Бейсенбі, 23 ақпан 2012, Алматы 05:17

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Алматыда Жаңаөзен құрбандарын еске алды

Қаңтардың 6-сы күні Алматыда Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларға байланысты құрылған қоғамдық комиссия мүшелері мен жұртшылық өкілдері сол оқиғаларда құрбан болғандарды еске алып, халыққа оқ атқандарды жауапқа тарту туралы талап қойды.

Тәуелсіздік ескерткіші алдына қойылған гүл шоқтары мен талап-жазу. Алматының орталық алаңы, 6 қаңтар 2012 ж.
Мәтін көлемі - +
Алматының орталық алаңындағы тәуелсіздік ескерткішінің маңына жиналған ондаған адам қаза болғандардың рухына құран бағыштап, гүл шоқтарын қойды.

Еске алу шарасына қатысқандардың арасында 2011 жылы желтоқсанның 16-17 күндері Маңғыстау облысында болған оқиғаларға байланысты құрылған қоғамдық комиссия мүшелері - «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының теңтөрағасы Болат Әбілов, партияның бас хатшысы Әміржан Қосанов, «Гүлжан.орг» сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева, сондай-ақ саясаткер Жасарал Қуанышәлин, жазушы Софы Сматаев, ақын Мұхтар Шаханов, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай және басқалар болды.

«25 жыл бұрын дәл осы алаңда қайғылы желтоқсан оқиғасы болды. Әлі күнге дейін шындық ашылған жоқ. Не болды? Жастарды таратуға кім бұйрық берді? Қанша адам құрбан болды? Қанша адам қудаланып, қанша адам түрмеге отырғызылғанын біз әлі
Саясаткер Болат Әбілов тәуелсіздік ескерткіші алдында сөйлеп тұр. Алматы, 6 қаңтар 2012 ж.
x
Саясаткер Болат Әбілов тәуелсіздік ескерткіші алдында сөйлеп тұр. Алматы, 6 қаңтар 2012 ж.
​​анық білмейміз. Сондықтан бүгінгі күні, 21-ші ғасырда, біз шындықты білуге құқылымыз. Президент ешқашан енді халқына оқ атпайтыны туралы серт берсін деген талап қойдық», - деді жиналғандар алдында сөйлеген саясаткер Болат Әбілов.

Ол Жаңаөзендегі оқиғаларда құрбан болғандар туралы ресми деректерге күмін келтірді.

- Біз 16 адамның қаза болғаны туралы ресми ақпаратқа сенбейміз. Және 100 шақты адамның жараланғаны туралы ресми деректерге де иланбаймыз. Біз бұдан әлдеқайда көп деп санаймыз. Сол себепті біздің комиссияны Жаңаөзенге жібермей отыр. Сондықтан да президент ондағы төтенше жағдай тәртібінің мерзімін ұзартты. Қандай қажеттілігі бар еді? Олар қалада автобустар жүріп, мекемелер, дүкендер жұмыс істегені туралы теледидардан көрсетіп жатыр. Қоғамдық өмір қалпына келді, оған ешқандай қауіп-қатер төніп тұрған жоқ қой, - деді Болат Әбілов.

Жұма күні Алматыдағы алаңға келгендер ақ қағазға қолдан жазылған: «Халыққа оқ атқан билік жазалансын», «Жалған сайлауларға - байкот» деген сөздер ұстап тұрды. Олардың ішінде дәл осы алаңда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың бірі Шәкім Уәлиева де бар еді.

- Біз бүгін мұнда Жаңаөзенде халыққа оқ атқандар жазалансын деген талаппен келіп тұрмыз, себебі, халықтың билікке өз наразылығын білдіруге құқығы бар. Жаңаөзенде әлі репрессия жүріп жатыр, өкімет төтенше жағдай жаиялап қалаға ешкімді кіргізбей жатыр. 1986 жылғы сияқты Жаңаөзенде жазықсыз адамдар түрмеде отыр, билік соларды босатып, халықтың талабын тыңдауы керек, - деді Шәкім Уәлиева.

Ал «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов қазіргідей жағдайда сайлауды кейінге шегеру қажеттігін айтты.

- Жаңаөзенге барып, сайлау туралы «бізге дауыс бер» деп айтудың өзі күнә. Ол ғайбат сөз. Жұрт кімнің қаза тапқанын білмей жатыр. Әлі қырқын берген жоқ. Ол жаққа барып, «Нұр Отанды» болсын, бізді партиямызды болсын, мақтаудың өзі ұят. Біз ондай қадамға бармаймыз, - деді Әміржан Қосанов.

Қаңтардың 5-сі күні «Халық майданы» қозғалысы елдегі саяси партияларға үндеу жасап, кезектен тыс парламент және жергілікті мәслихат сайлауларына байкот
Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларда құрбан болғандарды еске алып, олардың рухына тағзым етуге келген жұртшылық өкілдері. Алматы, 6 қаңтар 2012 ж.
x
Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларда құрбан болғандарды еске алып, олардың рухына тағзым етуге келген жұртшылық өкілдері. Алматы, 6 қаңтар 2012 ж.
​​жариялауға шақырған еді. «Азат» ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосанов бұл мәселені әлі партия болып талқыламағанын айтты. 

- Біз қоғамдық комиссияның атынан мәлімдеме жасап, осындай қазалы күндері сайлауды кейінге қалдыруды ұсындық. Өкінішке қарай, билік мұны жасамай отыр. Жеке азамат ретінде, саясаткер ретінде мен сайлауға байкот жариялау ұсынысын қолдаймын. Бірақ бізде партия бар. Партиямыз 500 делегаты қатысқан съезде сайлауға қатысу туралы шешім қабылдады. Қазір біз тосқауылдарға қарамастан үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде бастап кеттік. Бірақ уақыт әлі бар. Оны талқылау керек. Шешім бүкіл партия  қабылдауы керек, - деді Әміржан Қосанов жұма күні Алматыдағы тәуелсіздік ескерткіші маңында журналистерге.

Жаңаөзен қаласында 2011 жылы желтоқсанның 16-сында мұнайшылар мен полиция қақтығысып, артынан қарусыз адамдарға қарсы оқ атылды. Билік 2011 жылғы желтоқсанның 17-інен 2012 жылғы қаңтардың 5-іне дейінгі мерзімге Жаңаөзен қаласының аумағында төтенше жағдай жариялап, қалада түнгі 11-ден таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат тәртібі енгізілді.

Ресми орындар Маңғыстау облысындағы оқиғалар салдарынан 17 адамның қаза болғанын хабарлады.

Қаңтардың 4-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай мерзімін қаңтардың соңына дейін ұзарту туралы жарлық шығарды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қазақ қызы Қайдан: алматы
06.01.2012 12:14
+0 / -0
жаңаөзнеде қаза болған мұсылман бауырларымыздың жаткан жері жарық болсын артында қалған ата-аналарына Аллах сабр берсін осы оқиғаға себебепші болған кафирлар өздеріне тиесілі жазасын алады осы өмірде алмаса да тозақта алары хақ
Пікір алмасу

Кімнен: ермуханбет Қайдан: казак жери
06.01.2012 15:10
+1 / -0
менде жанаозен окигасынада каза болган бауырларымыздын кайгысына конил аитамын. халыкка ок аткан суркия арекеттери ушин билк жауап беруге тисти.
Пікір алмасу

Кімнен: taza kazak
12.01.2012 07:07
+0 / -0
janga ozen munayxilarin koldaw, jeltoksan koterilsxilerin koldawmen karaylas dep bilemin. jani jannatta bolger kandastarimning kani exkaxan beker togilmeytinine senimin. jatkan jerlering jannatta bolsin kandastarim...

Кімнен: Маржан
06.01.2012 12:54
+0 / -0
Жаңаөзен мен желтоқсан егіз. Халық боздақтарын ешқашан ұмытпайды.

Кімнен: Мұхтар
06.01.2012 13:58
+0 / -0
Мен оппозицияны қолдаймын. Президент халыққа оқ атпаймын деп серт берсін!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! Егер олай істемесе, халықпен бірге емес
Пікір алмасу

Кімнен: taza kazak
12.01.2012 07:15
+0 / -0
ol kisining tongeregende esepsiz <korgandar> bar. solar ol kisini halikka mangge jolatpaydi. aytpese olar birde bir kun tiri tura almaydi. atteng nur agam, halikka jolay almay oxip barasiz aw. tariyhta atingiz kalay jazilatinina kongil bolip kordingizba ? janim aga...aste sizdeng janingizdage adamdar aytkanday jazilmaydi.

Кімнен: Бағила Қайдан: Жайықтан
06.01.2012 15:17
+0 / -0
Аза тұту күні жаңаөзендіктердің баршасына, қайғы жұтқан от басыларына, олардың құйттай балаларына қайғырып көңіл білдіремін. Алла сіздерге қуат берсін!

Кімнен: Алишер Қайдан: Ташкент
06.01.2012 15:27
+0 / -0
Жазықсыз оққа ұшқан бауырларымыздың жаны жәнәттә болсын! Құран бағыштаған аға апаларға мың алғыс. Оқ атқан биліктің жазасын Алла мен халық берсін! Байкот жарияламаса Азат партиясы да халық наласына қалады деп ойлаймын.

Кімнен: найман Қайдан: тарбағатай
06.01.2012 16:18
+0 / -0
Бірінші пікір жазған Алматыдан "қазақ қызы" - қандай күнаһар болса да өзін мұсылман санаған адамға "кәпір" деп үкім шығаруға болмайды. Сабыр сақтаңыз.
Ал оқ атқандарды да ,атуға бұйрық бергендерді де жазалауды талап етеміз. Кейінгілер мұндай бассыздықты қайталамау үшін керек.
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ қызы Қайдан: алматы
06.01.2012 17:48
+0 / -0
найман тарбағатай**)))) мен сізбен қосылмаймын мұсылман елдерынде себепсіз қан төгіс болмауы қажет
Пікір алмасу

Кімнен: жай пенде Қайдан: МАНАТАДАН
08.01.2012 19:39
+0 / -0
Қасиетті КӘЛАМ-ШӘРІПТЕ: "Мені мен сүйікті пайғамбарымның арасын айырғандар, міне, нағыз кәпірлер солар" деген аят бар. Ал АЛЛА мен пайғамбардың арасын айырушылар уахаббит-салафиттер екені қәзір әмбеге аян, бірақ олар да өздерін нағыз мұсылман санайды! Сондықтан, тарбағатайлық Найман бауырым, "қазақ қызын" кінәлама. Өйткені "Жаңаөзен қырғынының" артында сол "өзін мұсылман санайтын" кәпірлер, яки сақалды сұмпайылар тұрғаны айдай ақиқат! Мұны жария әшкерелесе, қәзіргі Билік "өз қолдарын өздері кесуге" тура келеді. Әшкерелемесе, астарындағы тағынан, қастарындағы халықтан айрылады. Олардың бастарында Бақ, сіра болып көрген емес, харам байлық һәм билік кімге Бақ болып жарытушы еді?! Әзір таңдау еркі бар: ХАҚПЕН. халықпен боласың ба, әлде тимур, қайрат, асыландармен боласың ба?! Біз дұға қылайық: Билік қатесінен дұрыс қорытынды шығарып, халықпен бірге түзу жолын тапқай деп. 20 жыл мас болуға болар, алайда мәңгі мастықта қалу мүмкін емес қой! АЙЫҒАЙЫҚ! Есімізді жиып, етегімізді жабайық!!! ЕРТЕҢ КЕШ!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Тағы бір пенде Қайдан: Сатанадан
09.01.2012 10:20
+0 / -0
Бәрі дұрыс, тек мына сөйлемге міндетті түрде №1-ші қанышер жендеттің қанды есімін қосу қажет: "Әзір таңдау еркі бар: ХАҚПЕН. халықпен боласың ба, әлде НҰРСҰЛТАН, тимур, қайрат, асыландармен боласың ба?!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 16:49
+0 / -0
Жаңаөзен қырғынына жауап берітін адамдар жазаға тартылмай, арты ушығуы мүмкін. Сондықтан, билік ойланғаны дұрыс.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 17:00
+0 / -0
"Найман", қайбір дін болмасын адам өмірін қиюды қолдамайды, бұл тек дінсіздердің әрекеті, ал дінсіэ адам кәпір аталады, "қазақ қызының" бұларды кәпір деуі күпірлікке жатпайды.

Кімнен: bokeikhan Қайдан: almaty
06.01.2012 17:33
+0 / -0
ardakti alti alaw ulandari assalaumagaleikum! otken kandi jeltoksan kimnin kim ekenin korsetip ketti......markumdardin jani jannatta bolsin!!!
osilai karap otirganimiz jaraspas! BILIKTI oz kolimizga aluimiz kerek!!!(kirgiz,livia,egipet elderi siakti bilikti tartip ala almaimiz.bul jauzadar oriska arka suiep azgana ulit jandi kazakhti kirip saladi.ogan dalel- janaozen) bular (NAN jane onin kuwikteri) wabelendep jandarina jolatpasi anik!!! sol uwin oku-bilimmen jetisip, bilikke wigaiyk! akirin jurip anik bassak enbektin tekke ketpesi anik!!! ozimiz ansagan tauelsiz el kuraiyk!!! oz basim osi jolda janimdi aiamai enbek etpekpin...elim uwi kasik kanim kalganwa kuresem!!! tizerlep tiri jurgenwe , tik turip olgen artik.....
ALTI ALASH ULANDARINA ALLAM JAR BOLA GOR!!! TEK SENEN GANA JARDEM KUTEMIZ!!! KAZAHTIN KIRILIP, KINALGINI JETKEN SHIGAR!!! BIZDI MINA DATJALDARDIN JAUIZDIGINAN SAKTAI GOR!!! BIZGE ADIL BASWI BERE GOR!!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 19:58
+0 / -0
Қырғын болған 16-сы күні түнде қатты жел тұрды, содан 21-не дейін күні-түні тынбастан құм-дауыл 5 күн дегенде әрең басылды. Бүгін 6-сы мен қазақпын деген ел азаматтары (малдарда шаруам жоқ) өз тарабынан қаза күні деп еді, сарыала таңнан сүйектен өтер аязды жел бір тынбай тұр, бұл неболар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 21:22
+0 / -0
Хотела предостереть казахов. В 7 Апреля 2010 года Бакиевские снайперы убили более 80 человек. Люди, что просто хотели чтобы их не обворовывали и дали жить в справедливости. Прошло время теперь часть СМИ и общество превратило этих погибших людей в бандитов, криминал и убийц. Аргументировали это тем, что народ не должен указывать правительству и требовать что-либо от него, это делают только бандиты. Потому не позволяйте поливать грязью убитых и раненных. Если же их удасться выставить бандитами, то потом будут писать что все казахи такие "помните те Жанаозен". И каждая попытка народа изменить что-либо в стране будет расмотриваться через этот случай.

Кімнен: Мүсілім
06.01.2012 22:08
+0 / -0
Жасарал Қуанышалин мен оның қасындағы жігіт шын мұсылмандар екен. Екеуі де мұсылманша оң қолды сол қолдың үстіне салып тұр. Гүлжан Ерғалиева қолын керісінше ұстап тұр. Ал қалғандары "советский" тәртіппен "смирно" тұр. Ішінде 70-тегі Шаханов та бар. Міне, біздің "ақсақалдарымыздың" ұсқыны.
Пікір алмасу

Кімнен: казак кызы Қайдан: алматы
06.01.2012 23:39
+0 / -0
өз бауырларын калай жауыздыкпен өлтіруге болады Аллладан қорықпай ма қазіргі заманда ешкімді аямайды " арбаның доңгелегін майлап" койса журе береді гой
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ қызы Қайдан: алматы
07.01.2012 01:01
+0 / -0
кулибаев қарапайым халықтың нанын жеп, бауырларын жауыздықпен өлтірді . Назарбаев Т Кулибаевты Жаңаөзендегі оқиғадан соң Павлодарға ауыстырып жібереді НЕГЕ? НЕ УШІН? әділеттілік кайда?Халықты зар жылатып асылқа барамын деп ойлай ма? кулибаев сені халықтың көз жасы жібермейді ... атқандар және атуға бұйрық бергендер АЛЛАДАН ӨЗ ЖАЗАЛАРЫН АЛСЫН , АЛУҒА ТИІСТІ

Кімнен: Арман Қайдан: Алматы
07.01.2012 00:11
+0 / -0
Міне, жағдай біраз тынышталған соң Алматының "нағыз батырларының" үндері шыға бастады. "Шаханов-шоу", "Бутя-шоулар" тағы басталды. Қойған "талаптарыңа" болайын! Осы алаңда 17-желтоқсан күні Хасен Қожа-Ахмет қойған талаптарды неге қолдамады осылар?!
Пікір алмасу

Кімнен: Тұрсын
07.01.2012 00:48
+0 / -0
Бутя, Әміржан Қосанов, Гүлжан Ерғалиева ешкімге сөз бермей тележурналистерге сұңқылдап сұхбат беріп жатты. Сөздері жалпылама, айтатындары құр "билік", НӘНді біреуі де аузына алған жоқ. Сайлауға қасытатындарын, жеңетіндерін, "Нұр Отанмен" дебатқа дайын екендерін жыр ғып соқты. Елімізде қан төгіліп жатқанда қайдағы сайлау?! Жаңаөзен қырғынына наразылық жариялап өздерін сайлаудан алып тастаған 30 шақты экс-кандидат оларға сайлаудан шығу жөнде үндеу жасап еді, бұлар оған псқырған да жоқ. Ұялмай-қызармай Жаңаөзен қасіретін өздерінің сайлауалды үгіт-насихатына пайдаланып жүр.
Қысқасы ОСДП биліктің партиясы.
Ал шеткерірек бір журналиске сұхбат берген Жасарал Қуанышәлин Жаңаөзен қырғыны үшін қазір болмаса да тақтан тайған бойда Назарбаевтың міндетті түрде сот алдында жауап беретінін, сондықтан барлық күшті НӘНді кетіруге жұмылдыру керектігін айтып жатты.
Қысқасы кімнің кім екені айқын болып қалды.
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ қызы Қайдан: алматы
07.01.2012 01:06
+0 / -0
"Жаңаөзенде желтоқсанның 22-і күні президент Назарбаевқа жолыққан Алдоңғар Телеқосов деген 63 жасар мұнайшыны енді полиция іздестіріп жатыр. Бұған дейін іздеу жарияланғандардың арасында оның да аты-жөні барын Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлзада Төлеуғалиева растады. "Алдоңғар Телеқосовқа ешқандай жаза қолданылмасын.осыған кінәлі тек Кулибаев !!! Төлеуғалиева намыс қайда

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 00:24
+0 / -0
Мұхтар Шаханов 17 желтоқсан күні осы алаңға келіп тұрып Жаңаөзен туралы әңгімеден қашып кетіп еді, бұл жолы да құран оқылып болған бойда алды-артына қарамастан зытып тұрды. Қорқақтың қорқағы.

Кімнен: бахытжан
07.01.2012 00:33
+0 / -0
Бұл шындық үшін әр қазақ өзін қазақпын деп санайтын қазқақ үшін өлудің өзі арман болып қалдымадеп оилаимын

Кімнен: Құрманғазы Қайдан: астана
07.01.2012 18:47
+0 / -0
Тұрсын бауырым, Алаңға келіп, көңілін білдірген азаматтарға мыңда бір рахмет.Ғаламтордағы еске алу күні белгіленгеніне қанша уақыт болды.Билікті айтпағанда, қалғандары қайда? Сайлау, сайлау,-деп шапқылаған көп партиялар қайда? Оны өзің де көріп жүрсің. Жаңаөзен қырғыны Желтоқсан жарасын тағы да тырнап, қанын ағызды. Тек, қаза болған құрбандарды мұсылманша шығарып салуға мұрындық болып,қамауда жатқан қандастарымызға араша болу барлығымыздың парызымыз. Қалғанын уақыт шешеді,-дегенге өзбасым сенбеймін, өйткені Желтоқсан көтерілісіне 25 жыл өтсе де, өзектті өртейтін дуниелері көп.
Пікір алмасу

Кімнен: жақайым Қайдан: Арал
07.01.2012 23:04
+0 / -0
Қанішер қалмақтың тұқымы қазаққа көрмегенді көрсетті, бұл иттің күшігі қашан өліп бітеді екен өзі?! Атаңа нәлет қалмақтың күшігі бұл өмірде жазасыз кетем деп ойлама, екі дүниеде де қорлық көресің сен!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.01.2012 18:21
+0 / -0
ой, неге қиналып отырсыз сонша? Өлгені небәрі он жеті-ақ қазақ дейді ғой. Онда да толыққанды қазақ емес, оралмандар деп жатыр анау күйеу баласы мен сәбетнигі. Әмрикаға мұнай шығарып беретін адам жетпей жатса Шығыстан 1 000 000 000 қытайды әкеле салу сөз емес - әйдік қылып жол салып жатырмыз сол қытайдың өзінен қарыз алып.

Кімнен: Руза Қайдан: Кереку
08.01.2012 11:10
+0 / -0
Ең дұрысы Бойкот! Болат, сіздердің партияларыңыз НО кейінгі ең үлкен партия болатындығынан, (ақжолды білмедім) және оппозициялық жалғыз партия болатындығынан, бойкот істесеңіздер, сайлау нелегитимный болатынына сенімдіміз! Сондықтан тек солай істеңіздер, халық 100 пайыз құптайды!
Пікір алмасу

Кімнен: жақайым
08.01.2012 16:57
+0 / -0
Руза сен дурыс айттың, ЖСДП байкот жарияласа ҰРЯОТАН өз көеңкесімен қалады
Пікір алмасу

Кімнен: Таң қалам
09.01.2012 10:27
+0 / -0
Кімнің шын оппозиция, кімнің өтірік "оппозиция" екенін айыра алмай жұрттың басы қатуы үшін Бутяның қашаннан "оппозиция" ойынын ойнап жүрген Ақ Орданың құйыршығы екендігін білмейтіндерге таң қалам! Сондықтан ол және оның сыбайластары Жармахан мен Әміржан өліп кетсе де бойкотқа бармайды.

Кімнен: Досан Қайдан: Астана
09.01.2012 09:56
+0 / -0
Жаңаөзенде қаза болған бауырларымыздың қазасына көңіл айтамын! Жатқан жері жәннаттан, топырағы торқа болсын! Жаңаөзенде қаза болғандардың туыстарының қайғысына ортақтығымызды білдіреміз. Алла сіздерген жар болсын! Ақиқат орнап халыққа оқ атқандар тиісті жазасын алсын!

Кімнен: ПАТРИОТ Қайдан: АЛМАТЫ
12.01.2012 17:00
+0 / -0
ҚАЗАҚ ЕЛІ атынан STAN.TV ЖӘНЕ РЕСЕЙ ЖУРНАЛИСТЕРІНЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ МАМАНДЫҚТАРЫ ҚАУІПТІ БОЛСА ДА , БАСТАРЫН ҚАТЕРГЕ ТІГІП, ШЫНДЫҚТЫ ӘЛЕМ АУДИТОРИЯСЫНА ПАШ ЕТКЕН, ӘЛЕМ ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ШЫНАЙЫ ҚАЛТАРЫССЫЗ, БҮКПЕСІЗ ТАЗА ҚАЛПЫНДА ЖЕТКЕРЕ БІЛГЕНДЕРІНЕ ТАҒЫ ДА, ҚАЗАҚ ЕЛІ АТЫНАН БАС ИЕМІЗ!
ЕҢБЕКТЕРІҢ ЖАНА БЕРСІН!
ЖАҢАӨЗЕН ЕЛІНДЕГІ ҚАЙСАР ХАЛҚЫМА БАС ИЕМІЗ!
БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ СІЗДЕРМЕН БІРГЕ!
ХХ1-ҒАСЫР ТАРИХТА ӘДІЛДІК ЖОЛЫНДА КҮРЕСКЕН ЖАҢАӨЗЕН ХАЛҚЫНЫҢ ҒАСЫРЫ!
ШЕЙІТ БОЛҒАНДАРДЫ АЛТЫН ӘРІППЕН ЖАЗАТЫН УАҚЫТ ТУАДЫ!