Өзбекстанға салынған тиымға байланысты Еуропа одағына мүше елдер екіге бөлініп отыр. 2005-ші жылдың мамыр айында Әндіжандағы шерулерді Өзбек қауіпсіздік күштерінің қанды қырғынмен басуы Еуропа одағын ол елдің кейбір ресмилеріне қарсы тиым салуына итермелеген болатын. Энергия көздеріне бай Орта Азияның орталығында орналасқан Өзбекстанға байланысты саясат бағыты-аса маңызды. Сондай-ақ ол елдегі энергия көздері мен өзбек халқы санының 25 миллиондай екендігі де Еуроодақ үшін аса маңызды.
2006-шы жылдың соңына қарай адам хұқы және Әндіжан оқиғаларына байланысты сарапшылар деңгейіндегі ғана сөйлесулерді өткізуге ресми Ташкенттің келіскенінен кейін Еуропа одағы өз тиымдарын жұмсартып, шолу мерзімін де қысқарта түскен болатын. Осы жылдың маусым айында Германияның төрағалығымен Еуропа одағының алғаш рет “Орта Азияға байланысты стратегия” атты құжатты қабылдауы одақтың Өзбекстанға тиымды қайта қарау ұмтылысымен тұспа-тұс келген еді.
Осыған орай Германия елі одақтың қазіргі төрағасы Португалия елімен одақтаса отырып, Еуропа одағының Өзбек ресмилеріне салатын виза тиымын 6 айға шегере тұру ұсынысын қолдайтын мүше елдер коалициясын құрған болатын. Ол топқа сондай-ақ, Франция, Испания, Греция, Кипр, Венгрия және Польша елдері енуде. Бұл топтың айтуынша, Ресей және Қытаймен энергиялық жарыстың алдын-алу үшін Орта Азия, оның ішінде Өзбекстанмен энергетикалық әріптестік орнату-аса маңызды. Аталған топ сонымен бірге, адам хұқын қорғауға Өзбекстанның ұмтылысы мен таяуда бұл елде саяси тұтқындардың босатылғандығын да алға тартып отыр.
Ал аталған тиымды қатайтуды қолдаушы елдер қатарына Британия, Нидерландия, Швеция және Ирландия жатады. Олардың дәлелдеуінше, адам хұқын қорғауда Өзбекстан жақсы жетістікке жете қойған жоқ. Ал, төменгі шенді Өзбек өкілінің Еуроодақтағы өз әріптесімен кездейсоқ кездесуі ол елдің табиғатын түзете қойған жоқ. Сондай-ақ түрмеден шығарылған саяси тұтқындардан оларға тағылған айыптар да алынып тасталмады. Және ресми Ташкент адам хұқының қорғалуына байланысты Еуроодақпен сөйлесуді бір рет қана өткізумен шектелмекші, дейді тиымды жұмсартуға қарсы болушы елдер.
Сондай-ақ Өзбекстанға тиымды себепсіз жұмсарту арқылы Орта Азиядағы өзге елдерге нашар үлгі беруіміз мүмкін, деп те олар қауіп айтуда. Өзбекстандағы алдағы президенттік сайлауда қақтығысты оқиғалар болмаса, соның өзі табыс болар еді, дейді одақ өкілдері. Тиымның болашақ табиғаты жөніндегі мәселе Брюссельде, осы аптада қаралды. Енді қазанның 15-інде одақтың Сыртқы істер министрлерінің Люксембургтегі кездесуінде ол қайта көтеріледі.