Қыркүйектің 21-і күні, Астанада осы мәселеге байланысты үкіметтік комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда үкіметтің кеңейтілген отырысына арнайы шақырылған Қазақстанның бірқатар қоғамдық ұйымдарының жетекшілері сейсенбі күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, қоғамда үлкен алып-қашпа әңгіме тақырыбына айналып отырған осы мәселеге қатысты өздерінің көзқарас, ұсыныс пікірлерін білдірді.
Өткен жұма күнгі үкіметтік комиссия алдында сөз сөйлеген Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Алматының бас жағындағы Іле Алатауы және осы тау арасынан ағатын Үлкен Алматы мен Кіші Алматы өзендерінің екі бойында бірі-бірімен жарыса салынған 1891 құрылыс нысандарының бар екендігін, қазіргі нарық бағасымен әрқайсысының құны ең кем дегенде 200 мың АҚШ доллары тұратынын, ал үкімет осы нысандарды үй иелерінен сатып алып, одан соң қирату үшін мемлекет қазынасынан кемінде 4 млрд доллар ақша қажет болатындығын айтқан болатын.
Алайда сейсенбі күні Алматыда БАҚ өкілдерін арнайы жинаған қазақстандық бірқатар қоғамдық ұйымдардың жетекшілері бұл ұсыныс пікірмен келіспейтіндіктерін жеткізді. Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев заңсыз салынған бұл үй-жайларды қиратуға қазақстандық қарапайым салық төлеушілердің ақшасын жұмсауға еш негіз жоқ дегенді айтты.
«Алматының басына шығып заңсыз үй сала білген бұл байлар, ең дұрысы, өздері осы үйлерін мемлекетке қайтарсын, өйткені, олар кезінде ол жерді өте арзан бағаға алды, ал олардың көбінің Алматыда 2-3 үй-жай, пәтерлері бар адамдар. Біздің қолымызда тиісті мекемелер мен жергілікті орындар арқылы алған құжат қағаздар бар, онда осы заңсыз үйлердің иелері кімдер екендігі анық жазылған, бұны біз үкіметтік комиссияға береміз, солар қандай шешім қабылдайтынын өздері шешсін, алайда бұл мәселені қоғамдық ұйымдар ретінде біз де өз бақылауымызға алып отырғанымызды айта кеткен жөн», - деді С.Матаев.
Матаев үкіметтік комиссия құрамында жүрген кейбір азаматтардың да осы табиғи қорық саналатын жерде салынған үй-жайлары бар екендігі өздеріне мәлім екенін айтады.
«Сондықтан бұл тез арада шешіле салынатын мәселеге ұқсамайды, бұны асықпай, аптықпай жан-жақты тексеріп барып бір шешім қабылдаған дұрыс болмақ», - дейді ол.
Ал үкіметтік комиссия төрағасының орынбасары, вице-премьер Өмірзақ Шүкеев енді қалған 14 күнде қала құрылысына қатысты барлық ақпараттар жинақталып, қазанның 20-сында мемлекет басшысына таныстыру керектігін айтты. Алматы қаласының маңындағы заңсыз құрылыстарға қатысты күрделі мәселе одан соң Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінде қаралмақ.