Accessibility links

Журналистерді қорғау комитеті Рамазан Есіргеповті түрмеден босатуға шақырды


«Алма-Ата инфо» газетінде Жамбыл облыстық ҰҚК департаментінің қызметтік хаттары негізінде жарияланған атышулы мақала үшін Рамазан Есіргепов түрмеге қамалды. 21 қараша 2008 жыл.
«Алма-Ата инфо» газетінде Жамбыл облыстық ҰҚК департаментінің қызметтік хаттары негізінде жарияланған атышулы мақала үшін Рамазан Есіргепов түрмеге қамалды. 21 қараша 2008 жыл.

Халықаралық журналистерді қорғау комитеті Тараз түрмесінде аштық жариялап жатқан Рамазан Есіргеповтің жағдайына алаңдайтынын айтып, Қазақстан билігін оны түрмеден тезірек босатуға шақырды. Жұма күні түрмеде журналистпен адам құқын қорғаушы Руслан Халидов пен арнайы прокурор кездесті.


АДАМ ҚҰҚЫН ҚОРҒАУШЫМЕН КЕЗДЕСУ

Тараз түрмесінде аштық жариялап жатқан журналист Рамазан Есіргеповпен шілденің 9-күні түстен кейін адам құқын қорғаушы Руслан Халидов арнайы прокурордың қатысуымен кездескені Азаттық радиосына мәлім болды. Осы кездесу кезінде Азаттық тілшісі телефон арқылы байланысқан Руслан Халидов Рамазанның хал-жағдайына байланысты жалғыз ауыз сөз ғана айтып үлгерді.

– Денсаулығы бірқалыпты, қазір міне менің көзімше прокурормен сөйлесіп жатыр, – деді Руслан Халидов.

Рамазан Есіргеповтың зайыбы Раушанның айтуынша, бейсенбі күні Тараз түрмесіндегі жазасын өтеп жатқандардың хал-жағдайын білуге
«Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов сот үкімі шыққан күні. Тараз, 8 тамыз, 2009 жыл.
барған адам құқын қорғаушы Руслан Халидов сол жерде Рамазан Есіргеповты кездейсоқ кездестіріпті. Тұтқынның төсіндегі жазудан оның кім екендігін білген соң Рамазан Есіргеповпен тілдеспей кетпейтіндігін айтып, онымен жолығуға мүмкіндік беруді сұраған Халидовтың өтінішіне алғашында қарсы болған түрме әкімшілігі, ақыр соңында, оларды кездестіріп, екеуара бір сағаттай сөйлесіпті.

«Мен бүгін таңертең Халидовпен өзім де сөйлестім, ол Рамазанның түрмеде аштық жариялағандығын және ол жөнінде басшылықты жазбаша түрде ескерткенін растады. Ал бірақ түрме басшылығы әлі күнге дейін Рамазанның аштық жариялап жатқанын жоққа шығарумен келеді», – деді Раушан Есіргепова жұма күні Азаттық радиосына.

Ол қамаудағы жұбайының қан қысымы көтеріліп, денсаулығына қатер төніп тұрғанын, бірақ түрме әкімшілігі тұтқынды дәрігердің көмегімен қамтамасыз етпей отырғанын айтады.

ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ЕСІРГЕПОВТІ ТЕЗІРЕК БОСАТУҒА ШАҚЫРАДЫ

Шілденің 8-күні Журналистерді қорғау комитеті халықаралық ұйымы Тараз түрмесінің әкімшілігін сол мекемеде аштық жариялап жатқан Рамазан Есіргеповті дәрігердің бақылауына алуды қамтамасыз етуге шақырып, қамаудағы журналистің тағдырына алаңдаушылық білдірді.
Журналистерді қорғау комитеті ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Нина Огнянова Азаттықтың Прагадағы кеңсесінде. 6 ақпан 2007 жыл.
Осы ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша өкілі Нина Огнянова Қазақстан билігін Рамазан Есіргеповті тезірек түрмеден босатуға үндеді.

Айта кету керек, өткен маусым айының 3-і күні Қазақстанға арнайы келген Нина Огнянованы Тараз түрмесінің әкімшілігі Рамазан Есіргеповпен жолықтармай қойған болатын.

Ал қазір түрме басшылығы Рамазанның жағдайы туралы шындықты қоғамнан жасырып, оған дәрігерлік жәрдем көрсетпей, аштық жариялаған тұтқынды күнделікті мәжбүрлі түрде асханаға саппен айдап апарады, тамақ ішуге үгіттейді дейді журналистің әйелі Раушан. Ресми орындар Рамазан Есіргеповтың жағдайы туралы әзірге дыбыс шығармай отыр.

ЕҚЫҰ-на МҮШЕ ЕЛДЕРГЕ ҮНДЕУ

Аштық жариялардан бұрын Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше 55 елдің атына жасаған мәлімдемесінде Рамазан
Рамазан Есіргепов ЕҚЫҰ-на төрағалық еткелi жарты жыл болған, адам құқтары мен бостандықтарын бұзып келе жатқан Қазақстан билігі авторитарлық режимнiң батпағына әбден малшынып бiттi дей келе, еуропалық ұйымға мүше елдердiң Қазақстандағы жағдайға көзжұмбайлық жасап отырғанын атап көрсеткен.
Есіргепов ЕҚЫҰ-на төрағалық еткелi жарты жыл болған, адам құқтары мен бостандықтарын бұзып келе жатқан Қазақстан билігі авторитарлық режимнiң батпағына әбден малшынып бiттi дей келе, еуропалық ұйымға мүше елдердiң Қазақстандағы жағдайға көзжұмбайлық жасап отырғанын атап көрсеткен.

Осыған наразылық ретінде шілденің 6-сынан бастап аштық жариялайтындығын мәлімдеген Рамазан Есіргепов Қазақстанда адам құқтарына қатысты қалыптасқан жағдайға байланысты ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер тарапынан нақты әрекеттер жасалғанша аштықты тоқтатпайтындығын ескерткен.

Былтырғы жылдың тамыз айында Тараз қалалық соты қызметтік құпия деректерді жариялағаны үшін айыпты деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырған «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов шілденің 6-сынан бастап Тараз түрмесінде аштық жариялап жатқаны туралы бұған дейін Азаттық радиосы хабарлаған болатын.

Сол күні журналист жазасын өтеп жатқан түрме әкімшілігі мен Жамбыл облыстық қылмыстық-атқару комитетінің басшылығы Азаттық радиосына қамаудағы Есіргеповтың аштық жариялағанынан өздерінің бейхабар екендігін айтқан еді.
  • 16x9 Image

    Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

    Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
    Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді. 

XS
SM
MD
LG