Сенбі, 25 мамыр 2013, Алматы 22:10


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Козловтың соты

Сотта «Әблязовтың нұсқауы» жайлы айтылды

Солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. (Сурет Lada.kz сайтыныкі).
Солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. (Сурет Lada.kz сайтыныкі).
Мәтін көлемі - +
Ақтауда оппозициялық саясаткер Владимир Козлов, «Халық майданы» қозғалысының өкілі Серік Сапарғали және қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовтің үстінен сот басталды.

Сот тамыздың 16-сы күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10-да басталды. Істі Бердібек Мырзабеков жүргізді. Ол соттың ашық болатынын мәлімдеді. Айыпталушылар тарапынан қатысып жатқан бес адвокат та бұл істі судья Мырзабековтің жүргізуіне шағым түсіріп, үзіліс жарияланған еді.  

Судьяны ауыстыру мәселесі қаралып, сағат 12-лер кезінде Бердібек Мырзабековтің бұл істі ары қарай жүргізе беретіні белгілі болды. Шетпе оқиғасы бойынша істі де Мырзабеков қараған еді.   

ҚОРҒАУШЫЛАР МЕН БАҚЫЛАУШЫЛАР

Cотқа қорғаушы жақ, журналистер, Козловтың әріптестері, т.б азаматтар қатысып отыр. 

Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың, "Халық майданы" қозғалысының белсендісі Серік Сапарғалидің, қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовтың ісі 63 том болған. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. Фото Twitter желісінен алынды.Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың, "Халық майданы" қозғалысының белсендісі Серік Сапарғалидің, қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовтың ісі 63 том болған. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. Фото Twitter желісінен алынды.
x
Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың, "Халық майданы" қозғалысының белсендісі Серік Сапарғалидің, қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовтың ісі 63 том болған. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. Фото Twitter желісінен алынды.
Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың, "Халық майданы" қозғалысының белсендісі Серік Сапарғалидің, қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовтың ісі 63 том болған. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. Фото Twitter желісінен алынды.
Сотты бақылауға келгендер арасында Евгений Жовтис, Амангелді Шорманбаев, Роза Ақылбекова сияқты құқық қорғаушылар мен "Жаңаөзен-2011" қоғамдық комиссиясының мүшесі Рысбек Сәрсенбайұлы, "Азат" ЖСДП өкілі Болат Әбілов сияқты саясаткерлер де бар.

Сотқа халықаралық бақылаушы ретінде АҚШ-тың ұлттық демократиялық институтының өкілі Иорик Исик те қатысты.

Сотқа Владимир Козловты қорғауға адвокаттары Алексей Плугов мен Венера Сәрсенбина қатысты.

Серік Сапарғалидың құқығын Күлпаш Айгербаева қорғайды. Бұған дейін Серік Сапарғалидың адвокатын ауыстыруға ниет танытып отырғаны туралы ақпарат шықты. Бірақ жаңа адвокат Абзал Құспанов ҰҚК тергеушілерінің жауап бермей, өзіне кедергі жасалғаны туралы айтқан еді.

Ақжанат Әминовті адвокаттар Батиева мен Досболов қорғайды. 

Алдыңғы соттар секілді мұнда да ақпарат құралдарына сот залында жұмыс істеуге 10 минут рұқсат берілді. Мұнан кейін судья олардың сот залынан шығып кетулерін талап етті.

ӘБЛЯЗОВ, КЕТЕБАЕВ ЖӘНЕ «ЖЕЛКЕҢДЕГІ ЖЕНДЕТТІ ТҮСІР!»

Сот залына үш айыпталушы - тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловты, «Халық майданы» қозғалысының өкілі Серік Сапарғалиды және қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовті күзетпен алып кірді. 

Соттың алғашқы күні айыптау қорытындысын жария еткен прокурор «айыпталушылардың барлығының да шетелде қашып жүрген Мұхтар Әблязовтың 
Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы прокурорлар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы прокурорлар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
x
Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы прокурорлар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы прокурорлар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
басшылығымен жұмыс жасағаны анықталғанын» айтты. Оның айтуынша, тіркелмеген «Алға» партиясы - елдің әлеуметтік-саяси өміріне нұсқан келтіру мақсатында құрылған экстремистік бағыттағы партия».

- Козлов тікелей Әблязовтың нұсқауын орындап, ол құрған «К-Плюс», оның филиалы саналатын Стан.ТВ арналары арқылы билікті қаралайтын ақпараттар жиған. Әминов болса ел арасына іріткі салу мақсатында «Көтер басыңды, қазақ!», «Ардақты ағайын! Қасиетті Маңғыстау күрескерлері! Желкеңдегі жендетті түсір!» деген үнпарақтар таратқан. Ол мұнайшыларды күреске үндеу арқылы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалын өз мақсатына пайдалануға тырысқан, - деп мәлімдеді прокурор.

Прокурор Владимир Козловты «Мұхтар Әблязов пен оның қасындағы саяси технология, психология мен журналистиканы жетік меңгерген Мұратбек Кетебаевтың қолдауымен ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, басқарды» деп айыптады. Оның сөзінше, кейін бұл топқа Болат Атабаев, Жанболат Мамай, Серік Сапарғали қосылған.

- Олардың барлығы да мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, әлеуметтік алауыздық тудырды, билікті құлатуға тырысты, - деп мәлімдеді прокурор сот залында.

Алайда Козловтың адвокатының бірі Венера Сәрсенбина «қорғаушы тарап 
Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің адвокаттары. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің адвокаттары. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
x
Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің адвокаттары. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің адвокаттары. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
прокурор оқып тұрғандай айыптау мәтінін қолына алмағанын» сот төрағасына айтты.

- Біздің қолымызда мүлде бөлек мәтін. Сондықтан үзіліс жариялап, бізге жаңа мәтінмен танысуымызға мүмкіндік беруіңізді сұраймыз, - деді ол.

Адвокат Алексей Плугов «алғашқы сот отырысынан-ақ заңның (қылмыстық-процессуалдық кодекстің 336-бабы) бұзылып жатқанын көруге болады» дейді.

- Менің қорғауымдағы Владимир Козловқа іспен танысуға мүмкіндік тек кеше, 15 тамызда берілді. Заң бойынша оған үш күн берілуі керек. Ал қолымыздағы айыптау қорытындысы мен прокурор сотта оқыған мәтіннің айырмашылығы - бөлек әңгіме. Оны да анықтаймыз, - деді ол Азаттық тілшісіне.

Процесс соңында судья сотталушылардан айыптау қорытындысымен келісер-келіспесі жөніндегі сұрады.

Ақжанат Аминов өзінің кінәсін мойындайтынын, Серік Сапарғали ішінара мойындайтынын, ал Владимир Козлов мүлде мойындамайтынын және "сот объективтілігіне күмәнмен қарайтынын" айтты.

- Мен қалайша бір күн ішінде 60 томнан тұратын іспен танысып шыға аламын. Олай болса дәл қазір прокурор істің тым құрымағанда бір бетін оқып шықсын, оқу жылдамдығының қанша уақыт алатындығын анықтайық, - деді ол.

Козлов дәлелдеме ретінде ұсынылған бейнетаспалардың да қаралмағанына айтты.

Судья Мырзабеков сот ертең таңертеңгі 10-да жалғасатынын хабарлады. Ертеңгі сот отырысында алдымен айыптаушы тараптың куәлері тыңдалады.

ҮШЕУДІҢ ІСІ

Тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловқа «әлеуметтік араздықты қоздыру» (164-бап 3-бөлім), «Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру» (170-бап 2-бөлім) және «ұйымдасқан қылмыстық топ құру» (235-бап 1-тармақ) баптары бойынша айыптар тағылған.
Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың сотына келген адамдар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. Фото Twitter желісінен алынды.Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың сотына келген адамдар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. Фото Twitter желісінен алынды.
x
Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың сотына келген адамдар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. Фото Twitter желісінен алынды.
Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың сотына келген адамдар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. Фото Twitter желісінен алынды.
  
«Халық майданы» қозғалысының өкілі Серік Сапарғали екі бап (164, 170-баптар) бойынша («әлеуметтiк араздықты қоздыру», «ҚР Конституциялық құрылымын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру») айыпталып отыр. 

Ақпарат бойынша, қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовке де осындай сипаттағы үш бап бойынша айып тағылып отыр.

Владимир Козлов пен Серік Сапарғали қаңтар айында Алматыдағы ҰҚК-нің тергеу абақтысына қамалып, мамыр айында олар этаппен Ақтауға жеткізілді. Козловтың жақтастары бұл қылмыстық істің саяси астары барын айтады. 

Тамыздың 15-і күні АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блэйк «АҚШ оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың ісін жіті бақылауда ұстайды» деді.

Human Rights Watch (Хьюман Райтс Вотч) халықаралық құқық қорғау ұйымы "Қазақстан билігі бұл соттың әділ және жария өтуін, ал айыпталушылардың процессуальдық құқығы толық қорғалуын қамтамасыз етуі керек" екенін ескертті.

"Сот барысында әділ соттың халықаралық стандарттары, оның ішінде адамның өзіне қарсы куәлік бермеу, айғаққа байланысты дауласу, айыптаушы тараптың куәгеріне сұрақ қою сияқты құқықтары да сақталуы керек" деп мәлімдеді ұйым.

TWITTER-ДЕГІ «СОҒЫС»

Ақтаудағы сотқа барған билік және оппозициялық блогшылардың үлес салмағы теңесті. Бүгін Аралбай Нағашыбаев қорғаушы жақтың өтінішімен судьяны 
Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы бақылаушылар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы бақылаушылар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
x
Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы бақылаушылар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы бақылаушылар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.
ауыстыру туралы шешім шығарғанша Twitter-де «соғыс» басталып, екі жақ бір-біріне қарсы пікірлерді қарша боратты. 

Процесті бақылап отырған Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова бұл жайында Twitter-де: «Залда соттың заңды өтіп жатқанын айтып жатқан тек прокурор сөздерін твиттеп жатқан билікшіл блогшылар бар» десе, журналист Лұқпан Ахмедьяров «Ақорда Ақтауға іссапарға блогшылардың тұтастай батальонын жіберген екен. Балалар түкірікке шашала, Козловқа қарсы тролльдап жатыр» деп жазды.

«Жасотандық» шенеунік Нұрлан Өтешов «билікшіл блогшыларға» қатысты айтылған сындарға қарсы тұрып, пікірталастан сырт қалмады. «Тролльдеп», адамдардың жүйкесіне тиіп жатыр. Өкпелілер және жылауықтармен жақсы энергияммен бөлісіп отырмын» деп жазды.

Ал тәуелсіз журналист Artur Nigmetov «Билікшіл, оппозициялық блогшылар шындықты айтып отырған жоқ. Көрпені әркім өзіне тартып отыр» деп жазды.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ара Қайдан: ұядан
16.08.2012 11:27
+0 / -0
мен Козлов сияқтылар мен оның ұлтымыздан шыққан жандайшаптарының біржолата қамалғанын құптаймын.
қазір бізде кім үкіметке қарсы шықса соны ұлт батыры ғып алатын жаман әдет тауып алдық.

Бір кездері Петр Своик деген Назарбаев режимінің бітіспес жауы болған оппозиционер болған. сон Петрдің жақында осы сайттан онлайн конференциясында қазақ тілін, қазақ ұлтын сыйламайтын шовинист екенін көрдік. жалпы олар әлі империялистік пиғылдан арылмаған.

Козлов қазақтың қызын үшінші әйел ғып алды, (алдыңғы екеуінен ажырасып) ол енді бізге күйеу деп шатып қажеті жоқ!
қазақтың қызы қытайға да, негрге де тиіп жатыр. солардың барлығына да ел басқартып қояйық па?!
ал Козловтың ойлағаны билік екенін білесіздер. былтыр президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынбақшы болып, артынан қазақ тілінен емтихан тапсырасың дегенде барып бір-ақ тоқтаған
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.08.2012 17:24
+0 / -0
козловтан садака кет, арсыз неме
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
16.08.2012 19:49
+0 / -0
Мен араның пікіріне қосыламын! Еш қандай ел тарихта патшаға және үкіметке қарсы шығумен жақсылыққа апарған тарих жоқ. Бүкіл Ислам ғалымдары үкіметке және патшаға қарсы шығудың жаман нәрсе екенін үнемі ескертіп отырды. Имамдарымыз айтты егер менің қабыл болатын бір ақ дұғам болғанда мен оны Патшаға қылар едім деп. Жалпы патшаға қарсы шығу Пайғамбар заманында ақ басталды, олар Қауариждер. Шариғат бойынша мейлі ол жауыз болсада, зұлым болсада, оған қарсы шығылмайды, әрі оған қарсы шығудың зияны әлде қайда асып түседі, кімде-кім жамағаттан бөлініп, патшаға қарсы шыққан күйде өлсе Жаһлият өлімімен өледі, міне бұл шариғаттың айтқаны. Сондықтан осында отырып алып, елді айтақтап отыратын бір қаншалаған бауырларымыз бар және өмірі тек Назарбайды жамандап комент жазып отырғандар бар. Сіздерге айтайын мейлі ол жаман болса да, соған лайық болсада, кешке дейін жамандай беру ол қиянат және ер азаматтың тірлігі емес әрі ғайбат, ал ғайбат айту ол өліп жатқан туысқанның етін жегенмен бірдей. Болып жатқан қиянаттар туралы сіздерден басқа адамдар білмей жатқан жоқ, бірақ сіздер сияқты өсек айтып отырған жоқ, анау Жаңаөзенде өлген адамдардың қаны сол бәлені бастағанның мойнында, тілмен ғайбат айтып, елді шақыру бұл үмметке өте қатерлі, егер сіздердің тілдеріңізден адамдар көтеріліске шығып, әлдебір бәлелермен қантөгіске алып келсе, қаны сіздердің мойнында кетеді. Сондықтан тек АллаТағала жақсылық беріп, еліміздің қайтадан қалпына келіп, мықты да әділетті халық болуын нәсіп етсін!
Пікір алмасу

Кімнен: Рахымжан Қайдан: Маңғыстау
16.08.2012 22:38
+0 / -0

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмегенге Қайдан: Алматыдан .
Жақсының - жақсылығын айт нұры тасысын ,
жаманның - жамандығын айт құты қашсын деген бар .
Басшы залым болса ел басқаруға хақысы жоқ .
Шариғатта әрбір азамат елін,жерін,туыстарын , жақын жуығын ,өз өмірін , мүлігін , т ,с , сияқты қорғауға хақысы бар . Егер сенің туыстарыңды билік қырып тастаса , қарсы шығуға болмайды деп отыра бересің бе ? Әлде ғайбат айтуға болмайды деп биліктің қылмысын айтпау керек пе ?
Ғайбат деп орынсыз және негізсіз жала жапса - ғайбат болады .
Билікке қарсы шығуға болмайды дегенді біздің дүмше Әпсаттар Дербісәлі сияқты биліктің жағымпаздары шығарған .
Ал егер елде қандайда бір бүлік шықса , оған ең алдымен билік кінәлі .
Тікелей биліктің міндеті елде заңның жұмыс істеуіне жағдай жасау,тікелей биліктің міндеті елде қауіпсіздікті қамтамасыз ету .
Енді өзің ойлап көрші , елде заң жұмыс істей ме ?
Биліктен , полициядан , пракурордан жалпы мемлекеттік қазметкерлерден хайыр , жақсылық көріп жүрсің бе ?
Осыдан кейін үндемей отыр дегің келе ме ?
Неге мен пікір жазбауым керек ?
Неге мен үндемеуім керек ?
Мен жақсы сөз жазамын , жазыпта жүрмін .
Егер жақсы сөзге лайық болса . Азаматтық жауапкершілік қайда?Шариғат заңы бойынша биліктегі адамды халық сайлау керек . Ал бізде сайлау әділ өтті ме ? Халыққа өз таңдауын жасауға мүмкіндік берді ма ?Заңсыз билікте отырғандарға сөйлеме дейсің . Бас кеспек болса да - тіл кеспек жоқ .
Шариғат - шариғат деп бәрін Аллах Құдайға ысырып тастап жүре бергің келе ме ?
Залым билікке қарсы шыққан жаһилият өлімімен өледі дегенді қайдан шығарып жүрсің ?Бидағат.
Біздің дүмше молдасымақтардың шығарған
" фәтуасы "шығар .
Бидағат !



Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
17.08.2012 04:28
+0 / -0
билікке қарсы шықпау туралы Пайғамбар (с.ғ.с) өмірінен үлгі алу алу керек.

http://musulmanin-tatarstan.narod.ru/istoriya_proroka_muhammada
Пікір алмасу

Кімнен: Тәке Сырдан Қайдан: Қызылорда
17.08.2012 10:05
+0 / -0
Ал сен аты жөні жоқ бейшара, өзің де жоқ қыртсың, Козловпен қоса кет, елдің тыныштығын, қарапайым халықтың бейбіт өмірін сен сияқты көзге көрінбейтін бейшаралар бұзады... Ата-бабамыз аманаттап кеткен Кең байтақ даламызды қорғау Козлов сияқтылардың жәрдеміне қарап қалған жоқ, қорғайтын Қазағымыздың марқасқа азаматтары бар. Ал қатын тірлікпен билікке қарсы шықтық деп халық, елдің тыныштығын бұзатындарды соттау керек ... Мұқтар Әблязов сияқты көртышқандарымен қоса.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
17.08.2012 18:26
+0 / -0
zheltocsan, сонда сеніңше сол пайғамбарды туған араб халқы басшыларына қарсы шықпақ түгілі,төңкеріп тастап, дарға іліп, немесе қорлап, атып тастап жатырғаны дұрыс емес пе?
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
18.08.2012 01:25
+0 / -0
Пайғамбардың (с.ғ.с) айтқандары да дұрыс, істегендері де дұрыс.

Кімнен: Алматы Қайдан: Ауылдың қазағы
16.08.2012 11:46
+0 / -0
Осы бар ғой, босқа кеткен 20 жылдың ішінде менің көзімнің жеткені - өкімет ақымақ та, ал үкімет нағыз "дорақ"! Неге дейсіздер ғой? Айтайын. Бріншіден, әлеуметтік араздықты қоздырып отырған Назарбаевтың өзі мен айналасы - әкім-қара, шенеуніктері мен алаяқ олигархтары. Ал енді ақымақ және "дорақ" деп отырғанымның себебі мынау айыпталып отырған азаматтардың ешқайсысы да қолдарына қару алып билікке қарсы шыққандар емес - биліктің санасын демократиялық жолдармен түзейміз деп білек сыбанған азаматтар еді. Ал билік болса не істегенін көріп отырмыз - бейбіт қазақтарды автоматпен қырып салды...
Сондықтан менің ұсынысым, айыпталушы азаматтар ақталып, олардың орнына нағыз күнәһарлар отыруы бұл міне нағыз заңдылық болған болар еді!
Пікір алмасу

Кімнен: Рахымжан Қайдан: Маңғыстау
16.08.2012 12:39
+0 / -0
Дұрыс айтасыз !
Пікір алмасу

Кімнен: Рақымжанға Қайдан: Жұртты қоздырушыларға
17.08.2012 12:23
+0 / -0
Ғайбат деп орынсыз және негізсіз жала жапса - ғайбат болады . - Орынсыз негізсіз айыптаса жала болады, бұл ғайбаттан ауыр күна, ал ғайбат ол басқалардың басындағы мінін, ол ұнатпаған нәрсесін айту.
РАҚЫМЖАН - сен дін туралы дымды түсінбейтін адамсың, алдымен бір нәрсе үйіреніп ілім ал сосын сөйле, құрғақ сөзді дәлелсіз шұбырта беру жындының қолынан да келеді, ал жоғарыдағы Алматылықтың пікірі дәлелмен, біліммен айтылған, барлық Аһли-Сұнна ғалымдарының бір ауызды келіскен пікірі осы. Сенбесең ілім ізден! Надан адамды барлық адамды теріс жолға салады. Сенің осы сөзіңнен демек патшаға қарсы шықса болады екен деп, бір бейшара өліп кетеді немесе басына бәле тауып түрмеге түседі, сосын отырасыңдар осында комент жазып бір-біріңмен қырқысып, қатындар сияқты, осыны ойладыңдар ма надандар, Жаңаөзендегі жағдай осы сен сияқтылардың кінәсі, егер патша айлығын бермей жатса, сабыр қып күткені жақсы емес пе еді, аштан қалмас еді, ал не болды Қаншама жастар өліп кетті!
Пікір алмасу

Кімнен: Қабақай Адай Қайдан: Атырау
17.08.2012 19:16
+0 / -0
Қашанғы сабыр етулері керек? Ең жек көретінім және бізді осы қорқақтыққа үйреткен сөздер 1) тыныштық болсын, 2) құрысыншы, 3) сабырлық қылайық. 6 ай бойына бейбіт шеруде тұрды емес пе енді не керек атасының басы керек пе? Патша дейсің ол тексізден шыққан құл, дым көрмегендігін жасап отырған. Әттең бір лидер шығар ма еді. 8 миллион қазақтан қол бастар, 70 тегі шалдан қорықпай халықты соңына ерте алар азамат шығар ма еді, әлде тегімізге тартпай кілең ынжық болып кеткенбіз бе
Пікір алмасу

Кімнен: Рахымжан Қайдан: Маңғыстау
17.08.2012 20:44
+0 / -0
Біріншіден надан өзің .
Екіншіден Жаңа өзендегі қырғынға мен емес және мен сияқтылар емес билік кінәлі ,халық заң аясында азаматтық құқығымыз үшін күресеміз деп шықты.
Ал билік не істеді ? Халықты тыңдап проблемаларын шешудің орнына , ашықтан - ашық арандатушылыққа барды .
Мұнайшылардың белсендісін өлтірілді .
Тағы бір мұнайшының қызын азаппен өлтіріп кетті .
Мұның бәрін бақылауда ұстап отырған ҰҚК ның қызметкерлері жасады .
Ілім ал дейсің маған екі сөзінің бірі нұсұлтан дейтін жағымпаз молдалардың ілімінің қажеті жоқ .
Бір бейшара өліп кетсе дейсің ,дәл қазір Қазақстанда адам өлтіріп жүрген билік . Өлетін жастар менің пікіріме бола өліп жүрген жоқ . Билік сотсыз бір топ адамдарды жойып жіберіп , террористерді жойдық дейді . Олардың террорист екені дәлелденді ме ?
Ал егер сенің туыстарыңды өлтіріп , террористің көзін жойдық десе , сен не дейсің ?
Менің пікірім саған ұнамаса - ұнамай ақ қойсын , бәрібір өз пікірімде қаламын .
Өзге пікір айтқаны үшін надан десең , сонда сен кімсің өзің де пікір білдірдің яғни сенде надансың ба ?
Сенің ойыңша мұсылман өзін , жанұясын , туыстарын , мүлігін қоғауға хақысы жоқ дегің келе ме ?
Қандай шариғат сендердің оқып жүргендерің ?
Алматылықтың пікірі дәлелмен дейсің , мен пікір білдіруге қарсы емеспін . Алайда қандай дәлел ? Мен ешқандай дәлел
көргенім жоқ .
Патша айлығын бермей жатса сабыр қылып күту керек дейсің , жеті ай сабырмен күтті . Жеті айда ешкім сенің патшаң да , депутаттарың да , премьер министрің де хабар алған жоқ . Тіпті адам ғұрлы көрген жоқ .
Қашанға дейін сабырлық қылу керек ?
Шыдамның да шегі бар . Тағы да жиырма жыл өзің сияқты көнбіс болып , жүре бер дегің келе ме ?
Айналаңа бір қарашы жиырма жылда не өзгерді ?
назарбаевтың жанұясы байыды , одан өзге ештеңе өзгерген жоқ .
Қазақстанның қай жеріне барсаң да , қиналып жүрген Қазақ .
Үйсіз - күйсіз қаңғып жүрген Қазақ .
Осыдан кейін айтшы , Қазақ жақсы өмір сүруге лайық емес, хақысы жоқ дегің келе ме ?
Биліктен лайықты өмір талап еткені үшін кінәлі ме ?

Кімнен: Айнур Қайдан: Алматы
16.08.2012 12:17
+0 / -0
Менинше, Серик Сапаргали киналау дурыс емес.Онын жазыгы, халкына жаны ашыганы ма? Тагы да 37-нин салкыны урып тургандай...

Кімнен: Қазақ
16.08.2012 12:31
+0 / -0
Сапаргали мен Роза Тулетаеваны,және жазықсыз қамалған қалған Жаңаөзен мұнайшылары мен Шетпе тұрғындарын босату керек.Бұлар Аблязов,Козлов сияқты арандатушылардың кесірінен түрмеге қамалды.Биліктен сұрайтыным Маңғыстау қазағын бұдан артық қорламадан шарты түрде боласда босатуларын сұраймын.

Кімнен: Нұржан
16.08.2012 12:44
+0 / -0
Оппозициялық қайраткерді соттап, билік ала алмай жүрген өшін сүйтіп алғысы келеді. Бұл бесенеден белгілі жайт қой. Сот ол биліктің әрекетін "заңдастыруға" арналған нағыз жасанды "спектакль"
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.08.2012 13:29
+0 / -0
Билік бұларды кінасыз болса да соттайды.2002 жылы кінасыз Ғ.Жақияновты да соттаған жоқ ба? Ақжанат Аминов кәсіподақ өкілі.Нағыз азамат.Оппозицияда жүргендердің кейбірі секілді актер емес.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
16.08.2012 13:52
+0 / -0
В. Козлов билікке "аттандап" шықпаса да артында тіркелмеген партия бар дейік. Партия болған соң оның қолдарында қару болмаса да мүшелері де бар деп санайық.
Ал Сапарғали мен Әминовтың артында кім бар еді? Бұл үшеуі де тек мұнайшылардың, халықтың ғана жағдайын айтты емес пе? Айту бір басқа да ана көксоққанның тағын тартып алу тіпті басқалай, басқалай болғанда қанша қайнаса да бір-бірімен басы піспейтін тірлік емес пе, әлеумет-ау? Мұның барлығы да халықты қорқытып қана қою ойымен жасалынып жатқан екендігі кімге де болса аян ғой.
Алайда өзінің, болашағының не боларын ойлар жұрт қаншама жерден қысастық бергенмен шиырыла түсері айқын. Мұны айнала отырған көптеген елдерден де байқауға болады мына заманда. "Жанынан безген түйе жардағы жантаққа мойынын созар" дегендей халық бір ашынар болса алдында тұрған қалың қарулы әскерге де қарамас! Бұл ессіз билік соңғы кез отпан ойнауды бастады. Ал отпен ойнаған опық жері анық! Қайтсе де асты апандай тесік қайықпен суға батпастың амалы-биліктен айырылып қалмау жолын қарастыруда. Ал бұл-тексіздің ғана тірлігі.

Тексізге билік берсең басыңда текірек қағар деген осы ғой!!!

Кімнен: janabek Қайдан: janaozen
16.08.2012 14:21
+0 / -0
азаттық радиосы Енді сот кашан болад
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
16.08.2012 14:22
+0 / -0
Құрметті janabek,

Ақтаудағы сотта түскі сағат 2 жарымға дейін үзіліс жариялағаны туралы Азаттықтың алғашқы бетінде жаңалық тұр. Біздің тілшіміз де осы сот процесіне қатысып отыр. Соттың ары қарайғы барысы туралы білгіңіз келсе Азаттық сайтынан алыстамаңыз.
Пікір алмасу

Кімнен: janabek Қайдан: janaozen
16.08.2012 14:46
+0 / -0
аха коп рахмет Модератор
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.08.2012 15:50
+0 / -0
Біздің билік азаматтық танытқандарға жасанды баптармен соттауға неге құмар? Мына бағытымен еркін оилыларға әр түрлі бап оилап табуыда мүмкін секілді.Мына бағытымен адай деген қылмыстық бап ашуы да мүмкін.Сорақы билік.Байғұс құқық таптаушылар.

Кімнен: zheltocsan
16.08.2012 15:45
+0 / -0
"әлеуметтік араздықдықты қоздыру" деген не?

Әлеуметтік араздық неге қозады және оны кімдер қоздырады?

Осыны анықтау үшін жалпы "әлеуметтік араздық" деген не өзі, алдымен соны анықтап алуымыз керек.

"Әлеуметтік араздық" деп - экономикалық, саяси, құқықтық және лауазымдық жағдайлары әділетсіздікпен кемітілген азаматтардың экономикалық, саяси, құқықтық және лауазымдық жағдайлары әділетсіз және қарақ амалдармен өсірілген азаматтарға қарсы болатын табиғи әрі заңды өшпенділікті айтамыз.

Ал "әлеуметтік араздықдықты қоздыру" деп - азаматтар арасына экономикалық, саяси, құқықтық және лауазымдық теңсіздік жағдайларды әділетсіз және қарақ амалдармен орнатуды айтамыз.

Ал "әлеуметтік араздықты қоздырушылар" деп - азаматтар арасында экономикалық, саяси, құқықтық және лауазымдық теңсіздік жағдайларды әділетсіз және қарақ амалдармен орнату арқылы азаматтар араларында өшпенділік отын тұтатып кеткендерді айтамыз.

Демек бұл жерде "әлеуметтік араздықты қоздырушылар" мұнайшыларға олардың жағдайларын түсіндіріп, оларды митингіге ұйымдастырғандар емес, мұнайшылардың экономикалық және құқықтық жағдайларын әділетсіз кеміткендер болуы керек.

Ал егер мұнайшылардың экономикалық және құқықтық жағдайларының әділетсіз кемітілгендері дәлелденбесе, онда мұнайшыларды көтеріліске ұйымдастырғандар, яғни солардың кесірінен бүліншілік пен адам өліміне соғуына байланысты, сөзсіз "әлеуметтік араздықдықты қоздырушылар" болып табылады.

Демек бұдан шығатын қортынды: "әлеуметтік араздықдықты қоздыру" деген баппен алдымен мұнай компанияларын басқарып отырған лауазымды тұлғалар мен солардың прихватизатор көкелері жауапқа тартылулары тиіс болатын.

Кімнен: Ешкі мен қойларды бағушы Қайдан: Тараз
16.08.2012 17:17
+0 / -0
Қайда бір жүрген козлов үшін сонша шу көтерілді. Қылмыскер ол, ел тыныштығын дүркіретіп, бұзып, қазақтарды бір біріне шаптырып, өзі шетінен қарап тұрған. Ұры Аблязовтың ақшасын шашып, тойлап жүр (аблязовтың кесірінен мен БТА-дан ақшамды толық қайтара алмадым - мен оны ұры деп толық айтуға құқығым бар).
Пікір алмасу

Кімнен: Махамбет
17.08.2012 11:15
+0 / -0
БТА әлі бар ғой. Сондағылар Әбіләзовқа жауып, бермей қойған шығар.Сен соған сендің, сенбеске амалың да жоқ.

Кімнен: Қазақ
16.08.2012 18:05
+0 / -0
Козловқа, жалпы оппозицияға улы жылан тілдерін безеуші жалдамалыларға айтарым - 25 мың теңге үшін сендер аналарыңды да, Отанды да сатасыңдар. Мына қанышер билік Жаңаөзен мен Шетпеде осы сендер сияқты сатқындарға сүйеніп халыққа оқ атты. Сол үшін сендерді Алла тағала жазаласын!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Ақтөбеден
16.08.2012 18:21
+0 / -0
Қазаққа айтарым, ой қайтесіз ондайларға назар аудармай-ақ қойыңыз. Оқып отырғандар ішінен біліп отыр ғой кімнің кім екенін. Ешкі бағып есі кетіп жүрген бейбақты, ол да қайбір жетіскеннен бағып (25 мың теңге алып) жүр дейсіз.
Пікір алмасу

Кімнен: Рахымжан Қайдан: Маңғыстау
16.08.2012 19:06
+0 / -0
Қайдағы 25 мың теңге ? назарбаевтың сөзін сөйлеп отырсың .

Кімнен: Маразым Крепшайытов Қайдан: ыЗаКО
17.08.2012 00:30
+0 / -0
Біздің жақта қазір бәрі бір нәрсе жауып жатыр: Ораза ұстағандар ауызын, әйелдер банкаларын, кәсіпкерлер киоскаларын... Енді бір ғажап болып жабылып жатқандардың тізіміне осы іс те кіріп кетіп теріс тілекшілердің ауызы жабылса екен
Пікір алмасу

Кімнен: Ешкім Қайдан: Ешкім-ғой
17.08.2012 04:37
+0 / -0
Меніңше барлық оқиға тарихи заңдылықпен өтіп жатыр. Николай заманында да патшаға қарсы шыққандар жер аударылған! Бірақ кейіннен Революционерлер жеңіске жеткен!
Алдағы күнджерде де қазақ елін бір жеңіс күтіп тұры... Тек арты жақсы болғай....
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.08.2012 05:49
+0 / -0
Мына Б. деген адвокаттың билікке қызмет істейтіні өткенде Жааөзен сотында мәлім болған еді ғой.Ол "қорғаған болып"-қорғалушыны алдап тығырыққа тігіп кетуші үкіметшіл адвокат қой.Ақжанат атпал азамат еді.Оны да КНБмен бірігіп торға түсірген бе?

Кімнен: zheltocsan
17.08.2012 04:33
+0 / -0
Козловқа абақты ал қалған екеуіне шартты жаза белгіленуі мүмкін.

Кімнен: Ақиқат Қайдан: Алматы
17.08.2012 08:42
+0 / -0
Серик Сапаргали бір кезде Хасен Қожахмет пен бірге алаңда болып Хасен Қожахмет айтпағаны жоқ ол жоқ көрдіңдерме ол қайда
Пікір алмасу

Кімнен: Махамбет
17.08.2012 11:09
+0 / -0
"Хасен Қожахмет жоқ", айтпаса да түсінікті деген осындайдан шығады екен -ау

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
17.08.2012 09:43
+0 / -0
Тух, Шыңғысхан мен Гитлер жолда қалыпты-ау мыналардың қасында. Неткен "көрегендер" ай? Ақорданы жаулап алмақ дей ме сонда? Оу, барлық құрылысы соңғы жетістіктермен жабдықталған, астыңғы бункерлері алтын мен долларға тола осынау ғимаратты үшеуі тас-талқан етпек екен-ау? Барар жері жоқ, басар тауы жоқ Әблязов қандай ақыл айтып отырды екен-ай? Әй Құдай біледі деп айтайын қазіргі адамзаттың алдында қанша уақыт, жылдар, ғасырлар өмір сүрері ешкімге аян емес. Бірақ келер сол ғасырлар аралығында мұндай ойдан шыққан өтірік айтылмас деп ойлаймын. Ә, айтпақшы "контрольный выстрель-іміз" де бар екен-ау? (ЗН)

Ех, қайран Қазақтың кең даласы-ай, мыңқ етпейсің-ау, мыңқ етпейсің!!!!

Кімнен: Ақай Қайдан: Алматы
17.08.2012 12:07
+0 / -0
Тарихта бұрын-соңды болмаған масқара сот басталды. Ақпарат ағымына да жандайшаптарын аянбай-ақ төккен екен. Қазақ "аққа құдай жақ" дейді мұндайда. Түбі шындық жеңетін болады. Оның да ауылы алыс емес екені күннен күнге айқындалып келеді. Козлов, Сапарғали, Әминов мырзаларға құдай қуат берсін! Әділетті Қазақ Елі үшін төгілген қан мен тер түптің түбінде ақталатын болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.08.2012 20:50
+0 / -0
Әлеуметтік алауыздықты тудырушы, халық жауы синонимдік баламалы сөз тіркестері.

Кімнен: Қасиетті дала үні .
17.08.2012 21:52
+0 / -0
Қабақай Адай , Атырау .
Рахымжан , Маңғыстау.
Айытқан сөздерің шындықты қынабынан шығарған қылыштай екен , оқуға ауыр болсада , ашшыда болсада аты бар , заты бар шындық , шындық айтылмаса сөз атасы өледі , өтіріктің балын жалап тірі жүргенше шындықтың уын ішіп өлген артық , жасыратыны жоқ 20 жыл бойы ел болып қалыптаса алмай келеміз , ел болып қалыптасудың қағидасы жермен , Ана тілденде айырылдық бұларсыз тәуелсіздігім баянды емес , онсызда билік алдымызға әсем сурет салып қойғандай сол суретке қарап мәз болып елімнің жоғын айта алмай отырғандарда бар , көз алдымызда осыншама кемшіліктерде көре алмай отырғандарда жеткілікті ондайлар әу бастан биліктің арбауымен , қармағына түсіп қалғандар , біржағынан кәзіргі жарыса жүріп жатқан мақтаумен ,даңғаза марапаттар қаптап елімді жайлап барады осы жолда жүрегі мықтыларғана бас имей өтеді , әлсіздерғана аузын ашқан аидахар саясаттың құрбанына айналады , бұл саясаттың қармағына бір іліксең одан шығу екіталай , шығам дегенше жалған саясат ауруы бойыңды жайлап алады бойыңдағы адалдық атты шыңыңды саясат бағындырса қайда кетем дейсің , ел ішінде санасын таза ұстаған , билікке бас имейтін азаматтардың барына қуанасың , өзіңнің жалғыз емес екеніңе көзің жеткендей болады сол кезде бойыңды белгісіз бір күш баурап алғандай болатыны жасырын емес.Ана тілдің жоқтығынан жапбай мәңгүрттеніп барамыз , туған жердің сатылғанынан қадыр қасиетінің қашқанынан өз жерімізде өгейдің күйін кешіп басқалардың табанының астында тапталып жатырмыз , байлықты өз ара қырқысып, тартысып талаудың қырсығынан халық жапбай кедейленуге әкеліп соқты , экономикағада кесірін тигізіп үлгерді , байлығымыз бола тұра тап біздей шетелге 120 миллиард бережағы бар ел жоқ болар .Елімдегі бетімен кеткен кемшіліктерді айтып жеткізіп тауысу мүмкүн емес , оданда өздерің құсаған адал жандар аман болсын .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.08.2012 01:30
+0 / -0
Сендер Аблязовты ұры дейсіңдер ғой, бірақ нағыз қарақшы НАН. Менің естуімше ол Аблязовтын БТА-на рейдерства жасап, 9 млрд. доллар тұратын активтерін 500 млн. долларға сатуға бопсалаған. Бұл ақшаның өзін толықтай емес, бөліп беретін болған. Сол кезде Аблязов БТА-дан түбінде айрылатынын түсінгеннен кейін, амал жоқтықтан өз активтерін азғана уақыттын ішінде Грузия, Украина және тағы басқа елдердегі офшорный зонаға аударып үлгіріп, өзі Қазақстаннан қашып шығуға мәжбүр болған. Ал БТА-ның банкротқа ұшырағанын көрген НАН оны Самұрұқтағы ұлттың ақшасымен құтқарады. Егерде ол БТА-ны банкроттан құтқармаса онда Қазақстандағы бүкіл банк жүйесі құритын еді. Ал Қазақстандағы банктердің басым көпшілігі кімдікі екенін бәрімізде жақсы білеміз. Сондықтан Аблязовты ұры деу биліктің келесі бір сценариясы деп есептеу қажет сияқты
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.08.2012 13:18
+0 / -0
Әбіләзов та, НӘН де, Тұяқбай да, Жақиянов та бәрі ұры!!! билікте болғандардың 90%-і ұры!
бұлардың ешқайсысы ел үшін жүрген жоқ,. бәрінің ойлағаны билік, елді тонау!

Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
18.08.2012 16:00
+0 / -0
орыс болып кеткен Әблязовтың ертегілеріне сеніп отырған сіз де ауыш екенсіз. БТА болмаған кезде де аштан өліп қалмаған Қазақстан БТА қайта жоқ болып кеткенде де аштан өлмейді. Себебі БТА жоқ кезде Ұлттық қор деген де жоқ еді және шикізат та тым арзан еді. Ал қазір Ұлттық қор дегенде нанға жететін ақша бар, оның үстіне шикізат та едәуір қымбат.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
18.08.2012 18:25
+0 / -0
және БТА жойылғанда Назарбаевтың қызы мен күйеу баласына қарайтын "Халықтық" банктың да бәсекелесі азайып пайдасы артатын еді.

Кімнен: Мырзахмет Қайдан: Актау
19.08.2012 07:25
+0 / -0
Күшті күшті!! Жаңа жайттар шығып жатыр ма?? Ол іске Аблязовтың қатысы бұрыннан бері иһтүсінікті еді ғой! Не айтайық!! Козловтың тура жолы абақтыға, бірнеше жыл отырып келуі жөн емес болар деп есептеймін!! Өзін оппозиция оппозициямын деп айқайлап жүріп, өзінің жаман істерін жауып жүрген кездері енді ғайып болды!! Барлық зұлымдыққа жауап беру керек!! Козлов жауап берсін!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.08.2012 09:50
+0 / -0
Козлов жайдан жай Козлов емес. "Козел провакатор" дегенді білесіздер ғой. Бұрынғы қатындарын тастап, мөлдіретіп қазақтың сұлу қызын алуы (неше қатын тастап, неше қатын алса да, заң бойынша істелсе, христиан діні сөкпейді, керісінше, адалдыққа жатқызады), партия құрып, басқаруға талпынуы - өзінің күші, өзінің ақылы екен деп ойлап қалмаңыздар. Оның артында үлкен күштер тұр. Оны тек Әблязовқа аударудың да керегі жоқ. Қысқа күнде қырық құбылатын қасындағы қазақ серіктері жаздым-жаңылдым деп жатқанда, әйтпесе қазақ бола ма, оның міз бақпай отыруы сол күштерге сенетіндігінен. Сотталуы неғайбіл. Соттала қалған күннің өзінде жеңіл-желпі бірдеңе болар, көп отырмас. Расында да Қазақстанда орыс суырылып көсем боп шыққандағ кімнің жыртысын жыртады деп ойлайсыздар. Демек, еліміз үшін бұл да бір сынақ. Өкініштісі -саясаттағы, биліктегі өз қазақ басшыларымыздан көңілі қалғандардың кім болса да соңынан еріп кетуге дайын тұратындықтарынан ғой. Орыстар айтатын: "Балық жоқта шаян да балық орнына жүреді" дейтіндей бір алдамшы үміт.
Пікір алмасу

Кімнен: АДИЛ
22.08.2012 13:40
+0 / -0
Мен сенімен келісемін. Козлов арандатушының нагыз өзі. Ол кішкентай бала емес кой, Мухтардын айтканынын барлығын жасай беретін. Өкініштісі, біздің қазақтардың соның артынан еріп кеткендігі, мені қынжылтады

Кімнен: Ерболат Қайдан: Алматы
21.08.2012 11:08
+0 / -0
Вышинский отдыхает!!!!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Борышкерлер, Eurovision дауы және Pussy Riot

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Иранда президент сайлауынан шеттілген қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың жақтасы кім?