Accessibility links

Айжангүл Әмірованың ісі


«Алға» оппозициялық партиясының белсендісі Айжангүл Әмірова. Алматы, 7 маусым 2011 жыл.
«Алға» оппозициялық партиясының белсендісі Айжангүл Әмірова. Алматы, 7 маусым 2011 жыл.

Оппозиция белсенділерінің «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айып бойынша тұтқындалуы Ақтау қаласында Айжангүл Әмірованың қамалуынан басталды. «Алға» оппозициялық партиясының белсендісі, Алматыда тұратын Әмірова Маңғыстау мұнайшыларының ереуілі кезінде осы аймаққа бірнеше рет барған еді.


Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының және «Халық майданы» оппозициялық қозғалысының белсендісі Айжангүл Әмірованы 2012 жылы қаңтардың 6-сы Ақтау әуежайында тұтқындады. Оған «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айып тағылды.

Тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі Айжангүл Әмірованы полицей тұтқындап жатыр. Алматы, 19 тамыз 2009 жыл.
Тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі Айжангүл Әмірованы полицей тұтқындап жатыр. Алматы, 19 тамыз 2009 жыл.
Былтыр дәл осы бап бойынша «Қаражанбасмұнай» компаниясының заңгері Наталья Соколова алты жылға түрме жазасына кесіліп, сотталып кеткен еді.

Айжангүл Әміровадан кейін оппозиция саясаткерлері Владимир Козлов пен Серік Сапарғали қамалды. Олар да «әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталды.

Қазір «Взгляд» оппозициялық газетінің бас редакторы Игорь Винявский де қамауда отыр - оған «конституциялық құрылымды күшпен құлатуға және өзгертуге шақырды» деген айып тағылған.

«ТАНЫСТАР МЕН ДОСТАРЫМЫЗ ҚАШҚАҚТАЙ БАСТАДЫ»

Айжангүл Әмірованың бауыры Елмұрат Әміров бұрын «Өзенмұнайгаз» компаниясында жұмыс істеген екен. Қазір ол жұмыссыз. Ол қатардағы жұмыскер ретінде мұнайшылардың бірнеше айға созылған ереуіліне қатысқан.

- Ешкімді ештеңеге үндеген емеспін. Тілектестігімді білдіріп, өзім барып қастарында болдым, - дейді Елмұрат Әміров.

Оның айтуынша, апайы Айжангүл Әмірова 2011 жылы мамыр айында мұнайшылардың ереуілі басталған кезде бірнеше оппозиция өкілдерімен бірге Алматыдан Ақтауға, одан кейін Жаңаөзенге келген.

– Мен оған «Қайтесің мұны! Кетіп қал, бұл – таза еңбек дауы» дедім. Бірақ ол сол арада сыныптастары, ағайындары барын, бәрінің көмек сұрап жатқанын айтты, – дейді Елмұрат Әміров.

Елмұрат Әміровтың сөзіне қарағанда, әпкесі содан кейін Жаңаөзенге оқтын-оқтын келіп тұрған.

– Ол қолынан келгенше мұнайшыларға жәрдемдесіп тұрды. Ешкімді ешқандай әрекетке итермелеген емес. Не сұраса, соны жасайтын. Өз бетімен әлденені бастап, «міне, былай істеңдер» деп ұсынбаған. Олардың ой-пікірін тыңдап, заң
Солдан оңға қарай: тіркелмеген «Алға» партиясының өкілдері Кенже Әденов, Владимир Козлов және Айжангүл Әмірова. Алматы, 19 тамыз 2010 жыл.
Солдан оңға қарай: тіркелмеген «Алға» партиясының өкілдері Кенже Әденов, Владимир Козлов және Айжангүл Әмірова. Алматы, 19 тамыз 2010 жыл.
аясында шамасы жеткенше жәрдем жасап отырған. Мұнайшылардың бетін қайтармайтын. Мәселен, адвокат табуды өтінгенде. Күзге қарай, күн суыта бастағанда, ақ шатырлар сұрағанда. Оппозициялық газеттер таратып жүретін, - дейді Елмұрат Әміров апайы Айжангүл Әмірова туралы.

Алдағы тамыз айында 40-қа толатын Айжангүл Әмірова Жаңаөзенде туып-өскен. 15 жыл бұрын Алматыға көшіп кетіп, 20 жасар қызы Әселмен бірге тұрған екен. Толық емес жоғары білімі бар.

- Ол әуелде кәсіпкерлікпен шұғылданған. Алып-сатарлықпен. Алматыдан заттар әкеліп, осында сататын. Сосын бір күні мына қызметтен бір-ақ шықты. Үш-төрт жыл болды. Біз онда немен айналысып жүргенін сұрамадық. «Алғаның» белсенділерінің бірі екенін білеміз, - дейді бауыры Елмұрат Әміров.

Оның айтуынша, әпкесі мұнайшыларға көмектеспек болған, жұмыс берушімен арадағы дауды жөнге салыспақ болған.

Айжангүл Әмірова жергілікті әкімшілік өкілдерімен, полицейлермен кездесіп, оларды ереуілдеушілермен келіссөз жүргізуге шақырыпты.

- Әкіммен, әкімнің бұрынғы орынбасарымен сөйлесті. Полиция да оны бірнеше рет сөйлесуге шақырған сияқты. Ол бас тартпайтын, қашпайтын - барып жүретін. Жазда мынадай бір жағдай болды: оның тасып жүрген таксист бар еді, сол таксистен тегін газеттерін тартып алыпты. Өзін жібере салған. Әпкемнің жұрт алдында жүретінін бәрі білетін. Ол ештеңені де астыртын жасамайтын. Шақыртқан кезде билікпен сөйлесетін. Қызмет барысындағы қарым-қатынастары тәп-тәуір сияқты еді. Жағдайды ушықтырмай, шешімін табуға көмектеспек еді. Қолынан келмеген көрінеді, - дейді Елмұрат Әміров.

Оның айтуына қарағанда, қамауда отырған әпкесі Айжангүл Әміровамен жолығып, сөйлесіп тұрады екен. Бірақ тергеудің қалай жүріп жатқанынан бейхабар, өйткені жарияламау туралы қолхат берген.
Тіркелмеген "Алға" партиясының белсенділері Айжангүл Әмірова (сол жақта), Кенже Әденов (оң жақта) Алмалы аудандық ішкі істер басқармасында қамауда отыр. Алматы, 19 тамыз 2009 жыл.
Тіркелмеген "Алға" партиясының белсенділері Айжангүл Әмірова (сол жақта), Кенже Әденов (оң жақта) Алмалы аудандық ішкі істер басқармасында қамауда отыр. Алматы, 19 тамыз 2009 жыл.

Елмұрат Әміров әпкесінің денсаулығы жақсы екенін, бірақ тұмаудың дәрі-дәрмегін сұрағанын айтты.

- Біз дәрі беріп жібердік. Дұрыс жеткізіп тұрады, - дейді ол.

Елмұрат Әміровтың айтуына қарағанда, әпкесі тұтқындалған соң таныстары мен достары қашқақтай бастаған.

- Қазір олар қажет болмаса, маған жоламауға тырысады. Бұрынғыдай араласпаймыз. Мүмкін, қорқатын шығар, - дейді Елмұрат Әміров.

АЙЖАНГҮЛ ӘМІРОВА - «АЛҒАНЫҢ» БЕЛСЕНДІСІ

«Алға» оппозициялық партиясы төрағасының орынбасары Михаил Сизов Айжангүл Әмірованы екі жарым жылдан бері танитынын айтады.

Айжангүл Әмірова «Алға» партиясында үйлестіруші болып қызмет етті, Алматыда партияның түрлі акцияларын, шаралары мен жобаларын ұйымдастырып жүрді. Ол оппозициялық партияға әу баста белсенді ерікті болып келген екен.

- Бізге адамдардың бәрі дерлік солай келіп қосылады. Біз халық арасына барып, бұқарамен сөйлесеміз, идеяларымыздың әділдігін айтып иландырамыз. Бәлкім, ол да осындай байланыс арқылы бізге келген шығар, - дейді Михаил Сизов.

Ол Айжангүл Әмірованы «тәртіпті, саналы, ісіне берілген адам» деп сипаттады:
Айжангүл Әмірова "Қаражанбасмұнай" компаниясы жұмысшыларының жағдайы туралы баспасөз мәслихатын беріп отыр. Алматы, 7 маусым 2011 жыл.
Айжангүл Әмірова "Қаражанбасмұнай" компаниясы жұмысшыларының жағдайы туралы баспасөз мәслихатын беріп отыр. Алматы, 7 маусым 2011 жыл.

– Себебі ол батыс жақтың адамы. Батыс өңіріне тән жақсы мінездер бойында бар. Өтірікті, опасыздықты суқаны сүймейді. Пікіріне аса берік, дегенінен қайтпайды. Айжангүл әлдебір астыртын әрекеттерге, арамдыққа барған емес, - дейді Михаил Сизов партиялас серігі туралы.

Маңғыстау облысында мұнайшылар ереуілі басталғанда партия Айжангүл Әмірованы ағайын-туысы, анасы мен інісі тұратын туған қаласына - Жаңаөзенге жіберіпті.

- Біз шынайы ақпарат алып, сол жақтағы оқиға барысын біліп отырмақ болдық, - дейді «Алға» оппозициялық партиясы төрағасының орынбасары Михаил Сизов.

Михаил Сизовтың айтуынша, Маңғыстауда Айжангүл Әмірова журналист міндетін атқарған - ереуілші мұнайшылармен ұдайы хабарласып, партияға жағдайды хабарлап тұрған.

Сизовтың сөзіне қарағанда, олардың партиясы мұнайшылар қойған талаптарды талдап, «ол арқылы әлдебір логистикалық мәселелерді шешіп отырған».

- Бірақ нақтылап айтайын: біз ешқашан да Айжанды арандатқан емеспіз. Біз оған және жетекшіміз Владимир Козловқа тағып жатқан айыпқа қатысты іспен
Михаил Сизов, тіркелмеген «Алға» партиясының ұйымдастыру комитетінің мүшесі. Алматы, 14 қазан 2009 жыл.
Михаил Сизов, тіркелмеген «Алға» партиясының ұйымдастыру комитетінің мүшесі. Алматы, 14 қазан 2009 жыл.
айналысқан емеспіз. Керісінше, сол жерде болуы ықтимал (әрі ақырында болған) әлеуметтік толқулардан билікті сақтандырмақ болдық. Ол оқиғаны, анығы, әлдебір сырт күштер тұтатқан сияқты, - дейді Михаил Сизов.

Оның айтуынша, «Алға» Айжангүл Әмірова арқылы екі тарап - билік пен ереуілші мұнайшылар арасындағы келіссөздер процесін жөнге салуға тырысты. Бұл мәселедегі Әмірованың рөлі - мұнайшыларды қандай да бір дөрекі, батыл әрекет жасаудан айныту болған.

Михаил Сизов «Айжангүл Әмірова барлық мәселелерді шешу барысында дипломатиялық жолды жақтап жүрді» дейді.

- Желтоқсанның 16-сы күні Айжан осында, Алматыда болған. Оның ол оқиғаларға мүлде қатысы жоқ. Оны қаңтардың 6-сында тұтқындап әкеткенде біз сасқалақтап қалдық. Кейін партиямыздың төрағасы Владимир Козловты тұтқындады. Одан соң «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген осынау сандырақ айыптар келіп қосылды. Билік Жаңаөзен оқиғаларын осылайша біздің жолдастарымызға жауып, оппозицияны тазалап шығады деп күткен жоқпыз, – дейді Михаил Сизов.

Айжангүл Әмірова тұтқындалған соң іле-шала Жаңаөзендегі Әміровтердің пәтерінде тінту жүргізілді. Елмұрат Әміровтің айтуынша, пәтерді үй иелері жоқта тінте бастаған. Полицейлер, Әміровтің сөзіне қарағанда, әлдебір үндеу бар үш парақ қағаз тапқан.

- Одан бұрын ондай қағаздар пәтерде болмаған, - дейді ол.
"Азаттық" сыйлығының лауреаты Айжангүл Әмірованың қызы Әсел Әмірова. Алматы, 24 қаңтар 2012 жыл.
"Азаттық" сыйлығының лауреаты Айжангүл Әмірованың қызы Әсел Әмірова. Алматы, 24 қаңтар 2012 жыл.

Оппозициялық ұйымдар биыл қаңтарда Айжангүл Әмірованы «Азаттық» сыйлығына лайық деп тапты. Қаңтардың аяғында Алматыда өткен шараға сыйлықты алу үшін оның орнына қызы Әсел қатысты. Бірақ сыйлық ешкімге табысталған жоқ.

Сыйлық тапсыру шарасы болатын күні түнде «Алға» оппозициялық партиясының алматылық кеңсесін тінткен қауіпсіздік қызметкерлері құжаттар мен басқа материалдарға қоса «Азаттық» сыйлығының мүсіншелерін де ала кеткен дейді партия белсенділері.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG