Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:39

БАЛАМА ТАРИХНАМА / Рамазан Есіргеповтың ісі

Рамазан Есіргепов бостандыққа шықты

«Мемлекеттік құпияны жариялады» деген айыппен үш жыл түрмеде отырған «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов қаңтардың 6-сы күні бостандыққа шықты.

Тараз түрмесінен бостандыққа шыққан журналист Рамазан Есіргеповті әріптестері мен дос-туыстары қарсы алды. 6 қаңтар 2012 жыл.

Мәтін көлемі - +

Тараздағы жалпы тәртіптегі УЖД-158/2 қамау мекемесінен қаңтардың 6-сы күні таңертеңгі 8 сағат 55 минутте бостандыққа шыққан журналист Рамазан Есіргеповты түрме қақпасының алдында туыстары, әріптестері мен достары қарсы алды деп хабарлады сол жерден Азаттық радиосының тілшісі.

Олар түрмеден шығып  Тараз қаласындағы саяси репрессия құрбандары ескерткішіне барып гүл шоқтарын қойып, Қазақстандағы барлық саяси-қуғын сүргін құрбандары мен өткен айда Жаңаөзендегі оқиға кезінде мерт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

- Бұл - біздің барлығымыз үшін үлкен трагедия. Қару қолдануға бұйрық бергендер ғана емес, істің осылай белең алуына  жол берген тұтас қоғам, оппозиция - барлығы да кінәлі, - деді Рамазан Есіргепов Жаңаөзен оқиғасы жайында Азаттық радиосына.

Бұдан соң Рамазан Есіргепов пен оны қарсы алғандар автокөлікпен Алматыға қарай жолға шықты.

Қазақстандық құқыққорғаушылар қаңтардың 5-і күні Рамазан Есіргепов қамауда жатқан Тараздағы түрменің алдына келіп, журналистің есімі жазылған қағаз ілінген шарларды әуеге ұшырып арнайы флэш-моб өткізген еді.

«Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық қорының президенті Розлана Таукина мен тәуелсіз журналист Андрей Свиридов Қазақстан билігі Рамазан Есіргеповты қамауда бір күн артық ұстады деп санайды.

Бірақ түрме әкімшілігі мен бас прокуратура сот үкімімен үш жыл мерзімге бас еркіндігінен айырылған Есіргепов дәл қаңтардың 6-сы, яғни тұтқындалған соң тура үш жыл өткенде босатылуы тиіс дегенді алға тартты.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері 2009 жылы қаңтардың 6-сы күні Алматыдағы кардиология институтында ем алып жатқан Рамазан Есіргеповті «мемлекеттік құпияны жариялады» деген айыппен тұтқындап, Тараздағы тергеу абақтысына апарып қамаған еді.

АЙЫПТАУ

2008 жылы Рамазан Есіргепов басшылық еткен «Алма-Ата Инфо» газетінде тараздық белгілі кәсіпкер Сұлтан Махмадовқа қатысты бірнеше мақала жарияланды. Махмадов өзінің бизнесін сол кездегі Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшылығы тартып алмақ болып бопсалау әрекеттеріне барды деп айтқан болатын.

Осынау даулы мәселеге қатысты «Алма-Ата Инфо» газетінде 2008 жылғы
2008 жылы қарашаның 21-і күні «Алма-Ата Инфо» газетінде шыққан мақала.
x
2008 жылы қарашаның 21-і күні «Алма-Ата Инфо» газетінде шыққан мақала.
​​қарашаның 21-індегі санында «Біздің мемлекетті кім басқарады – президент пе, әлде ҰҚК ме?» («Кто управляет нашей страной – президент или КНБ?») деген тақырыппен жарық көрген мақалада «құпия» және «жеке мақсатта» деген белгісі бар екі құжат – ҰҚК орталық кеңсесі мен облыстық департаменті арасындағы қатынас хаттар жарияланды.

Бұл құжаттардағы әңгіменің төркіні мынаған саяды: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аймаққа сапары кезінде «өзінің досы» Махмадовпен кездеспеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасау, өйткені кәсіпкер комитет қызметкерлерінің үстінен шағым айтуы мүмкін. Сонымен бірге мақалада Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментінің іс-әрекеттері туралы сын айтылды.

Осыдан кейін ұлттық қауіпсіздік комитеті «мемлекеттік құпияны жария ету» деген айып бойынша қылмыстық іс қозғады. Рамазан Есіргепов, Сұлтан Махмадов пен оған жақын тағы бірнеше адам, солармен бірге ҰҚК департаментінің аты-жөні аталмаған әлдебір қызметкері айыпкер ретінде жауапқа тартылды. 2009 жылы жазда Тараз қаласында өткен жабық сот журналист Рамазан Есіргеповты айыпты деп тауып, үш жыл мерзімге түрмеге қамауға үкім шығарды.

ҚАПАСТАҒЫ ҮШ ЖЫЛ

Қазақстандық және халықаралық құқыққорғаушы ұйымдар Рамазан Есіргеповке шығарылған үкімге наразылық білдіріп, Қазақстан билігі журналисті кәсіби қызметіне бола жазықсыз түрмеге қамады деген ұстанымда болды. Баспасөзді қорғау ұйымдары Рамазан Есіргеповті соттауға себеп болған «Алма-Ата Инфо»
Журналист Рамазан Есіргепов қалалық соттың үкімі шыққан күні. Тараз, 8 тамыз, 2009 жыл.
x
Журналист Рамазан Есіргепов қалалық соттың үкімі шыққан күні. Тараз, 8 тамыз, 2009 жыл.
​​газетінде жариялаған мәліметтердің мемлекеттік құпия қатарына кірмейтінін және оның құпиялануы заңды емес екеніне дәлелдер келтірді.

Рамазан Есіргеповтың Тараз қалалық сотының үкіміне келіспей облыстық сотқа берген шағымы да, сот үкімі бойынша жарты мерзімін өтеген соң түрмеден қоныстану колониясына ауыстыруды, ал кейін шартты түрде бостандыққа шығаруды сұраған өтініштері де қанағаттандырылған жоқ. Сол сияқты, оның ісін қайта қараудан Жоғарғы сот та бас тартты.

2010 жылы шілде айында Рамазан Есіргепов Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше 55 елдің атына Қазақстанда адам құқығы бұзылып отырғаны туралы саяси мәлімдеме жасап, Тараз түрмесінде аштық жариялады.

Әріптестері мен жақтастары түрмедегі журналиске қолдау білдіріу шараларын
Рамазан Есіргепов негізін қалап, жетекшілік еткен «Алма-Ата Инфо» тәуелсіз газеті.
x
Рамазан Есіргепов негізін қалап, жетекшілік еткен «Алма-Ата Инфо» тәуелсіз газеті.
​​өткізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Былтыр Тараздағы түрме әкімшілігі сонда жазасын өтеп жатқан Рамазан Есіргеповке сырқат анасымен кездесуге барып қайтуға рұқсат беріп, ол қыркүйектің 19-ынан 26-сына дейін қысқа мерзімді демалысқа Алматыға келіп қайтқан еді.

Ал Рамазан Есіргепов 2004 жылы қарашада негізін қалап, өзі жетекшілік еткен «Алма-Ата Инфо» газеті бас редакторы түрмеге қамалғаннан кейін де «ар-намысқа тиген» деген шағымдар негізінде бірнеше рет сотқа тартылды. Былтыр ақпан айының соңында газет редакциясы Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігінен басылымның ресми тіркеуі жойылғаны туралы хат алғанын хабарлаған еді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ескі танысың
06.01.2012 09:14
+0 / -0
Рамазан, құттықтаймын! Азаматсың!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 19:11
+0 / -0
бұл да бір шала екен ғой...

Кімнен: ара Қайдан: уядан
06.01.2012 09:23
+0 / -0
азаттыкка шыгуын кутты болсын агасы!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
06.01.2012 10:12
+0 / -0
Осыдан кейін ұлттық қауіпсіздік комитеті «мемлекеттік құпияны жария ету» деген айып бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бізде мемлекеттік құпия қалды ма өзі? Дж. Гиффен мен әлгі Т. Блэр-лерден қандай құпиялар артылмақ? Оның үстіне елімізде құмырсақадай қаптап өріп, мынау мұнайымызға "ие" болып жүргендерден құпия қалды деп ойлайсыздар ма? "Соттау" керек пе, соттай салады, Жаңаөзендегідей "атқылары" келе ме, ата салады мына Назарбаев бастаған билік. Енді кеп "мемлекеттік құпия" дейді.

Кімнен: Ақмарал Қайдан: Ақтөбе
06.01.2012 10:49
+0 / -0
К плюстегі Мұхтар Ш. пен болған сұхбатты оқып, ақыннан саясаткер шықпайды ау деген ойға қалып отырмын... Революциялық хал ахуал әлі пісіп жетілген жоқ. Дәлірек айтқанда "төмендегілердің" тұрмысы жаман емес. Ал ақын ақын болып қала береді!
Пікір алмасу

Кімнен: Сұңқар Қайдан: Оқжетпес
06.01.2012 11:38
+0 / -0
Ақмарл; Түңілмеңіз, ақынан саясаткер жасаудың керегі шамалы, бірақ ақынды саясаткер ,өз сөзін халыққа түсіндіру үшін пайдалануы керек. бұрында солай болған, бұданбылайда солай бола береді. Тібеттің Далайламасы "надан халық бине құмырысқа тәрізді" жұмыс істеуді ғана біледі деген екен. халықты саясатты дәріптеу ақылы көзін аша алмайсың, қайта олардың сөзімен сөйлей білетін ақын, жазушы, әнші, спортшылар керек. Нұротандықтар сондай әдісті қолданып отырған жоқпа!

Кімнен: Жандар
06.01.2012 11:37
+0 / -0
Тілі құрдымға кетіп жатқан халық үшін қазақша бір ауыз сөйлемейтін "қазақтың" қайда жүргені, қайда жатқаны бәрібір емес пе? Неменеге жетісіп қуанасыңдар, түрмеден шықты деп. Ол енді тағы да орыс тілінің дамуына үлес қосады. Аз қазақты екіге бөлгім келмейді. Әйтсе де өз тілін үйренгісі келмейтіндерден қатты қорқам. Ол басқарған газеттің түрін қара, Алма-Ата (дұрысы Алматы!) деп атапты. Осының өзі қазақшаны менсінбеу емес пе? Алма-Ата сөзі Кеңес үкіметімен кетті емес пе? Соны қайта көксейтіндер қазақтың жауы. Қатты айтты демеңіздер. Базбіреулер айтып жүргендей, қазақтың жауы қазақ емес. Қазақтың жауы өз тілінде сөйлемейтін осылар сияқты бейшаралар.
Пікір алмасу

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
06.01.2012 12:07
+0 / -0
Рамазан қазақ тілін үйрен!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 16:47
+0 / -0
Жандар! Ақылдысың , ризамын. Сосын бұл кісі шешеннің бизнесін қазақтың рекеттерінен қорғағысы келген. Сондықтан, сұрақ көп.Ресейде бір жүнтөс бизнесінен қағылса, өлсе, орекеңдер іштей қуанып, іштей билеп жатады. Ал қазағымыз осындайда қонақжай болып кетеді. бәрі, керісінше, бізде!
Пікір алмасу

Кімнен: ашамай
06.01.2012 17:58
+0 / -0
сіз өзі сол мақаланы оқыған ба едіңіз? Оның мазмұны мен мәнін білмей сөйлеген адамның сөзін айтып отырсыз. Адамның ұлтына қарап емес, әділеттілік жолындағы еңбегіне қарай бағалаған жөн шығар

Кімнен: Газизат Қайдан: Астана
06.01.2012 21:41
+0 / -0
Рамазан Есіргеповтің күресі әділеттілік үшін күрес: қауіпсіздік комитетінің орта дәрежедегі саяси сауатсыз көптеген басшылары әлі күнге дейін сол уақыттағыдай ашық рэкетке бармағанымен, әйелдерін білім мекемелерінің кішігірім басшылығына орналастырып, солар арқылы отбасының қаржылық жағдайын қалайда жақсартуға ынталанып отыр емес пе? Қарапайым тілмен айтқанда, адами құнығушылықты адамның ішкі дүниесі ғана өзгерте алады немесе жауап беру алдындағы қорқыныш ғана тоқтата алады.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
07.01.2012 21:26
+0 / -0
<<адами құнығушылықты адамның ішкі дүниесі ғана өзгерте алады немесе жауап беру алдындағы қорқыныш ғана тоқтата алады>>

бұндай тұжырымды философиядағы аксиома деу керек

Кімнен: Alpawit Қайдан: ALT
15.01.2012 10:46
+0 / -0
Сәлетсіздер ме!
Азаттықтағы барша қандастар!
Осы "Азаттық" Радиосы адам құқықтарын сақтау принциптерін қолдайды дейді, алайда түсінбейтінінім, тек адам құқықтары нашар елдердегі сияқты жазған пікірлерді тесеруден өткізіп барып шығарады???
осыны бір түсінгім келеді.
Рахмет!
qorman81@gmail.com