Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:47

САЯСАТ

Назарбаев Конституциялық кеңестің Жаңаөзенге қатысты шешіміне қарсылық білдірді

Қаңтардың 10-ы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңестің Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізбеу туралы 6 қаңтардағы қаулысына вето қойды. ОСК басшысы Қуандық Тұрғанқұлов әзірге түсінік бере алмайтынын айтты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен қаласында полицейлермен әңгімелесіп тұр. 22 желтоқсан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Президент Назарбаев "Конституциялық кеңестің бұл шешіміне орай Жаңаөзен қаласының тұрғындары өздерінің конституция мен заңдарда көрсетілген сайлау құқықтарын шектейді деп алаңдайды" деген уәж айтады.

"Мемлекет басшысының шешімі Жаңаөзен қаласының тұрғындарына өздерінің сайлауда дауыс беру және мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлануға берілетін Конституциялық құқықтарын пайдалана алуға жағдай жасау болып табылады" деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ал түстен кейін Қазақстан орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов президент Назарбаевтың Конституциялық кеңестің шешіміне вето қоюына қатысты: «Орталық сайлау комиссиясы бұған түсінік бере алмайды. Бір білетініміз, заң бойынша мұны енді Конституциялық кеңес қарауы тиіс. Біз соның шешімімен жұмыс істейміз» деп мәлімдеді.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫ

Бұған дейін, қаңтардың 6-сы күні орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос:

- Орталық сайлау комиссиясы Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай тәртібінің ұзартылуына байланысты қаңтардың 15-іне белгіленген Қазақстан парламенті мәжілісінің бесінші шақырылымдағы депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы Жаңаөзенде өтпейтіні туралы қаулы алды. Ал жергілікті мәслихат депутаттары мен Жаңаөзен қаласынан түсетін Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау мерзімі төтенше жағдай тәртібі аяқталғаннан кейін анықталып, өткізілетін болады, - деп мәлімдеген.

Қаңтардың 6-сында Астанада Қазақстан конституциялық кеңесінің отырысын өткізген осы кеңес төрағасы Игорь Рогов Жаңаөзенде төтенше жағдай тәртібінің енгізілуіне байланысты сайлау өткізудің қаншалықты дұрыстығы туралы конституциялық кеңеске орталық сайлау комиссиясы жолдаған сұрауға жауабын жариялаған еді.

Игорь Роговтың айтуынша, азаматтардың өз таңдауын еркін білдіруі - әркімнің конституциялық хақы. «Азаматтардың бұл хақы тек тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздік сақталған жағдайда ғана жүзеге асуы тиіс. Өз даусын еркін білдіру үшін еркін жүріп-тұру, бірігіп, жиын, митинг, шерулер өткізу және ақпаратты еркін қол жеткізіп, тарату құқықтары да қоса болуы керек» деді ол.

- Мемлекет азаматтардың осы құқықтарын толықтай пайдалануына, сондай-ақ сайлаудың ашық және бәсекелі түрде өтуіне жағдай жасауы керек. Бірақ төтенше жағдай кезінде және азаматтар мен заңды тұлғалардың жоғарыда аталған құқықтары мен еркіндіктері шектелгендіктен олардың еркін дауыс беруі өте қиын, - деп түсіндірген еді Игорь Рогов Конституциялық кеңестің тұжырымын.

ЖАҢАӨЗЕНДЕ САЙЛАУ ӨТЕ МЕ, ӨТПЕЙ МЕ?

Адам құқығын қорғау бюросының Қарағанды облыстық бөлімшесінің заңгері Анатолий Кимнің айтуынша, конституциялық кеңестің қаулысын талқылауға болмаса да, оны кейін қайтаруға президенттің өкілеті жетеді.

- Демек бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: Жаңаөзен аумағында сайлау болады. Бәрібір мұны алдын-ала ұйымдастырылған деп ойлаймын, - дейді Анатолий Ким.

Оның ойынша, осылайша «Нұр Отан» жаңаөзендіктердің арасында ұпай жинамақ.

- Конституциялық кеңес төтенше жағдайда байланысты сайлау болмайды десе, президент азаматтардың конституциялық құқығының орындалуының кепілі ретінде «бұл жекелеген азаматтардың сайлау құқығын бұзу екенін» «шұқып» көрсетіп отыр. Бұл, мүмкін, таза пиар қадам шығар. Президент «Нұр Отан» партиясы үшін осылайша дауыс жинауы мүмкін, - дейді Анатолий Ким.

Оның ойынша, қаңтардың 15-іне дейін Жаңаөзенде төтенше жағдай тәртібі алынып тасталуы да мүмкін. «Себебі бізде бәрі соңғы сәттерде болып жатады ғой» дейді заңгер.

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚАУЛЫСЫ МЕН ВЕТОНЫҢ ТЕКЕТІРЕСІ

Алматы Хельсинки комитетінің басшысы Нинель Фокинаның пікірінше, нақты жағдайда билік төтенше жағдай мерзімін ұзартып, өзін-өзі «конституциялық тығырыққа» тіреді. Оның айтуынша, Жаңаөзенде сайлау өтсе де, өтпесе де - сайлау заңсыз болып шығады.

- Мұнда жоғарыда өте маңызды мемлекеттік саяси шешімдердің біржақты, арнайы органдармен ақылдаспай, терең талдауларсыз қабылданатыны өте айқын көрініп қалды. Төтенше жағдайдың енгізілуі бәрімізді осылайша тығырыққа тіреді. Біз «шамамен 50 мың азаматтың конституциялық құқығын бұздық» деп мойындасақ, болашақта біреулер бұл сайлаудың заңды өткеніне күмән келтіріп, қарсылық білдіруге мүмкіндік алады. Не Жаңаөзенде сайлау өткізе береміз. Бірақ ол сайлау да заңсыз болады. Және оны да мойындамауға негіз береміз. Біздің «данышпандар» бұл тығырықтан қалай шығар екен? Оны да көре жатармыз, - дейді Нинель Фокина.

Оның пікірінше, конституциялық кеңес артық дауыс жинап, президенттің ветосының күшін жоя алады, бірақ бұл қадам да тығырықтан құтқара алмайды.

Құқық қорғаушының ойынша, ең дұрысы - сайлауды Жаңаөзенде төтенше жағдай мерзімі біткеннен кейін яғни ақпан айында өткізген.

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында 2011 жылы желтоқсанның 16-сында мұнайшылар мен полиция қақтығысып, қарусыз адамдарға оқ атылды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы желтоқсанның 17-сінен 2012 жылғы қаңтардың 5-іне дейін Жаңаөзен қаласының аумағында төтенше жағдай жариялады, қалада түнгі 11-ден таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат тәртібін енгізді.

Ал қаңтардың 4-і күні президент Назарбаев өз жарлығымен Жаңаөзендегі төтенше жағдай мерзімін 31 қаңтарға дейін ұзартты.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 11:35
+0 / -0
Ой жауыз-ай, қалай-қалай сайрайды!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 11:51
+0 / -0
енді сайлау өткізбеуге қарсы шығып еді, жауыз деп шыға келді, қанағат керек екен адамға, Назарбаевтыкы дұрыс!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 13:37
+0 / -0
25 000 тенге!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 16:58
+0 / -0
"Көк Тудың желбірегіні жаныма қуат береді..."осы көк Туымыздың желбірегенін көре алмаушы арандатушылардың соңына ерген мына ақымақ, сайқымазақтар Елбасы еңбегін жоққа шығарғысы келеді.
Пікір алмасу

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Ақтәбе
10.01.2012 20:43
+0 / -0
Жас күнімде, командировкада жүргенімде, бір колхозхоздың кеңсесіні жарында ілулі тұрған Совет Одағының Жоғарғы Кеңесінің өкімін көрдім. Оның жоғарғы сол жақ бұрышында ; Утверждаю басқарма колхоза Мырқымбаев деген жазумен шиыртып қойған оның қолы тұр екен. Шегім қатқанша күліп едім. Менің соным бекер болғанын енді бүгін түсініп отырмын. Аталарымыз айтқан күлме досыңа келер басыңа деп. Менің жастық күлкім қартайғанымда халқымның соры ашылмаған маңдайына сол колхоздың баласының мұрнының боғы бес елі болып жағылды ғой. Реті біздің президентіміз сол колхозда туып өсіп, сол басқармадан дәріс алған ғой деймін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 12:24
+0 / -0
Президенттің ойы өте салиқалы, халық Елбасын қолдайды! Жүргізіп отырған саясаты да ойға қонымды! Жарайсың Елбасы!
Пікір алмасу

Кімнен: Улбике
10.01.2012 12:51
+0 / -0
Елбасы өзінің осы іс- әрекетімен, көрегендігімен нәтижелі көшбасшы екенін дәлелдеді. Аллам барлығымызға иман берсін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 13:38
+0 / -0
25 тыс тенге!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 14:47
+0 / -0
25000тенге алгандарын кылтамак болып өлиң.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 15:46
+0 / -0
Улбике, осынысымен ол өзінің топастығын көрсетті. Алла әу баста бермеген иманды енді сен сұрады екен деп бере қоймас оған
Пікір алмасу

Кімнен: Бага
10.01.2012 15:46
+0 / -0
Сендердің санасыздықтарын осы жерде белгілі, екі құлақтарыңмен естіп алыңдар билікке сендер сияқты бір беткейлер келмейак қойсын. Елбасы қазақ елі үшін жаралған тұлға, мейлі осы жолда еңбек ете берсін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 15:58
+0 / -0
тағы да 25000 теңге.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 16:20
+0 / -0
өзім Назарбаевты қатты сыйлаймын, және мақтан тұтамын! назарбаев қазақ үшін жаралған тұлға! Елбасы туралы жансақ пікір айтып жатқан сайқымазақтар өз көлеңкесінен аса алмайды)))уа хахаха
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 16:48
+0 / -0
Шүкір қазіргі жастар иманды! оң солын таниды. бұны мен сынып жетекшісі ретінде айта аламын. Алла сендерге қуат берсін Президентіміздің саясаты қолдаушы жастар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 01:08
+0 / -0
Мә, саған, 25 мың, екі саусақ арасынан шыққан басбармақ!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 15:32
+0 / -0
Бұл Елбасының өте салиқалы шешім екенін халық қолдайды! енді қарап отырсақ халыққа өткіщбе десе тағы шулайды, өтеді десе тағы шулайды). Бұл ашығын айтқанда тамағы тоқтық, киімі көптіктің әрекеті
Пікір алмасу

Кімнен: Нұрбия Қайдан: Алқалы
11.01.2012 00:27
+0 / -0
Ала ғой 25 мың теңгеңді. Заработал.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 01:10
+0 / -0
Мә, саған, 25 мың, екі саусақ арасынан шыққан басбармақ!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 16:52
+0 / -0
Құрметті қазақ халқым! Сіздерді Тәуелсіз еліміздің 20 жылдығымен құттықтаймын! Біздің ең бақытты қуанышты шағымызды көре алмаушылар жоқ жерден ереуілге шығып, оған билікті кінәлады. Арандатушыларға ермей, сабырға келейік халқым! тыныштықты ойлап емес, қайта арандатушы журналистердің де көбейгені өкінішті
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 20:51
+0 / -0
Журналистер арандатушылар деп айтып отырған сенің өзің сондай арандатушының бірісің! Журналистер өз міндетін орындап, халыққа шындықты жеткізуде! Сенбесең, барып , солармен көріп қара! Сосын сөйлерсің!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 16:54
+0 / -0
осы Жаңаөзенде болған жайларды жанболат мамай сияқты өткен жылдың сәурінде абыройдан жұрдай болғандар өздерінің арам ойына іліктіріп, қолданғысы келеді? арине, құр сөзбен
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
11.01.2012 00:11
+0 / -0
Құр сөзбен абыройдан жұрдай болып жатыр дейсің,ал халыққа оқ атқандар мен азаптағандар және оларды қолдағандар қай жерлерінен жұрдай болып жатыр екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Баға-ябғу Қайдан: Батыс Түрк
11.01.2012 00:31
+0 / -0
Пах шіркін!
Биліктің 25 мың теңгесіне бола жазғыштар көбейгені байқалады бүгін! Ақша не істетпейді-ау халайық!
Жазатындарыңды бүгін-ертең жазып қалыңдар, әйтпесе қазынадағы қаражат бітейін деп қалды. Бәріңе жетпейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Керден Қайдан: Елден
11.01.2012 00:23
+0 / -0
Алақ-жұлақ етіп елдің бәрін, әсіресе өз қол астындағыларды таза жынды қылды ғой! Біресе сайлау болмайды, біресе болады деп. Бишара, қартайғанда сасқалақтайтын бопты ғой.
Жан керек өзіне.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 20:14
+0 / -0
Затеряный мир

Нефтяник бастует, наш Новый Озен,
Берет автомат полицай на ремень,
Дубинки на пояс, сверкают глаза,
Сгущаются тучи, наступит гроза.

Китайцы свой иск прокурору несут,
Юрист-адвокат, её тащат на суд.
Там Нурика суд, заседала свинья,
Шесть лет заточенья. Заплачет семья.

Проходит полгода, нефтяник худой,
Пустые карманы приносит домой,
Китайцы отняли работу-мечту,
Все ждали стабильность, нашли нищету.
Детишкам бы кашку да сладкий кефир…
Но кто посещает затерянный мир?
Отцы вспоминают дедовский наказ,
Одели все робу «Казах Мунай Газ».

Выходят на площадь, трибуны громя,
Акимы как крысы бегут из огня,
Охвачен огнем «НурОтана» редут,
Навстречу рабочим ОМОНы идут.

Несут не подарки, несут калаши,
Приказ отдает им верховный баши,
Диктатор-безумец не видит ни зги,
Лежат на асфальте ребенка мозги.

Забыли про тучи, не капает дождь,
Свинец раскаленный пронзает как гвоздь.
Законы, права никого не спасут,
Поверженных быстро носилки несут.

Лишь с мамою встретит дитя новый год,
Отца похоронят, повержен народ,
Лежат сиротинки-игрушки, букварь,
Запомнит ребенок кровавый декабрь.

Еще не успел догореть акимат,
На пепел уселся баши-комендант.
До верха дошел чемолганский плебей,
Кровавый подарок стране в юбилей.

Зачем нефтепромыслы продал, номад?
Кому начеканил ты кучу наград?
Дворцы и поместья баши далеко,
Детишки забыли на вкус молоко.

Ты помнишь декабрь, ты тогда был премьер,
Саперной лопатой покажешь пример,
Ты жаден, все мало. Теперь калаши…
Ты нелюдь без чести, либви и души.


Забегали глазки героя-хорька.
Бандит виноват… Вашингтона рука…
Ты знал, разгорается гнева костер!
За что убиваешь ты братьев, сестер?

Ты Новый Озен превращаешь в СИЗО,
Пекин отправляет тебе авизо.
Отряд следоков подшивает дела,
Наш Новый Озен отпевает мулла.

Каспий трепещет холодной волной,
Да чайки надрывно кричат над водой.
Уныло гудели вдали корабли.
Рыдали, прощаясь, с небес журавли…

Жумабай. 16 декабря 2011 г.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 11:36
+0 / -0
Бұл құзғын Халықтың қанына әлі тоймай отырма? Екі қолыңда кісенделген, тірілей қолға түскен күніңді көруге Аллах нәсіп етсінхалыққа!!!! АМИН!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 15:55
+0 / -0
Жағыңа жылан жұмыртқаласын деген сөз осындайда айтылады екен ғой. Назарбаевтың қазаққа жасаған жақсылығын неге көре алмай, айта алмайсыңдар?! Назарбаев қазаққа зор еңбек етті!
Пікір алмасу

Кімнен: Жана Қайдан: Озен
10.01.2012 16:40
+0 / -0
25000 тенге в студию, сразу!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 20:52
+0 / -0
Тек біржақты қарамай, оның жаман жақтарын да айтайық. Сонда ғана әділ бағасын алады ол кісі. Таразы басы қалай қарай басатынын бір құдайдың өзі біледі!
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
11.01.2012 09:39
+0 / -0
Назарбаевтың қазаққа істеген және істейтін " жақсылығын" Жаңаөзенде көрдік. Оны Мүбәректің немесе Каддафидің тағдыры, немесе Башар Асадтікі қалай болады екен, соның тағдыры күтіп тұр. Путиндікі де шайқалып кетті. Сонда бұл қайда барады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 11:37
+0 / -0
Жақсы спектакль екен, өзі бүлдіреді кейін өзі істегеніне өзі қарсы шығады, солай бедел жинамақшы
Пікір алмасу

Кімнен: Мира Қайдан: Сарығаш
10.01.2012 13:05
+0 / -0
Сен білесінгой спектакльма, ойынба, кинома? Біздің білетініміз сайлау заңды өтеді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 13:40
+0 / -0
Әй, 25 мыңдық Мира, алдымен сауатты жазып үйренші!
Пікір алмасу

Кімнен: Мира Қайдан: Сарыағаш
10.01.2012 15:49
+0 / -0
сенің сауаттылығың белгілі ғой, жамандаудан ары бара алмайсың, Егер Мықты болсан әркімді бір комментке алып, 25 мың теңгеге арыңды сатпас едің. Жаңаөзенде сайлау өтетініне қуаныштымын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 20:55
+0 / -0
Сарыағаштың аптап ыстығында басыңдағы тауықтың миындай миың кеуіп қалған екен, сорлы МИРА! Ана Шукеевке тағы ақша жинап жатсыңдар ма, Премьер-министр жасаймыз деп???! Әлде; сен оның любовницасы боларсың жүз бесінші???!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 01:10
+0 / -0
Мә, саған, 25 мың, екі саусақ арасынан шыққан басбармақ!
Пікір алмасу

Кімнен: Фронтовой журналист. Қайдан: жанаозен
11.01.2012 18:42
+0 / -0
Мира, аган мындай сайлаудын кажети жок.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 15:44
+0 / -0
Бұны бедел жинау деп жансақ пікірде отырғандарға, Елбасы абырой атақ, беделден кенде емес!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 16:03
+0 / -0
қылғынып қал!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 11:38
+0 / -0
Екі жолың бар - не сайлауды кейінге қалдырасың, не коменданттық сағатты алып тастайсың
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 11:49
+0 / -0
салдалма
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 15:47
+0 / -0
Сандалып отырған как раз сенсің

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 11:38
+0 / -0
Бариде саясат ашеин

Кімнен: Айзат Қайдан: Маңғыстау
10.01.2012 11:42
+0 / -0
Не айтып,не қойғанын білмейтін елбасы алжыған ау сірә.Қасына жинаған шабармандары оны алдайды,ол халықты алдайды,сонда елді кім басқарып отыр?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 16:01
+0 / -0
НАН га ырзамын! Керемет саясат! Қазақты қазақ деп танытқан Назарбаев! бұл өшпейтін шындық екенін ешкім жоққа шығара алмайды
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 01:11
+0 / -0
Мә, саған, 25 мың, екі саусақ арасынан шыққан басбармақ!

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
10.01.2012 11:45
+0 / -0
Аярлықтың шегі жоқ деген осы болар! Өзі берген бұйрығына тағы өзі болып қалайша вето қояды? Жоңғардың шатасы әбден басынды қазақтарды, мазақ қылуын қояр емес! Қазақ бір жүрген делқұлы, ақымақ болды бұл Ұрышайтанға!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 13:08
+0 / -0
Біреуге ақыл айтпас бұрын ақылды болу керек емес пе шіркін. Сіз не деген көреген жансыз. Елбасын ұры еттіңіз, шайтан еттіңіз. Бәріміз анадан тудық, байқам сөйлеу керек. Жаратушымыз бір, сондықтан құдайдан қорыққан жөн. Саналы болсаң мені комментке алмайақ қойшы, мен интернетке жиі кірмеймін, бәрібір оқи алмаймын.АЛЛА разы болсын
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 15:33
+0 / -0
енді сайлау өткізбеуге қарсы шығып еді, жауыз деп шыға келді, қанағат керек екен адамға, Назарбаевтыкы дұрыс!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 01:12
+0 / -0
Мә, саған, 25 мың, екі саусақ арасынан шыққан басбармақ!

Кімнен: ЖОҚ Қайдан: ЖОҚ
10.01.2012 11:52
+0 / -0
Қазақтардың құқықтық мәдениеті өте төмен десем өзіме тиеді. Бірақ бұл шындық. Көл көсірлемей әрбір органның құзыреттерін білсеңдерші. ЕЕЕЕ мейлің анау де мынау де шоқпар ұстағанша кітап ұста.

Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
10.01.2012 12:00
+0 / -0
Осыдан ақ назаррбайдың көп нәрсені өз еркімен қабылдап жатпағанын білуге болады,,,,ол кісіні қол астындағылардан құтқарсақ па шіркін,,мәсімов тез арада биліктен кетсе екен,,,,,,,,,,
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 13:46
+0 / -0
Онда ЕБ (ел басы) ештеңеге миы жетпейтін, біреудің айтқанымен ғана жүретін Даун болды десеңші! Өз ойы, миы жоқ, қолынан боқ та келмейтін делқұлы деп отырсың ғой?
Ойбай, осынша жыл бізді кім басқарып келген сонда?

Кімнен: Жеңісбек Сабрайым Қайдан: Алматы
10.01.2012 12:02
+0 / -0
Ақпарат бойынша жұрт Игорь Рогов Конституциялық сот кеңес Елбасымен кеңіскендей мағына білдірген еді.
Сот кеңесіне Елбасы қарсылық көрсетсе... мұнда бір кілтипан бар ғой! Бұ не пәле... жоғары да боп жатыр?
Халық, Елбасы пікірінен келіседі... соңғы Сөз бен нүктені Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қояды!
Пікір алмасу

Кімнен: Баязит Қайдан: Жылыой
10.01.2012 12:28
+0 / -0
БҰЛ Биліктің көптен бері пайдаланып келе жатқан ТАП ТАЗА айлакерлік тәсілі. Қазақтың көптеген ашық ауыздары ОСЫ ҚАРМАҚТЫ қауып қалып жұр.
Тағы да БИЛІК қармақты лақтырды. Ал жүгіріңдер, қабыңдар биліктің жемін.
Пікір алмасу

Кімнен: Анар Қайдан: Алматы
10.01.2012 12:57
+0 / -0
Осы сендер ақ бәрін біліп отырасындар, кім не істеп отырғанын. Осындағы жалданбалы бірде бір адамға сенбеймін. Білетінім Елбасы саясатының дұрыстығын. Халық игілі үшін қызмет атқарып жүргенін. Дұрыс шешім қабылдады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 13:51
+0 / -0
Иә, Анар, астарын түсіндік сөзіңнің, рас айтып отырсың, бәрін қыратын да, ататын да, артынан өтірік сөйлейтін де өзің айтып отырған НАНың.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 15:44
+0 / -0
Анар, Әселге абысын болсай
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 17:18
+0 / -0
Нұр Отан дұрысы! мыналар сандала берсін, үріп үріп қояды, не айтса да, қалай жамандаса да менің, біздің елдің пікірін өзгерте алмайды!
Пікір алмасу

Кімнен: Сырттан Қайдан: Ташкент
11.01.2012 00:36
+0 / -0
Ей биліктегілер! мынаған да 25 мың теңгені тастауды ұмытпаңдар! Комментті жақсы жазыпты.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 01:12
+0 / -0
Мә, саған, 25 мың, екі саусақ арасынан шыққан басбармақ!

Кімнен: Қара бала Қайдан: Алматы
10.01.2012 12:08
+0 / -0
Соған қарағанда саулаудың нәтиделері белгілі сияқты ғой, ә.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 12:32
+0 / -0
Назарбаевқа 2 жол ғана қалды:
1) Билікті өз еркімен тапсырып, эмиграцияға кетуі керек
2) Маңындағы жағымпаздардың бәрін қызметтерінен қуып, іс қозғатып өзі халықтың жағына шығып елмен бірге болу.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 21:01
+0 / -0
Фантазер натуральный! Размечтался!

Кімнен: Наркаска Қайдан: Мангыстау
10.01.2012 12:36
+0 / -0
Шал шаршадын гой коя койсайшы,саскан уйректiн кебiн кимей, карусыз жастарга ок аткызганын кешiрiлмейтiн кунэ,калай акталсан да басынды таска урсанда \урмайсын гой бiрак\ атылган ок атылды.Iшкен канын аз ба едi.Ендi канотандарынмен кайта кауышып,Жанаозендi канша сылап сипасан да каннын исi кетпейдi де кеппейдi. Жандай шаптарына айтарым; уйлерiннен жугiрiп шыгатын кез келсiн сендерге, акша ушiн анасын сататын кайгыбастар, арсыз, тексiздер...
Пікір алмасу

Кімнен: Жәй адам
10.01.2012 12:59
+0 / -0
Егер сіз шынымен маңғыстаулық нарқасқа болсаңыз, сөзіңізбен толығымен келісемін. Еліңізде сіз сияқты адамдар әлі де қалса, ұры билік сіздің өңірден ең төменгі дауыс алуы тиіс.

Кімнен: СолДАТ Қайдан: Алматы
10.01.2012 12:42
+0 / -0
Назарбайдын саясатына разы азаматтардын басым көпшілігі күй тіршілігі конымды, жагдайы маз мейрам. Олардың Назарбайдың саясатын оптимистик тургыдан колдауынын мани осында! Демек койлеги кок, тамагы ток! Бул осындағы пікірлерге қатысты!
Екінши мәселе, өзінің бүгінгі қайыршы күйін тек Назарбайдың кесіріне балайтындар бар. Бұлардыкы де жөн.
ҮҮшінші ұлт тағдырына жаны ашитын бір шоғыр топ. Бұлар Назарбайдың бүгінгі қазаққа көрсетіп отырған қысастығына қарсы! Бәрінен де осы топтыкі жөн!

Кімнен: Асылбек Қайдан: Тараз қаласы
10.01.2012 12:50
+0 / -0
Осы әрекеті арқылы-ақ Елбасы өзінің көрегендігін көрсетті.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 13:14
+0 / -0
НЕНІ көрсеткенін уақыт көрсете жатар, БАҚСЫЛАНЫП кемеңгерленбей-ақ қойғаның жөн Тараздың Асылбек атты қазағы.
ЖаңаӨзендіктерді жосадай қанға бояп, қоғадай жайратқан ОҚ Тараз бен Шымкенттен келген полицейлердің қолдарымен атылды деген қауесет бар.
Балаларыңа ХАЛЫҚқа қарсы ОҚ ат деп тәрбие берген, СЕНдерді ҚАРЫС атсын деп жатқандар да аз емес, ҚАРА жамылған, ҚАЙҒЫ жұтқан Маңғыстау ЕЛінде.
ӘЛІ де кеш емес ұрпақтарың жіберген ӨРЕСКЕЛ жауыздықты жоюдың жолын ойлаңдар. Содан кейін барып, ДАНАгөйсірсіңдер Тараздық ағайындар.

CАЙЛАУ ЖАЙЛЫ ҚАШТЫ-ҚУДЫ пікірлерге НАҚТЫ жауап !!!!
"Қосымша қағазды өлсе де іздемейді, себебі барлық учаскеде бюллетень артығымен сақтаулы. Сайлауға барғанмен де комиссия мүшелері түгел ұрыотандікі, сондықтан протоколды бәрібір солар толтырып қол қояды. Олар тіпті бюллетеньдерді санамайды да, басын қатырып қайтсін-ай. Бәрібір артынан ешкім тексере алмайды, 2-3 айдан кейін сірә өртеп жібереді, сонымен тәмам",- деп жазған "Аты-жөні көрсетілмеген" қонақтың пікірі дұрыс.

БҰЛ өкінішке орай, ҚР-да 20 жыл бойы орын алып келген сұрқия ақиқат. Бұған билік ылғи айлакерлікпен қол жеткізіп отыр.

ДЕЙТҰРҒАНМЕН сайлауға бару керек, АҒАЙЫНДАР.
Сайлауға қатысу және таңдау жасау құқығы, қазіргі қасқа болып отырған қарапайым халыққа БЕС жылда бір рет беріледі. Сондықтан бұл сайлауда ОСЫ құқыңды дұрыс пайдаланып қалу жолын ойлаңыздар, бауырлар. Біздер де айлакерлікті үйренейік және іс жүзінде пайдаланайық.

Сайлауға бармай қалу деген, байкот жасаймыз деген пікірлер ҚАТЕ түсінік.
Онымен ешкімді де мұқата алмайсыңдар. Билікке керегі, ӨЗІНЕ дауыс бермейтіндердің келмей қалғаны, сайлауға қатыспағандары тіпті жақсы. ОЛАРдың тілегі де сол.

Сондықтан, ақылға келіңіздер, САЙЛАУҒА міндетті түрде бір кісідей қатынасыңыздар !!!! Міндетті түрде дауыс беріңіздер.

Кімге дауыс беретіндеріңді ДАБЫРА қылып, алдын ала айтудың да қажеті жоқ. Оның өзіңе пайдасы аз және билікке сырыңды ашып қоясың.

СОНДЫҚТАН сайлау кабинасының ішіне КІРде, БИЛІКТІҢ партиясынан БАСҚА, ӨЗІҢНІҢ көкірегіңде уақытша болса да сенімге ие боларлықтай біреуін таңда да, соған дауыс бер.

Бюллетенді ШЫТПАҚТАП кетуің немесе НӘН кет деп жазуың, не болмаса бюллетенді бүлдіріп кетуің ТІПТІ де ДҰРЫС емес. Ондай бюллетендерді САНАҚҚА алмайды. Сөйтіп сайлауға барған еңбегіңді босқа зая кетіресің.

БІРІНШІден: сайлауға барып дауыс беруің бес жылда бір рет қолыңа тиетін конституциялық ҚҰҚЫҢДЫ өзге емес, ӨЗІҢнің пайдаланғаныңның белгісі болады.
ЕКІНШІден; сайлауға қатысқаның ӨЗІҢнің САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІГІҢнің, нақты іске асырғаныңның АЙҚЫН белгісі болады. БҰЛ, әшейіндегі ауызша көпіріп, компьютерден жұдырық көрсетіп, бұқпантайлып күн кешкеннен, ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ өсіп жетілуіне, САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІГІҢНІҢ артуына КӨП пайдасын тигізеді, Ағайындар.
САЯСИ, РУХАНИ, ӘЛЕУМЕТТІК және тағы да басқа әділеттіліктер Қазақ ЕЛінде тезірек орнасын десеңіздер, пікірімізді қабыл алыңыздар. Іске Сәт, бауырлар. Мүмкіндігіңді пайдаланып қалыңдар, Маңғыстаулық және басқа да облыстардағы ТІЛЕУЛЕС әлеумет !!!!!
Кезек екі рет берілмейді. ЖІберіп алма. Тайынатын жер қалды ма, сірә ағайындар.

КАЗАҚ халқы аңсаған НАҒЫЗ Әділеттіліктер ҚОҒАМДА орнаған кезде, кететіндерге орын қалмайды, ОЛАРдың өздері де кетіп болады.
Пікір алмасу

Кімнен: adai
10.01.2012 13:44
+0 / -0
атаңның басы асылбек
Пікір алмасу

Кімнен: Масылбек Қайдан: Маразм қаласы
10.01.2012 15:42
+0 / -0
Осы әрекеті арқылы-ақ Елжауы өзінің топастығын көрсетті
Пікір алмасу

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
11.01.2012 00:15
+0 / -0
Бұл тотыларға жауап беріп әлек болмай ақ қойың, жазулары бір сарынды, жалақыларын ақтап отырған адамдар ғой, азғындар бұлар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 01:14
+0 / -0
Осы әрекеті арқылы-ақ ЕлЖауы өзінің көргенсіздігін көрсетті.

Кімнен: Заңгер Қайдан: Алматы
10.01.2012 12:52
+0 / -0
Әй, әртіс Жеңісбек! Қай халықты көріп отырсың елбасымен пікірлес болып отырған? Сенің елбасың да сен сияқты әртіс қой!

Кімнен: 7777
10.01.2012 13:03
+0 / -0
Барлық қазаққа жаны ашымайтындарға, Назарбаевты мадақтаудан алдына жан салмайтындарға айтарым сендер осы 20 жылдың ішінде елдің жағдайының жақсарып, елдікті құрған Назарбаев екенін ұмытпауларың керек. Бастысы ана мен бала өлімі азайып, халық денсаулығына жақсы көңіл бөлініп келуде. Сендерге тағы не керек. Қолдарыңнан келсе билікке барып елді басқар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 13:33
+0 / -0
негізі біздің қазақтарға не жақсылық жасасаң да жақпайды. біздің менталитет сондай ғой.Ал, Жаңаөзеннің жөні бөлек. Онда халық қырылды. Биліктен халыққа оқ атылды. Жазықсыз өлгендер бар.Биліктің қателіктері бар. Жаңаөзендегі жағдай әлі ақ-қарасы әділетті зерттелуі тиіс. Ол жерде тұтастай қазақ дейтін ұлттың жауынгер ұрпағы бар.Рухтары жасыған елді тағы да төпелемей, сайлауына барғызғаны дұрыс деп ойлаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
10.01.2012 18:02
+0 / -0
ПТУшник елді жақсы басқарған болса, басқа одан білімі де, адамгершілік қасиеті де дұрыс адам көп қой Қазақстанда, неге табылмасын. Табылады ел басқаратын адам, бірақ соған жеткізбей қырып жатырған жоқ па. Не оттап отырсың.
Пікір алмасу

Кімнен: 8888 Қайдан: Алматы
11.01.2012 00:46
+0 / -0
7777 бауырым, дәл айттың! 20 жылдың ішінде елдегі дәрігерлердің қолынан өлген науқастардың саны біршама көбейді, ал сол кезеңде елде емделгендердің санынан шетелде емделгендердің саны мың есе көбейді. Осының өзі қазіргі ұры биліктің әрекетінің нәтижесі! Тіпті өзі жазда Германияға барып отасын операциямен салып келді де, қалған жұртқа шетелге шапқыламай, елде емделуді бұйырды емес пе?! Яғни, сіз айтқандай, халық денсаулығына жақсы көңіл бөлініп келуде.

Кімнен: Нұрсұлтан емес
10.01.2012 13:17
+0 / -0
Мұның бәрі Н.Ә.Назарбаевтың саяси ойындарының бірі ғой. Ең бастысы адам өмірі мен оның құқықтарын өз ыңғайына қарай бұра салатын Нұрекеңнің "шеберлігіне" қайран қалмасқа еш шараң жоқ. Енді егер маңғыстаулықтар өз жендеттеріне қарсы дауыс берсе, қазақтың рухының әлі өлмегеніне, азаттығына, еркін ойлатынына сенемін.
Пікір алмасу

Кімнен: Жанашыр Қайдан: Бейнеу
11.01.2012 16:39
+0 / -0
Отпантаудан от тұтатты Қазақтар...
5 қаңтар, бейсенбі 2012

МАҢҒЫСТАУ МҰҢЫ
Көтерiлiс пе?
Қозғалыс па?
Қылмыс па?
Мен бiлмедiм, бiлетiнiм тым қысқа.
Шындығының шаңырағы шайқалып
Жаңаөзенiм жаурап жатыр бұл қыста.
Қажытты ма, қуыршақты “ғажаптар”,
Мезi еттi ме, маймыл мiнез – мазақтар.
Ояныңдар, ойланыңдар дегендей
Отпантаудан от тұтатты Қазақтар.
Мен бiлмеймiн айла ма әлде арбау ма?
Бiле алмадым жоқтау ма әлде зарлау ма?
Құлынынан айырылған сорлы Ана
Құдайын да, мұнайын да қарғауда.
Қайғысы мен қасiретi батпандай,
Кара түнек қорқынышты шақ қандай?
Жаңаөзеннiң жанарында алаулап
Желтоқсанның жалынды оты жатқандай.
Мен сенбеймiн, сене алмайды жүрегiм,
Бiр шындық бар бұғып жатқан бiлемiн.
Айыра алмай есерлiк пен ерлiктi
Ес жия алмай есеңгiреп тұр елiм.
Кiмдер тойып, кiмдер тоңып секiрдi?
Көрсетпестен жел қариды бетiмдi.
Шындығыңды күте-күте шаршаған
Батысымның “бастаңғысы” секiлдi.
Мейлi,тiптi билiгiне бас ұрсын,
Айласын да, арбауын да асырсын.
Ауруды жасыруға болмайды
Атқан оқтың ақиқаты ашылсын!



Кімнен: Бақыт Қайдан: Шымкент
10.01.2012 13:22
+0 / -0
Өте дұрыс шешім. Елбасыны қолдаймын. Қай уақытта да "бар болса көре алмайтын, жоқ болса бере алмайтын" қазақпыз ғой. Бос әңгімені қою керек. Елде тыныштық болсын. Ертең тағы бір жерден түтін шығып, астан-кестен болса, ол кімге керек. Біз қазақтар Қазақстанда тұратынымызды, Қазақстанның тыныштығы қазақстандықтарға керек екен ұмытпайық. Басқа ешкімге керек емес!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 14:30
+0 / -0
Иә, елде тыныштық болсын! Бәрін автоматпен атып жусатып салсын анау отырған қанішер! Сонда жым-жырт, тып-тыныш болады.
Сол ма айтып отырғаның!
Атылатындардың алғы шебіне сені қою керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 17:12
+0 / -0
ел басын катты шаршаган,мии ашып алжып кеткен.елге жаксылык жасап болган сон асте кету керек еди,енди жанаозен окыйгасынан сон ол елбасыны мактау арине кыйын.
Пікір алмасу

Кімнен: Сарқыт Қайдан: Ташкент
11.01.2012 00:51
+0 / -0
Соны айтамын-ау! Шымкенттік Бақыт дұрыс айтады. Бірақ, ана албасты жендет полицайлар мен омондықтар қазаннан шыққан түтінді аңдып, "елдің әлеуметтік алауыздығын қоздырды" деп атып жүрмесін.....
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 01:16
+0 / -0
Жепсің бір шекесін! Мұны дұрыс шешім демейді - мұны сасқаннан не істерін білмей отыр дейді
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
11.01.2012 11:07
+0 / -0
Бықсытатын да өзі,түтін шығаратын да өзі, атып бүлдіретін де өзі.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 16:39
+0 / -0
ҚАН
Атқан шақта арайланып таң алдан,
Ақиқаты аңыз болып таралған.
Аналық пен Аталық боп түйiскен
Түйiр қаннан бар адамзат жаралған.
Көмкерсе де көңiл атты белес мың,
Оңашада өз ойыммен кеңестiм.
Қан ағызып бөленудi құрметке
Құдай ақы түсiне алар емеспiн.
Болғанымен ақ, қарасы, жолағы,
Бар адамзат тiршiлiктiң қонағы.
Тақ басына тамырымен байланған
Хандар неге, қанға құмар болады?

Жоқ ешкiмге қиянатым, кегiм де,
Адам Ата, Һауа Анадан – тегiм де.
Адамдарды құрбандыққа шалатын
Ақырзаман осы болар тегiнде.
Уайым менен қайғы болды баққаным,
Ұйқым қашып жата алмадым, жатпадым.
Желтоқсан да, Жаңаөзен де – Қасiрет,
Қар үстiне қанмен жазған аттарын.
Шаңырағын ұстынымен тiреген,
Адасқанда Ай астына түнеген.
Жаратқанын ұмытпаған жұрт едiк
Тыныштықты Тәңiрiнен тiлеген.
Азды күнге жалау болған жаныма,
Түнерiп тұр Тәуелсiздiк таңы да.
Өзiн-өзi қаруменен қыратын
Қатыгездiк қалай сiңген қаныма?
Нала қылса нанымы жоқ наз менi,
Жүрек үнi, жалтақтамай жаз – дедi.
Қиянаттың тартқан талай азабын
Қазағымның қасiретi аз ба едi?
Безбүйрекке берекелi бақ қайда,
Тұрып қалған су да терiс ақпай ма?
Қасқыр жарған өлексенiң қызығын
Қарға менен құзғын көрiп жатпай ма?
Барлығын да көңiл көрдi, көз көрдi,
Қаншалықты төзу керек “тезге” ендi?
Қайғы жұтып, қан түкiрген Қазаққа
Құрбандыққа қарсы тұрар кез келдi!

ШЫНДЫҚ ПЕН СҰМДЫҚ
Арманын да, мақсатын да мұңлықтың,
Айтқаныңмен, жазғаныңмен жыр ғып мың,
Адамзатпен мәңгi жасап келедi
Ақиқаты Шындық пенен Сұмдықтың.
Болған емес өз мекенi, тұрағы,
Болмайды оның Құдайы да, Құраны.
Кей сәттерде Шындық болып киiнiп
Мiнбелерден Сұмдық сөйлеп тұрады.
Көбеймесе азайған жоқ қатары,
Шындық болып сөз айтады баталы.
Барлығы да халқым үшiн – дегенге
Сорлы халық сенiп қалып жатады.
Сауал емес ермегi жоқ ерiккен,
Дәл мынадай сәйкестiктi көрiп пе ең?
Бiздiң елдiң Шындығы мен Сұмдығы
Желтоқсанда түйiседi нелiктен?
Сол баяғы, бақыты кем сол ауыл,
Қазақ үшiн қасiреттi сор-ау бұл.
Барлығын да келер күннен күтетiн
Шындықтың да мен секiлдi жолы ауыр.
Сатқындықтың қайталанып сабағы
Ақиқаттың ашылмай тұр қабағы.
Шыдамының шегi жеткен Шындықты
Сұмдық кеше сойылымен сабады.
Шүрiппеге шүйлiгiп бiр қол тұрды,
Тапаншасын тағы да оққа толтырды.
Шырқыраған жазығы жоқ Шындықты
Сұмдық кеше қуып жүрiп өлтiрдi.
Болғанымен батыр мiнез, тектi, алып,
Қайғыны да, азапты да шектi анық.
Шындық қалды жаназасыз, көмусiз,
Сұмдық кеттi Астананы бетке алып!

ОҚ
Сыймайтұғын санаға да, қалыпқа,
Ойда жоқта оқ атылды халыққа.
Қыршынынан қиып түстi жастарды
Үлгермеген оң мен солын танып та.
Тартатұғын әлi қанша азап бар,
Қырылғаны, қырғаны да Қазақтар.
Тапсырманы тастай қылып орындап,
Өз сапына тұра қалды жасақтар.
Ғашықтарға бергiсiздеу құштары,
Аққу едi бұл өлкенiң құстары.
Қаныпезер қатыгездеу қоғамның
Қоян жылы қояншығы ұстады.
Тiрiлткендей Абыл менен Қабылды,
Аза менен қазаны жұрт жамылды.
Желтоқсанның жаңғырығы жаңарып
Жылдың соңы жаназамен жабылды.
Жарылқауды ендi кiмнен тосамын?
Жарым түнде жаным жылап, босадым.
От пен судан сақта – дейтiн халқымның
Оқпен атып ойрандады ошағын.
Шетпе менен Жаңаөзенiм, Ақтауым,
Сен де, мен де шеше алмаспыз оқ дауын,
Басу айтып Бекет Ата тоқтатсын
Аналардың аңыраған жоқтауын.
Мен не дейiн, не демекпiн ұлтыма?
Iшiм түгiл сияр емес сыртыма.
Қапияда қара қайғы жамылған
Жырымменен көңiл айттым жұртыма!
Әлiбек ШЕГЕБАЙ

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
10.01.2012 13:51
+0 / -0
Назарбаев, СЕНІҢ ертеңдері көп қиындық көріп о дүниеге кеткеніңде алдыңнан Адольф Гитлердің әруағы тұрып келіп қолыңды алатын да шығар? "Нұреке рахмет САҒАН, МЕНІ соңғы ғасырлардағы ең қанішер деп атаушы еді, сол қанішерліктен менің алдыма шығып № 1 болуыңмен!" деп...

Енді мынау САЙЛАУЫҢА жол болсын? Менің есітуімше Жаңаөзенде 50 000 сайлаушы бар деп есітіп едім. Бірақ сол жердегі СЕНІҢ жендеттерің 10 000 аспайды екен. Енді қашан қалған 40 000 жендетіңді жеткізбекшісің Жаңаөзенге? Сайлау күні әр жендетің бір-бір сайлаушыны автоматпен алып бармаса жергілікті халықтың ешқайсысы да аяқтарын аттап баспас СЕНІҢ "участкіңе".

Әй біақ СЕН қарабет, "Сол күні Жаңаөзенде 100 000 сайлаушы сайлау участілеріне барып, бәрі де дауыстарын "Нұр-Отанға" берді" деп жаздыртудан тайынбайсың-ау деймін...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 13:56
+0 / -0
Вау!
Дірілдетіп, қалтыратып, осыртып жіберіпсіңдер ғой аталарыңды!
Пікір алмасу

Кімнен: osp Қайдан: Алматы
10.01.2012 14:06
+0 / -0
Сценарий бойынша ен коп сайлауга катысатындар жанаозендіктер болып шыгады. Хабар арнасы осы-ылай-й сайрайды!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.01.2012 18:53
+0 / -0
сайлау туралы көп айтылып жазылып жатыр,біз Астанада құрылыс фирмасында жұмыс істейміз бір сайлушы не бір партиядан адам келіп ондағы жұмысшларға келмеді түрік фирмасында істейміз олар15 қаңтардағы сайлауға демалыс жоқ біз түрік фирмасымыз сайлауда ісіміз жоқ дейді сонда ондағы қазақ азаматары қалай сайлауға қатысады
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі