Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:24

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ / Саяси оппозицияны қудалау

«Назарбаев, кет!» деген Нарымбаев рақымшылыққа ілікті

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының соты «Полицейге қарсы күш қолданды» деген айыппен төрт жылға сотталған оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаевқа рақымшылық жасау туралы шешім шығарды.

«Арман» қозғалысының жетекшісі Ермек Нарымбаев. Алматы, 30 қаңтар 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Ермек Нарымбаевқа рақымшылық жасалғаны жөнінде Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі бюроның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Қуат Рақымбердин ​​хабарлады. «Арман» қозғалысының жетекшісі Ермек Нарымбаев енді 15 күннен соң бостандыққа шығады. 

Бұған дейін амнистияға ілінген құқық қорғаушы Евгений Жовтис пен журналист Тоқнияз Күшіковтің те екі аптадан кейін босатылатыны мәлім болған. 

БҰРЫНҒЫ УӘЖ

Жарма аудандық сотына хабарласқанымызда, сот шамамен 30 шақырым қашықтықта орналасқан колонияның өзінде өтіп жатқанын, судьялардың ол жақтан әлі келмегенін айтты.

Ал Ермек Нарымбаевтың туыстары рақымшылық туралы сот шешімін әлі естімепті. Олар тек істің 9 ақпанда қаралатынын ғана біледі екен.

Ермек Нарымбаев бұдан бұрын өзін мерзімінен босату жөнінде өтініш беріп, оны түрме әкімшілігі қанағаттандырмаған еді.

- «Белсенді түрде шараларға қатыспайды» деген уәжбенен өтінішін қанағаттандырмаған болатын. Ал бірақ ол колонияның ішінде өтіп жатқан сенбілік сияқты шаралар болса, ол өзі қатысып жүр. «Қатыспаймын» деп қарсылық танытқан жоқ. Әйтеуір, бұл меніңше оны шығармаудың амалы болды ғой деп ойладым, - дейді оның әкесі Ерсайын Нарымбаев. 

ЕКІ АУЫЗ СӨЗ

Ермек Нарымбаев 2010 жылы мамырдың 1-інде Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуін талап еткен демократиялық күштердің жиынында «Назарбаев, кет!» деген ұран айтқан еді. 

Одан кейін жиынды өткізуге кедергі жасаған полицияның іс-әрекетіне наразылық ретінде аштық жариялаған. Бірақ сол күні кешке оны полиция ұстап әкетіп, ертеңінде "тәртіп бұзды" деген айыппен 15 тәулікке абақтыға қамаған.

Кейін қамауда отырған Ермек Нарымбаев билікке қарсы қылмыс жасаған күдіктіге айналды. Оған «сотқа құрмет көрсетпеді» және «полицейлерге қарсыласып, күш көрсетті» деген айыптар тағылды. Алматының Бостандық аудандық соты осы екі айып бойынша 2010 жылы маусымның 26-сы күні Ермек Нарымбаевты төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. 
 
Ермек Нарымбаев содан бері Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе елді мекеніндегі жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан. 

Ол түрмеде отырған кезде 2011 жылы азаматтық қоғам мен демократияның дамуына үлес қосқан тұлғаларға берілетін «Азаттық» сыйлығын алды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 18:36
+0 / -1
Бұл ертегі емес пе?
Рас па?
"Кет" деген кісіні қалай түрмеден шығарады? Қайта үстіне срок қоспай ма?

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
09.02.2012 18:57
+1 / -0
Мынау бір жақсы жаңалық екен. Бірақ қайтсін-ау, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін "Назарбаев кет" деп жатқан соң билік те, сот та түсінген болар "жалғыздың" ұзаққа шаппарын?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 19:11
+0 / -0
Кұш қуат зор денсаулық тілеймін жасыма

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 19:39
+1 / -0
Ермек, азаттыққа шығуыңмен! Қуаныштамын!

Кімнен: Жаушы Қайдан: Қазақ Елі
09.02.2012 20:00
+0 / -0
Ереке, құтты болсын ! Алла деніңе қуат, отбасыңа мереке, елімізге береке берсін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 20:40
+0 / -0
ӨтКЕНде17,12,2011-де Серік сапарғали, Жасарал Қуанышалин, Хасен Қожахмет т.б ағаларымыз "Ливияда Каддафи, Қазахстанда......

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
09.02.2012 21:16
+0 / -0
ЕРМЕК! Шығуыңызбен құттықтаймыз!
ҰЛТЫ үшін басын қатерге тіккен қазақ ұлтының нағыз ДЕМОКРАТ Азаматы!

Кімнен: zheltocsan
09.02.2012 23:35
+0 / -0
свято место пусто не бывает дейді екен орекеңдер, рақымшылықпен біраз адам шығып жатса, қатыгездікпен олардың орнына біраз адам Жаңаөзен көтерілісі бойынша сотталайын деп жатыр.

Кімнен: Жасулан Қайдан: Семей
10.02.2012 13:50
+0 / -0
Нағыз азамат екен! Мен өзім де ЖАРМА ауданының тумасымын! осындай адам барын бізде ешкім де білмейді"! билік орындары оны бірден түрмеге тығатыны несі? НАЗАРБАЕВ КЕТ деген сөзіне бола?
Мысалға Ресейде де ПУТИНге қарсы шеруде беруіне де кол көтерілмеді ғой?
Біздің елдегі не деген Демоктария өзі !
Пікір алмасу

Кімнен: Саке Қайдан: Алматы
10.02.2012 17:05
+0 / -0
Бара бара түрмеде орын қалмайтын болды. НӘН өлмей бәрібір кетпейді. Ермек бауырым шығуыңмен. Қазақстандағы Қазақ деп аталатын басқа жерде сүйеніші жоқ ұлтты құртам деген билік енді ұзаққа бармайды.

Кімнен: Асылбек Қайдан: Улытау
10.02.2012 20:00
+0 / -0
Ермек бауырым аман бол . куаныштымын.Косыламын.Нуршайтан кет!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.02.2012 20:46
+0 / -0
"ҚАЗАҚТА ДА ЖІГІТТЕР БАР НАРҚАСҚА"ДЕП ОСЫНДАЙ ЖІГІТТЕРГЕ АЙТЫЛҒАН.