30 шілде күні Ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы Бағдад Қожахметов «Азаттық Радиосы» тілшісіне берген сұхбатында өткен аптада Ақтөбе облысы Ішкі істер департаменті, Экстремизм, сепаратизм және лаңкестікке қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Ресей Федерациясының Томск облысы ішкі істер басқармасының іздеуінде болған 1970 жылы туылған Саидхусейн Мұртазалиевті қамауға алғанын хабарлады.
- Қамауға алынған Саидхусейн Мұртазалиев «Палач» деген есіммен белгілі. Ол Кавказдағы көптеген террористік актілерге қатысқан Шәміл Басаевтің кассирі және Солтүстік Кавказдағы қарулы құрылымдардың белсенді қатысушысы болған. Қазіргі уақытта ол Ақтөбе облысындағы уақытша ұстау изоляторында орналастырылды. Минск келісім шарты бойынша ол азамат Ресейге экстрадицияланылмақ. Томск облысында бірнеше қылмыстар жасаған екен,- деді Бағдад Қожахметов.
Ал осы оқиғаға байланысты «Азаттық Радиосына» сұхбат берген саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің пікірінше, Ресейден қашқан шешен содырлары Қазақстанға көбіне тынығып, күш жинап алу үшін келеді екен.
- Олардың көбісі Қазақстанға жалған құжаттарымен кіреді, олар тек Қазақстанды емес, осы құжаттарымен дүние жүзін де аралап жүре береді. Шешендердің көбісі осында туып-өскесін, олардың Қазақстанға келуіне таң қалуға болмайды. Олар мұнда көбіне демалып, жараларын емдеп, күш-жігер жинап қайтып кетіп жатыр. Кәсіпкерлікпен айналысып, қаражат тауып жатқандары да бар, - дейді Берік Әбдіғалиев.
Ал саясаттанушы Әзімбай Ғали халықаралық іздеуде болған қылмыскерлерді ұлтына, саяси көзқарасына қарамастан, тез арада сұратқан мемлекетіне берген дұрыс дегенді айтып отыр.
- Мемлекетаралық қатынастарға сәйкес шешен, ұйғыр, өзбек содырларын ұстасақ та, дүниежүзілік демократиялық институттардың айқай-шуына қарамай, оларды сол мемлекеттерге беріп отырған дұрыс. Бұл, бір жағынан, Қазақстанның мемлекетаралық қатынастарға беріктігін көрсетеді, екінші жағынан, ең дұрыс позиция осы деп ойлаймын, - дейді Әзімбай Ғали.
Ресей Федеральды Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, Шәміл Басаевтің өзі 2006 жылы 10 шілдеге қараған түні Ресей ұйымдастырған арнайы операцияның нәтижесінде қайтыс болған болатын. Алайда кейіннен, шешен сепаратистерінің сайтында Шәміл Басаевтің Ресей әскерилері қолынан емес, жүк автокөлігінің жарылысы кезінде қайтыс болғандығы жөнінде ақпарат пайда болды.