Елдегі жанар-жағар май сататын компаниялардың жартысына жуығын қамтамасыз етіп отырған Қазқастанның оңтүстігіндегі бұрынғы Шымкент мұнай өңдеу зауыты, қазір Канада инвесторларымен жекешелендірілген "ПетроКазахстан Ойл Продактс" компаниясының меншігінде. Бұл кәсіпорын Қазақстанның бірнеше облысында және Астана мен Алматы қалаларында жанар-жағар май сататын 7 кәсіпорынды өз өнімімен қамтамасыз етеді. Жетеуін де баға келісімін жүргізген деген күдікпен монополияға қарсы агенттік тексерген болатын. Тексеру нәтижесіне сүйенген агенттік жанар-жағар май сататын компанияларға 13 млрд. теңге айып пұл төлетуге ниет білдірген. Бұл сома жанар-жағар май бизнесімен айналысатын кәсіпорындардың жылдық табысының үштен бір бөлігі. Қазақстанның монополияға қарсы агенттігінің заңгері Ғалия Жолдыбаеваның айтуына қарағанда, "ПетроКазахстан Ойл Продактс" компаниясы монополияға қарсы агенттігімен жасалған келісімге сай баға көтерілуінде негіз болған емес. Бағаларын келісіп өздерінің ең биік деңегйін көрсетіп қойған, осындай мөлшерге дейін әкеліп одан жоғары көтеруге болмайды деп. Оған қарамай, осы күнге дейін олар көтеріп жатыр ғой бағаларын. Өз кезегінде, "ПетроКазахстан Ойл Продактс" зауыты айыппұл төлеу шешімімен келіспей, сотқа шағым жібереді. Канадалық компания өкілдерінің айтуынша, жекешелендіру туралы заңда, оның ішінде инвесторларға қатысты бапта баға көтеруге рұхсат етіледі. Оның үстіне, "ПетроКазахстан Ойл Продактс" компаниясының заңгері Айгүл Кенжебаева: «Агенттік өткізген тексерулерде көптеген қателіктер жіберген, сондықтан бұған дейінгі сот шешімі әділ емес», -- дейді. Ал агенттік мамандары қазақстанның ұлттық заңнамалық актілерінде келтірілген баптарды айтып, өз пікірін ортаға салды. Бүгін бұл іс, осындай пікірталастарды қарайтын қазақстандағы ең жоғарғы инстанция жоғарғы сотта қаралып, мәресіне жетті. Осы істі жүргізген Қазақстанның жоғарғы сотының алқа төрағасы Сансызбек Раимбаев агенттікті қолдайтын үкімін шығарды. Қазір Қазақстанда жалпы қуаты 13-14 млн. тонна мұнайды өңдеуге жететін, 3 зауыт жұмыс істейді. Экономистердің пайымдауынша, мұндай көлемдегі жанар-жағар май елдің ішкі сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті. Демек, баға көтерілуге тиіс емес,-дейді сарапшылар. Бірақ, Қазақстанда жыл сайын егін науқаны басталар кезде жанар-жағар май бағасы қымбаттап отырады. Қазақстанның Монополияға қарсы агенттігінің басшылығы, бұл құбылысқа баға келісімі себепкер деген тұжырым жасаған болатын. Бірақ, бұған дәлел болмағандықтан, агенттік тексерістер науқанын өткізген. Сөйтіп, Қазақстанның Монополияға қарсы агенттігімен “Петро-Қазақстан” фирмасы арасындағы сот ісі аяқталды. Республиканың жоғарғы сотының шешімімен, Қазақстан тарихында тұңғыш рет, баға келісімін жүргізгені үшін, мұнай өңдеуші кәсіпорын республика бюджетіне жарты млрд. теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. О баста, агенттік мамандары 13 млрд. теңге айыппұл төлетуге мүдделі болған.
Қазақстанның Монополияға қарсы агенттігімен “Петро-Қазақстан” фирмасы арасындағы сот ісі аяқталды.
Республиканың жоғарғы сотының шешімімен, Қазақстан тарихында тұңғыш рет, баға келісімін жүргізгені үшін, мұнай өңдеуші кәсіпорын республика бюджетіне жарты млрд. теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі