Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:38

САЯСАТ / Партиялар

«Азат» ЖСДП орталық сайлау комиссиясына наразы

«Билік сайлау барысына араласуымызға кедергі жасап отыр» деп мәлімдейді партия басшылары. Алайда орталық сайлау комиссиясы «тек заң шеңберінде ғана жұмыс істейтінін» айтады.

«Азат» ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосанов. Алматы, 31 қазан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қарашаның 22-сі күні «билік партияға кезекті рет сайлауда берілетін дауыстарды санауға қатыстырмаудың амалын қарастырып жатыр» деп мәлімдеді. Бұған қарашаның 21-і күні партияға орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Фоостан келген хат себеп болған.

«БИЛІКТІҢ САЙЛАУҒА КӨЗҚАРАСЫ»

– Хатта «Сайлау туралы» заң бойынша саяси партиялардың сайлау учаскелерінің комиссияларына өз өкілдерін кеңесші ретінде жіберу уақыты сайлау мерзімі белгіленгеннен 7 күн өткенде аяқталатыны айтылыпты. Яғни ол мерзім бүгін – қарашаның 22-сі күні аяқталады. Фоост мырзаның 16 қарашада қол қойған бұл хаты қазіргі коммуникацияның дамыған кезінде бес күн жол жүріпті. Ал прокуратура немесе басқа органдар іздесе, бізді жарты сағатта тауып алар еді, – дейді Азаттыққа түсініктеме берген партияның хатшысы Әміржан Қосанов.

«Сайлау туралы» заңда саяси партиялардың бұл құқықты пайдалануын шектейтін ешқандай бап жоқ екендігін айтқан партия басшылығы «орталық сайлау комиссиясы жеті күндік мерзімді партиямен кеңеспей, өз беттерінше белгілеген» деген болжам айтады. Әміржан Қосанов бұл істің саяси астары бар деген сенімде.
Сондықтан сайлауда біздің орнымыз бір төбе екенін біле отырып, жұмысымызға кедергі жасамақ

– Комиссияның жұмысына жіті бақылайтын партия оларға керек емес. Яғни осы бастан белгілі, бақылаушылардың дені – «Нұр Отан» және «Нұр Отанның» достары. Сондықтан мұның барлығы биліктің сайлауға деген көзқарасын көрсетеді. Коммунистік партиясы сот шешімімен өз жұмысын тоқтатқан тұста, «Алға» партиясы тіркелмеген кезде бірден-бір оппозициялық партия – «Азат» ЖСДП. Сондықтан сайлауда біздің орнымыз бір төбе екенін біле отырып, жұмысымызға кедергі жасамақ, – дейді Әміржан Қосанов.

«ЗАҢ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС»

Азаттық тілшісі осы оқиғаға байланысты орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Фоосқа телефон шалған еді. Ол кісінің хатшысы Фоостың орнында жоқ екенін айтып, «біраз уақыттан кейін 
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен. Астана, 8 қазан 2008 жыл.
​​хабарласуды» өтінді. Біраз уақыттан кейін хабарласқанымызда хатшы телефон тұтқасын көтермеді.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменнің айтуынша, ​​жоғарыда сөз болған жайт «заңда арнайы нормамен көрсетілген, барлық партиялар ол туралы біледі».

– Заңда көрсетілген – сайлау жарияланған күннен бастап, 10 күннен кешікпей округтік және аумақтық комиссиялардың, 7 күннен кешікпей учаскелік комиссиялардың құрамдары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс. Сайлау заңды болуы үшін ол заң орындалуы тиіс, – деді Ләззат Сүлеймен.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
22.11.2011 22:20
+0 / -0
Осы "оппозиция" дегендер билікпен өтірік күрестен қашан жалығар екен?..

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
22.11.2011 22:26
+0 / -0
Міне, сайлаудың интригасы да осымен бітті. Сайлау комиссиясының ішінде оппозиция өкілдері болмаса, олар сайлаудың ең маңызды бөлігі, дауыс санау процесіне қатыспайтын болса, онда мұны не деп атауымыз керек. Сізге біреу қарызға алған ақшасын беріп жатып, оны санамай ал десе келісер ме едіңіз. Енді сайлау атты спектаклге бойкот жариялап, халықты алаңға шақыру керек. Бұдан әрі қарай , сайлауға қатысамын деп, биліктің сценариін заңдастырудың керегі жоқ, себебі, олар қатыса бер, бірақ санауға қатыспайсың деп отырғанда, бұл ойынды жалғастыра берудің қандай мәні бар. Қарсылықты осы жерден бастау керек. Сонда дұрыс болады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.11.2011 03:51
+0 / -0
Ел ішінде айтылатын "Нұр Отан"-биліктің бәйбішесі,Оппозиция-тоқалы"деген рас болды-ау?20 жыл бойы "маған тәтті күлшеден неге бермейсіңдер" деп жылауды жалғастыру басталды десеңші...

Кімнен: ара Қайдан: уядан
23.11.2011 10:16
+0 / -0
оппозиция дегендерин баягыда билiкте болган, казирги билiкпен биригип халыкты тонаган урылар гой. енди кеп халыкшыл бола калыпты!

Кімнен: Қабылан Муса Қайдан: Ақ Орда
23.11.2011 11:20
+0 / -0
Фоост мырзаның 16 қарашада қол қойған бұл хаты қазіргі коммуникацияның дамыған кезінде бес күн жол жүріпті. Әрине! Жеті күн жүрмегеніне шүкір деңдер! Біздің оппозицияға шанс беріп есіміз ауысып па екен? Ештеңеге үлгерпейміз. Соғыстың аты -соғыс! Қарсы лагерьге шықтың ба, бітті! Оның үстіне Жармахан да есікті қатты жауып кетті. Қалай оны парламенттен көрмекпіз? Не үшін оған жоғары жалақы, қызметтік көлік пен пәтер беруіміз керек? Оның бәрі бюджеттің ақшасы. Сондықтан әзірге біз тұрғанда радикал оппозицияларға еш шанс бермейміз! Дәмеленбей-ақ қойындар! Ал наразы бол, бол ма - біз пысқырмаймыз. Солай! Билікті ұстаудың өз заңдылықтары бар. Оны бұзып өзімізге бәле тілеп не керек! Лояльды, бізге ниеті түзу тұлғалар, партиялар өтеді парламентке! Қалғандарың үміт күтпей-ақ қойыңдар. Иллюзия болмасын!

Кімнен: Зия Қоңыр Қайдан: Елден
23.11.2011 11:54
+0 / -0
Өте дұрыс пікір. Осы жолы ел сайлауға қатыспауы керек. Өтірік сайлаудың, халықтың еркін білдірмейтін сайлаудың не керегі бар? Оппозиция бол, басқа бол, сайлауға бойкот жариялау керек. Өтірікті, арсыздықты тоқтататын уақыт жетті ғой. Ең болмаса өз ұятымызды сақтап қалайық. Сайлауға қатыспаңдар. Өз қарсылықтарыңды тым болмаса осылай көрсетіңдер. Мал екеш мал да бауыздарда тұяқ серпеді ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.11.2011 14:11
+0 / -0
өтірік сайлау неге керек. Ұлттық төл партиямыз болмаған жерде қазақы сайлау болмайды.

Кімнен: Қарсыбек Антибаев Қайдан: Қазақстан
25.11.2011 20:06
+0 / -0
Ресейліктер сияқты "Кет-Нах: бәріне қарсымыз" акциясын ұйымдастырсақ қайтеді?...