Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:46

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Конституциялық кеңес Назарбаевтың ветосын еңсере алмады

Конституциялық кеңес парламент мәжілісі мен мәслихат депуттары сайлауының Жаңаөзенде өтпейтіні туралы шешіміне президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қойған ветосын еңсере алмады. Орталық сайлау комиссиясы Жаңаөзенге қатысты өз қаулысының күшін жойды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті салынған билборд. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 ж.
Мәтін көлемі - +
Қаңтардың 11-і күні Конституциялық кеңестің отырысын өткізген кеңес төрағасы Игорь Рогов президент Назарбаевтың ветосына қатысты кеңестің шешімін жариялады.

ВЕТО КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ҚАУЛЫСЫНЫҢ КҮШІН ЖОЙДЫ

- Конституциялық кеңес Қазақстан президентінің Конституциялық кеңестің қаңтардың 6-сындағы қосымша қаулысына қойған ветосын қарастырды. Нәтижесінде президенттің ветосына қарсылық білдіруге қажетті Қазақстан Конституциясының 73-бабының 4-тармағында қарастырылған қажетті дауысты ала алмады, - деді Игорь Рогов.

Ол Конституцияның аталған бабының 4-тармағы бойынша "Конституциялық кеңестің 6 қаңтардағы Жаңаөзенде сайлау өткізбеу туралы қаулысы күшін жояды" деп мәлімдеді.

Конституциялық кеңес туралы заңның 38-бабы бойынша, президенттің ветосы оған Конституциялық кеңес мүшелерінің үштен екісі қолдау білдірмегенде алынып тасталады. Ал Конституциялық кеңес президент қойған ветоға қарсылық білдіре алмаса, онда Конституциялық кеңестің шешімі күшін жояды.

ВЕТО ОСК ҚАУЛЫСЫНЫҢ ДА КҮШІН ЖОЙДЫ

Конституциялық кеңестің бұл шешімі Қазақстан орталық сайлау комиссиясының (ОСК) бұған дейінгі қаулысына да әсер етті.

- Конституциялық кеңес президент ветосына қарсы шықпағандықтан, орталық сайлау комиссиясы Жаңаөзен қаласында сайлау болмайтыны туралы шығарған қаулысының күшін жояды, яғни 15 қаңтарда Жаңаөзенде сайлаулар (мәжіліс және мәслихат депутаттарының) өтеді, - деді қаңтардың 11-і күні орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фосс.

Оның сөзінше, Жаңаөзендегі сайлаудың өзге аймақтардан ерекшелігі болмайды. Тек төтенше жағдай тәртібіне байланысты кейбір шектеулер болуы мүмкін.

Бұдан бір күн бұрын, қаңтардың 10-ы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңестің Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізбеу туралы 6 қаңтардағы қаулысына вето қойғаны туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлаған еді.

Конституциялық кеңестің төрағасының бұқараға жария еткен түсіндірмесінен соң, қаңтардың 6-сы күні орталық сайлау комиссиясы қаңтардың 15-іне белгіленген Қазақстан парламенті мәжілісінің бесінші шақырылымдағы депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы Жаңаөзенде өтпейтіні туралы қаулы қабылдаған еді.

«БӘРІБІР ДАУЛЫ БОЛАДЫ»

Кеше кейбір заңгер мамандар Конституциялық кеңестің түсіндірмесі президенттің ветосын талап етпейтіндігін және конституциялық кеңеске түсіндірме беру тұрғысында сұрау салатын субьектілер қатарына орталық сайлау комиссиясы кірмейтіндігі туралы айтқан болатын.

Құқық қорғаушы әрі тәуелсіз заңгер Амангелді Шорманбаевтың ойынша, Жаңаөзенде сайлау өткенімен, болашақта бұл сайлаудың қорытындысы бәрібір даулы бола береді.

– Төтенше жағдай жөніндегі заң бойынша үміткерлер ешқандай үгіт насихат жұмысын жүргізе алмайды. Ал сайлауда белгілі бір азаматтардың құқығы бұзылса, жаппай сайлау тәртібі бұзылған деп айтуға болады. Кейін барлық сайлау қорытындысын заңсыз, конституцияға сай емес деп есептеуге болады, – дейді  Амангелді Шорманбаев.

Заңгердің айтуынша, бұл сайлау заңды болуы үшін «әуелі Жаңаөзендегі төтенше жағдай тәртібін алып тастау керек, одан кейін ел бойынша сайлауды өткізу мерзімін кейінге шегеру керек».
Амангелді Шорманбаев Жаңаөзендегі сайлау туралы

Азаттық тілшісі Жаңаөзен қаласында сайлау өткізуге байланысты саяси үгіт-насихат жұмысы қалай өтетінін орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешевтен сұраған еді.

Бақыт Мелдешев «орталық сайлау комиссиясы мәжіліс өткізіп, конституциялық кеңес шешіміне сай қаулы шығарғанша ешбір түсіндірме бере алмайтынын» айтты.
ОСК хатшысы Бақыт Мелдешевтің сөзі

«АДАМИ ҚАСИЕТ» ЖӘНЕ САЙЛАУ

«Азат» ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосановтың пікірінше, Жаңаөзендегі 16 желтоқсандағы оқиғадан кейін саяси үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу дұрыс емес.

Оның ойынша, жақындарынан айырылған халықтың арасына барып, «Менің партиям күшті еді, менің партиям мықты еді – бізге дауыс бер» деп айту адами қасиетке жатпайтын сияқты».

– Біздің партиямыз Жаңаөзенде, мүмкін, біраз ұпайын жинай алмай қалар. Бірақ мен дәл қазір ол жерге барып сайлау жүргізу керек деп айта алмаймын, – дейді  Әміржан Қосанов.
ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосановтың сөзі

«БҰЛ - ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ»

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Жаңаөзенде сайлау өтетін болды деген хабарды «қуанышты жаңалық» деп атады. Ол сайлауға дейінгі бірнеше күнде үгіт-насихат жұмысын қалай жүргізетіндерін енді ақылдасқалы отырғандарын айтты.

– Дәл қазір облыстық филиалымызбен тікелей байланыстамын. Мен тіпті Маңғыстауға ұшайын деп едім. Дәл осы жерге барып, шешім қабылдаймыз ба деп. Бірақ ертең Астанада теледебат болайын деп отыр. Сол себепті ертеңгі күні бармайтын болдық. Ары қарай көрейік. Бүгін кешке бұл шешімді қабылдаймыз деп білемін, - деді Азат Перуашев.
Азат Перуашевтың сөзі

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында 2011 жылы желтоқсанның 16-сында мұнайшылар мен полиция қақтығысып, қарусыз адамдарға оқ атылды.  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы желтоқсанның 17-сінен 2012 жылғы қаңтардың 5-іне дейін Жаңаөзен қаласының аумағында төтенше жағдай жариялады, қалада түнгі 11-ден таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат тәртібін енгізді.

Ал қаңтардың 4-і күні президент Назарбаев өз жарлығымен Жаңаөзендегі төтенше жағдай мерзімін 31 қаңтарға дейін ұзартты.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
11.01.2012 12:39
+0 / -0
Мынау жақсы болды ғой, ал енді топырлатың халықаралық және өзіміздің бақылаушыларды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 13:01
+0 / -0
Мыналарда "" Еріншек екі тышар, етегімен артын сүртер" - дегеннің кебін киді. Осылай өтырік ойын қойғанын қашан қояр екен! Әбден масқара қылып бітті-ғой! Ақымақтар, білген боқтарыңды жеңдерші!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 17:09
+0 / -0
Қазақтар ай не болды сендерге! сабылылық қайда! сабырлы болсақ біз бәріне жетеміз!
Пікір алмасу

Кімнен: Жақайым Қайдан: Арал
11.01.2012 13:09
+0 / -0
Бұл НӘНнің идеясынан туындаған сценарий ғой, әдейі күнді жақындатып сайлауды болатын қылды, сөйтіп топастардың жағынан абырой да жинамақ, қәзір 25 мың алғандар мәз болысып жаза бастайды көсемдерін көпіртіп мақтап.
Ал енді сайлауға 4 күн қалғанда қатыса ғой деп Жаңаөзеннің 120 мың халқына прикол ұстап отыр бұл НӘН.
Егер сайлау болса, онда уақыты кешіктірілуі керек, ондағылар үрейде жүріп қалай сайлауға барсын, үрей көрмеген адамның өзі сайлауға дайындалу үшін кемі 1 ай уақыт керек қой, соған басы жетпей ма?! Жоқ, жетеді, айттымғой мазақ қылып білген боғын езіп жатыр әйтеуір!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 15:39
+0 / -0
ай, сақымазақ оппозиция-ай, не айтарыңды да білмей қалдың ау, қайтесің енді, құқық шектелді деп тақияңды аспанға атып қуанып едің, енді тағы тауың шығылды, жеңілді деген осы))))
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 19:04
+0 / -0
ай, оңбаған назарбаев, мықты болсаң төтенше жағдайды алып тастап сайлауды өткіз. Халықты ақымақ деп ойлаған ақымақ президент құрысын!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 15:42
+0 / -0
өртенген суретте үлкен мағына жатыр, неге Президенттің суреті жанбаған, Демек Біздің Елбасы тегін адам емес, іштерің күйгендер тұз жалаңдар
Пікір алмасу

Кімнен: Экстрасенс
11.01.2012 16:15
+0 / -0
Не жазарыңды да білмей қалдың ау деймін өртенген суреттен қасиет іздеген қасиетсіз!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 16:57
+0 / -0
арине ол толык куймейди, бетi калын болса да куйiптi гой,

сосын толык жанып кетсе билбордта кiмнiн суретi болганын бiлмей калармыз
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
11.01.2012 19:09
+0 / -0
Үйіңде жалайтын тұзың болса өзің жалай тұр, әзірше осындай жазулармен балаларыңды асырап жүрген мүбақ сияқтысың ғой, сол балаларыңды да осындай кәсіпке тәрбиелейтін боларсың, арам асқа семіріп жүрген адам сияқты екенсің. Алдыңда өзіңді не күтіп тұрғанын қайдан білесің, не балаларыңның алдында, Назарбаевтың жекеменшік сотының немесе полициясының зорлығына тап болып,қыңсылаймын деп солардан Өзендегі құсап маңдайыңа қорғасын оқ силап жүрмесін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 15:45
+0 / -0
Президентті мадақта деп маған 25 мың емес 200 мың берсе де орындамас едім, себебі, бізді осы күнге жеткізіп, қазақтың атын шығарып отырған Елбасын ақша беріп мадақтау қисынсыз, дүниені танып білген кез келген жас бұны түсінеді. Біз Елбасы саясатын қолдаймыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Маңғыстаулық
11.01.2012 16:13
+0 / -0
Сенің иттігіңе тіпті сөз жоқ екен, өзіңмен қоймай жастарды да араластырыпсың. Біле-білсең мына елбасыңда ешқандай да саясат болған емес, тек қана қазақ халқының төзімділігін, жуастығын барынша пайдаланып, өз саясатының жемісі етіп көрсетуші ғана
Пікір алмасу

Кімнен: Мырқымбай
11.01.2012 16:06
+0 / -0
Меніңше, ешкімді де Жаңаөзенге жібермейді.
"Тек төтенше жағдай тәртібіне байланысты кейбір шектеулер болуы мүмкін" - міне, осы сөздің ішіне бәрі де сыйып кетеді.
Яғни, бұл халықты алдау.
Бұдан құтылудың бір ғана жолы бар - Жаңаөзенде ешкім де сайлауға бармауы керек, онсыз да солай болатын шығар, тек қана қорыққандарынан мұғалімдер мен дәрігерлер баруы мүмкін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 16:08
+0 / -0
мен мұнайшыларды қол аяғымды көтеріп қолдар едім, егер де олар дәл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында 16 желтоқсанда елдің берекесін алмағанда. Құдайдың басқа күні жетпеді ме? осыдан ақ түсінуге болады арандатушылардың азғырығына ергеніне!
Пікір алмасу

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Ақтөбе
13.01.2012 23:16
+0 / -0
Жеті ай бойы қайда жүрдің
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 16:12
+0 / -0
не де болса аман-есен сайлау өтсін! тыныштық керек халыққа!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 16:41
+0 / -0
жаз жаз тағы не жазар екенсіңдер, үре беріңдер үре беріңдер, НАН ды жамандап, не десеңдер де мен НАН ды қолдаймын!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 17:20
+0 / -0
МЫНА СӨЗДЕР ТІПТЕН ҰСАҚ, ҚҰЙЫРШЫҚТАЛЫП КЕТКЕН! МЫНА ЖАЗҒАНДАРЫҢА ҰЯЛМАЙСЫҢДАР МА? СЕНДЕР ӨЗІ КІМДІ ҚАЛАП ОТЫРСЫҢДАР! ОППОЗИЦИЯНЫ МА, ТҮРІ АНАУ? ІЛІП АЛАР СӨЗ АЙТСАҢДАР ЖАРАР ЕДІ?
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
11.01.2012 19:18
+0 / -0
Бәрің бір уақытта абалап кеттіңдер ғой, бір кабинетте отырған иттер болмасаңдар болар еді, президент аппараты дей ме, ішкі саясат бөлімі дей ме,сендерді қалай атайды. Азаматтар бұлардың үргендерін қыстырмаңдар, тақырыптан аударғысы келіп отырған мақсаттары ғой. Әкімшіліктен үріп жатыр.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 17:43
+0 / -0
МАҢҒЫСТАУ МҰҢЫ
Көтерiлiс пе?
Қозғалыс па?
Қылмыс па?
Мен бiлмедiм, бiлетiнiм тым қысқа.
Шындығының шаңырағы шайқалып
Жаңаөзенiм жаурап жатыр бұл қыста.
Қажытты ма, қуыршақты “ғажаптар”,
Мезi еттi ме, маймыл мiнез – мазақтар.
Ояныңдар, ойланыңдар дегендей
Отпантаудан от тұтатты Қазақтар.
Мен бiлмеймiн айла ма әлде арбау ма?
Бiле алмадым жоқтау ма әлде зарлау ма?
Құлынынан айырылған сорлы Ана
Құдайын да, мұнайын да қарғауда.
Қайғысы мен қасiретi батпандай,
Кара түнек қорқынышты шақ қандай?
Жаңаөзеннiң жанарында алаулап
Желтоқсанның жалынды оты жатқандай.
Мен сенбеймiн, сене алмайды жүрегiм,
Бiр шындық бар бұғып жатқан бiлемiн.
Айыра алмай есерлiк пен ерлiктi
Ес жия алмай есеңгiреп тұр елiм.
Кiмдер тойып, кiмдер тоңып секiрдi?
Көрсетпестен жел қариды бетiмдi.
Шындығыңды күте-күте шаршаған
Батысымның “бастаңғысы” секiлдi.
Мейлi,тiптi билiгiне бас ұрсын,
Айласын да, арбауын да асырсын.
Ауруды жасыруға болмайды
Атқан оқтың ақиқаты ашылсын!

ҚАН
Атқан шақта арайланып таң алдан,
Ақиқаты аңыз болып таралған.
Аналық пен Аталық боп түйiскен
Түйiр қаннан бар адамзат жаралған.
Көмкерсе де көңiл атты белес мың,
Оңашада өз ойыммен кеңестiм.
Қан ағызып бөленудi құрметке
Құдай ақы түсiне алар емеспiн.
Болғанымен ақ, қарасы, жолағы,
Бар адамзат тiршiлiктiң қонағы.
Тақ басына тамырымен байланған
Хандар неге, қанға құмар болады?
Жоқ ешкiмге қиянатым, кегiм де,
Адам Ата, Һауа Анадан – тегiм де.
Адамдарды құрбандыққа шалатын
Ақырзаман осы болар тегiнде.
Уайым менен қайғы болды баққаным,
Ұйқым қашып жата алмадым, жатпадым.
Желтоқсан да, Жаңаөзен де – Қасiрет,
Қар үстiне қанмен жазған аттарын.
Шаңырағын ұстынымен тiреген,
Адасқанда Ай астына түнеген.
Жаратқанын ұмытпаған жұрт едiк
Тыныштықты Тәңiрiнен тiлеген.
Азды күнге жалау болған жаныма,
Түнерiп тұр Тәуелсiздiк таңы да.
Өзiн-өзi қаруменен қыратын
Қатыгездiк қалай сiңген қаныма?
Нала қылса нанымы жоқ наз менi,
Жүрек үнi, жалтақтамай жаз – дедi.
Қиянаттың тартқан талай азабын
Қазағымның қасiретi аз ба едi?
Безбүйрекке берекелi бақ қайда,
Тұрып қалған су да терiс ақпай ма?
Қасқыр жарған өлексенiң қызығын
Қарға менен құзғын көрiп жатпай ма?
Барлығын да көңiл көрдi, көз көрдi,
Қаншалықты төзу керек “тезге” ендi?
Қайғы жұтып, қан түкiрген Қазаққа
Құрбандыққа қарсы тұрар кез келдi!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Мангыстау
11.01.2012 18:29
+0 / -0
Это не Конституция, а туалетная бумага как сам ЕБ
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 20:13
+0 / -0
Затеряный мир

Нефтяник бастует, наш Новый Озен,
Берет автомат полицай на ремень,
Дубинки на пояс, сверкают глаза,
Сгущаются тучи, наступит гроза.

Китайцы свой иск прокурору несут,
Юрист-адвокат, её тащат на суд.
Там Нурика суд, заседала свинья,
Шесть лет заточенья. Заплачет семья.

Проходит полгода, нефтяник худой,
Пустые карманы приносит домой,
Китайцы отняли работу-мечту,
Все ждали стабильность, нашли нищету.
Детишкам бы кашку да сладкий кефир…
Но кто посещает затерянный мир?
Отцы вспоминают дедовский наказ,
Одели все робу «Казах Мунай Газ».

Выходят на площадь, трибуны громя,
Акимы как крысы бегут из огня,
Охвачен огнем «НурОтана» редут,
Навстречу рабочим ОМОНы идут.

Несут не подарки, несут калаши,
Приказ отдает им верховный баши,
Диктатор-безумец не видит ни зги,
Лежат на асфальте ребенка мозги.

Забыли про тучи, не капает дождь,
Свинец раскаленный пронзает как гвоздь.
Законы, права никого не спасут,
Поверженных быстро носилки несут.

Лишь с мамою встретит дитя новый год,
Отца похоронят, повержен народ,
Лежат сиротинки-игрушки, букварь,
Запомнит ребенок кровавый декабрь.

Еще не успел догореть акимат,
На пепел уселся баши-комендант.
До верха дошел чемолганский плебей,
Кровавый подарок стране в юбилей.

Зачем нефтепромыслы продал, номад?
Кому начеканил ты кучу наград?
Дворцы и поместья баши далеко,
Детишки забыли на вкус молоко.

Ты помнишь декабрь, ты тогда был премьер,
Саперной лопатой покажешь пример,
Ты жаден, все мало. Теперь калаши…
Ты нелюдь без чести, либви и души.


Забегали глазки героя-хорька.
Бандит виноват… Вашингтона рука…
Ты знал, разгорается гнева костер!
За что убиваешь ты братьев, сестер?

Ты Новый Озен превращаешь в СИЗО,
Пекин отправляет тебе авизо.
Отряд следоков подшивает дела,
Наш Новый Озен отпевает мулла.

Каспий трепещет холодной волной,
Да чайки надрывно кричат над водой.
Уныло гудели вдали корабли.
Рыдали, прощаясь, с небес журавли…

Жумабай. 16 декабря 2011 г.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
11.01.2012 13:02
+0 / -0
Не деп, не деп миды ашытып жіберді мына жерлер? Конст. кеңес дейді, Назарбаев дейді? Ау, сонда Назарбаевтың статусы Конс. кеңестен "кіші" болмақ па? Басқа елдер есітсе тіпті ұят қой? "Бірінші Президент", "Жоқ жерден мемлекет құрушы" "Ұлт көшбасшысы", "Елбасы", "Ғасыр ғұламасы", "Қолын сүймекке ұмтылғандарға қолын ұсынушы", Құдайым-ай, осындай кездерде еске түспей де қалады-ау "әлгілері". Міне "ОСЫНДАЙ" адамды нәйеті бір Мүйізбавтың командасына есеп бергіздіріп? Жоқ, бұл масқара екен!! Біз мұндайға төзе алмаймыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Түркістан
11.01.2012 16:26
+0 / -0
Арыс сөзіңіз өте дұрыс. Бірақ бұл ауруды құрту өте қиын. Қандай ұсынысыңыз бар.
Пікір алмасу

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
11.01.2012 17:02
+0 / -0
ЖАҢАӨЗЕН-ҚАЗАҚТЫҢ ЖАРАСЫ, Назарбаевтың жазасы!

Енді мында шыққандар "ЕБ", "ҰК" "Менің Президентім" т.т.б. демей, "Қанқор", "Қарақшы", Қандықол", "Жендет", "Ұры басшы", "Ұлы "атқышбек" деп шығатын болсаңдар, алдымен осындағылар, солар арқылы бүкіл халық біліп. түсініп жататын болады.

Кімнен: Сұңқар Қайдан: оқжетпес
11.01.2012 13:59
+0 / -0
Бұл жаңаөзен халқының өздерінің мұң-мұқтажын тәуелсіз бақылау ұйымдарына жеткізудің орайлы сәті болады екен. осы орайды пайдалана отырып оппозийиялық партиялар мен қоғамдық ұйымдардың жаушылар мен зиялы қауымның тезірек жаңаөзен көтерілісінің нақты сырын ашуға ұмтынатын шағы екенін естен шырамағаны дұрыс болар еді. әрі шетелдік бақылаушыларда ол жерде болуға тис. ол жердегі дауысты билік ұрлап алалмайды. сайлау болатын күндері төтенше жағыдай алынып тасталуы мүмкін.

Кімнен: Arman Қайдан: Almaty
11.01.2012 14:21
+0 / -0
Өзінің алжып қалғанын кеш болсада біліп жатыр...
Өзіне өзі қарсы шыққан приздент тек біздің елде ғана, өте ұят болды...
Пікір алмасу

Кімнен: Еділ-Жайык Қайдан: Алматы
11.01.2012 15:10
+0 / -0
Рахат Алиев Жанаозен окигасына байланысты "ау" деді ме? Курметті "азаттык" радиосы Рахаттан неге сухбат алмайсыздар?

Кімнен: boztorgai Қайдан: сыр бойы
11.01.2012 14:35
+0 / -0
үлгере алар ма екен
асығыс-үсігісте тағы бірдеме бүлдіретін болды-ау

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 14:42
+0 / -0
Мына шалға дені дұрыс ақыл айтатын, жол сілтейтін қасында есі дұрыс кеңесші де қалмаған ба?
Мен бұл шалдан ештеңе талап етпеймін, заводтың қасындағы ущиличені сырттай оқыған жұмысшы адамнан не талап етесің. Бар жеткен білімі, парасаты осы болса.
Бірдеме айтып, жол сілтеп, аузына сөз салып отыратын адамдары қайда?
Әлде осыны тоңқалаң асыра салу керек деп бір сұмырай жасап жатқан, айтқызып жатқан іс пе?
Әйтпесе, мына шалдікі тіпті ақылға сыймайды. Өзіне өзі көр қазып не көрінді?

Кімнен: Адай Қайдан: Адайстан
11.01.2012 14:47
+0 / -0
Керемет қойылған спектакль. Барлығын топас қылдырып, өзін ақылды етіп көрсетіп отқанын қараңдаршы.
Қазір енді трольдер шығып "біздің ,,, сондай данышпан, одан басқа ешкім халықтың жағдайын ойламайды" деп шу көтереді.

Кімнен: ара Қайдан: уядан
11.01.2012 14:50
+0 / -0
25 мын тенгелiк косемдер мен шешендер кайда курып калган?!?!
неге мына кун косемнiн саясатын жактап пiкiр калдырмайды?!
сендерге не тектен текке акша болдi ме?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 16:34
+0 / -0
25 мың теңгелік пікір жазғыштарды байқамайды екенсіз-ау, ә?!!

Кімнен: Жемқорбек Қайдан: Жемқорстан
11.01.2012 15:02
+0 / -0
Кетші кетші әрмен кетші Нұрсұлтан.
Бір сөз айтам жат жерде бол сен ұлтан.
Айналаңды ала кетші өзіңмен.
Көрші олардың тоз болғанын өз көзіңмен.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 16:45
+0 / -0
Масқараның көкесі енді басталатын болды...
Шынымды айтсам, шынымен жаным ашып отыр, жанындағылар расында да адамға деген аяушылық сезімнен ада міскіндер екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Доктор PHD Қайдан: Алматы
11.01.2012 17:11
+0 / -0
Ассаламу алейкум! Маңғыстаулық бауырлар! Айтыңдаршы! Маңғыстау жұрты көтерілуге дайынба? Халықтың қаншалық бөлігі дайын отыр, шындықты айтыңдаршы! Мен сендермен біргемін! бауырларым! басқа амал жоқ!
Пікір алмасу

Кімнен: Белсенді
11.01.2012 19:26
+0 / -0
Ал Маңғыстау жұртын көтергеннен, қазақ еліне әкелер пайда жоқ! Асығыстық жасап опалаң топалаң болғанша, ақылмен байып пен шешейік!!! Қазіргі жастардың көзі ашық көкірегі ояу!!! Бар жақсылықты Болашақ жастардан күтеміз!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 17:17
+0 / -0
Баяғы бағзы замандарда патшалардың қайсыбірін өзінің айналасы, тіпті балалары у беріп, кісі жалдап өлтіргенін тарихтан білеміз.
Біздің шалдың айналасындағы шакалдар маған ұнамай тұр.
Шалдың өзі екібастан, жүрек айнытып болды ғой.
Соңын күтейік. Қызықты зрелище болатын сияқты ғой.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
11.01.2012 17:01
+0 / -0
Билбордтың жартылай өртенуі, ол - Алла Тағаланың ескертуі: "Мен сен яхудиді жартылай өртедім, қазақ ұлтына тағы оқ атуға бұйрық берсең маңайыңмен бірге түгелдей өртеп жіберемін!" - дегені.

Кімнен: Асеке
11.01.2012 17:18
+0 / -0
Мен президентімізді қолдаймын, үлкен рахмет осындай бейбіт өмір үшін.
Пікір алмасу

Кімнен: Нәке
11.01.2012 19:12
+0 / -0
Мына сөзің құла түзге үріп жатған итті елестетеді екен.

Кімнен: Снайпер Қайдан: http://goo.gl/tS3ZM
11.01.2012 17:34
+0 / -0
Казахстанские спецслужбы закупают снайперские винтовки!
http://goo.gl/tS3ZM

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 18:04
+0 / -0
Сайлаушылардың өз құқықтары бар. Бұл заңда көрсетілген. Шешім орынды

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.01.2012 18:07
+0 / -0
Бұл жақсы жаңалық екен. Ел тынышталғанына қуаныштымын. Сайлау өтетін болса бұл тамаша ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: мангыстау
11.01.2012 18:36
+0 / -0
25000 тенге алдын ба. Кылтамак болгыр. Мангыстауга кел коресин, тыныштык па, тыныштык емес па?
Пікір алмасу

Кімнен: Шындықты қалаймын
11.01.2012 19:46
+0 / -0
Ертен сайлау өткен соң оппозицияның үндері де өшедіғо!!!! Сайлау деп еді барі жаңбырдан соңғы саңырау құлақтар құсап қаптап шыға келгені !!!!!

Кімнен: Саммитхан Қайдан: Саммитстан
11.01.2012 18:26
+0 / -0
Президент еще с советских времен отличался острым чутьем парт аппаратчика и всегда в самые решающие моменты принимал верные для него решения. Например, когда он почувствовал, что Москва решила убрать Кунаева, он неожиданно выступил с резкой критикой в его адрес. При этом, он забыл, что его вытащил из Караганды сам Кунаев. Тогда он надеялся, что Горбачев поставит его первым секретарем ЦК Компартии Казахстана. Но, не получилось. Потом перед уходом Колбина он убедил Горбачева убрать других более достойных кандидатов на место руководителя Казахстана. Теперь президент правит нами 20 лет и уходить не собирается. Сейчас реально он не хочет утечки информации из Жанаозена. Все время через свои СМИ власть призывает к благоразумию. Но где было это благоразумие, когда 7 месяцев не замечали жанаозенцев и стреляли по ним 16 декабря? На этот раз его чутье парт аппаратчика его подвело. Власть сама дестабилизируется. Но для того, чтобы скинуть эту власть нужно единство народа, в этом наша сила.

Кімнен: Гогаа!
11.01.2012 22:17
+0 / -0
Саламатсыздарма! Жанаөзендегі оқиғада менін ойымша, жергілікті халықтын мұндай сұмдыққа баруы мүмкін емес, яғни жағдайдын қозғаушы куштер сырттан енген жауыздар! Ен мықты да маңызды біздің кушіміз қазіргі таңда бұл жастар! Осы жастардың ой көзқарасымын улау арқылы біздің бейбіт елімізге қауіп төндірді! Ендігі осы қасиреттерін иісін жою "Нур Отан" сияқты мықты партияның қолында!! Назарбаев сонау күннен бұл жұмысты бастады, нәтижесі боларына күмән келтірмеймін!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.01.2012 09:44
+0 / -0
ГООГа сен Қүлбайдың арам тамағы екеуің халықтан тонаған ақшаларыңа мастанып жата беріңдер! Біз түбі сендердәі де шаштарыңнан сүйрейтін уақытқа жетеміз!!!

Кімнен: Өтініш
11.01.2012 22:26
+0 / -0
Бұл бліктегілер жыланның аяғын көрген нағыз кәззаптар. олардың ойын түсіну мүмкін емес. өйткені нән ібіліспен келсім шартқа отырған. Кәззаптыкті қанғанша істеп болғаннан кейін жанын алдымен құдай емес уақытша ібіліс алады.

Кімнен: Алмабек Ақтайлақұлы Қайдан: Астана
11.01.2012 23:16
+0 / -0
Конституциялық кеңестің бүгінгі президенттің кешегі ветосын еңсере алмауы саяси тапсырыспен жасалып отырған ойын.Ал сайлау науқаны кезінде президенттің Жаңаөзен қаласына төтенше жағдайды жариялауы да, оның мерзімін ұзартуы да заңға қайшы. Себебі сайлау жарияланғаннан кейін сайлауды сайлау туралы заңға сәйкес өткізеді. Ол заң - Конституциялық заң. Ал төтенше жағдай туралы заң - ол заң ғана. Соңғысы алдыңғысының алдында күші төмен.Конституциялық заңдар - заңдардың алдында күші басым болады.Мәселенің мұндай тұрғысында президент сайлау науқаны кезінде төтенше жағдай жариялаудың қаншалықты конституцилылығы туралы Конституциялық кеңеске жүгінуі тиіс еді.Президент оған бармады.Ал конституцилық кеңестің осының алдындағы ОСК - а берген түсініктемесі әбден орынды болатын.Осыған қарағанда Президент жүгінгенде Конституциялық кеңес төтенше жағдайды заңсыз деп табушы еді.Бүгінгі конституциялық кеңестің президенттің кешегі ветосын еңсере алмаған сыңай танытуы президенттің халықтың, ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының, конституциясының алдында үстем екенін көрсетті. Қазақстан қоғамының бүгінгі шынайы бейнесі де осы.Конституциялық кеңестің түсіндірмесі президенттің ветосын талап етпеуі тиіс.Сайлау ол - азаматтардың өз таңдауын еркін білдіруі - әркімнің конституциялық хақы. «Азаматтардың бұл хақы тек тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздік сақталған жағдайда ғана жүзеге асуы тиіс. Өз даусын еркін білдіру үшін еркін жүріп-тұру, бірігіп, жиын, митинг, шерулер өткізу және ақпаратты еркін қол жеткізіп, тарату құқықтары да қоса болуы керек.Мемлекет азаматтардың осы құқықтарын толықтай пайдалануына, сондай-ақ сайлаудың ашық және бәсекелі түрде өтуіне жағдай жасауы керек. Бірақ төтенше жағдай кезінде және азаматтар мен заңды тұлғалардың жоғарыда аталған құқықтары мен еркіндіктері шектелгендіктен олардың еркін дауыс беруі өте қиын, - деп түсіндірген еді Конституциялық кеңес. Міне бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтары және оларды жүзеге қалай асырудың кепілдігі ретінде Конституциямен бекітілген.Конституцияның Республика көлемінде тура қолданылатыны және басқа заңдардан басымдығы тұжырымдалған.Сондықтан Жаңаөзендіктер енді сайлау кезінде енгізілген төтенше жағдайға наразылық танытуы қаупі тұр. Президент сайлауды кейінге қалдырудан басқа қабылдаған шешімдерінің бәрі Жаңаөзендіктердің сайлау құқығын жүзеге асыруына толық мүмкіндік бере алмайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.01.2012 02:48
+0 / -0
Алмабек, онда сайлауға рұхсат берумен бірге, Жаңаөзендегі төтенше жағдайды да бірге алып тастауы керек қой.
Басқаша қалай болады? Дауыс беруге барған адамдар еріксіз топтасып жиналып қалады, ол режимді бұзумен бірдей.

Кімнен: Алаш азаматы.
12.01.2012 02:40
+0 / -0
Барлық өтіріктің бәрі, Елбасының алдануының басы да осы сайлаудан бастал?ан. Ол кісі халық 95 процентпен сайлады дегенге нанды себебі қасындағылар өзін алдайды деп ойлаған жоқ еді. Осы алдаудың ақыры халықты қырғынға ұшыратты. Қырғынға ұшыраған халықтың обалы-- Елбасы мен халықтың аманатына қиянат жасап сайлауды тапсырыспен, әділетсіз ұйымдастырып жүргендердің мойнына ж?ктелсін қалықтың наласына ұшырап,қарғысы атсын. Алла тағаладан елімізге тыныштық, береке,бірлік тілейік.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі