Азаттық 17 - 22 ақпан аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Апта бейнелері: 17 - 22 ақпан

1
Ақпанның 17-сі күні «Благодать» пресвитериан шіркеуінің пасторы, тоғыз ай абақтыда отырған Бақытжан Қашқымбаев бостандыққа шықты. Сот 67 жастағы пасторды айыпты деп танып, төрт жылға соттап, үш жыл сынақ мерзімін тағайындау туралы үкім шығарды. Қашқымбаевтың өзі бұл айыпты мойындамайды.

2
Апта басында Қазақстанда бірнеше банк банкротқы ұшырайды екен деген қауесет тарады. 18 ақпан күні белгісіз біреулер елдегі жеке меншік үш банк — Kaspi bank, «Альянс банк» және банк «ЦентрКредит» — банкротқа ұшырағалы тұр деген хабар жайып жіберді.
Аталған банктердің басшылығы мен Ұлттық банк бұл ақпаратты «арандату» деп атап, жұртты сабыр сақтауға шақырды. Бірақ банк бөлімшелері салым ақшаларын қайтарып алуға асыққан жұрт кезегінен апта бойы арылмады.

3
17 ақпанда Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованың Ташкенттегі пәтерінде тінту жасалған соң оның бірнеше жақтасы тұтқындалды. Тінту кезінде пәтерде болған Гүлнара Каримованың "жігіті" деп сипатталатын Рустам Мадумаров пен оның екі көмекшісі - Гаяне Авакян және Екатерина Клюева да қамауға алынған.
Өзбекстан бас прокуратурасының вебсайты бұл үшеуінің салықтан жалтару мен қағаз ақша сақтау бойынша тергеуге алынғаны туралы мәлімет жариялады.
Өзбекстан бас прокуратурасының вебсайты бұл үшеуінің салықтан жалтару мен қағаз ақша сақтау бойынша тергеуге алынғаны туралы мәлімет жариялады.

4
Украинада 18 ақпанда оппозициялық депутаттар парламентті 2004 жылғы Конституцияны қайта күшіне енгізуге шақырды. Бірақ президент Виктор Януковичтің өкілетін шектейтін мұндай ұсынысты парламент қабылдамай тастады. Елдегі саяси дағдарыстан шығуға мәміле жасалар деген үміт ақталмай, ақыр соңы қантөгіске ұласты.
Осы күні оппозициялық депутаттарға қолдау білдіріп, парламент ғимаратына бара жатқан 20 мыңдай шерушінің жолы полиция кесті. Қақтығыста құрбан болғандар бар деген туралы хабар тараған соң Украина ішкі істер министрлігі шерушілерді Майданнан кетуге шақырды. Бірақ қақтығыстар түнімен жалғасып, 19 ақпан күні таңға қарай қаза болғандар саны 25 адамға жетті.

5
Украина денсаулық сақтау министрлігі Киевтегі қанды қақтығыстар салдарынан 70-тен аса адам қаза тауып, 571 азамат медициналық жәрдем сұрағанын, зардап шеккен 363 адам ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлады. Оппозиция өкілдері мерт болған адамдар саны бұдан көп деп мәлімдеді.

6
19 ақпанда Астанада сот "Қазақстанның болашағы үшін" қоғамдық бірлестігінің басшысы, парламенттің экс-депутаты Бақыт Сыздықовадан "Нұр Отан" партиясына тиесілі 7 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.
Бақыт Сыздықова ол ақшаны 2008 жылдың қараша айында КВН жастар телевизиялық жобасына көмек көрсету үшін алғанын айтқан. Былтыр күзде Сыздықова партияға қарыз ақшаны қайтармағаны үшін «Нұр Отан» партиясы қатарынан шығарылған еді.

7
Ипотекалық несие алып, қайтара алмай қалған борышкерлер біріккен «Халыққа баспанасын қалдырайық» қозғалысының 50-ге тарта өкілі 19 ақпанда Алматыдағы ұлттық банк ғимаратына барып, банк төрағасы Қайрат Келімбетовке петиция тапсырды. Олар 11 ақпандағы девальвациядан соң проблемаларының қиындап кеткенін айтып, банк алдындағы қарыздарын қысқартуды талап еткен.

8
Чехия билігі қазақстандық оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің ісіне қатысты ұсталған Татьяна Параскевичке босқын мәртебесімен бірдей күші бар қосымша қорғау тағайындады. Халықаралық қорғау бір жылға берілген. Мерзімі аяқталған соң оның күшін тағы ұзартуға немесе басқа елден баспана сұрауға болады.
Чехияның Пльзень қаласының өлкелік соты 19 ақпанда 49 жастағы Татьяна Параскевичті абақтыдан босату туралы шешім шығарған еді. Бірақ прокурор бұл шешімге шағым беретінін айтқандықтан ол әлі күшіне енбеген.

9
Сочиде Ресей президенті Владимир Путинге қарсы әнге клип түсіру кезінде Pussy Riot панк-тобының әншілері Надежда Толоконникова мен Мария Алехинаны казактар соққыға жықты.
Толоконникованың 19 ақпанда Twitter-де хабарлауынша, шабуыл олимпиада қалашағының маңында жасалған. Оның айтуына қарағанда, казактар әншілерді аяусыз ұрып-соғып, жас ағызатын газ шашқан. 18 ақпанда Сочиде полиция Толоконникова мен Алехинаны өздері тұрып жатқан қонақүйде ұрлық жасады деп ұстап, кейін босатып жіберген еді.

10
21 ақпанда Алматының әкімшілік соты блогер, Азаттық радиосының әлеуметтік желілермен байланыс жөніндегі редакторы Дина Байділдаеваны әкімшілік құқық бұзғаны үшін айыпты деп танып, оған ескерту жасау туралы шешім шығарды.
Дина Байділдаева 8 ақпанда Алматының орталық алаңында сол кезде қамауда отырған блогерлер Дмитрий Щелоков, Ринат Қибраев және Нұрәлі Айтеленовті босатуды талап етіп, жалғыз өзі наразылық акциясын өткізген еді. Оны алаңнан полицияның ұстап әкеткені туралы видео Youtube желісінде жарияланған.

11
21 ақпанда Алматының әкімшілік соты «бұзақылық» бабымен айыпталған блогер Дмитрий Щелоковты 15 күнге қамауға шешім шығарды. Щелоков өзіне дейін әкімшілік жаза ретінде 15 тәулікке қамалған белсенді Андрей Цукановқа қолдау көрсету үшін әкімшілік сотқа келгенде ұсталған. Щелоков бұдан бұрын 5 ақпанда да ұсталып, 10 күн әкімшілік қамауда болып шыққан еді.

12
Сенбі күні Харьковте қамаудан бостандыққа шыққан соң Киевке ұшақпен жетіп, Тәуелсіздік алаңында мыңдаған адамның алдына шығып сөйлеген Украинаның экс-премьері, «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко «істі аяғына дейін жеткізбей Майданнан тарамауға» шақырды. Ол «2009 жылғы Ресеймен газ келісіміне қол қою кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыппен 2011 жылы жеті жылға сотталған еді.
22 ақпанда Жоғарғы Рада Украина президенті Виктор Януковичті «өз міндетін атқарудан жалтарғаны үшін» қызметінен шеттетіп, мамырдың 25-і күні елде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы қаулы қабылдады. Тимошенко кезектен тыс президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді.