Accessibility links

Парламент өкілдерінің жиырмасыншы Азиялық форумы өз жұмысын бастады


28 қыркүйекте халықты қоныстандыру мен дамыту мәселесіне арналған парламент өкілдерінің жиырмасыншы Азиялық форумы өз жұмысын бастады. Форумға Азия -Тынықмұхиты аймағындағы елдердің өкілдерімен қатар, ТМД елдері, Үндістан, Малазия, Жаңа Зеландия, Сингапур және Тайланд сынды мемлекеттердің парламентшілері қатысуда. Негізінен аталған аймақтағы халықтың әлеуметтік жағдайлары мен демография мәселесін басты назарға алған басқосуға қатысушылар бұл тұрғыдағы Қазақстан үкіметінің қадамдары құптарлық екенін айтуда.

Азия -Тынықмұхиты аймағындағы Парламент өкілдерінің Азиялық форумының негізі 1982 жылы 16 мемлекетпен 11 бақылаушы елдердің қатысуымен іргетасы қаланған екен. Ал Алматыда өтіп отырған бұл форум халықты қоныстандыру мен дамыту мәселесіне арналған халықаралық Каир конференциясының он жылдығына арналып өткізіліп отыр. Алматы форумында сол конференция міндеттемелерін парламент өкілдері қаншалықты атқарып отыр және аталған аймақтағы әлеуметтік ахуал қандай деген мәселелер қаралуда. Парламент өкілдерінің Азиялық форумының төраға орынбасары Кунио Лаки мырзаның айтуынша, халықтың әлеуметтік мәселесі мен елдің экономикасын көтерудегі Қазақстан үкіметінің қадамдары құптарлық дейді.

Алайда Қазақстан парламенті сенатының депутаты Бексұлтан Тұтқышевтың айтуынша, сырт көз қалай қабылдаса да өз жағдайымыз өзімізге мәлім дейді.

Ал осы шараны Қазақстанда өткізуге күш салған ұйымдастырушылардың бірі - Шеф Каре мырза Азия -Тынықмұхиты аймағындағы елдердегі спид мәселесін заңдық тұрғыдан реттеуге күш салғанымыздай мұндай мәселелерді Қазақстанда да заңдық тұрғыдан реттеуге келісімге келіп жатырмыз дейді.

Дегенменде көтеріліп отырған мәселеде Қазақстанда айтарлықтай күрделі жағдай туындап келеді дейді академик Төрегелді Шарманов.

Азия -Тынықмұхиты аймағындағы Парламент өкілдерінің жиырмасыншы Азиялық форумы ортақ бір құжат қабылдап, сәрсенбі күні өз жұмысын аяқтамақ.
XS
SM
MD
LG