Accessibility links

Түркияда жеті мыңнан астам адам жұмыстан босатылды


Президент Ердоғанды қолдаушылар "төңкеріс жасамақ болған" деп айыпталғандарды сотқа апаратын жол бойында тұр. Түркия, 13 шілде 2017 жыл.
Президент Ердоғанды қолдаушылар "төңкеріс жасамақ болған" деп айыпталғандарды сотқа апаратын жол бойында тұр. Түркия, 13 шілде 2017 жыл.

Түркияда 7563 адамды полиция, сот және университеттер мен мемлекеттік қызмет органдарынан жұмыстан босатылған деп хабарлады Anadolu мемлекеттік агенттігі.

Қызметтен босатылғандар арасында 350-ге тарта әскери және 2300-ден аса полиция қызметкерлері бар.

Бұл туралы билік шешімі елде әскери төңкеріс жасау әрекетіне жыл толар қарсаңда қабылданған.

Өткен жылы шілденің 15-і күні Түркияда президент Режеп Тайып Ердоғанды биліктен тайдырмақшы болғандардың іс-әрекеті сәтсіздікке ұшырағаннан бері билік орындары 50 мыңға жуық адамды тұтқындап, 100 мыңнан астам адамды жұмыстан қуған. Былтырғы оқиғалар кезінде елде 250-ден аса адам қаза тауып, екі мыңнан астам адам зардап шеккен. Президент Ердоғанға қолдау білдіріп көшеге шыққандарға сүйенген үкімет бүлікті басқан.

Түркияда биыл әскери төңкеріс жасау әрекетіне тойтарыс берілгеніне жыл толуына арналған түрлі шаралар өткізілмек. Үкімет былтырғы бүлікті ұйымдастырған деп айыптайтын АҚШ-та тұрып жатқан діни қайраткер Фетхулла Гүлен шілденің 14-і күні өзі «жексұрын путч» деп атайтын оқиғаға қатысы жоғын тағы да қайталаған. Ол Анкараны өз ізбасарларын қудалауды тоқтатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG