Accessibility links

Испан премьері Каталонияның жаңа билігімен диалог өткізуге уәде етті


Испания премьер-министрі Мариано Рахой.
Испания премьер-министрі Мариано Рахой.

Испания премьер-министрі Мариано Рахой Каталонияның жаңа үкіметімен келіссөздер өткізуге әзір. Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында мәлімдеген. Рахой диалог заң аясында өтуі тиіс екенін және Конституцияны бұзу әрекеттеріне төзбейтінін айтқан.

Бейсенбіде Испанияның автономиялық аймағы Каталонияда кезектен тыс жергілікті билік органдары сайлауы өткен. Онда автономиялық аймақтың тәуелсіздігін жақтайтын күштер жеңіске жеткен. Биыл қазанда Каталония парламенті жергілікті референдум қорытындысына сүйеніп, аймақтың Испаниядан тәуелсіздігін жариялауына қолдау білдірген соң Мадрид Каталония парламенті мен үкіметін таратып, аймақты тікелей басқару тәртібін енгізген және Каталонияда желтоқсанда кезектен тыс сайлау өткізуді тағайындаған болатын. Каталония аймағының биліктен тайдырылған басшысы Карлес Пучдемон Бельгияға кетіп қалып, сол жақтан сайлауалды кампаниясын жүргізген.

Сайлаудан кейін Пучдемон Испания үкіметін келіссөздер өткізуге шақырған. Ол Испаниядан өзге Еуропаның кез-келген қаласында премьер-министр Рахоймен кездесуге әзір екені туралы мәлімдеген. Пучдемонның айтуынша, Отанына оралу үшін оған Каталония жаңа үкіметінің басшысы болу мүмкіндігі шектелмейтіні туралы кепілдік қажет.

XS
SM
MD
LG