Accessibility links

Байқоңыр ғарыш айлағы құрылғалы 49 жыл болды


2005 жылы Байқоңыр өзінің 50 жылдығын тойламақшы.1955 жылы маусымның 2 сінде Кеңес Одағының Қорғаныс министрлігінің Қазақ даласы Байқоңырды ғарыш айлағына айналдыру туралы жасырын нұсқауы шығады. Міне содан бері аттай 49 жыл өтіпті. Бүгінде Байқоңыр ғарыш алаңы 6 миллион 227 мың гектар жерді алып жатыр. Қызылорда облысының Қазалы және Қармақшы аудандарының жерін және зымырандардан бөлінетін бөліктер құлайтын аудандарды қоса есептегенде ғарыш кешенінің аумағы 4 миллион гектар жерден асады. Қазір онда 15 ұшыру қондырғысы бар 9 ғарыштық кешен, 11 монтаждау- сынақ орны бар. Бүгінгі күні Байқоңыр ғарыш айлағының Ресейге 50 жылға жалға беріліп отырғаны белгілі. Ресей жыл сайын аренда бағасына деп 115 миллион доллар төлеуі тиісті. Қазақстан жағы соңғы кезде Байқоңырды пайдаланып Ресеймен бірлесе отырып біріккен ғарыштық бағдарламаларға қатысуға мүдделік таныта бастады.

Бұл мәселеде Қазақстанның Ресеймен бірлесіп «Бәйтерек» жобасын іске асыруға ынталы болып отырған талпынысын айтуға болады. Қазір ғарышқа ұшып жүрген, экологияға аса зиянды уын шашатын гептил атты сұйық отынды пайдаланатын «Протон» зымырандарының орнына ресейлік ғалым мамандар оттегімен мен керосинді отын ретінде пайдаланатын экологияға зиянсыз «Ангара» зымыранын жасап дайын еткелі отыр. Осы зымыранды ұшыру үшін қазақстанның ғалым мамандары Байқоңырда ұшыру алаңын жасап дайын етуй керек.

Бұған Қазақстан үкіметі 200 миллион доллардың қаржысын бөлуге өзінің дайын екендігін білдірген болатын. Алайда Қазақстанның Ғылым Академиясының Ғарышты зерттеу институтының директорының орынбасары Бағдат Сүйменбаевтың айтуынша егерде қаржы мәселесі шешілер болса онда қазақстандық ғалым мамандар Қазақстанда өндірілген жер серігін жасап ғарышқа ұшыра алатын шамалары бар көрінеді. Бұл жер серіктерін Байқоңырдан ұшыру түбінде өз пайдасын да әкеледі дейді ол.

Алайда мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасынов Қазақстан үшін ғарышпен ойнаудың ешбір қажеттігі аз, оған қыруар қаржы керек болады оның орнына үкімет ел ішіндегі әлеуметтік проблемаларды шешуге өз назарын ұстанғаны жөн деген пікір айтты.
XS
SM
MD
LG