Accessibility links

Бұрынғы Югославия бойынша халықаралық трибунал жұмысын аяқтады


Бұрынғы Югославия бойынша халықаралық трибунал жұмысы аяқталуының ресми шарасына қатысушылар. Гаага, 21 желтоқсан 2017 жыл.
Бұрынғы Югославия бойынша халықаралық трибунал жұмысы аяқталуының ресми шарасына қатысушылар. Гаага, 21 желтоқсан 2017 жыл.

Бұрынғы Югославия бойынша халықаралық трибунал жұмысы аяқталуының ресми шарасы Гаагадағы тарихи Рыцарь залында өтті. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш сотқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Ол аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды жауапқа тартуды бұдан кейін де жалғастыруға шақырды. Трибунал аясында аяқталмаған процестердің барлығы қалған қылмыстық істер бойынша халықаралық сот механизмі құзырына беріледі.

Бұрынғы Югославия бойынша халықаралық трибуналы жұмысы кезінде 161 адамға айып тағылып, қылмысқа кінәлі деп танылған 90 адам сотталды. Қылмыстық істерді қарау жиырма жылдан аса уақытқа жалғасты. Осы мерзім ішінде сот процестерінде 4,5 мыңнан аса куәгерден жауап алынды. Халықаралық сот ісін қарағандар арасында Сербия мен бұрынғы Югославияның экс-президенті Слобадан Милошевич, Сербияның бұрынғы вице-президенті Воислав Шешель бар. Сербска республикасының тұңғыш президенті Радован Караджич пен серб генералы Ратко Младич геноцид қылмысына айыпты деп танылды.

Халықаралық трибуналдың соңғы процесінде Хорватия президентінің босниялық хорваттар армиясындағы бұрынғы өкілі Слободан Пральяктың ісі қаралды. Трибунал оны босниялық мұсылмандарды жаппай өлтіруге айыпты деп танып, Пральякқа жиырма жыл түрме жазасын кескен. Қарашаның соңында Гаага трибуналының апелляциялық палатасы 72 жастағы Слободан Пральякқа шығарылған үкімді күшінде қалдырды. Сот отырысы кезінде үкіммен келіспейтінін мәлімдеген Праляк "у іштім" деп кішкене құтыдағы белгісіз сұйықты аузына төңкере салған. Кейін ол ауруханада қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG