Accessibility links

Трамп АҚШ-тың Кубаға қатысты саясатын қатайтты


АҚШ президенті Дональд Трамп (ортада) Кубамен қатынас туралы құжатқа қол қойғаннан кейін оны көрсетіп отыр. Майами, Флорида, 16 маусым 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (ортада) Кубамен қатынас туралы құжатқа қол қойғаннан кейін оны көрсетіп отыр. Майами, Флорида, 16 маусым 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне дейінгі Ақ үй әкімшілігінің Кубаға қатысты қабылдаған саясатын қатаңдататын шешім қабылдады. Әйткенмен бұған дейін АҚШ пен Куба арасында ұзақ жылдарғы үзілістен кейін қайта қалпына келтірілген дипломатиялық байланысты үзген жоқ.

Жұма күні Флорида штатындағы Майами қаласында сөйлеген сөзінде Трамп АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама тұсында Гаванамен қарым-қатынасты жақсарту туралы "біржақты" және "қате" келісімнің күшін жоятыны жайлы мәлімдеген.

Трамп америкалықтардың Кубаға бару ережесін күшейтіп, Кубаның әскерилермен байланысы бар компаниялармен америкалықтардың іскерлік қарым-қатнасын шектейтін жарлық қабылдады.

Оған сәйкес, АҚШ азаматтары енді Кубаға бару үшін туристік агенттіктердің көмегін ғана бара алады. Сонымен бірге бүкіл Куба экономикасын бақылайтын әскери конгломератпен кез-келген келісім жасасуға тыйым салынды. Тек әуе және теңіз арқылы жолаушы тасымалдаушыларға ғана ондай келісім жасауға рұқсат берілген.

АҚШ президенті Дональд Трамп "өз халқын басып-жаншып, қанауға салып отырған" кубалық әскерилер монополиясын нығайтатын сауда қатынастарына жол беруге болмайды деп мәлімдеген.

Баспасөз құралдары Трамптың шешімін 2015 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обаманың Кубамен арада 1959 жылғы революциядан кейін үзіліп қалған дипломатиялық байланысты қалпына келтіріп, коммунистік билігімен қатынасты жақсарту туралы бағытынан бас тарту деп бағалаған.

XS
SM
MD
LG