Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:33

САЯСАТ

Қазақстанда сайлауға қатыспау туралы ұрандар күшейіп отыр

Егер «Азат» ЖСДП сайлауға тағы бойкот жариялайтын болса, билік партияны жабуы мүмкін. Ал оппозицияға парламенттен орын тиеріне бақылаушылардың көбі күмән келтіреді. Ондай жағдайда БҰҰ-ның адам құқын қорғау комитетіне шағымдану керек дейді құқыққорғаушы.

Кезектен тыс президент сайлауына бойкот жариялау туралы жазу ұстап тұрған қоғам белсенділері. Алматы, 25 наурыз 2011 ж.
Мәтін көлемі - +

Қазақстанда биылғы сайлауда жергілікті мәслихат депутаттығынан бас тартқан бір топ қоғам белсенділері «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын сайлауға қатысу арқылы бұл сайлауды заңдастырмауға шақырып, ол үшін парламент пен жергілікті мәслихат сайлауына қатыспауға үндеді.

Тәуелсіз кандидаттар Жаңаөзен қаласында бейбіт адамдарға оқ атылғанына қарсылық ретінде сайлауға қатысудан бас тартқан болатын. Енді олар оппозициялық партия өкілдерін өздерінен үлгі алуға шақырып отыр.

Парламенттің кезектен тыс сайлауына қатысып отырған елдегі жалғыз оппозициялық саяси ұйым – «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы бұл ұсынысқа құлақ асып, сайлаудан бас тарта ма, жоқ па?

Осы мәселе төңірегінде Азаттық радиосы ұйымдастырған дөңгелек үстел басындағы әңгімеге Алматы қалалық мәслихаты депутаттығына экс-кандидат, заңгер Сергей Уткин, «Фридом Хаус» құқық қорғау ұйымының өкілі Вячеслав Абрамов, «Азат» ЖСДП-ның бас хатшысы Әміржан Қосанов және кезектен тыс өткізілген «Руханият» жасылдар партиясының құрылтайында партия қатарынан шығарылған осы партияның бұрынғы төрағасы Серікжан Мәмбеталин қатысты.

«ҚАСІРЕТ ШЕГІП ОТЫРҒАН ЕЛДЕ САЙЛАУ ӨТКІЗУ ҚИСЫНСЫЗ»

«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын сайлаудан бас таруға шақырған үндеуге қол қойған заңгер Сергей Уткин өзінің бұл қадамын екі себеппен түсіндірді. Біріншісі – мәселенің моральдық жағы, екіншіден, бұл жерде «жедел тактика» да бар.

Сергей Уткинның пікірінше, қасірет шегіп отырған елде үгіт-насихат науқанын жүргізіп, сайлау өткізу, дауыс беруге қатысу – адамгершілікке жатпайды.

Сергей Уткин «Азат» ЖСДП үшін сайлауға қатысудан бас тарту дәл осы кезде қолайлы деп санайды.

– Оппозициялық партия қазіргі билікті жеңу үшін, сайлау жолымен емес, конституциялық жолмен күресуі керек. Себебі, бүгінгі билік партиясын сайлау жолымен жеңу мүмкін емес. Өйткені сайлаудың нәтижесі сайлау учаскелерінде дауыс берген адамдардың дауыс санымен емес, жоғарыдан анықталып, қорытындыланып шығарылады. Сөйтіп, «Азат» ЖСДП парламентке өту үшін 7 балдық көрсеткішке де қол жеткізе алмай қалады, – дейді Сергей Уткин.

Сергей Уткин өз пікіріне негіз ретінде билікке бүйрегі бұратын ұйымдар жариялаған әлеуметтік зерттеулерді алға тартады. Бұл зерттеулердің қорытындысында,
Заңгер Сергей Уткин.
x
Заңгер Сергей Уткин.
​​сайлауда 7 балдық көрсеткішке тек билікке жақын саяси партиялар ғана ие болатыны айтылған. Мұнан өзге әр жерде жария түрде «Азат» ЖСДП-ның қатарынан шығу сияқты «арнайы операциялар» жалғасып жатыр. Осының бәрі бүгінгі биліктің оппозициялық партияны парламентке қайткенде де өткізбеу үшін жасап отырған әрекеттер дейді заңгер.

– Тіпті, ЖСДП сайлауға қатыспаған күннің өзінде, билікке жақын «Ақ жол», ҚХКП және өзге де саяси партиялардың қайсысы парламенттен қанша орын алатыны тек қана жоғарыдан шешілетін шаруа. Бүгінгі билік сайлауды бұрмалап дағдыланған, ол өзгеше істей алмайды. Бұл жолы сайлау қорытындысын бұрмалау тіпті сорақы болады. Және оны әшкерелеу еш қиынға түспейді, - дейді мәслихат депутаттығына экс-кандидат Сергей Уткин.

Оның пікірінше, «Руханият» партиясы мен оның төрағасы Серікжан Мәмбеталинге қатысты жағдайды, билікке жақпайтын саяси партиялар өкілдері мен тәуелсіз тұлғаларды мәслихат депутаттығына кандидаттықтан түрлі сылтаулармен шеттету – президенттік «Нұр Отан» партиясы үлкен саяси бәсеке түгілі, болар-болмас бәсекеге де дайын емес дегенді білдіреді.

БОЙКОТ ЖАРИЯЛАСА, ПАРТИЯ ЖАБЫЛАДЫ

«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов партия басшылығында және аймақтардағы кездесулер барысында, бір топ азаматтың сайлауға қатысудан бас тарту туралы ЖСДП-ға жасаған ұсынысы талқыланып жүргенін айтты. Бірақ әлі түпкілікті шешім қабылданған жоқ.

Бірақ, бұған қарамастан, «Азат» ЖСДП бұл үндеуді Қазақстанда қалыптаса
«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов.
x
«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов.
​​бастаған азаматтық қоғамның алғашқы бастамасы деп бағалап отыр. Әміржан Қосановтың пікірінше, бұл бастама барлық саяси партиялар мен мемлекеттік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының елдегі азаматтық қоғамды ояту үшін сайлау науқанына мониторинг жасап, бақылауымен бірдей деген сөз.

– Бірақ, қатарынан екі рет сайлауға қатыспасақ, билік соны сылтау етіп партияны жауып тастайды. Сөйтіп, мұндай саяси ұйымды құрып, оны қалыптастыру үшін жасалған көп жылғы қыруар еңбек далаға кетеді. Сондықтан, мен осы партияның мүшесі ретінде, сайлауға қатысу керек деген пікірдемін. Бұл билік партиясының ұрлық ісін ашу үшін, 15 қаңтардан кейін де партияның идеясын алға апару үшін қажет. Оның үстіне бізді алда өзге – транзиттік кезең күтіп тұруы әбден мүмкін. Өз басым, келесі парламент сайлауы арада бес жыл өткенде өтеді деп ойламаймын, ол тағы да осыған дейінгі сайлаулар сияқты мерзімінен тыс өтеді деген ойдамын, – деді Әміржан Қосанов.

ФАНТАСТИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ

«Фридом Хаус» халықаралық құқық қорғау ұйымының Алматыдағы өкілдігінің директоры Вячеслав Абрамов саясаткер Әміржан Қосановтың пікірін құптайды. Ол билік «Азат» ЖСДП-сына әлі тіркеле алмай жүрген «Алға» мен жабылып қалған Коммунистік партияның кебін кигізуі мүмкін деп қауіптенеді.

– Сөйтіп, Қазақстанда тек қана билікшіл саяси партиялар ғана қалады. Сондықтан «Азат» ЖСДП бұл мәселені өз ішінде мұқият талқылап, ең тиімді деген шешім қабылдауы тиіс, – дейді Вячеслав Абрамов.

Оның пікірінше, бұған дейін де Қазақстанда сайлауға қатысудан бас тартып, бойкот жариялаған саяси партиялар болған. Бірақ мұның сайлау қорытындысының
«Фридом Хаус» құқық қорғау ұйымының Алматыдағы өкілдігінің директоры Вячеслав Абрамов.
x
«Фридом Хаус» құқық қорғау ұйымының Алматыдағы өкілдігінің директоры Вячеслав Абрамов.
​​әділ болуына еш ықпалы болған жоқ. Және ондай қадамға тек қана сайлау қорытындысын бұрмалау ғана емес, сонымен бірге бойкот жариялаған саяси партия немесе саяси топтар үшін өз ұстанымдарын халыққа жеткізуге мүмкіндіктің жоқтығы да себеп болған еді – олар үшін БАҚ атаулы жабық болды дейді құқыққорғаушы.

– Сондықтан, дәл қазір «Азат» ЖСДП үшін сайлауға барудан бас тартудың еш негізі жоқ. Партия сайлауға қатысуы керек. Себебі, елде Жаңаөзен қасіретінен өзге де шешімін күтіп тұрған мәселелер жеткілікті, – дейді «Фридом Хаус» ұйымының өкілі.

Өзін әлі «Руханият» партиясының төрағасымын деп есептейтін Серікжан Мәмбеталин, «Руханияттың» сот шешімі арқылы сайлауға қатысуы мен өзінің төрағалық орнына оралу мүмкіндігін «фантастикалық сценарий» деп атайды.

Серікжан Мәмбеталин кезектен тыс өткелі отырған сайлау қорытындысы «Азат» ЖСДП үшін де еш нәтиже бермейтініне сенімді.

– Адамдарды еркін ойлары үшін қудалайтын Қазақстанда парламенттен орын алу мүмкін емес екенін түсінбеу – таңғаларлық нәрсе. Таң атардың алдында төңіректі қою қараңғылық басады. Қазақстан қазір дәл сондай жағдайда тұр: елде таң атып, күн шығардың алдындағы қараңғылық орнаған, – дейді Серікжан Мәмбеталин.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ІСКЕ ҚОСУ

«Фридом Хаус» құқық қорғау ұйымының Алматыдағы өкілдігінің директоры Вячеслав Абрамов Қазақстандағы азаматтық қоғам өкілдері және саяси партиялардың халықаралық ұйымдарға, оның ішінде БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комитетіне өтініш жасаулары бәсең екенін айтады.

Ол бұл сөзіне дәлел ретінде, елде әлі тіркеле алмай жүрген «Алға» партиясын атады. Оның пікірінше, бұл партия биліктің өздерін тіркемей отырғанына заң негізінде наразылық танытып ең соңғы сатыға – Қазақстанның Жоғарғы сотына дейін шағымданып, одан да қайран болмаса, халықаралық деңгейге – БҰҰ-ға жүгінуге талпынған емес.

– «Алға» ғана емес, бүгінгі жағдайда «Азат» ЖСДП, сайлау науқаны мен Жаңаөзендегі жағдайға мониторинг жасап, бақылау жүргізіп отырған кез келген үкіметтік емес ұйымдар үшін дәл қазір халықаралық ұйымдарға жүгінуге болар еді, – дейді Вячеслав Абрамов.

Дөңгелек үстел басындағы әңгіменің орыс тіліндегі толық аудиожазбасын мына жерде тыңдауға болады



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Мырқымбай
11.01.2012 11:16
+0 / -0
Ертең болатын телесайыс егер тікелей эфирде өтсе онда сайлауға қатысуға болады, олай болмаған жағдайда қатысып қажеті жоқ
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 11:48
+0 / -0
Әрине, енді үміткерліктен түсіп қалғандықтан болмасын деп шулайды. Түспегенге дейін сайлауға белсенді болып жүріп, енді тайқып отыр! күлкілі жағдай! Халықтың мұңын өз пайдасына шешуді қою керек, ар тазалығы үшін!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 11:51
+0 / -0
біздегі оппозияның нақты жұмысы да нәтижесі де жоқ. тек билікті сынау - мінеумен ғана шектеледі. рас айтасыз, халықтың қамы олар үшін 5 тиын. тек жалған атақ жинау.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 12:48
+0 / -0
Кезкелген мемлекетте оппозиция болады. Бірақ оппозиция деген мемлекетпен қоғаның дамуы үшін жаңа идеялар мен ұсыныстар беріп, әлемдік интеграцияға оңтайлы үндесетін, ел дамуына серпін берсе.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 11:54
+0 / -0
Нұр Отанды қолдаймын! Мамбеталин саган біраз демалу керек!
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
11.01.2012 12:07
+0 / -0
Мына ұраның құладүзге үріп жатырған итті елестетеді екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 12:02
+0 / -0
мен Елбасы париясы "Нұр Отанға" дауыс беремін. Себебі, Нұр Отан сөзбен емес, іспен дәлелдейді.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
11.01.2012 12:27
+0 / -0
Иә, Нұротан Жаңаөзенде 7 бойы дымын шығармай келді де , , ,16 желтоқсан күні іспен дәлелдеді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 12:43
+0 / -0
керемет! арандатушы топтың мақсаты орындалды!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 13:22
+0 / -0
Ауууу, 25мыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыын!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 13:46
+0 / -0
Аяқ жағына приколь деп қойсай! Осындай миы су болып кеткендерге таң қаламын! Жағымпаздар сол!
Пікір алмасу

Кімнен: самса
11.01.2012 14:51
+0 / -0
Сізбен келісемін. Басқа партияда жоқ, ойланып соған дауыс берейік десек. Біздің партия Нұр Отан.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 17:44
+0 / -0
МАҢҒЫСТАУ МҰҢЫ
Көтерiлiс пе?
Қозғалыс па?
Қылмыс па?
Мен бiлмедiм, бiлетiнiм тым қысқа.
Шындығының шаңырағы шайқалып
Жаңаөзенiм жаурап жатыр бұл қыста.
Қажытты ма, қуыршақты “ғажаптар”,
Мезi еттi ме, маймыл мiнез – мазақтар.
Ояныңдар, ойланыңдар дегендей
Отпантаудан от тұтатты Қазақтар.
Мен бiлмеймiн айла ма әлде арбау ма?
Бiле алмадым жоқтау ма әлде зарлау ма?
Құлынынан айырылған сорлы Ана
Құдайын да, мұнайын да қарғауда.
Қайғысы мен қасiретi батпандай,
Кара түнек қорқынышты шақ қандай?
Жаңаөзеннiң жанарында алаулап
Желтоқсанның жалынды оты жатқандай.
Мен сенбеймiн, сене алмайды жүрегiм,
Бiр шындық бар бұғып жатқан бiлемiн.
Айыра алмай есерлiк пен ерлiктi
Ес жия алмай есеңгiреп тұр елiм.
Кiмдер тойып, кiмдер тоңып секiрдi?
Көрсетпестен жел қариды бетiмдi.
Шындығыңды күте-күте шаршаған
Батысымның “бастаңғысы” секiлдi.
Мейлi,тiптi билiгiне бас ұрсын,
Айласын да, арбауын да асырсын.
Ауруды жасыруға болмайды
Атқан оқтың ақиқаты ашылсын!

ҚАН
Атқан шақта арайланып таң алдан,
Ақиқаты аңыз болып таралған.
Аналық пен Аталық боп түйiскен
Түйiр қаннан бар адамзат жаралған.
Көмкерсе де көңiл атты белес мың,
Оңашада өз ойыммен кеңестiм.
Қан ағызып бөленудi құрметке
Құдай ақы түсiне алар емеспiн.
Болғанымен ақ, қарасы, жолағы,
Бар адамзат тiршiлiктiң қонағы.
Тақ басына тамырымен байланған
Хандар неге, қанға құмар болады?
Жоқ ешкiмге қиянатым, кегiм де,
Адам Ата, Һауа Анадан – тегiм де.
Адамдарды құрбандыққа шалатын
Ақырзаман осы болар тегiнде.
Уайым менен қайғы болды баққаным,
Ұйқым қашып жата алмадым, жатпадым.
Желтоқсан да, Жаңаөзен де – Қасiрет,
Қар үстiне қанмен жазған аттарын.
Шаңырағын ұстынымен тiреген,
Адасқанда Ай астына түнеген.
Жаратқанын ұмытпаған жұрт едiк
Тыныштықты Тәңiрiнен тiлеген.
Азды күнге жалау болған жаныма,
Түнерiп тұр Тәуелсiздiк таңы да.
Өзiн-өзi қаруменен қыратын
Қатыгездiк қалай сiңген қаныма?
Нала қылса нанымы жоқ наз менi,
Жүрек үнi, жалтақтамай жаз – дедi.
Қиянаттың тартқан талай азабын
Қазағымның қасiретi аз ба едi?
Безбүйрекке берекелi бақ қайда,
Тұрып қалған су да терiс ақпай ма?
Қасқыр жарған өлексенiң қызығын
Қарға менен құзғын көрiп жатпай ма?
Барлығын да көңiл көрдi, көз көрдi,
Қаншалықты төзу керек “тезге” ендi?
Қайғы жұтып, қан түкiрген Қазаққа
Құрбандыққа қарсы тұрар кез келдi!
Пікір алмасу

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Ақтөбе
11.01.2012 23:47
+0 / -0
Оқпенен. Саған оқ жетпеген екен ғой, сайрауңның сыры, тірі қалғаныңда екен ғой. АСЫҚПА, сенің де сыбағаң олардың қорамсасында жатыр. Тек сенің күнәсіз балаларың мен немерілеріңнен аулақ. Өз сыбағаңды өзің жеп бараптын жеріңе бара бер. Иманың жолдас болсын. Жылаған ұрпағыңа басу айтармын. Сабыр етіңдер, аталарың арманына жетіп бұл дүниеден армансыз өтіп бара жатыр деп.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 15:03
+0 / -0
Ух, ты!
25 мыңдықтар бірден өріп шыға келіпті ғой!
Иә, иә, енді сендерге ЖСДП мен айқасуға тура келеді!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 20:14
+0 / -0
Затеряный мир

Нефтяник бастует, наш Новый Озен,
Берет автомат полицай на ремень,
Дубинки на пояс, сверкают глаза,
Сгущаются тучи, наступит гроза.

Китайцы свой иск прокурору несут,
Юрист-адвокат, её тащат на суд.
Там Нурика суд, заседала свинья,
Шесть лет заточенья. Заплачет семья.

Проходит полгода, нефтяник худой,
Пустые карманы приносит домой,
Китайцы отняли работу-мечту,
Все ждали стабильность, нашли нищету.
Детишкам бы кашку да сладкий кефир…
Но кто посещает затерянный мир?
Отцы вспоминают дедовский наказ,
Одели все робу «Казах Мунай Газ».

Выходят на площадь, трибуны громя,
Акимы как крысы бегут из огня,
Охвачен огнем «НурОтана» редут,
Навстречу рабочим ОМОНы идут.

Несут не подарки, несут калаши,
Приказ отдает им верховный баши,
Диктатор-безумец не видит ни зги,
Лежат на асфальте ребенка мозги.

Забыли про тучи, не капает дождь,
Свинец раскаленный пронзает как гвоздь.
Законы, права никого не спасут,
Поверженных быстро носилки несут.

Лишь с мамою встретит дитя новый год,
Отца похоронят, повержен народ,
Лежат сиротинки-игрушки, букварь,
Запомнит ребенок кровавый декабрь.

Еще не успел догореть акимат,
На пепел уселся баши-комендант.
До верха дошел чемолганский плебей,
Кровавый подарок стране в юбилей.

Зачем нефтепромыслы продал, номад?
Кому начеканил ты кучу наград?
Дворцы и поместья баши далеко,
Детишки забыли на вкус молоко.

Ты помнишь декабрь, ты тогда был премьер,
Саперной лопатой покажешь пример,
Ты жаден, все мало. Теперь калаши…
Ты нелюдь без чести, либви и души.


Забегали глазки героя-хорька.
Бандит виноват… Вашингтона рука…
Ты знал, разгорается гнева костер!
За что убиваешь ты братьев, сестер?

Ты Новый Озен превращаешь в СИЗО,
Пекин отправляет тебе авизо.
Отряд следоков подшивает дела,
Наш Новый Озен отпевает мулла.

Каспий трепещет холодной волной,
Да чайки надрывно кричат над водой.
Уныло гудели вдали корабли.
Рыдали, прощаясь, с небес журавли…

Жумабай. 16 декабря 2011 г.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 11:26
+0 / -0
осылардыкы той өткен соң даңғыра үнемі.Кезінде Жаңаөзенде адамдар өліп жатқанда, неге осы партиялардың бірде біреуі араша түспеді.Майлы сүйекке таласқан иттердей арпылдасып,жөндеріне қалады. Қазақстанда оппозиция саяси сауатсыз,әрі бас көтерер азаматтарының өзі билікке сатылғандар. халықтың қамын ойлаытындар аз. Бәріне керегі мансап, қара бастарының қамы.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 11:56
+0 / -0
қазір Ақжол да жақсы бедел жинап келеді. халық арасында, кәсіпкерлер Ақжолды қолдайды. бірақ мен бірібір Нұр Отанмен, Елбасымен біргемін!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 12:42
+0 / -0
Ақжол партиясының бірегей экономикалық кеңістік құру мен жаһандық интеграцияға бейімделу мәселелерін көтеруі дұрысақ.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 14:53
+0 / -0
25 тенгелер каптап кетипти гой мына жакта(((((((

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
11.01.2012 11:27
+0 / -0
Осы "ЖСДП"-ға түсінбеймін. "Партияны жауып тастайды" дейді.
Оу, ана арамзалардың 0,3 пайызын "жаздырып" алғаннан гөрі жабылғаны көш ілгері емес пе? Міне сонан соң саясатты көп түсіне бермейтін "қазақстандықтар" (бір күндік тамағына бола күндіз-түні тыным таппай жүргендер) ойламай ма? "Сайлауда мұнша-ақ дауыс алатындары бар, партия бұлардың не "теңі" деп?


Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 11:30
+0 / -0
Сайлау болсын болмасын мен озiм бармаймын. бул сайлаудын натежесi, алде кайда шешилiп койган билiк басында.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 12:00
+0 / -0
саяси сауатты адам, өз құқығын қорғап сайлауға қатысуы керек! Мен қатыспасам да өтеді деп, қоғамнан тыс қалмай өз құқығымызды пайдаланайық!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 12:14
+0 / -0
сауатты болсан, катысып журе берiнiз. Ciздiн озi мына елде кукыгыныз барма? кукык сiзде болса Жанаозендiк бауырларга берiнiшi.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 12:48
+0 / -0
мен Жаңаөзендік бауырлармен біргемін! шүкір қазір жұмысқа орналасып, қалыпқа келтіріп жатыр. құқығы қорғалмаған болса, жағдай олай болмас еді ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: 123 Қайдан: Алматы
11.01.2012 12:03
+0 / -0
Бауырлар! Мұны дұрыс түсініңдер! Сайлауга қатысуға барлық оппозиция ынталы болды, бірақ билік ақырында тосқауыл қойып, қитұрқы әрекеттерәмен барлығының аяқтарына тұсау салып тастады. Мыне біздегі әділдік! енді оппозицияның сайлауға баруға қажеті шамалы, бәрібір биліктің қойған спектаклы ойналады. Ендігі екі нәрседе бару мен байкот жариялауда қайсысы пайдалы дегенде Байкот жариялау пайдалы, осының өзі түсінген адамға бүкіл әлем биліктің істеп отырған пасықтығын көрсетеді-деген сөз. Яғни биліктің мұлдем арандатушылыққа барғанын дәлелдей түссек, билікке бүкіл дүниенің назарын аударсақ, осы бір жолдарды ашып алсақ, онда биліктің күні жақын қалады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 12:39
+0 / -0
Сіз олай ойламаңыз, сіздің даусыңыз еліміз үшін маңызды өзіңіз үшін маңызды шешуші дауыс болуы мүмкін.
Пікір алмасу

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Ақтөбе
12.01.2012 00:00
+0 / -0
Әй, Сендер осы бір адам емессіңдер ме? бірнеше айнаға қарап өзіңмен әзің сәйлесіп отырған. Астапралла, сынықтан бақаның бәрі жұқпалы деген, сенде президентің сияқты лағып кетіпсің ғой. О, Құдай, біз қазақ саған не жазықты болдық, еліме есі аусқан елес қаптататындай.

Кімнен: сұңқар Қайдан: оқжетпес
11.01.2012 12:01
+0 / -0
"битке өкпелеп, тоныңды далаға тастама" жеңіске жетудің кепілі - халықтың сөзімен сөйлей білетін, жазушылар мен ақындарды, халық арасындағы, шешендер мен шеберлерді әншілер мен композитерлерды, мұғалімдер мен дәрігерлерді сондай-ақ дінни қайраткерлерді топтпстырып 2011 жылғы түрлі тәсілдер арқылы халыққа жасалған қанды қырғындарды айыптау керек. аспандаған баға, отылған оқ билік партиясын сақанадан жұлып алып тастауға болатын дәлел болар еді.
Пікір алмасу

Кімнен: АДАМ
11.01.2012 12:45
+0 / -0
15 қаңтарда кешкі сағат 9 дар шамасында или одан кешірек ҰрыОтан ұрлаған дауыстарын айтып мақтанып қол шапалақтайды, сонымен бітті деп ойлайды, дәл 16 қаңтар таңнан бастап бүкіл облыс, қалаларда көшеге шығып митинг өткізу керек, жаппай митинг, сол біздің ең басты, және ең соңғы серпілісіміз болу керек, өлсек те болашақ ұрпақ үшін, құрбан болсақ та келешек үшін боламыз. Назарбаевтың атакасын өзімен қоса құрту керек. Арамыздағы ҰрыОтаншылдар өздері ақ бізге қалай қосылғанын білмей қалады. Сөйтіп Қазақ даласы қазақтардың қолына өтсін, қазақ байлығы қазақтардың қолына тисін. Жаңаөзендік бауырларымыздың да кегін аламыз. Басқа жол жоқ, егер бұлай болмаса НӘНнің құлы боламыз да отырамыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Болашақ
11.01.2012 22:10
+0 / -0
Егер Сіздің пікіріңіз бойынша ? Елбасы қазақ болмаса, "Нұр Отан" партиясының мүшелері қазақ болмаса сонда, Кім ? Қазақ !!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.01.2012 20:16
+0 / -0
Олар қазақ емес, мәңгүрт деген жаңа ұлт. Қазақ қазаққа оқ атпайды, ағайынның азары болса да безері жоқ. Ал сен де сол мәңгүрттердің масқара 25 мыңдық теңгелігі болдың ғой. шошқаның мұрын тықпайтын жері жоқ деген рас па сонда?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 12:06
+0 / -0
... оның ішінде БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комитетіне өтініш жасаулары бәсең екені....

Менің де түсінбей жүргенім, оппозицияны билікпен бірге ме деп ойлайтыным осыдан. Билік Халыққа оқ атып қырып салады, оппозиция үндемейді (бірдеңе айтса да әйтеуір айтты деген атағы), М.Шахановты, Б.Әбілевті, Гүлжанды сайлаудан заңсыз алып тастайды, оппозиция үндемейді, т.с.с. тізбектей беруге болады. Сонда біздің оппозиция шынайы оппозиция ма, әлде халықаралық адам құқығы жөніндегі ұйымдарға шағым жасаудың жолын білмей ме, заңды дұрыс білмей ме, әлде билікпен бірігіп алып халықты алдап жүр ме? түк түсініксіз..
Пікір алмасу

Кімнен: Сәуегей Қайдан: Бейнеу
11.01.2012 13:09
+0 / -0
Eй, өзі білгіш, бірақ ештеңе түсінбейтін Кеуде!
Ақ пен қараны айырғандай болып отырған СОНДА сенің ӨЗІҢ қай жақты қолдайтын адамсымақсың.
Саған БИЛІКтің қылмысы ұнамайды, ДҰРЫС дейік.
Оппозицияның үндемейтіндігі, намысыңа тиеді, бұл да дұрыс болсын.
Ал өзің, қай тарапты қолдайсың. Және қолдайтын тарабыңа, өзіңнің білетін ақылыңды айтып, жолын көрсетпейсің бе? Әй...Абзалы биліктің құйыршығысың-ау сірә?


Кімнен: СолДАТ Қайдан: Алматы
11.01.2012 12:13
+0 / -0
Билік ЖСДП-ның жолын кес-кестейтіні әуелден ақ белгілі ғой. ЖСДП ға парламенттен енші бұйырмайтыны да бәсенеден белгілі. Демек, Уткин үптеп айтса да, астарын ашты. Бүгінгі билікті сайлауға түсумен құлату мүмкін емес.
Ендігі жерде Әбілевтың уәдесі қаншалықты орындалатынын күтелік. Бутяның: сайлаудан шет қалсақ, халықты алаңға алып шығамыз дегені бар еді...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 12:56
+0 / -0
Егер ЖСДП өзі биліктің итаршысы болмаса, телесайысқа қатысып айтарын айтып, халыққа үндеу тастап, содан шыға сала сайлауға байкот жариялап партиясын таратып, халықтық майдан құруы қажет. Сонымен бәрін өзгертуге кіріссін! Қодарынан ол келмесе бәрі "Нұр Отанға" мүше болып, халықты бірге тонасын!
Пікір алмасу

Кімнен: Жан ашыр Қайдан: Ақтөбе
11.01.2012 22:19
+0 / -0
ау халық оппозиция үшін, қой дейсін бе ? алаңда тоңып жүргенше, уақытында сайлауға қатысып! отбасым мен бірге болып, шарушылығымды бітірмеймін бе? деп қолдарын бір сілтейді!!!!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
11.01.2012 12:33
+0 / -0
ЖАҢАӨЗЕН-ҚАЗАҚТЫҢ ЖАРАСЫ, НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖАЗАСЫ!

Сайлауға ұмтылғанша мына Назарбаевты қолға алайық қандастар! Қандай да бір әдіс тауып, мына халықты қырып отырған қандықол Назарбаевтан құтылуымыз керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Жақайым Қайдан: Арал
11.01.2012 13:19
+0 / -0
Арыс Шымкенттен сені қолдаймын! Жазғандарыңның бәрімен келісем!
Нәнді құрту керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Түркістан
11.01.2012 15:51
+0 / -0
Арыс сөзіңіз өте дұрыс. Бірақ ол ауруды құрту өте қиын. Қандай ұсынысыңыз бар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 12:34
+0 / -0
Соц сопр сайтында кешелі бері Жезқазғанда Қазахмыс щахтерлары ереуілге дайындалып жатыр деген ақпарат жүр сол қаншалықты рас?
Пікір алмасу

Кімнен: Жақайым Қайдан: Арал
11.01.2012 12:52
+0 / -0
Бүгіннің қуанышты хабары К+ шықты!!!!!!!!
Көзіміз ашылатын болды ағайын!
Пікір алмасу

Кімнен: зейнеткер Қайдан: ақтаудан
11.01.2012 14:05
+0 / -0
Ұры отан күшті болса сайлау алдында неге тамақтың бағасын көтерген.Билік пе әлде ЕБань ба кім еді өзі ЖӨ дегі шындықты ОСДП ашып қоятынын біліп оны парламентке жақындатпайын деген арам ой ойластыруда.ҚҰЛЫБАЙДЫҢ күшігі Павлодарға кетіп еді УЖЕ взрыв басталыпты ғой.Бұл да Мусиннің ісі болар Құлекеңнің жүрген жеріне шөп шығармайын деп.Жаңағы аты көрсетілмеген ҰРЫ ҚОТАНҒА ЕБаньға дауыс беруші бауырым мүмкін 16.01.2012 де ЕБ ны Германияға апарып жұмырқасына ота жасатып келерсің. Сонда саған ҰО ағаштан ескерткіш қояр

Кімнен: Alash_azamaty Қайдан: Almaty
11.01.2012 13:42
+0 / -0
Курметти агайын, казак халкы! Елимизде сонгы кездери болган саяси прорцесстерди ескере келе барлыгымыз мынандай тужырымга келуимиз керек. Жанаозен окигасына деин Алматыда шынайы (биликтин емес) опозициялык партиялардын отырысы болып натижесинде барлыгынын атынан ЖСДП (калган партиялардын тиркелмегендигине байланысты) сайлауга катысатын болып шешилген. Демек жаксы болсын жаман болсын Нуротанга жалгыз шынай опонент осы партия деген соз. Желтоксаннын 16 на деин елде еки жакты ой болса Жанаозен окигасынан кеин копшилик биликтен терис айналганы белгили. Билик 16-17 желтоксанда жасаган кателигин тузеуге тырыспайтынын корсетип, керисинше кугын-сургынди жалгастыру аркылы елди басып-жаныштауынын аркасында халык арасындагы аз да болса каолдауынан айрылды. Ендиги маселе сайлау туралы болмак. Сайлауга жалпы халык болып катысып, НурОтаннын саяси оппоненти ЖСДП га коп дауыс берилип жатса, сайлауды бурмалау киынга согары созсиз, типти бурмалау болган куннин озинде ашык зан бузушылык Казакстаннын барлык онирлеринде маскара турде ашкереленетин еди. Бакылаушылар бар, Шетелдик бакылаушылар бар осы жолы сайлаудын шынайы бейнесин ашкерелесек жанаозен окигасы, барлыгы косылып биликин сырттагы беделин тагы бир сатыга томендетеди. Сонымен катар миллиондаган сайлаушылар сайлаудан кеин оз дауыстарын коргау ушин ашык наразылык акциясына шыгуга мумкиндик алар еди (Ресейдегидей). Осы процесстер жузеге асса билик халыктын озин колдамайтынын, елдин оз кукыктарын коргауга бир жолата шешилгенин тусинер еди.
Ал шетелдик уйымдардан умит куту не болмаса оппозиция отирик, билик барибир оз дегенин истеиди сондыктан сайлауга бармаймын, халыкка ешкимнин жаны ашымайды деген ойлар ештенени шешпеиди. Елимиздин алдагы тагдыры халыктын саяси белсендигине байланысты болмак. Сондыктан курметти азаматтар барлыгымыз созди койып накты истерге кошеик. Бастамасы сайлаудан бастуымыз керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 16:27
+0 / -0
Сіз Алащ Азаматы!!! Өзіңіз Жаңа өзендіктерге оқ атуға бұйрық берген Ұрысұлтанның билігіндегі Ұротанды сол сайлау арқылы заңдастырп бермекшісіз бе сонда? Сайлаудан кейін халықты Бутя ерте алады дегенге 5 жастағы бала сенбесе қарапайым халық сенбейді. ОЛсыз ақ көтерілуге дайынбыз!! Бірақ бізге Ғ. Қабышұлы сияқты "Назарбаев кет" деп ұрандата алатындар ғана керек!!! Бутя Назарбаев кет деп айта алама, мәселе сонда емес пе! Ол сөздің орынына ол "енді атпаймын деп айтшы" деп жалынып жүрген жоқ па Сенің сенген Бутяң!!!

Кімнен: Жанар Қайдан: Аксай
11.01.2012 14:24
+0 / -0
Мен мұнда оқығандарымның барлығын өзіме қабылдап, бір ой түйдім. Бұл оппозицияның қызғаныштан, көреалмаушылықтан жазып отырған ойы. Ол дұрыс, сондықтан олар оппозиция деп аталады. Барлықтарының жұмыстарына сәттілік. 15 қаңтарда мен Нұр Отанға дауыс берем,себебі ол Елбасы партиясы.
Пікір алмасу

Кімнен: 123 Қайдан: Алматы
11.01.2012 14:50
+0 / -0
Аузы босамайтын бір қыздар болады-ғой, салпылдап қалған! Жалпы Нұротанды қолдайтындарда өзгешеліктер бар екенін ешкім жоққа шығармайды; Олар жағымпаз келеді, ойын-той десе дұрмекке ілескіш келеді, сонымен бірге ертеңін ойламайтын көз алды қызықққа берілгіш әрі көп сөйлегіш болады. Сосын тағы бір басты өзгешелігі - ол өзінің тұрмысы жақсы ма жақсы, тыныш па тыныш, ақшалары барма бар, ол нәрселер адал жолмен бе арам жолмен келді ме бас қатырмайды. Халыққа қиянат істеу, аманатқа қиянат қылу олар үшін салт немесе мақтан! Жалпы бауырлар осындай жазғандарды оқып, көңілдеріңді бұзбаңдар, олар сондай өзі!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 15:30
+0 / -0
Ой сәуегей ай саған жетпеймізғой енді)))
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 15:11
+0 / -0
Әй маладес, Жанар!
Жұмбақтап жазғаныңды түсініп жатырмыз ғой! Нұротанға дауыс бермеңдер деп үгіттеп жатырсың көптен бері. Дұрыс. Біз де сен сияқты тек қана ЖСДП ға дауыс береміз!
Құрығанда ЕБ құрысын!
Ұрыотан құрысын!
Жанар, сенің айтқаның келіп, сайлауда Ұрыотан тоңқалаң ассын!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 14:54
+0 / -0
Мен қандастырымды сайлауға міндетті түрде барып, бірақ бюллетеньді шимайлап кетуге шақырам.(мысалы УРЫСУЛТАН КЕТ! деп жазып кетейик)
Себебі сайлауда дауыс беретін қазақты ойлайтын есі дұрыс партия жоқ.
Нұр отан, ақжол, әділет, патриоттар – бәрі бір партия.
Биліктен еш айырмашылығы жоқ Азат деген партия бар. Кезінде бәрі билікте болған, сол билікпен бірге халықты аямау тонаған, тура біздің сияқты шала қазақтар.
Дауыс беретін жалғыз партия бар еді, билік оны да сайлаудан шеттіпті. Ол партияға тек Шаханов үшін дауыс бермекші болғам...

Ал сайлауға бармай қойсақ дауысымыз автоматты түрде нұр отан, ақжол немесе әділетке жазылады. Соған жол бермеу ушін бюллетеньге өзіңіздің риза болмай жүрген нәрсеніңізді жазып кетіңіз.
Ең болмаса осындай жолмен қарсылығымызды білдірейік!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: 134
11.01.2012 15:01
+0 / -0
Мунда бари сәуегеймен балгерлер жиналғанғой, не деген тапқырлық. Барлығына Нұр Отан кінәлі, сонда сайлау бола қалса оянып, сайлаудан сон ұйқыға кететін оппозиция сымақтар періште ме? күлкім келеді ойласам))). Нұр Отанмен біргемін.
Пікір алмасу

Кімнен: Pустем Қайдан: актау
11.01.2012 17:21
+0 / -0
сайлауга барсанда бармасанда нур отан 95% алатынына еш куманім жок себебі олардын бюлетендері дайын тур,бізде ешкандай әділдік болмайды сол себебті дауыс беруге бармаймын,бос уакыт өткізу деп білемін

Кімнен: Alash_azamaty Қайдан: Alamaty
11.01.2012 17:28
+0 / -0
Тынданыздар! Тагыда айтамын. Биз сайлауда Бутяны не болмаса тагы бирди-екили адамдарды колдау емес биликти кетиру идеясы ушин барамыз. Шынайы озгеристи каласак сайлаудан кеин шыгайык аландарга, тукпир-тукпирде. Сайлау халыктын биликке еркин билдиретин курал болсын осы жолы. Сонымен катар Бутяга, Шахановка, Кабышевка, Атабаевка т.б еремиз дегенди кою керек. Казак маселеси оларга гана керек емес жане де букил халыктын еркин ондаган адамдар билдире алмайды. Сондыктан сайлауга белсенди турде катысайык, сайлау учаскелеринде дауыс беру устинде, дауыс бергеннен кеин халык ози жинала бастайды, ал сайлауга бармаса баягы сол уйде отырганы отырган.

Кімнен: Расул Қайдан: Маңғыстау
11.01.2012 18:38
+0 / -0
Жақсы сайлауға қатысайық оппозицияға дауыс берем өз басым неге десең Нұр Отаннан жеріп болдық.Бұл сайлаудан бас тартса партия жабылады дейсіңдер олда дұрыс шығар.Ал сайлаудан соң халықты көтере алар,арттарыңа ертетіндей қайтпас қайрат,үмітті ұран бар ма?Халықтың жүрегіне ұрандарың жетті ма?Қазақстанның бар облысы шығатынына мен өзім сенбеймін.Ұйқыда жатыр қазақтар,істен гөрі көп сөзге әуеспіз.

Кімнен: найман Қайдан: тарбағатай
11.01.2012 18:59
+0 / -0
Алаш азаматы,негізі ойың дұрыс. Бірақ сайлауға барсақ та,бармасақ та мәжіліске екі партия өтеді.Олар: Нұротан және Ақжол. Фармалді түрде көп партиялы парламент болып шыға келеді де,құда да тыныш,құдағи да тыныш принципі орнай қалады.
Ал сенің ЖСДП ға дауыс берейік,билікке сайлау қортындысын бұрмалау қиынға соғады деген бекер сөз. Бұрмалау технологиясы баяғыда сынақтан мүдірмей өткен. Бюлетень саны қажеттен екі есе көп басылған.Ары жағын өзің жалғастыра аласың. Ұят үшін ғана деп ойламасаң,әй бірақ ұят пен биліктің қоштасқалы қай заман.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 19:32
+0 / -0
Ояан қазақ ұлт көшбасшы деген заңды алғызу керек сөз бостандығы

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 20:03
+0 / -0
Сайлау деп халыкты, кырылып калгандарды, казiр каншама киналып жаткан адамдарды коргау умытылып кеттi ме?
Сайлауга дауыс алдын ала есептелп койылды. Сайлауга берген сенiн даусынмен ешкiм котенiн де сурттпейдi. Оданда Жана Озендегi бауырларымызды актап алудын жагдайын ойлайык, жазыксыз куйiп жатыр гой тым жаксы казахтын балалары.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 21:03
+0 / -0
Өз басым Нұр ағам билік басында отырған кезінде өтетін сайлаулардың бәріне бойкот жариялап тастағам. Он бесінші қаңтар күні тауға барып демалып қайтамын.
Пікір алмасу

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Ақтөбе
12.01.2012 00:04
+0 / -0
Егер сен мал болсаң сені баяғы да санап қоған. Ал егер адам болсаң бар да әз даусыңды қалаған партияңа бер.

Кімнен: Аален Қайдан: Атырау
11.01.2012 20:46
+0 / -0
Аттан, бүкіл Қазақ!! Тұрыңдар, жау шапты!! Бауырларымызды шырылдатып өлтіріп жатыр ғой, мына билік!! Осындай жағдайда ары бар адам сайлауға бармау керек!!
Пікір алмасу

Кімнен: Марат Досалиев Қайдан: Қазақстан
14.01.2012 15:54
+0 / -0
Қазақты қазақ қана жарылқайды. Ендеше, тәуелсіздіктің ұйытқысы болып, тыныштығы болып, алтын діңгегі болып отырған қазақ жұрты үшін, сол қазақтың болашағы үшін, ұрпағы үшін дауыс береміз. Бұл сөз менің ғана емес, елдің сөзі, жұрттың сөзі деп білемін.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.01.2012 03:09
+0 / -0
Сара Алпысқызы қайда екен?
Мына кісіге неге басу айтпайды екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Медет Қайдан: Торғай елі
12.01.2012 20:36
+0 / -0
Ұлығым қайда кешегі Қазақ деген?!
Соқтығысып жатыр Қазақ,Қазақпенен!
Шенеуліктер шешімін,азап көрін,
Құрбандарды жазықсыз Қазақ дер ем!

Оян Қазақ!Оянар намыс келді!
Көз жұмып жатпақпызба,тал түсте енді?
Ойдан құрып жазатын ценарилер,
Тағдырыңды болжайтын "әртіс" келді?!

Оян Қазақ!Оянар кезің жетті!
Ақиқаттан айналып көзің кетті!
Ел тізгінін ұстаған егелерден,
Болды жетер ендігі төзім жетті!

Оян Қазақ! Тіліңмен,ділің кетті!
Аяқ асты тапталып дінің кетті.
Халықпенен санаспай билік отыр,
Қалыппенен жоғалып күнің кетті?

Оян Қазақ! Қорадан малың кетті!
Оққа ұмтылып әуелеп жаның кетті!
Билік деген аждахарға сенуден,
Жаспен кәрі бәрінен сабыр кңетті!?

Оян Қазақ! шетелге жерің кетті!
Пайдасы жоқ халыққа,тегін кетті!
ҚАЗАҚСАТДЫҚ ұлт болам деп біреулер жүр,
Олай болса дей бер Қазақ елің кетті?

Оян Қазақ! Сатылып балаң кетті!
Жаңа өзенде қамалып анаң кетті!
Сабырменен қашанғы отырамыз,
Біздерге енді ойқастар заман жетті?

Оян Қазақ! Тек мінбе ашуыңа,
Қатер келіп жүрмесін тасуыңа!
Отан үшін отқа түс,еліңді ойла,
Ертеңгі күн кеш болар,осындай топас биліктен құтылып қашуыңа??????
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі