Accessibility links

Санкт-Петербургтегі жарылысқа қатысты ұсталған үш адамға айып тағылды


Санкт-Петербург метросындағы жарылыстан кейін. 3 сәуір 2017 жыл.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы метрода болған жарылыс туралы іс бойынша ұсталған үш адамға «теракт» және «заңсыз жарылғыш зат сақтау» айыптары тағылған. Бұл туралы бүгін Ресей тергеу комитеті таратқан баспасөз хабарламасында айтылған.

Тергеу комитетінің дерегінше, бұл іске қатысы бар деген күдікпен он адам ұсталған, жақында өзгелеріне де айып тағылмақ.

Сәуірдің 3-і күні Санкт-Петербург метросында болған жарылыс салдарынан қаза тапқан 16 адамның бірі – «теракт жасаған» деген күдікке іліккен Қырғызстан тумасы, Ресей азаматы Акбаржон Жалилов. Санкт-Петербург университетінде білім алып жүрген Қазақстан азаматы Максим Арышев жарылыс құрбаны болған.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі шабуылды дайындауға қатысы бар деген күдікпен Орталық Азиядан барған бірнеше адам ұсталғаны туралы мәлімдеген. Тұтқындалғандар арасында жарылысты ұйымдастырушы ретінде күдікке іліккен Аброр Азимов та бар. Сәуір айының соңында террорлық іс-қимылдарды зерттейтін SITE Intelligence Group тобы Санкт-Петербургтегі терактіге жауапкершілікті «Әл-Қаида» террорлық ұйымымен байланысы бар «Имам Шәміл батальоны» экстремистік тобы өзіне алғаны және тағы да шабуылдар жасайтыны туралы мәлімдегенін хабарлаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG