Украинада сотталып жатқан Ресей азаматы Александр Александровтың адвокаты Юрий Грабовскийдің денесі жансыз күйінде табылды.
Украинаның ұлттық адвокаттар ассоациациясының 25 наурызда хабарлауынша, осы айдың басында із-түзсіз жоғалды деп жарияланған Грабовский өлі күйінде табылған. Ассоциация адвокаттың өліміне күдіктінің ұсталғанын айтады.
Украинаның бас әскери прокуроры Анатолий Матиос Грабовскийдің қаза тапқанын растады.
Грабовский 2015 жылы Украинаның шығысында өзге бір ресейлік - Евгений Ерофеевпен бірге ұсталған Александр Александровтың құқығын қорғаған.
Ерофеевтің адвокаты Оксана Соколовская Грабовскийдің мәйіті Киев облысы маңынн көмілу жатқан жерінен табылғанын айтады.
Александров пен Ерофеев Украина шығысында Ресей қолдайтын сепаратистер жағында соғысып, террорлық әрекеттер жасады деп айыпталған. Бірақ олар өздеріне тағылған айыпты мойындамайды. Ресейліктер ұсталғаннан кейін жарияланған видеода күдіктілер Ресей армиясында қызмет етіп жүргенін мәлімдеген. Бірақ Мәскеу олардың әскери қызметтен босатылғанына біраз уақыт болғанын айтады.