------------------------------------------------------
Ғалеке, кімді бауырымдап отырсың? Әлихан қазақ емес қой.
Үкімет басында жоқтың қасы болса да, ұсталғандардың ішінде өзге ұлт өкілдері де бар. Мысалы, Шейнкман, Жовтис, тағы да анау үкімін естігеннен кейін сотқа рахмет айтатын министрдің аты кім еді?
Ғалеке, есіңде болсын, билік пен ақша жүрген жерде, тек интернациональ-қылмыскерлер ғана жүреді, билік пен ақша ұлтты маңына да жақындатпайды.

Біздің стратегия біреу-ақ, ол билікті ешкімге бермей отырып алып, Қазақтың байлығын тонау.
Осы жасқа келгенше, осы қарапайым қағиданы да білмеймісің?

Ал, НӘН-дікі жәй-әшейін өтірік ауыш болып, сен сияқты лохтарды алдын-ала жасалып қойылған кезекті жоспар бойынша лохавать етіп, өз боғын езгендей, лохтар ермек қылып, осы сөзімді езіп отыра берсі деп айта салған кезекші-әңгіме ғой.
Оның айтқан сөздерінен ешнәрсе жақсы жаққа өзгермейді. Керісінше, оның өмір -тарихынан белгілі, ол айтқан іс еш уақытта оңалмайды, түзетуге келмей құрдымға құлдырайды.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі