Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:21

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

«Нұрбанктің» Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалы басшысына іздеу жарияланды

Жарты миллиардтан астам теңге жымқырған деген күдікпен «Нұрбанктің» Шымкенттегі филиалының директорына іздеу жарияланғаны туралы ақпаратты полиция растады. Банкирдің отбасымен бірге қазір қайда екендігі белгісіз. «Нұрбанк» басшылығы әзір бұған қатысты ешқандай түсінік бермей отыр.

Мәтін көлемі - +



«Нұрбанк» басшылығының Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне жолдаған ресми хатының негізінде, соңғы екі жылдан бері осы банктың Шымкенттегі филиалының директоры болып жұмыс істеген Асқар Көшербаевтың үстінен «өте көп мөлшерде ақша жымқырған» деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болып отыр.

ЖАРТЫ МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ

«Нұрбанк» филиалының ОҚО ішкі істер департаментіне жолдаған ресми хатында банктен 535 миллион теңгенің [3 миллион 600 мың АҚШ доллары шамасында] жоғалғаны жайлы және қазан айының бас кезінен банк филиалының директоры Асқар Көшербаевтың із-түссіз кеткені туралы жазылған. Осы хатты негізге алған полиция «өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқырған» деген күдікпен банкирдің үстінен қылмыстық іс қозғаған.

– Банк басшылығы тарапынан келген хат негізінде, қазанның 8-і күні ол азаматтың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол азаматқа іздеу жарияланды. Заң талаптарына сәйкес, ол үш ай бойы республика аумағында іздестіріледі. Егер бұл уақытта ел аумағынан табылмаса іздеу шаралары алыс-жақын шетелдерде жалғасады, – деді ОҚО ІІД баспасөз-қызметінің бастығы Салтанат Қаракөзова Азаттық тілшісіне.

Қылмыстық кодекстің бұл бабы бойынша жауапқа тартылған адамды 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Полицияның хабарлауынша, күдіктіні қамауға алу жөнінде сырттай санкция берілген екен. Қылмыстық істі ОҚО ІІД бастығы қатаң бақылауға алғаны айтылып отыр.

«НҰРБАНК» БАСШЫЛЫҒЫ ӘЗІР ҮНСІЗ

«Нұрбанктің» Шымкент қаласында орналасқан облыстық филиалының басшылығы бұл оқиғаны жоққа шығармағанымен, оған байланысты сұқбат беруден бас тартты.

Дүйсенбі күні Азаттық тілшісіне банктің қауіпсіздік басқармасы арқылы берген жауабында, филиал директорының орынбасары Гүлназ Ахметова бұл мәселе бойынша түсініктеме бере алмайтынын айтып, «Нұрбанктің» Алматы қаласындағы бас кеңсесіне сілтеді.

Қазанның 19-ы күні Азаттық тілшісінің сауалына Алматыдағы «Нұрбанк» акционерлік қоғамы баспасөз хатшысы Әйгерім Байжұманова «бұл мәселеге байланысты банк басшылығы кейінірек жауап беретінін» айтумен шектелді.

Қазір қайда екендігі белгісіз банкирдің Шымкенттегі пәтерінің және өзге телефондары жауап бермей тұр. Іздеу жарияланып отырған банкирдің Қазақстан аумағынан шығып кеткені туралы айтылып жатқан ақпараттарға қатысты полиция тергеу құпиясына сілтеме жасап, әзір ештеме айтпай отыр.

ЖОҒАЛҒАН МЕНЕДЖЕРЛЕР

Қазақстандағы екінші деңгейлі коммерциялық банктердің бірі – «Нұрбанк» акционерлік қоғамының топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің 2007 жылы қаңтарда із-түссіз жоғалуы осы банкке қатысты ең шулы оқиғаның бірі болды.

Ол екі адамның тағдыры туралы әлі күнге еш дерек жоқ. Бұл шым-шытырық іс Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің арасы ашылған соң сотқа дейін жетіп, Қазақстан соты шетелге бас сауғалаған Рахат Әлиевті бірнеше ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде, банкирлерді ұрлаған деп тауып, оны сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Осы іске қатысты ондаған адам жазаға тартылды. Кейіннен Ақмола гарнизоны әскери соты Рахат Әлиевті  «билікті күшпен басып алмақ болған» деген айыппен тағы 20 жылға сырттай соттады.

Баспасөзге берген сұхбаттарында Рахат Әлиев «Нұрбанк» менеджерлерінің жоғалуына өзінің қатысы жоқ екендігін айтумен келеді.

Қазақстан қор биржасының сайтындағы деректер бойынша, 2010 жылғы мамырдың 14-іне дейін «Нұрбанк» акционерлік қоғамының барлық акцияларының 50,69 пайызы Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның және 5,98 пайызы Нұрәлі Әлиевтің меншігінде болып келген. Ал мамыр айының ортасынан бері банк акцияларының 70,52 пайызы Софья Сәрсенованың иелігінде.

Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің деректеріне сүйенсек, Nurgroup қаржы тобының құрамына енетін «Нұрбанк» акционерлік қоғамы актив көлемі бойынша Қазақстандағы екінші деңгейлік коммерциялық банктердің арасында сегізінші орында тұр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Тастемір
19.10.2010 13:57
+1 / -0
Ойраттың шатасының өгей қызының ауызын әмпитып жіберген Көшербаевқа қаһарман атағын беру керек тегі! Мәләдес!!!

Кімнен: Меруерт
19.10.2010 14:32
+0 / -0
мен де қашып кетер ем осы елден мүмкіндік болса!

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
19.10.2010 14:33
+0 / -0
Альянс Банктің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында да дәл тура осы сценарийдегіге ұқсас жағдай болған еді...

Қолынан келсе қоныштан басатын заман болды ғой.

Кімнен: Ақыл
19.10.2010 14:35
+0 / -0
Даусыңнан айналайын, Мира Мүсілім! Жазған мақалаларыңа қарап үп-үлкен апай ма десем, қарындасым екенсің ғой...еңбегің жана берсін!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.10.2010 14:54
+0 / -0
ақша қолында тұрған адам осындай ертеңі күмәнді елде әрине тұрғысы келмейді

Кімнен: Нұртас
19.10.2010 15:07
+0 / -0
акциялардың 70 пайзын ұстап отырған мына Сопия деген кім? қайдан шыққан алпауыт? бұ да патшаның туысы ма? кім таниды оны?
Пікір алмасу

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
19.10.2010 17:41
+0 / -0
С. Сәрсенова биология ғылымдарының кандидаты, Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры болып табылады. Ол сонымен қатар, «Маңғстаумұнайгаз» АҚ мен «Павлодар мұнайхимия зауыты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған, танымал кәсіпкер Рашид Сәрсеновтың туысы.
Пікір алмасу

Кімнен: Амантай Нұрбек
19.10.2010 18:26
+0 / -0
Қуат, бұл әлгі совет заманындағы ең былық-шылыққа толы мекеме "Казпотребсоюз" бастығы болған Рәшит Сәрсенов емес пе? ол әлі тірі ме еді?
Пікір алмасу

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
19.10.2010 20:06
+0 / -0
Анығын білмедім аға. Сол болса сол шығар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.10.2010 20:19
+0 / -0
Яғни Назардың кеңестен қалған ұрыларын жаңадан шыққан ұрылары "әмпитіп" жатырған екен ғой.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.10.2010 15:28
+0 / -0
шынында да қайдан шыққан Сопия мынау?

Кімнен: Сәния Қайдан: Қызылорда
19.10.2010 15:41
+0 / -0
Бәрекелі Азаттық! Ең мықты да ашық жаңалықтарды өздеріңізден табамын үнемі!