Accessibility links

Барселонадағы терактіде жараланған тағы бір адам қайтыс болды


Испан королі Фелипе VI (ортада) терактілер құрбандарын еске алу акциясына қатысып тұр. Барселона, 26 тамыз 2017 жыл.
Испан королі Фелипе VI (ортада) терактілер құрбандарын еске алу акциясына қатысып тұр. Барселона, 26 тамыз 2017 жыл.

Барселона ауруханасында тамыздың 17-і күнгі теракт кезінде жараланған елу жастағы әйел қайтыс болды. Барселона мен Камбрильсте жасалған террорлық шабуылдар құрбандарының саны 16 адамға жетіп отыр. Терактілер кезінде әртүрлі дәрежеде жарақат алған 25 адам әлі ауруханада жатыр, олардың бесеуінің халі мүшкіл.

Каталонияда тамыздың 17-і мен 18-і күндері екі террорлық шабуыл жасалған. Барселонада қаскүнемдер жүзден астам адамды фургон автокөлігімен қағып, таптап өткен. Одан кейін экстремистер тобы Барселонадан жүз шақырым жердегі Камбрильсте жаяу жүргіншілерге шабуылдаған.

Тамыздың 26-сы күні Барселонада терактілер құрбандарын еске алу акциясына жүздеген мың адам шыққан. Ел тарихында алғаш рет испан королі Фелипе VI де жаппай шеруге қатысқан.

XS
SM
MD
LG