Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:51

ӘЛЕМ / Ресей

Ресейде диссиденттік веб-мәдениет дамып келеді

Ресейде алдағы наурыз айында өтетін президент сайлауына премьер-министр Владимир Путиннің түсуіне қарсы шыққан кейбір қоғамдық және шығармашыл топтар интернет арқылы таралатын диссиденттік жаңа мәдениет қалыптастыра бастады.

Владимир Путинді қолдау жиыны. Әлеуметтік желілерде тараған сурет-коллаж
Мәтін көлемі - +

Теле және радиохабар тарату ісі мемлекеттің қарамағында қалғандықтан оппозиция белсенділері үшін интернет - саяси көзқарасын жариялайтын жалғыз платформаға айналды. Ақпанның 4-іне жоспарланған үкіметке қарсы шерулердің қарсаңында әлеуметтік желілер арқылы таралған "визуалдық өнер туындылары" күрт көбейді.

Анимациялық кейіпкерлер мен цифрлық өлшемдегі образдар Ресейдегі авторитаризм тарихын жан-жақты сипаттап береді. Онлайн және оффлайн азаматтық белсенділік бірін-бірі үздіксіз шабыттандырып, әрі нәрлендіріп тұратын егіз салаға айналды.

Мысалы, интернетте пайда болған саяси ұрандар мен әзілдер лезде демонстранттардың плакаттары мен транспаренттеріне көшеді, оны смартфонға түсіріп алған жұрт жүзеге асқан іс-шараны қайта интернетке енгізеді. Мұндай шығармашылықтың кейбір қызық нұсқаларын төменде назарларыңызға ұсынып отырмыз.

"4 НАУРЫЗ - АМПУТАЦИЯ ЖАСАЙТЫН КҮН"

​​

"ЛЕГО" САЯСАТКЕРЛЕР

Ойыншық "Лего" кейіпкерлеріне шынайы саясаткерлердің дауысын таңу арқылы жасалған мына видео да назардан тыс қалмады.




"2132 ЖЫЛҒЫ САЙЛАУ: ӘЛІ-АҚ РЕСЕЙДІҢ ЕҢСЕСІН ТІКТЕЙМІН"

Келесі суретте Ресейдің премьер-министрі Владимир Путиннің карикатурасы бейнеленген.

​​





ПУТИН МАВЗОЛЕЙІ

Төмендегі коллаж да Ресейдегі Владимир Путинге қатысты кейбір топтардың саяси көзқарасынан хабар беріп тұр.

 
​​



"ТИТАНИККЕ" ТЕҢЕУ

YouTube желісінде кең тараған тағы бір видеода Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің президенттік билікке қайта оралуға тырысуы "Титаникті" су түбіне кетірген трагедия сияқты сипатталады.





CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Тоша 90 бутик Қайдан: Car city
03.02.2012 16:04
+0 / -0
Путин қабілетті жақсы басшы ғо.Халық неге өздерінің ана Американың арандатып жатқанын байқамай отыр. Олар Путин сияқты өте шебер саясаткерді қаламайды.И барлық Азия мен мұсылман мемлекеттерінің ішкі ісіне араласып келеді. Осы қаазіргі болып жатқан соғыстар мен митингілер арқылы тыныштықты, елдің ішіне ірткі салып отыр.

Кімнен: қиялшыл
04.02.2012 15:23
+0 / -0
ШІРКІН Путин қазақ болса ғой, үлкен-үлкен жемқорлардың жамбасынан бір тебер ме еді. Әлде-арсызым-ау 23 жылдан бері қайтып отырсың дер ме еді

Кімнен: Момын бала Қайдан: kz
04.02.2012 17:06
+0 / -0
Кеңес империясының жаңа түрін жасауды көксейтін В. Путин, әсіресе, Қазақстанның егемендігі үшін аса қатерлі басшы!