Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:46

РАДИОХАБАРЛАР / Айтыс - Азаттықта

Астанадағы айтыс: Айнұр мен Аалы

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өтті.

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +
                        
Айтыскер Айнұр Тұрсынбаева айтыстың үшінші күні Қырғызстаннан келген ақын Аалы Тутқычевпен ақырғы жұп болып сахнаға шықты.

Айтыстың алғашқы күні Ринатпен айтысқан Аалы ақын қазақтың домбырасын әжуа еткен болатын. Соны тілге тиек еткен Айнұр Тұрсынбаева қарсыласын:

 - Домбырамызды әйел деп,
Қомызбен буаз қылдым деп,
Сызат түсірдің екі елге.
«Женский род» деп тағы да,
Алты алаштың ашуын,
Туғызып алдың бекерге.
Жеті ұрпағыңа мысал боп,
Бұл сөзім жүрсін жетеңде.
...Ақ қалпағыңды қытайлар,
Айырып берсе қылышпен,
«Женский род»-ың жаным-ау,
Өзіңнің тұр ғой шекеңде, - деп қағытты.

Аалы Туткучев есе жібермеу үшін:   

 - Интернет шұқып ол жайлы,
Ақпарат көріп шамдандым.
Нұрағама ескерткіш,
Тұрғызайық деп жатыр.
Қырғыздың айтыскер ақыны Аалы Тутқычев. Қырғызстан, 31 мамыр 2011 жыл.
x
Қырғыздың айтыскер ақыны Аалы Тутқычев. Қырғызстан, 31 мамыр 2011 жыл.
​​Қағылайын халайық,
Астана деген жас қала,
Бірақ, қазақ үшін бас қала,
Ал, ескерткіш деген немене,
Жағымпаздардың кейбірі,
Жүреді екен шаттана.
Ескерткіш деген жай ғана,
Темір, не болмаса тас қана.
Ей, Нұрсұлтан ағамыз үшін,
Ескерткіш емей немене,
Тәуелсіздік пенен Астана, - деп жырлады.

Үш күнге созылған айтыстың соңғы күні ақындарға алған ұпайлары бойынша жүлделер үлестірілді. 

Бас жүлдеге тігілген үш миллион теңге қытайдан келген айтыскер Жамиға Дәулетқызына бұйырды.

Бірінші орын алған Әлібек Серғалиевке бір жарым миллион теңге, онан кейінгі орынды иеленген Мұхтар Ниязов пен Еркебұлан Қайназаровтың әрқайсына бір миллион теңгеден берілді.

Үшінші орын алған Аалы Тутқычев, Айнұр Тұрсынбаева мен Сара Тоқтамысовалар 500 мың теңгеге ие болды.  

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттықтың әуе толқынынан да тыңдай аласыздар. 
Аалы мен Айнұрдың айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ДАКЕ
09.02.2012 12:49
+0 / -0
Айтыс жалпы оз денгейнде оттиго! Курметти Азаттык радиосы телеарналар корсете алиаган айтысты сиздер бергендеринизге коп рахмет!!! Енди сиздерден сурарм 19 желтоксанда болган айтысты кашан бересидер? Алдын-ала РАХМЕТ!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
09.02.2012 16:22
+0 / -0
Құрметті ДАКЕ,

Сіз сұраған айтысты алдағы уақытта сайтымызда жариялау жоспарда бар.

Ілтипатпен, Азаттығыңыз.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақстан
09.02.2012 16:20
+0 / -0
Азаттық радиосына өтініш, бұйырса 11-12 ақпан күндері болатын "Қонаевтай ер қайда" атты айтысты видео нұсқасын түсіріп сайтқа салыңыздаршы. Ақша керек болса есеп шоттарыңызды көрсетіңіздер, сол шотқа саламыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
09.02.2012 16:29
+0 / -0
Құрметті Қазақ,

Сіз айтып отырған айтыстың аудиожазбасын өнерсүйер қауымға әдеттегідей сайтымыздан ұсыну жоспарымызда бар. Ал айтысты видеоға түсіріп жариялауды мүмкіндікке қарай қарастыратын боламыз. Азаттық радиосы ақша немесе басқадай төлемдер мен сый-сияпаттарға жұмыс істемейтіндігін еске саламыз.

Ілтипатпен, Азаттығыңыз
Пікір алмасу

Кімнен: Бек Қайдан: Астана
09.02.2012 18:13
+0 / -0
құрметті азаттық радиосы сіздердің радиоларыныздың сайтын үнемі қарап жүремін. астанада болатын айтыстарды жібермей барып көріп жүремін. бірақ, алматыдағы айтысты барып көруге мүмкіндік жоқ. сіздерден өтініш осы айтысты мүмкін болса видожазбаға түсіріп жарияласаныздар екен. кеш жарияласаныздар да айып жоқ. видеожазба жарияласаныздар алғысымыз шексіз болар еді. ен болмаса ең тартысты өткен айтысты. қалғандары аудиожазба түрінде тындай береміз. алдын ала рахмет!
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
10.02.2012 11:09
+0 / -0
Құрметті Бек!

Сіздің және өзге де оқырмандардың тілегіне орай айтысты видеоға түсіріп жариялауды мүмкіндікке қарай қарастыратын боламыз.

Хабарласқаныңызға рахмет!

Ілтипатпен, Азаттығыңыз.

Кімнен: Біржан Қайдан: Шымкент
10.02.2012 12:08
+0 / -0
Мені бір толгандырганы бас жулденің аділетсіз Жамиганын алгандыгы туралы... Неге Ринат немесе Айбек алмады?! Жамиганын айтыстарын тындадым баягы бадік айтыстарына лайыкты сиякты... каншама анайы создер айттты... неге оны қазылар байһамады??? Алде үй артындағылардан қорықты ма екен???
Пікір алмасу

Кімнен: Назым Қайдан: ПАВЛОДАР
25.02.2012 15:40
+0 / -0
сөз қадірін білмейтін шымкеттік екенсіз! Әлде қытайлық қазаққа не тең бас жүлде деп ішің күіп бара ма?

Кімнен: Кайратжан Қайдан: astana
10.02.2012 15:05
+0 / -0
азаттык сиздерге коп рахмет!

Кімнен: қонақ Қайдан: Қарағанды
16.02.2012 23:38
+0 / -0
Неужели әділдік болды екен ә деп таңданып отырмын, Аманжолдың түк алмағанына қуанып отырмын айтысты сауда саттыққа алмастырып алған Аманжолдан кейін айтыс көрмей өкпелеп жүргенмін, жағымпаздар мен арсыздар айтыста енді болмаса екен