Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:17

ӘЛЕУМЕТ

Жанкешті Мақатовтың жесірі күйеуін айыптамайды

Қазақстандағы алғашқы жанкешті, 2011 жылы мамыр айының 17-сі күні Ақтөбедегі ҰҚК департаментінде өзін-өзі жарған Рахымжан Мақатовтың ата-анасы «ұлымыздың теріс жолға түсуіне келін кінәлі» дейді. Жанкештінің жесірі Мейрамгүл Сатаева «күйеуімнің әрекетін түсіне алмадым, бәріне төреші - Аллаһ» деп біледі.

Марқұм Рақымжан Мақатовтың студент кезі.
Мәтін көлемі - +

2011 жылғы мамыр айының алғашқы күндері ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ақтөбе облыстық департаменті тергей бастаған азаматтардың бірі – Рахымжан Мақатов болатын. Олар ҰҚК-нің «экстремистік топ құрды» деген күдігіне ілінген еді.

«ЖИҺАД»

Тергеушіге «қаладан ешқайда шықпаймын» деп қолхат берген Рахымжан мамырдың 6-сы күні Шұбарқұдық кентіне төркіндеп кеткен әйелін шақыртыпты. Жесірі Мейрамгүлдің айтуынша, сол күні ол күйеуіне жеке көліктері «Опель-Вектраны» сатып, адвокат жалдайық» деп кеңес берген екен. Жұбайы бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартыпты.

Мейрамгүл мамырдың 4-і күні тергеу басталғалы күйеуінің күрт өзгеріп кеткенін байқаған. Бірақ «өзін-өзі жарады деген ой үш ұйықтасам, түсіме кірген емес» дейді ол.
Исламды қабылдаса, мамаммен келісіп, бірге тұрыңдар. Егер исламды қабылдамаса, онда бөлек тұрыңдар. Менен үмітіңді үз.
Зайыбының айтуынша, Рахымжан Мақатов қаза табарынан екі апта бұрын асқа тәбеті болмай, қалың ойға шомып, күндіз-түні оңаша қалып, құран оқыған.

– Жиһад туралы, Кавказға барып, мұсылман бауырларға көмектесу туралы Рахымжан айтқан екен Асат ағаға («Рахымжан Мақатовтың сыбайласы» деген айыппен 2011 жылы 14 желтоқсанда сотталған 12 адамның бірі, 17 жыл түрме жазасын алған Есет Мақуовты айтады – ред.). Рахымжан: «Мен оны дағуаттап (оған уағыз айтып – ред.) келіп, енді ұсталып қалған кезде бауырымды сатып кете алмаймын. Не де болса, бірге көреміз. Мен сотталып кеткен соң туыстарым сені кінәлайды. Сен барынша сабырлы бол. Сөйлеме. Исламды қабылдаса, мамаммен келісіп, бірге тұрыңдар. Егер исламды қабылдамаса, онда бөлек тұрыңдар. Менен үмітіңді үз» деді, – дейді Рахымжан Мақатовтың жесірі Мейрамгүл Сатаева.

Мейрамгүл 2009 жылы, тұңғышына аяғы ауыр кезде күйеуінің өзіне бір диск көрсеткенін еске алды.

– Кавказдағы жарылыс, атыс, аяқ-қолы жоқ, қиналып жатқан адамдар. Зорланып жатқан екіқабат әйелдер. Шошып кеттім. Құрсағымда жеті айлық бала бар болатын. Қатты ауырып қалдым. «Маған мұндайды енді қайтып көрсетпеші» 
Рақымжан Мақатовтың мәйітін кілемге орап, үйден шығарып бара жатқан адамдар. Ақтөбе, 20 мамыр 2011 жыл.
x
Рақымжан Мақатовтың мәйітін кілемге орап, үйден шығарып бара жатқан адамдар. Ақтөбе, 20 мамыр 2011 жыл.
​​дегенімде ол: «Көрдің бе? Сен таспадан көріп-ақ қиналып тұрсың. Ал бұл жайт олардың басынан өтіп жатыр. Бұлар – мұсылмандар. Олар көмекке зәру» деген. Мен ауырып қалған соң біздің үйде ондай әңгіме содан кейін айтылған жоқ, – дейді Мейрамгүл Сатаева.

Рахымжан Мақатов ҰҚК Ақтөбе департаментінде жарылыс жасаған мамырдың 17-сі күні оның әйелі Мейрамгүл Сатаева да тұтқынға алынған еді. 

Бес айлық Нусайбасымен тоғыз күн қамауда отырған оның айтуынша, ҰҚК қызметкерлері күйеуінің жарылыс жасап, қаза болғанын мамырдың 18-і күні кешке естірткен.

«ШАРИҒАТТЫҢ ТАЛАБЫ»

– Күйеуімнің жарылысты қандай оймен жасағанын әлі күнге түсінбеймін. Қайдан білейін, қандай оймен барғанын онда? Қорқытуға барды ма? Мен ол жайттан хабарсызбын. Сөйте тұра менен бәрі теріс айналды. Ата-енем теріс айналды. Ағайын-туыс теріс айналды. Көрші-көлем теріс айналып жатыр. Ешкімге ренжімеймін. Бұл – менің тағдырым. Бұл – маған Аллаһтың беріп тұрған сынағы, – дейді Рахымжан Мақатовтың жесірі Мейрамгүл Сатаева.

Рахымжан Мақатов пен Мейрамгүл Сатаева үш жыл бір ай отасыпты. Ол күйеуі қаза болғанша ата-енесімен бірге Ақтөбенің оңтүстік-батыс ауданындағы екі қабатты коттеджде тұрған. «Ол кісілермен алғашқы күннен-ақ діни көзқарастарымыз қайшы болатын» дейді Мейрамгүл ата-енесі жайлы.

Кавказдағы жарылыс, атыс, аяқ-қолы жоқ, қиналып жатқан адамдар... Шошып кеттім. Құрсағымда бала бар болатын. «Маған мұндайды енді қайтып көрсетпеші»  дедім.
– Менің әке-шешем айтады «сені ваххабист қылған Рахымжан» деп. Рахымжанның әке-шешесі айтады «оны ваххабист қылған Мейрамгүл» деп. Бірақ біздің ұстанған жолымыз теріс жол емес. Құран мен сунна жолын ұстанамыз. Оны қиынсынатындар осы жолда жүргендерге ваххабист деп қарайды. Исламның талабы бойынша әйелі күйеуіне бойұсынуға тиісті. Күйеуім маған шариғаттың талабын ғана айтты. Мен оған қарсы шыққан жоқпын, – дейді Мейрамгүл Сатаева.

Ол күйеуінің «дін жолын қатты ұстанғанын», «ислам қалай айтса, солай жасағанын» айтады.

– [Күйеуім] өзінен басқа ер адамның көзіне көрінбеуімді талап ететін. Қайынағам мен отырған бөлмеге рұқсатсыз кіріп келсе, екеуі керісіп қалатын еді. Қайын жұртымнан ер адамдар қонақ боп келсе, оларға шай құйғызбайтын. Үйімізде осы орайда келіспеушіліктер көп болды. Әйтсе де мен оны теріс көрмеймін. Ислам әйелді сұқ көзден, жамандықтан алдын-ала сақтайды, – дейді Рахымжан Мақатовтың жесірі.

«АЛЛАҺТЫҢ СЫНАҒЫ»

Мамырдың 17-сі күнгі оқиға – Рақымжанның өзін-өзі жаруы Мақатовтар отбасының өмірін күрт өзгертіпті.

Рақымжан Мақатовтың әкесі, отставкадағы полиция полковнигі Орынбасар Мақатов пен жанкештінің анасы, медицина саласының қызметкері Баян апай қазір бөлек тұрады.

Бұл туралы Азаттық тілшісіне Орынбасар Мақатов айтты. Ол кісінің сөзінше, денсаулығы күрт нашарлап кеткен, қазір жүріп-тұруы қиындап қалған.

– Бұлар дінге кіріп, мені құртты, – деп күрсінді Орынбасар Мақатов.

Орынбасар Мақатов Ақтөбенің оңтүстік-батыс ауданындағы екі қабатты коттеджін сатып, үш пәтер алғандарын айтты. Оның бірінде Орынбасардың әйелі, 
Орынбасар Мақатов отбасымен тұрған коттедж. Ақтөбе, 15 ақпан 2012 жыл.
x
Орынбасар Мақатов отбасымен тұрған коттедж. Ақтөбе, 15 ақпан 2012 жыл.
​​Рахымжанның анасы Баян Жолдасқызы ендігі қалған жалғыз баласы – үлкен ұлы Бауыржанмен бірге тұрып жатыр. Екіншісінде Орынбасар Мақатов жалғыз өзі тұрады. Ал үшінші пәтер әзірше бос екен.

– Мейрамгүл ол үйге барғысы келмей отыр, – дейді Орынбасар Мақатов.

Азаттық тілшісі Рахымжан Мақатовтың жұбайы Мейрамгүл Сатаевадан пәтерден бас тарту себебін сұраған еді, ол «ойланып отырмын» деп қысқа қайырды.

Мейрамгүл Сатаева бес айдан бері Ақтөбеге іргелес Кірпішті ауылында тұрып жатыр. Өз айтуынша, оған дейін үш баласымен бірге бірнеше пәтерде жүрген.

– Бұл үйдің иесі – Орынтай ахи (ахи – «аға» деген сөздің арабшасы – ред.). Туыстығымыз жоқ. Бірақ әйелі де, өзі де – дін жолын ұстанатын мұсылман бауырымыз, – дейді Мейрамгүл.

Ол бос тұрған үйін паналатқан отбасының пәтерақы алмайтынын айтады.

– Өзге де «браттар» мен «сестралар»  қол ұшын беріп тұрады. Жұрттың бәрі «ваххабист» деп теріс айналғанда, далада қалдырмаған – солар, – дейді хиджаб киген келіншек.

Рақымжан Мақатовтың жесірі сұқбат барысында «ахи», «брат», «сестра» деген сөздерді тек дінге қатысы бар адамдарға байланысты айтып отырды.
 
Үйелмелі-сүйелмелі үш қызымен (үлкені үш жаста) жесір қалған келіншектің қазір сеніп отырғаны – асыраушысынан айрылғандығы үшін берілетін 22 мың теңге. Үш 
Рақымжан Мақатовтың сыбайластары ретінде сотталған адамдар. Ақтөбе, 14 желтоқсан 2011 жыл.
x
Рақымжан Мақатовтың сыбайластары ретінде сотталған адамдар. Ақтөбе, 14 желтоқсан 2011 жыл.
​​баланың ортаншысы, 2 жасар Сумайя – айы-күні жетпей туған, неврологиялық сырқаты бар, дамуы кешеулеу, ем-домға зәру.

Бірақ Мейрамгүл Сатаева:

– Аллаһтың сынағына сабыр көрсеткендерге жәннаттан үй тұрғызылады, – дейді.

«Адамның өзіне қол жұмсауына тыйым салған ислам діні талабы тұрғысынан қарағанда, Рахымжан Мақатовтың өзін өлтіргеніне, тіпті, басқа  жазықсыз адамдардың өмірлеріне қауіп төндіргеніне байланысты не ойлайсыз?» деп сұрады Азаттық тілшісі ол кісіден.

– Сіздің сауалыңызға жауабым жоқ. Өмірден өтіп кеткен адамды айыптап қайтемін? Көптің көкейіндегі сауалдар менің де көкейімде жүр. Бірақ одан не пайда? Әр нәрсенің төрешісі – Аллаh, – деп жауап берді Мейрамгүл Сатаева.

Ол  «күйеуімнің  әрекетін түсіне алмадым және оған ешкімді де кінәламаймын» дейді.

P.S. Мейрамгүл Сатаева өзі мен балаларының фотосын жариялау «исламға қарсы» деген уәж айтып, суреттерді шығаруға рұқсат етпеді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: жаралы жан Қайдан: ку даладан
20.02.2012 08:59
+0 / -0
20 Казакстаннын тарихинда болмаган терроризм казакстанга былай кирген:

Былтыр 10 наурызда, НАН Туркiстанда турып сойлеген созiнде мусылман айелдерiнiн басындагы орамалга тиiсе сойлеген. (ал казакстаннын ата заны бойынша арбир адам кандай киiм кисе де, кандай дин устанса да шектеу жок).

НАНнын осы созiнен кейiн онын шаш ал десе бас алатын жандайшаптары мусылмандарга карсы курестi бастап кеткен. Алдымен университетке хиджаб киiп келген кыздарды сабакка кiргiзбеген, сосын намазханаларды жапкан, сосын намаз окитын адамдарды тiнте бастаган, бiраз РОВДга апарып урып согып кудалай бастаган. Терроризм деген жалпы тарихка карасак кай жерде алiмжеттiк болса сол жерде болады. Акыры буган шыдамаган дiндарлар, озiмен бiрге озiн кудалаган кнб мен менттердi жарып жiберген.
Казакстандагы террорга укiмет басындагы атеист-капiрлер кiналi!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Қара бала Қайдан: Алматы
20.02.2012 10:05
+0 / -0
Ия, дінді түсінбейтіндер мен қарапайым халықпен санаспайтындар артық қыламыз деп тыртық қылып жатыр ғой. Барлығымызға Аллах тура жолды корсетсін!
Пікір алмасу

Кімнен: гүлнұр
22.02.2012 12:18
+0 / -0
хиджаб киген дұрыс емес. хиджаб деген термин ата бабамызда, салтымызда болмаған. қазір хиджаб кигендер өздерін адалмыз деп өзгелерге тыжырына мұрнын шүйіре қарайтыны жасырын емес. хиджаб кигенше кимешек кимей ме, не қазақша орамал тартсын. олардың да небір былықтарын күнделікті өмір барысында көзіміз көріп жүр. Қазақтар естеріңді жиыңдар, арабтарға еліктемеңдер! Хиджабтарыңды тастаңдар! Өзгелердің уағызына уланбаңдар!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.02.2012 10:47
+0 / -0
мынау бас ауру,дендери сау емес.дин устай алмайтын адамдар.ээййй дин устаганына сенин мирамкул.колайсыз айел.
Пікір алмасу

Кімнен: қара бала
22.02.2012 12:24
+0 / -0
террористер тозаққа барсын. екі дүниеден опа таппасын! Жазықсыз жандардың көз жасына тұншығып, көрінде өкірсін! Өз өзін жарып жіберген ерлік емес, барып тұрған ездік! Күнәнің күнәсі өзін өзі өлтіру! Мұнымен мақтанбаңдар, қазақ бауырларым ояныңдар! Жетекке жығыла бермеңдер!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.02.2012 11:37
+0 / -0
Жаралы жанның сөзінің жаны бар.

Кімнен: Азамат Қайдан: Көкшетау
20.02.2012 12:13
+0 / -0
Қарапайым мұсылман баласы болғандықтан өз пікірім: дінге сену, оның жолдарын ұстану әркімнің жеке шаруасы. Бұл туралы еліміздің конституциясында шек қойылмаған. Соңғы жылдары исламды терроризммен байланыстырып, тіпті шатастырып жүрген адамдар (мемлекет басындағылар, қоғам қайраткерлері, тіпті дін басыларының өзі де) аз емес. Сондықтан да исламға салиқалы оймен көз жіберген адамдар ғана ақ пен қараны айыра алады. Ал оның уғыздарын бұрып сөйлейтіндер - мейлің ол атеистер болсын, мейлің діни адамдар болсын осындай қателіктерге барып жүр. Алланың айтқаны - адамның жолы. Сондықтан да бұл тақырыпқа аса байыппен, саналы түрде қарауымыз керек. Кешегі жанкештілер мен олардың әрекетіне өз басым құптай да алмаймын, қарсы дау да айта алмаймын. Біреулер фанаттар десе, енді біреулер дінге берік адал жандар дейді.
Үкіметтің бүгінде ұстанып отырған солақай: саясаты шаш ал десе бас алатын, жақсылықпен аяқталмайды. Оның алғашқы "жемістерін" татып та жатырмыз. Тағы бір айта кететін жайт ол осындай "террористердің" әрекеті не себепті құқық қорғау органдырына бағытталған? Халық жиналатын көпшілік орындарда жасаған жоқ қой. Осыған қарап көп нәрсені аңғаруға болады. Ал шетелдерде мұндай қанды оқиғалар халық көп жиналатын орындарда, тіпті мешіттерде орын алып отырған жоқ па? Саясаттың басы-қасында жүрген кейбір тұлғалар радикалды күштерді өз пайдаларына жаратып жүр. Мәселен ислам қауымын басқа діни ағымдарға қарсы бағыттап қана қоймай, мұсылмандарды бір-біріне қарсы қойып (суниттер мен шеиттер, исламның өз ішіндегі бағыттарды) жеке мүдделерінің қамын ойлап отырғандар деп түсінуге болады. Бұл жерде біздің "халық қалаулылары" бірқатар заң актілерін қабылдағанда, мемлекетарлық келісімдерді мақұлдағанда асығыстыққа жол бермей байыппен мәселеге терең үңілген жөн болар еді. Әйтпесе өткен жылы Ауғанстанға әскери-техникалық "көмек көрсету" мәселесінде біздің депутаттар келісе салып, артынша сенат қарсы шыққан жоқ па. Оның өзінде "Әл-каиданың", "Мұсылман бауырлар" ислам қозғалысының Қазақстанға байланысты екі бірдей ресми мәлімдемесінен кейін ғана. "Дін туралы" Заңнаманы асығыстықпен қабылдағаны, ондағы шикіліктердің жетіп артылатынын біреу білсе біреулер біле бермейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.02.2012 12:48
+0 / -0
Бул- кауипсиздик кызметиндегилердин диндегилермен дурыс,сауаттыжумыс жасай билмегенинин, касибиликтин жоктыгынан орын алган. Ол нагыз каныпезер болса, бейбит тургындар коп журетин жерлерде озин-ози жаруы мумкин еди гой. Казактар-ауел бастан дин мемлекеттен болек деп, бетимен кройды, Ари сыбайластыкпен ҰҚҚ саласына килен байшыкештердин дымблимес балдарын алып, барлык жерде сауатсыздар елди куйреткели отыр.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
20.02.2012 18:51
+0 / -0
жоқ, олай емес, бұл Путиннен жанұшыра қорқып, сосын соған жағынам деп өз халқына тырнағын батырып отырған билікқұмар зымиянның кесірі ғой. Ал мақала турасына келсек, Азаттық тілшісі әрқашанғы әдеттерімен дұрыс сұрақ қойып әрі оған мұсылман әйелінен дұрыс жауап алған екен.

Кімнен: Нұболат Қайдан: Астана
20.02.2012 14:58
+0 / -0
Осы келіншекке жаным ашып кетті! дін жолына түскені дұрыс екен, бірақ вахаббист болып кеткенін бұл байғұс әлі білмейдіғой масқара-ай
Пікір алмасу

Кімнен: Сәдуақас Қайдан: Қызылорда
20.02.2012 16:05
+0 / -0
Вахабизм деген не екен, кім толық жауап бере алады?
Пікір алмасу

Кімнен: Абай
20.02.2012 16:41
+0 / -0
Вахабизм - деген сол, жер бетінен ұлттық Алла жаратқан болымысты тәрк етіп, әр елді іріту үшін залымдардың Құранды теріс тәпсірлеп, қолдан жасалған секта. Содаған миларын улап алғандар өз болымысын ұмытып, ата-бабаға қарсы, туған-туысқандарға жат, киімі араб, санасы шайтан, сөздері "ахи, ухи" балаларынң аттары да қазақ әріпіне жат, өзге, бір-біріне "брат, сестара" - осылайша тағылық өмір сүреді, ең жаманы намаз оқымаған өзге адамдар оларға кәпір, тек санасында соларға деген өшпенділік тұрады. Оларды осындай аянышты өмірге түсіретіні - өз пиғылы, олар Алланың сүйғен құлдары - әулие, әмбиелерге тілдері тиеді. Содан Құдайдың қарғысына қалады.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
20.02.2012 18:56
+0 / -0
қай ит қалай үрсе олай үрсін, ваххабизм деген - таухидты, яғни Бір Аллаһға ғана сеніп және ешқандай серік қоспай Соған ғана құлшылық қылуды ең басты деп санайтындар.
Пікір алмасу

Кімнен: Нурберген Қайдан: Алаша
20.02.2012 20:27
+0 / -0
Күні кеше Кеңес Үкіметі кезеңде Кұдай жоқ деп, Құдай туралы әңгіме қылған адамды арамза молда деп атаған уақыт есімде, сол кезде бала болсам да. Енді міне комунисттер кете салысымен біреу "мәәә, құдай бар екен" деп еді, бәрі шықты діншіл болып. Ең сорақысы екі қазақтың бір бірін "сенің ұстанған жолың теріс, мұсылмандық емес" деуі, бірін-бірі, немесе намаз оқымаса да ешкімге зияны жоқ, өзімен өзі жүрген қазақты кәпір, нәйіс деп айуанға теңеуі. БҰЛ ДҰРЫС ЖОЛ ЕМЕС!!! ҚАЗАҚҚА ҚАЗАҚТАН БАСҚА ЕШКІМНІҢ ЖАНЫ АШЫМАЙДЫ!!! АЙДАЛАДАҒЫ АРАБТАР КЕЛІП, БІЗДІ ИМАНДЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТІП, ЖАНЫМЫЗДЫҢ ЖҰМАҚТАН ОРЫН АЛУЫНА КӨМЕКТЕСІП ЖҮРГЕНІ ҚАЛАЙ
Пікір алмасу

Кімнен: мұсылман қазақ Қайдан: Қазақия
21.02.2012 10:42
+0 / -0
Казир ваххабизм деген сөз кәпірлерге жақсы болды. Өзіне ұнамаған кез-келген мұсылманды ваххабистсің деп айғай салады.
Өз отанын жаудан корғап басқыншыларға қарсы шыққан ауған халқы - ваххабист.
Өз алдына тәуелсіз ел болам деп шариғат заңымен жүреміз дегені ушін шешен мұсылмандары – ваххабист.
Әруаққа сиынбай тек бір Алла деп жүрген әрбір мұсылман баласы ваххабист.
Халықты христиан сектасына емес ата дініміз исламға шақырып жүрген Бекболат Тiлеухан ваххабист.

Тіпті Қазакстан мұсылмандар бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі де ваххабист (қараңыз, Қазақстан газеті, №8, 16 бет «тағы да уахабилер бүлігі»). бір бейшара бас мүфтиді уахаби деп айыптайды.
Қорыта айтканда ваххабизм деген кәпірлер мен жәһілдерге жақсы қару болды!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.02.2012 15:52
+0 / -0
Ислам діні бірінші отбасыңмен, ағайын туысыңмен, көршіңмен тату тұруын қалайды емес пе? Рахымжанның туыстары қыдырып келсе, әйеліне шай құйғызбаса, бұны қалай түсінеміз. Ол дегеніміз әйелді қорғау емес, сандыққа салып қойып қорлау ғой. Сонда үйіңе қонақ келсе, ер адам тамақ жасап, шай құю жат қылық емес пе? Оның үстіне брат, сестра, ахи деген сөздер араптың емес, шешендердің, дағыстандықтардың сөздеріне көбірек ұқсайды екен. Сонда қазақ өзінің тілі, діні болмаған ба? Ислам дініне мұсылманның, тіпті жануарлардың да жанын алу, өлтіру жат нәрсе. Өзін - өзі өлтіру бұл үлкен күнәлардың біріне жатады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқандай: "Кісі өлтіру, зина жасау, Аллаға серік қосу бұл бізден емес" - деп. Сонда бұл қандай сынақ болды. Бұл ешқандай Ислам емес, адасушылық қой. Недеген кері кеткендік?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.02.2012 21:55
+0 / -0
Орысқа еліктеп кеткен қазақтардың бетін бері қарата алмай жүргенде арабқа да еліктей бастадық. Біздің басымызға қырық бөлшек болуды жазып қойған ба өзі
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
21.02.2012 00:41
+0 / -0
Рахымжанның туыстары қыдырып келсе, әйеліне шай құйғызбаса, бұны қалай түсінеміз.
_______________

біреудің үйіне қонаққа барғанда айелін көріп отырып шай ішпесеңіз шөліңіз қанбай ма?
Пікір алмасу

Кімнен: жәй қазақ Қайдан: даладан
23.02.2012 22:05
+0 / -0
шөліміз қанады ау,бірақ ата-анаға құрмет қөрсетіп ,қызмет ету керек емеспе ?.Әлде ,сенің ойыңша қазақтардың бәрі жеңіл жүрісті болмаса ойнасшы ма?..Әй,бірақ...миыңның жеткен жері осы болып тұр ғой.

Кімнен: zheltocsan
20.02.2012 18:39
+0 / -0
діни ұстанымынан зардап шегіп отырған осындай мұсылман бауырларымызға көмектесіп тұрсақ сауабы болар еді. Азаттық радиосы Мейрамгүл Сатаеваның төлем карточкасының есеп-шоттарын бер алар ма екен?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.02.2012 23:55
+0 / -0
Бул ислам динине жатпайтын карекет кой. кураннын теориясын окымаган, анадан, мыанадан естип ап желигип журген жастар. Барине Алла тореши, елимизге амандык, журтымызга тыныштык, халкымызга береке бирлик бере гор алла! Адаскандарды тура жолга сала кор!!! балаларыныздын немен айналысып жургенине сак болыныздар, мына баланыны ата-анасы да окыган адамдар екен, калайдан калай баласы сойтип адасты екен..

Кімнен: nurlan.turkctan Қайдан: almati
21.02.2012 22:18
+0 / -0
ваххабизмді тұсінү өшін ,Ағылшн тыңшысының моиндаулары,
деген кітапті оқыңдар, көкмешіттң қасында сатылады, 250тг
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
21.02.2012 23:30
+0 / -0
әрине, кез-келген кітапты оқуға болады, бірақ сопысымақтарға ұқсап оған Құраннан да бетер сенуге болмайды. Ақымақ сопысымақтар ағылшын шпионының ол кітапты не мақсатпен жазған байыбына барып жатпай, гу-гу өсектермен өлген мұсылмандарды ғайбаттап, зор күнәларға белуарларына дейін батып жүр.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.02.2012 16:03
+0 / -0
Осындай "террористердің" әрекеті не себепті құқық қорғау органдырына бағытталған? Халық жиналатын көпшілік орындарда жасаған жоқ қой. Осыған қарап көп нәрсені аңғаруға болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.02.2012 22:20
+0 / -0
Менің ойымша, Махатов Рахымжанның денесіне жарылғыш затты ҰҚК-нің қызметкерлерінің өздері байлап беріп, "бар көпшілік жыйналған жерге берып жарасың"-деген болулары керек. Ал, Махатов болса, керісінше, ҰҚК-нің орналасқан мекеніне қарай бара жатқанда, ҰҚК-нің жетпей оны жарып жіберуге мәжбүр болған.

Кімнен: Зәбира
24.02.2012 02:35
+0 / -0
Мынау бір рақымсыз әйел ғой, ешбір жазықсыз жаба шеккендерде жұмысы жоқ. Әбден бастары дуаланған зомбилер сияқты, егер бір сенімді ұстансаң не үшін, қандай мақсатқа ұмтылатыныңды білуің керек емес пе, әйтпесе біреу санасыз біреу шыбықпен айдап келе жатқан мал сияқты боласың

Кімнен: G
26.02.2012 12:25
+0 / -0
намаз окыганны бари мусылман емес абай болындыр!!!!!

Кімнен: Кенесары
26.02.2012 20:02
+0 / -0
Жаңагүл ЖҮРСІН .........Рахымжан Мақатов
жанкешті емес ол Шахид Иншаллах!!!! жанкешті дегендерің Аллах алдында жауап бересіңдер!!!!